Ж ұ мысба ғ дарламас ы пән: Микробиология Пән коды: Мiс 2207 Мамандық: 051103 «Фармация»


Қорытынды сұрақтары (кері байланысы)



бет115/120
Дата07.02.2024
өлшемі1.48 Mb.
#491120
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   120
Микробиология-Фармация-2-курс-каз (2)

6. Қорытынды сұрақтары (кері байланысы):
1. Оба қоздырғышының қалыпты өсу температурасы қандай?
2. Туляремия қоздырғышының бруцелламен қандай туыстығы бар?
3. Түйнеменің алдын-алу үшін қандай вацина қолданылады?


Дәріс № 9.
1. Тақырыбы: Энтеровирустар.
2. Мақсаты: Студенттерге энтеровирустар мен гепатит вирустарының морфологиялық және химиялық құрылымын, дақылдылық қасиетін, антигендік құрылымын, сыртқы ортаға тұрақтылығын эпидемиялогиясымен патогенезін, клиникасын, иммунитетін микробиологиялық диагностикасы емдеу және алдын-алу әдістерін талдап үйрету.
3. Дәріс тезисі.
Энтеровирустар – майда және қарапайым құрылымды вирус, дөңгелек пішінді 20-30 нм, Вирустың суперкапсидті қабықшасы жоқ. Оның құрамында көмірсутек және липидтер жоқ сондықтан майды ерітуші ертінділерге эфирге сезімтал емес.
Дақылдылығы. Көпшілік энтеровирустар Коксаки А вирусынан басқасы адам ұлпасынан алынған біріншілік және өндірілген дақылдарда цитопатогендік әсермен байқалады.
Антиген құрылымы. Энтеровирустар жалпы топқа және типке тән антиген түзеді.
Клиникасы. ЭВИ –ның инкубациялық кезеңі 2-4 күнге дейін болады. 10- күнге дейін ұзаруы мүмкін. Ауру жедел басталады, дене қызыуы бірден 38-39 С - 40 С - қа дейін көтеріледі бас ауруы, айналуы, әлсіздік мазасыздық байқалады.
Иммунитет. Аурудан кейін тұрақты типке тән иммунитет қалыптасады.
Микробиологиялық диагностикасы. Вирусологиялық және серологиялық аурудың жұп сарысуы мен қойылады. Вирусты мұрын жұтқыншақ кілегейден аурудың бірінші күні алынады,
нәжіс, цереброспинальді сұйықтық алынады. Мәйіттен вирус зақымдалған ағзалардан алынады. Серодиагностика әдісінде энтеровирустарға титрдің жоғарлауы 4 есе байқалады.
Емдеу және алдын-алу әдістері. Патогенетикалық терапия. Аурудың бірінші күндері интерферон және басқа да вирусқа қарсы препараттар қолданылады. Арнайы алдын-алу әдістері жоқ.
2. КОКСАКИ вирусы –РНК түзуші вирустар Picornoviridae әулетіне
Enterovirus кіреді. Вирустың аты АҚШ-тағы вирус табылған жергілікті аймақтың аты. Коксаки А вирусы диффузды миозитті және көлденең жолақ бұлшық еттердің ошақты өліктенуіне алып келеді. Коксаки В вирусы орталық нерв жүйесін зақымдайды, салдылықтың дамуына, скелет бұлшық еттердің өліктенуіне және миокардтың да өліктенуіне алып келеді. Коксаки В вирусы энцефалитті, миокардитті, полиомиелит тәрізді ауруды шақырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   120




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет