2012 жылдың I жарты жылдығында Зайсан қала әкімінің атқарған жұмыстары



Дата03.07.2016
өлшемі60.29 Kb.
#173696
2012 жылдың I жарты жылдығында Зайсан қала әкімінің атқарған жұмыстары

2012 жылғы 27 қаңтардағы Елбасы Жолдауындағы моноқалаларды дамыту жөнінде берген тапсырмасына сәйкес Зайсан қаласын дамытудың бағдарламасы дайындалып, облысқа ұсынылып, мақұлданып отыр. Себебі, облыстан құрылған комиссия Зайсан қаласында болып, бағдарлама төңірегінде тексеріс жүргізіп, экономикалық тиімділігін, сараптамаларды қарап, жалпы оң баға беріп кетті. Бағдарламаның негізі Зайсан қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына жағдай жасап, қаланың дамуының бағыттарын анықтап, экономикалық дамуын әртараптандырып, әсіресе халықтың жұмыспен қамтылуын арттырып, өндірістік және әлеуметтік дамуына, тиімді инвесторлар тартуға байланысты шаралар түгелдей қамтылып отыр.

Жалпы, Зайсан қаласының бүгінгі әлеуметтік-экономикалық дамуына тоқталсақ, ол жыл сайын артып келеді. Бұған қаламыздағы шағын, орта бизнес өкілдерінің үлестері зор. Қалада бүгінгі күні 93 сауда үйлері мен дүкендер, 12 наубайхана, 10 шаштараз, 7 фотоға түсіру, 25 қоғамдық тамақтандыру орны, 6 базар, 8 қонақ үйлері, 2 монша, 12 дәріхана, 6 аяқ киім жөндеу цехы, 5 тігін цехы, 7 техникалық қызмет көрсету орталығы, 7 жанар-жағар май станциясы, 19 жолаушы тасымалдайтын автобус Зайсан халқына қызмет көрсетуде.

Білім, мәдениет, спорт, денсаулық салаларының нысандары артып, жыл-сайын күрделі және орташа жөндеуден өтуде.

Ауылшаруашылығын дамытуда өндірілген өнімдерді өңдеуге байланысты біршама жұмыстар атқарылып келеді. Кәсіпкерлердің күшімен Зайсан қаласында соңғы екі жылда ұн, сүт, май сығатын, 3 сусын шығаратын зауыттар, цехтар салынып, жұмыс істеуде.

Өндіріс орындарыда жыл сайын ашылып, қала халқына жұмыс орындары ашылуда.

Қалада асфальт, кірпіш, темір бетон шығару зауыттары, 5 ағаш өңдеу, 2 тас үгіту цехтары жұмыс істеуде. Зайсан қаласын көркейту-көгалдандыру, абаттандыру, жарықтандыру жұмыстары бойынша біршама істер атқарылып келеді.

Қалада 78 көше бар, оның ұзындығы 85 км, осы көшелердің 20 пайыздайында ғана асфальт төселген. Өткен жылы көшелерге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 5 көше жарықтандырылды. Бұл жұмыстар биылда жалғасын табуда, 100 млн тенгеге 3 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, асфальтталуда, 5 көшеге жарық тартылуда. Былтыр, қалада 3 алаң салынса, тек биыл бұл жұмыс жалғасын тауып, кеше ашылу салтанаты болған Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне арналған алаң, ауданымыздың бірінші кәсіпкері, марқұм С.Спамбетовтың атына берілген алаң салынып, ашылды. «Батырлар алаңы» халыққа қызмет көрсетсе, «Бейбітшілік» саябағының жұмысы жақында аяқталады.

Қалада электр желілерінің бағандарын ауыстыру, мөлтек ауданын абаттандыруға қаржы бөлініп, жұмыстар атқарылуда. Сонымен қатар, былтыр қатты қалдықтар полигоны салынып, іске қосылды (81,2 млн тенге), қалаға көрік беретін бірталай ғимараттар салынды, олар: Прокуратура ғимараты, Спорттық модуль, аудандық зертхана, тағы басқалар.

Зайсанда су жүйесін қайта жаңғыртуға 629,2 млн тенгеге жұмыстар атқарылуы тиіс болатын. Былтыр, 280 млн тенгеге жұмыс атқарылса, биыл 349,2 млн тенгенің жұмысы атқарылып, қазан айына дейін Зайсан қаласы толық жаңа су жүйесіне қосылады. Қала тұрғындарының талап-тілегі бойынша жеке тұрғын үйлерге ауыз су кіргізу жұмыстары қарқынды атқарылуда. Былтыр, 255 жеке тұрғын үйлерге су кіргізсе, биыл 307 жеке тұрғын үйлер кіргізуде. Бүгінгі күні 2774 жеке меншік үйлер орталық су жүйесіне қосылды. Қала ішінде жолаушыларды тасу қызметі тұрақты жүргізіліп, «СМУ-Шығыс» мекемесінің автобустары қызмет көрсетуде.

Қаланы көгалдандыру, санитарлық-тазалық жұмыстары тұрақты атқарылып келеді. Бұған қала халқы да атсалысып, үлкен қолдау жасап, көмектесуде. Былтыр Жангелдин көшесін көгалдандырсақ, биыл бұл жұмыс Желтоқсан, Боқажанов көшелерінде жалғасын тапты, бұл жұмыс ары қарай жүргізіледі. Көшелерге, алаңдарға, саябақтарға шырша, тоғайлар отырғызу, гүлдер егу жұмыстары жыл сайын жалғасын тауып келеді. Тек биыл Спамбетов, Аэропортқа баратын жолдың екі жағындағы скверге, көшелерге, Омск-Майқапчагай жолының Айнабұлақ ауылына шығатын жағына жиыны 2450 шырша, қарағаш, алма ағаштары, жиделер отырғызылып, дер кезінде суарылудың нәтижесінде түгелдей өсіп келеді.

Жалпы, былтыр қаламызды көркейту-көгалдандыру, абаттандыру, санитарлық тазалығы бойынша облыс көлеміндегі қалалар арасынан бірінші орынға ие болып, 9 млн тенге сыйақы алып, бұл қаржы биыл қаланы ары қарай көркейтуге жұмсалуда. Биылда жоғары дәрежеде көрінуге жұмыстар жүргізілуде. Жыл сайын қала мектептерін, мәдениет, спорт ғимараттарын күрделі, орташа, ағымдағы жөндеу, жылу, су құбырларын айырбастауға қомақты қаржылар бөлініп, жұмыстар атқарылуда. Былтыр, Әуезов, Ломоносов мектептері жөнделсе, биыл Мустафина мектебіне 35,0 млн тенге бөлініп, күрделі жөндеу жұмыстары атқарылуда. Қала халқын тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі, оның ішінде әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларын тұрғын үймен қамтамасыз ету үнемі назар аударылып келеді. Өткен жылдары 60 пәтерлі көп қабатты тұрғын үй пайдалануға берілсе, биыл осындай құны 339,2 млн тенгелік инженерлік жүйе құрлысы 35,3 млн тенге тағы 60 пәтерлі үйдің құрлысы басталды, сонымен қатар облыстық бюджет арқылы Заречный мөлтек ауданындағы казарманың ғимараты шағын отбасылар жатаханасына қайта құруға, құны инженерлік желісімен абаттандыруын қосқанда 147,3 млн тенгенің құрлысы басталып, жыл аяғына дейін пайдалануға беріледі. Қалада жеке меншік үйлер салу қарқынды дамып келеді, тек былтыр 30 артық жеке меншік үй пайдалануға берілсе, биыл 59 жеке меншік үй салынуда. Жеке меншік үй салушылардың өтініштері өте көп. Алайда, жеке меншік үй салушылардың өтініштерін толық қанағаттандыра алмай отырмыз. Себебі, жеке меншік үй салу кезегіндегілерге жер беру үшін электр энергиясын, суын, канализациясын, жолын салып беру керек, яғни бір сөзбен айтқанда инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын салуға 551,0 млн тенге қажет. Бұған сметалық-жобалық құжаты, мемлекеттік сараптамасы дайын, алайда қаржы мәселесі шешімін таппай отыр.

Зайсан қаласын дамыту бағдарламасында қаланың дамуын тежеп отырған жағдайлар мен факторларды жою жөнінде мәселелерге ерекше көңіл бөлінуде.

Біразын атап өтсем, ол қаладағы бала бақшаларға кезекте тұрған бүлдіршіндердің өсуіне байланысты жобалық-сметалық құжаты дайын 140 орындық бала бақша салу, құны 1429,1 млн тұратын 600 орындық, 300 орындық жатаханасымен мектеп салу, бұл келесі жылға Республикалық бағдарламаға еніп отырғаны қуанарлық жағдай.

Зайсан қаласында ең өзекті мәселелердің бірі ластанған суды әкету жүйесінің құрлысын, қондырғысымен салу. Бұған 1385 млн тенгеге жобалық-сметалық құжаты жасалып, қаржы мәселесін шешуге тапсырыс беріліп отыр. Алайда, бірнеше жылдан бері кейінге шегеріліп, шешімі табылмауда.

Зайсан қаласындағы енді бір өзекті мәселенің бірі көп қабатты үйлерге Егеменді ел болғаннан бері, түгелдей жекешеленуіне байланысты ешқандай жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Қазір пәтер иелерінің кооперативтері құрылып, заңдастырылып, барлық құжаттары дайындалып, 6 көпқабатты үйлерге жобалық-сметалық құжаттары жасалып отыр. Алайда, термомодернизация (қайта жаңғырту) бағдарламасына сәйкес қаламызға қаржы бөлінбеу себебінен, бұл жұмысты бастай алмай отырмыз. Ендігі мәселенің бірі, көп қабатты үйлер жылумен қамтамасыз етілмеуде. Ол үшін қалаға орталық жылу қазандығын салу, қазіргі уақытта қазандықтың жобалық-сметалық құжатын жасауға тапсырыс берілді. Қалаға тезірек газ кіргізу мәселесі шешімін тапсы, қала халқының тұрмыс-тіршілігіне үлкен көмек болар еді. (жобалық-сметалық құжаты 1229,7 млн тенге).

Жоғарыда айтылған қаладағы 78 көшелердің 17 көшелерінде ғана асфальт төселген және су құбырларын жаңғыртуға байланысты бірталай көшелер қазылып, су құбыры тартылды. Соңғы жылдары Боқажанов, Жангелдин, Желтоқсан, Қабанбай, Құрманғазы көшелері ғана асфальтталып, жөнделсе, биыл 30 пайызы аудандық бюджеттен, 70 пайызы облыстық бюджет арқылы 100,0 млн тенге бөлініп 3 көше ғана орташа жөндеуден өтіп, асфальтталуда. Қазір қаламыздың 7 көшелерін орташа жөндеуге жобалық-сметалық құжаттары дайындалып отыр. Елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуына тек бюджет қаржысымен ғана іске асырмай, кәсіпкерлер, яғни шағын, орта бизнес өкілдерін тартып, оларда өз үлестерін қосу керек деген жоспарларымызға сәйкес қазіргі уақытта бірнеше жобалар дайындалып, кәсіпкерлердің өз қаржысымен және несие арқылы іске асыруға жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Олар, термомодернизация (қайта жаңғырту) бағдарламасы арқылы темір бетон бұйымдарын өндіруді кеңейтіп, жаңғырту құны 378,3 млн тенге, биыл бұл жұмыс іске қосылады, ал осы саланың 2 кезеңін іске асыруға 700,0 млн тенгенің жұмысы атқарылуда. Сондай-ақ тас ұнтақтау цехын, кислород құю станциясын, комбикорм цехын іске қосу жұмыстары жүргізілуде. Ал ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу, олар тері илеу, жүн жуу, көкөністі қайта өңдеу, Зайсан қаласының маңайында жылыжайлар, мал бордақылау алаңдарын, пима-кейіз өндіру цехтарын салу және тағы басқа жобалар бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар, Зайсан қаласы бойынша шағын және орта бизнесті дамытуға «2020 жұмыспен қамту» бағдарламасы бойынша жыл басынан бері 22 млн 14 жобасы қорғалып, 42 жұмыс орны ашылып, кәсіпкерлер несие алып, мал өсіруге, бордақылауға, көкөніс, бақша дақылдарын өндіруге, ағаш өнімдерін өңдеп, бұйымдар шығаруға, наубайхана, шаштараз қызметтерін кеңейтуге жұмыстар жүргізуде. Бұл жұмыстарды ары қарай жүргізуге тағы да қосымша жобалар дайындалып жатыр.

Қалада қылмысқа қарсы күрес пен қоғамдық тәртіпті сақтау, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында аудандық ішкі істер бөлімі жаман жұмыс істеп жатқан жоқ. Қаламызда әрбір мөлтек аудандарына бөлінген 8 учаскелік полиция қызметкерлері Зайсан қала әкімшілігімен бірлесіп жұмыс атқарып келеді.




Қала әкімі М.Уәли

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет