3. Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауiп төндiретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты алып қоймай мiндеттi түрде залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу тәртiбi
18. Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауiп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикізатты алып қоймай, мiндеттi түрде залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерiнде тиiстi аумақтың мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың нұсқамасы бойынша және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 28 наурыздағы № 18-03/127 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізілімінде № 7590 тіркелген) бекітілген жануарлардың және адамның денсаулығына қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты, ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөптiк қоспаларды алып қоймай-ақ, мiндеттi түрде залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және өңдеу жүргiзiлетiн жануарлар ауруларының тiзбесiне енгізілген жануарлардың аурулары шыққан жағдайда жүргізіледi.
19. Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауiп төндiретiн жануарлар, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзат анықталған кезде тиiсті аумақтың мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы клиникалық-эпизоотологиялық тексеру негізінде жүк иесіне ветеринария саласындағы уәкілеттi орган белгілеген тәртiппен және нысан бойынша оларды зарарсыздандыру (зарарсыздандыру) жөнiнде тиiсті нұсқама береді.
20. Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауiп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты алып қоймай мiндетті түрде залалсыздандыруды (зарарсыздандыруды) және қайта өңдеудi олардың иесi ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалардың талаптарына сәйкес жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты қайта өңдейтін ұйымдарда әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдарының белгілеуімен жүзеге асырады.
21. Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауiп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикізатты алып қоймай мiндетті түрде залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу жөнiндегі іс-шаралар тиiсті аумақтың мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының мiндетті қатысуы кезiнде жүргiзiледi.
22. Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты қайта өңдеуге тапсыру жөніндегі ветеринариялық іс-шараларды аяқтағаннан кейін тиісті аумақтың мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша белгiлеген нысан бойынша жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауiп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикізатты қайта өңдеуге тапсыру туралы акт жасайды.
23. Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың қайта өңдеуге тапсырылуы туралы актіге мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты қайта өңдеу жөніндегі ұйымның басшысы және жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың иелері қол қояды және ветеринария саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аудандық (қалалық) аумақтық бөлімшесінің мөрімен бекітіледі.
Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндiретiн жануарлар, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты мiндеттi түрде алып қою және жою не оларды алып қоюсыз мiндеттi түрде
залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу қағидаларына 1-қосымша
Нысан
Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауiп
төндiретiн жануарларды алып тастау туралы қаулы
«Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабына сәйкес сараптама актiсi (сынақ хаттамасы) негiзiнде «___» ________ ____ жылғы №_________
____________________________________________________________________
(ветеринариялық зертхананың атауы)
Немесе шектеу іс-шаралары немесе карантинді белгілеу туралы шешім «___» ________ ____ жылғы №_________
________________________________________________________________________________________________________________________________________
(жергілікті атқарушы орган (аудандық маңызы бар қала, елді мекен, ауыл, ауылдық округ акімі))
жануар иесінде жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндiретiн жануарларды алып қою туындауы ____________________________
________________________________________________________________________________________________________________________________________
(жануардың түрін көрсету)
____________________________________________________ себебі бойынша
(алып қою себебін көрсету)
____________________________________________________ басқа ақпараттар
Қазақстан Республикасының Бас
мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық
инспекторы ____________________________________ ___________
(тегі аты, әкесінің аты (болған кезде)) (қолы)
Мөрдің орны
Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндiретiн жануарлар, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты мiндеттi түрде алып қою және жою не оларды алып қоюсыз мiндеттi түрде
залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу қағидаларына 2-қосымша
Нысан
Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауiп
төндiретiн, жануарлар өнiмдерi мен шикiзаттың алып тастау туралы
қаулы
«Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабына сәйкес сараптама актiсi (сынақ хаттамасы) негiзiнде «___» ________ ____ жылғы №_________
____________________________________________________________________
(ветеринариялық зертхананың атауы)
жануарлар өнiмдерi мен шикiзаттың иесінде жануарлар өнiмдерi мен шикiзаттың алынуының туындауы ____________________________
________________________________________________________________________________________________________________________________________
(жануарлар өнiмдерi мен шикiзаттың атауын көрсету)
____________________________________________________ себебі бойынша
(алып қою себебін көрсету)
____________________________________________________ басқа ақпараттар
Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық
инспекторы ______________________________________________
(әкімшілік-аумақтық бірліктің атауы)
____________________________________ ___________
(тегі аты, әкесінің аты (болған кезде)) (қолы)
Мөрдің орны
Достарыңызбен бөлісу: |