Ж а. «Тарбағатай Мұнай» жшс қоршаған ортаны қорғау бойынша шаралар жоспары жобасын қарау бойынша қоғамдық тыңдаулар хаттамасы



Дата25.02.2016
өлшемі43.09 Kb.
#22308
2015-2017 ж.а. «Тарбағатай Мұнай» ЖШС қоршаған ортаны қорғау бойынша шаралар жоспары жобасын қарау бойынша қоғамдық тыңдаулар хаттамасы
Өткізілген күні: 18 қыркүйек 2015 жыл. 15-00 сағ.

Өткізілген орны: Зайсан қ-сы, Астана к-сі, 81/2 үй.


Қоғамдық тыңдаулар Зайсан ауданы әкімдігімен ұйымдастырылды.
Қоғамдық тыңдаулардың өткізілуі туралы ақпарат қоғам назарына келесілер арқылы жеткізілді:

  1. «Рудный Алтай» облыстық газетінде мемлекеттік және орыс тілдерінде жарияланған хабарландыру «Рудный Алтай» 28.08.2015ж. №101, «Дидар» 29.08.2015ж. №98.

  2. «Достық» аудандық газетінде мемлекеттік және орыс тілдерінде жарияланған хабарландыру «Достык» 29.08.2015ж. №70-71.

  3. Зайсан ауданы әкімдігінің http://www.zaysan.vko.gov.kz мекенжайында жарияланған ғаламтор ресурсындағы хабарландыру




Қатысқандар:

Қатысушылардың тіркеу хаттамасына сәйкес қоғамдық тыңдауларда қатысқандар:

Зайсан ауданы әкімдігінің құрылыс және ТКШ бөлімі басшысының орынбасары – 1 адам;

Ардагерлер кеңесінің төрағасы – 1 адам;

Қоғам мен кәсіпорын өкілдері – 7 адам.

18.09.2015ж. Қоршаған ортаға әсерінің бағалануымен «Сарыбұлақ газ кенорнын тәжірбиелік-өндірістік пайдалану жобасына қосымша» жобасын қарау бойынша қоғамдық тыңдаулар қатысушыларын тіркеу парағының көшірмесі қоса ұсынылған.


Қоғамдық тыңдаулардың күн тәртібі:

  1. Төраға мен хатшыны тағайындау (3 минут).

  2. 2015-2017 ж.а. «Тарбағатай Мұнай» ЖШС қоршаған ортаны қорғау бойынша шаралар жоспары (15 минут).

  3. Сұрақтар мен жауаптар (5 минут).


Көпшіліктің дауысымен бекітілді (біріңғай «келісті»):

- Күн тәртібі, реттеме;

- Қоғамдық тыңдауларды төрағасы – Ардагерлер кеңесінің төрағасы Т. Мырзақанов.
- Қоғамдық тыңдаулардың хатшысы – А.М. Алыбаева, «Тарбағатай Мұнай» ЖШС инженер-экологы.

Сөз сөйлегендер:

Зайсан ауданы әкімдігінің құрылыс және ТКШ бөлімі басшысының орынбасары Қайрақбаев Еркін Қасенұлы қоғамдық тыңдауларды ашты.

2015-2017 ж.а. «Тарбағатай Мұнай» ЖШС қоршаған ортаны қорғау бойынша шаралар жоспары бойынша баяндамамен «Тарбағатай Мұнай» ЖШС бас экологы Э.А. Донсебаева таныстырды.

Қоршаған ортаны қорғау бойынша шаралар жоспары 12.06.2013ж. ҚР ҚОҚ Министрінің №162-ө бұйрығымен бекітілген қоршаған ортаны қорғау бойынша шаралардың типтік тізімі негізінде дайындалды. Өндірістік және технологиялық процесстердің сипаттамасы жасалды. Баяндама барысында бұрындары орындалған маңызды шаралар мен қол жеткізілген экологиялық нәтижелер туралы айтылды. 2015-2017 ж.а. Жоспар жобасының құрамына енген әрбір шаралар бойынша қысқаша ақпараттандырылды. Шаралар жоспары кәсіпорынның табиғатты қорғау қызметін жоспарлау, сонымен қатар 2015-2017 ж.а. қоршаған орта эмиссиясына рұқсат алу мақсатымен дайындалды.

Бұдан әрі форматтағы жоспардың әрбір тармағы жете қарастырылды: шара мақсаты, жоспарланған шығындар құны, шаралардың орындалу мерзімі, жүзеге асырылудан күтілген нәтиже.

Барлық қатысушыларға жүргізілген жұмыс үшін және қатысқандары үшін алғысын білдірді.
Қоғам өкілдерінің сұрақтары, ұсыныстары мен ескертулері:

Сұрақ 1) Ардагерлер кеңесінің төрағасы Т. Мырзаканов: Табиғатты қорғау шараларының орындалуы қалай бақыланады?



Э.А. Донсебаеваның жауабы: Қоршаған ортаны қорғау бойынша шаралар жоспары экологиялық рұқсаттарды алу үшін табиғатты пайдаланушымен дайындалады. Қоршаған орта эмиссиясына рұқсат құрамына табиғатты қолдану талаптары кіреді. Табиғатты қолданудың бір талабы болып орындалуы міндетті табиғатты қорғау шараларының орындалуы болып табылады. Талаптарға сәйкес табиғатты қолданушы экологиялық рұқсатқа енген табиғатты қолдану талаптарының орындалуы туралы оны берген органға есептеме ұсынады.


Нақтылау мақсатында шаралар жоспары бойынша қойылған сұрақтарға түсінікті жауаптар алынды.



Талқылау қорытындылары бойынша негізгі тұжырымдар:

  1. Ұсыныстар мен ескертулер жоқ.

  2. Қоршаған ортаны қорғау бойынша ұсынылған шараларды жүзеге асыру «Тарбағатай Мұнай» ЖШС өндірістік қызметінің қоршаған ортаға әсерін азайтуды қамтамасыз етеді.

  3. 2015-2017 ж.а. «Тарбағатай Мұнай» ЖШС қоршаған ортаны қорғау бойынша шаралар жоспары жобасы кәсіпорын басшысымен бекітіледі;



Қоғамдық тыңдаулардың қатысушылары бір ауыздан «келісті».

Осы хаттама 2 (екі) данада жасалды.
Ардагерлер кеңесінің төрағасы _________________ Т.Мырзақанов

Зайсан ауданы әкімдігінің құрылыс

және ТКШ бөлімі

басшысының орынбасары _________________ Е.К. Қайрақбаев


Қоғамдық тыңдаулар хатшысы:

Инженер – эколог _________________ А.М. Алыбаева

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет