ШҚО Абай ауданы Қарауыл ауылындағы Қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын іске қосу кезіндегі Абай ауданы әкімдігінің ШЖҚ «Риза» КММ-нің Қоршаған ортаны қорғау бойынша 2016 жылға іс-шаралар бағдарламасы (жоспары) жайлы өткен қоғамдық тыңдалымдар
ХАТТАМАСЫ
Тыңдалым өткен күні және уақыты: 28.01.2016 ж. Сағат: 15.00
Тыңдалым өткен орны: ШҚО, Абай ауданы Қарауыл ауылы Мәдениет үйі
Тыңдалым ұйымдастырушысы: ШҚО, Абай ауданы, Қарауыл ауылы, Мәдениет үйі
Қоғамдық тыңдалымдар өткізу туралы ақпарат жұртшылыққа жергілікті «Абай елі» газетінің 2016 жылдың 1-7 қаңтардағы №1 (361) санды хабарлама арқылы жеткізілді.
Қоғамдық тыңдалымдарға 20 астам адам қатысты:
«ҚР Ұлттық Экономика Министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қоғрау комитеті ШҚО ТҚҚ департаментінің Абай аудандық ТҚҚ басқармасы» РММ өкілі – Манарбекұлы Айбек, Абай аудандық әкімдігінің ШЖҚ «Риза» КММ жұмысшылары, «ШҚО Абай ауданы Қарауыл ауылдық округі әкімі аппараты» ММ қызметкерлері, мекеме өкілдері және басшылары, Қарауыл ауылының тұрындары және т.б.
Қоғамдық тыңдалымды ашу және сәлемдесу: «ШҚО Абай ауданы әкімі аппараты» ММ өкіліне, Абай ауданы әкімінің орынбасары – Еділбаев Марат Сейтжағпарұлына берілді. ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2007 жылғы 7 мамырдағы бұйрығымен бекітілген қоғамдық тыңдалымдарды өткізу Ережесіне сәйкес «2016 жылғы қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралары жоспары» жайында қоғамдық тыңдалым өткізіліп отырғаны айтылды.
Қоғамдық тыңдалымдардың күн тәртібінде:
-
«2016 жылғы қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралары жоспары» жайында баяндама. Оқылу уақыты 10 минут. Бір ауыздан дауыс берілді.
-
Жоспарды талқылау және сұрақтар қою. Уақыты – 3 минут. Бір ауыздан дауыс берілді. Баяндама бойынша белгіленген уақыт – 10 минут. Талқылау уақыты - 3 минут.
ШЖҚ «Риза» КММ басшысының ұсынысымен қоғамдық тыңдалымның кандидатуралары бірауыздан тағайындалды: қоғамдық тыңдалымдардың төрағасы – Абай ауданы әкімінің орынбасары – Еділбаев Марат Сейтжағпарұлы және тыңдалым хатшысы – Тастекеева Альмира.
Тыңдалым төрағасы «2016 жылғы қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралары жоспары» жайында баяндаманы тыңдауды ұсынды. Баяндама оқу үшін сөз ШЖҚ «Риза» КММ басшысы А.С.Белібаевқа берілді.
Баяндама (А.С.Белібаев).
Қатты қалдықтар полигонының негізгі бағыты таныстырылып өтті. Полигон 2011 жылы пайдалануға берілген (2011 жылдың 18 тамызда қабылдау актісіне қол қойылған). Қолданысқа берілген күннен бүгінгі күнге дейін полигон іске қосылмағандықтан, полигонға қалдықтар төгілмеген. Қатты қалдықтар полигонының сыйымдылығы – жылына 120 мың м3 құрайды. Жобаға сай жұмыс істеу уақыты – 15 жыл.
Қатты қалдықтар полигоны Абай ауданы Қарауыл ауылының сырт жағында орналасқан. Қоқыс төгу алаңы қоршаған ортаны ластауды болдырмауға мүмкіндік беретін инженерлік шешімдер мен іс-шаралар орындауға болатын жерде орналасқан.
Полигон аумағына жақын орналасқан санаторий және емханалық мекемелері жоқ. Ең жақын тұрғылықты аймақ солтүстік – батысқа қарай 3 км. астам жерде орналасқан Кеңгірбай би ауылы, жан – жағы кең дала.
Қоқыс алаңының ең басты ғимараты – Қатты қалдықтарды жинақтау алаңы – 9,7 га. Қатты қалдықтарды жинақтау нақты алаңы 282 де 317 м тік төрт бұрыш түрінде. Жинақтау алаңы әрқайсысы 5 жыл сайын қабылданатын қалдықтарды жинайтын үш жұмыс алаңына бөлінеді. Полигонның негізінен алынатын шұңқырдың орташа тереңдігі, жер жұмыстарының балансының жағдайын есепке ала қазылады. Қазба топырақтары полигонның периметріне қарай орналастырылады. Мекеме теңгерімінде қоқыс шығару, тиегіш, самосвал сияқты техникалары бар.
Қоршаған ортаны қорғау бойынша келесідей жоспарлар ұсынылды:
-
Әуе бассейнін қорғау.
-
Қоқыс төгу кезіндегі қалдықтарды ылғалдандыру. Жұмыс істеу жолын ылғалдандыру.
-
Су ресурстарын қорғау.
-
Кірме және технологиялық жолдардың бойындағы құрғату жыраларын тазарту.
-
Жер ресурстарын қорғау.
-
Флора және фаунаны қорғау.
-
Экологиялық ағарту және насихаттау.
-
Мерзімді экологиялық басылымдарға жазылу.
-
Радиациялық, биологиялық және химиялық қауіпсіздік.
-
Экологиялық мониторингқа байланысты лабораториялық сынақтар (ауа, жерасты сулар, топырақтар)
-
Судың және топырақтың микробиологиялық зерттеуі
-
Суды және топырақты радиологиялық көрсеткіштерге зерттеу.
Қоғамдық өкілдердің сұрақтары, ұсыныстары және ескертулері.
Қоғамдық өкілдер:
-
Жиналған қалдықтарды топырақпен оқшаулау қаншалықты жиі орындалып отырады?
-
Қоқыс төгу кезіндегі қалдықтарды ылғалдандыруға және жұмыс істеу жолын ылғалдандыруға қанша су жұмсалады?
-
Жоғарыда көрсетілген іс-шараларға судың қанша мөлшері жұмсалады және ол су қайдан алынады?
ШЖҚ «Риза» КММ басшысы:
-
Жиналған қалдықтарды топырақпен оқшаулау жылдың жылы мезгілінде үздіксіз (күнделікті) орындалады.
-
Ылғалдандыруға мөлшерімен 4000 м3 техникалық суы қолданылады.
-
Техникалық су мекеменің жеке меншігіне қарасты су тасушы көліктерімен әкелінеді.
Талқылау нәтижесінің негізгі шешімдері:
-
ШЖҚ «Риза» КММ-нің Қоршаған ортаны қорғау бойынша 2016 жылға іс-шаралар бағдарламасы (жоспары) жайлы өткен қоғамдық тыңдалымдар барысында ешқандай ескертулер түскен жоқ. Келіспеушіліктер анықталған жоқ.
-
Қатысушылар қоршаған ортаны қорғау мақсатында жоспарланған іс-шараларды бір ауыздан қолдады. Бұл іс-шаралар қоқыстарды жою, атмосфералық ауаның ластануын болдырмау, қоршаған ортаға техногенді әсер етуін азайту сияқты жағымсыз жағдайларды шешуіне жол береді.
-
Аталған іс-шаралар қоршаған ортаның жалпы жадайына жағымды әсер етеді.
-
ШЖҚ «Риза» КММ-нің Қоршаған ортаны қорғау бойынша 2016 жылға іс-шаралар бағдарламасы (жоспары) жайлы өткен қоғамдық тыңдалымдар төрағасы аталған жоспарларды қолдау/қолдамау жайында қоғамға сұрақ қойды.
Қатысушылар ШЖҚ «Риза» КММ-нің Қоршаған ортаны қорғау бойынша 2016 жылға іс-шаралар бағдарламасы (Қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны) жоспарын бір ауыздан қолдады.
Соңында кейін қоғамдық тыңдалымдар төрағасы қатысушыларға алғыс айтып, қоғамдық тыңдалымды жапты.
Қоғамдық тыңдалымдар төрағасы:
Абай ауданы әкімінің орынбасары
Еділбаев Марат Сейтжағпарұлы _________________________
Қоғамдық тыңдалымдар хатшысы:
«ШҚО Абай ауданы Қарауыл ауылдық
округі әкімі аппараты» ММ бас маманы
Тастекеева Альмира Төлеуғазықызы __________________________
Достарыңызбен бөлісу: |