Ж.Қ. Астамбаева, Г. И. Уәйісова, Шағын жинақты бастауыш мектептегі педагогикалық үдеріс теориясы мен технологиясы: Алматы, 2010, 85 бет


ШЖБМ жағдайында пәндерді оқыту барысында оқушылардың іс-әрекетін басқарудың қазіргі заманғы педагогикалық технологиялары



бет16/43
Дата19.06.2022
өлшемі3.32 Mb.
#459352
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   43
Skbm

ШЖБМ жағдайында пәндерді оқыту барысында оқушылардың іс-әрекетін басқарудың қазіргі заманғы педагогикалық технологиялары

Соңғы кезде көптеген мұғалімдер оқу үдерісін жандандыру, оқушылар білім сапасының денгейін, олардың ынтасын, белсенділігін арттыру үшін сабақ барысында түрлі әдістер қолданып ізденістер жасауда. Дегенмен бұл әлі жеткіліксіз. Оқушының білім сапасын көтеріп, білім стандарты денгейіне дейін жеткізуде педагогикалық технологияның ролі ерекше. В.П. Беспалько «педагогикалық технология іске асырылатын жүйенің жобасын айтады» десе, В. М. Монахов мынадай анықтама береді: «педагогикалық технология – оқу процесін жоспарлаудың жүйелілік әдісі, оқытудың тиімді түріне жету мақсатында, адам мен технологиялық ресурстарды, олардың ара – қатынасын ескере отырып, бүкіл оқыту мен білімді меңгеру процесін жүргізу, оны бағалау».


Технология - бұл әдістеме емес, одан күрделірек түсінік. Қазіргі педагогика теориясы мен тәжірибесінде педагогикалық технологияның бірнеше түрлері келтіріліп, кейбіреулері тәжірибеде қолданылуда.
Педагогикалық технологияның түрлері өте көп солардың ішіндегі дәстұрлі технологияларды жетілдіру, модернизхациялау барысында С.В.Кукушин математика сабағында қолдануға болатын педагогикалық технологияның төмендегідей түрлерін ұсынады:

  • педагогикалық қарым – қатынасты ізгіліктендіру және демократияландыру негізіндегі (ынтымақтастық технологиясы, Ш. А. Амонашвилидің гумандық-тұлғалық технологиясы);

  • оқушының әрекетін белсендіру және интенсифтендіру (ойын технологиясы; проблемалық оқыту; В.Ф.Шаталовтың тірек сигналдары негізінде оқыту технологиясы; Е.И.Пассовтың коммуникативтік (құзіреттілік) оқытуы);

  • оқу процесін басқару және ұйымдастырудың тиімділігі негізіндегі (бағдарламалық оқыту; дифференциялап оқыту технологиясы; саралап оқыту технологиясы; талдау барысында басқаруда тірек схемаларды қолдана отырып, оза оқыту (Лысенкова С.Н.); топтық және ұжымдық оқыту; компьютерлік технология);

  • оқу материалын әдістемелік жетілдіру және дидактикалық қайта құру негізіндегі технология (дидактикалық бірлікті ірілендіру П. М. Эрдниев);

  • оқушының білім деңгейін жетілдіру (денгейлеп оқыту Ж. Қараев, Т. Қ. Оспанов, Б.М.Қосанов);

  • дамыта оқыту технологиясы (В. В. Давыдов, Д. В. Эльконин, Л. В. Занков).

Бастауыш сынып оқушысының тұлғасын қалыптастыру мен дамытуда педагогикалық қарым – қатынасты ізгіліктендіру, демократияландыру, гуманитарландыру ұстанымдарының ролі зор.
Ізгіліктендіру - мектеп назарын баланың жеке басының тұлға ретінде дамуына, оның қабілеттері мен мүмкіндіктерін ашуға, мейірім мен бақытты тілейтін ішкі жан дүниесіне үңіле білу.
Балаларға ізгілік тұрғысынан қарау дегеніміз - оларға деген ұстаздық сүйіспеншілік, олардың тағдырына алаңдау, баланың болашағына сену, олардың қабілеттеріне сену, ынтымақтастық, қарым – қатынас шеберлігі, балаларды ынталандыру, келешегіне алаңдау, шыдамдылық, дер кезінде түзету, көмек беру деген сөз.
Демократияландыру дегеніміз мұғалім мен оқушының тең құқықтығы, оқушылардың оқыту формаларын еркін таңдауы, оқушылардың өзіндік көзқарас құқығының болуы, қарым – қатынас стилі, оқушыларға бағып беру, оқу процесін бірге басқару, бірге ұйымдастыру болып табылады. Бір сөзбен айтқанда, «демократияландыру – оқушы деп аталатын адамға бұрылу»
(П.И. Пидкасистый).
Гуманитарландыру ұстанымының негізгі мақсаты - жеке тұлғаның өзін - өзі анықтау, яғни оның өз табиғатын айқындау, өз ісін көрсете алуы, жүзеге асырылуы және өзектендіре алуы болып табылады.
Ынтымақтастық - балалар мен үлкендердің өзара түсіністік, бір – бірінің ішкі жан дүниесіне үңілу негізіндегі біріккен дамыту іс-әрекетінің барысы мен нәтижелерін ұйымды, ұжымды түрде талдау жасаудың гуманистік идеясы. Осының негізінде мектептің барлық іс-әрекеті мұғалім мен оқушының іс-әрекетін жеке тұлға - оқушыға қызмет етуге бағытталады.
Ынтымақтастық педагогикасы оқушыны әр түрлі өзара тығыз байланыстағы іс - әрекеттердің, ең алдымен оқу – білім, қоғамдық-пайдалы еңбек, ақыл – ой шығармашылық, т. б. іс-әрекеттердің субьектісі ретінде түсінеді. Осы аталған педагогикалық технологиялардың түрлерін математика сабағында қолданудың әдістемесіне тоқталайық.
Математика сабағында оқушылардың оқу әрекетін белсендіру және интенсивтендіру негіздеріндегі педагогикалық технологияларға ойын, проблемалық оқыту, тірек сигналдары негізінде оқыту технологияларын жатқызуға болады. ШКБМ математика сабақтарында оқушылардың жас ерекшелеріне қарай ойын түрлерін қолдануға болады. Математикалық ойындардың бір түрлері логикалық ойын мен математикалық сызбаларға негізделеді, ал кейбіреулері тез ойлап, шешуді талап ететін ауызша есептен тұрады. Ондай ойындарға фигураларды бірден сызып шығу, логикалық есептер, өлең есептері, сөзжұмбақтар шештіру сияқты түрлерін жатқызуға болады.
Педагогикалық технологияның келесі түрі - проблемалық оқыту технологиясы. Бұл ғылым негіздерін оқып білу процесінде жеке адамның жалпы және арнайы қабілетінің дамуы, танымдық қажеттілігінің қалыптасуы. Проблемалық оқытудың мақсаты - мұғалім оқушыларды білім жүйесімен, білікпен, дағдымен қаруландырып қана қоймай, олардың танымдық және шығармашылық қабілетін дамытады. Проблемалық оқыту кезінде оқушылардың алдына бір проблема қойылады. Олар оның шешу жолын іздестіреді, шешудің нұсқаларын қарастырады, қорытынды жасайды, оны практикада қолданады, мысалы, 4-сынып оқулығының 49 – бетіндегі № 9 жаттығу.
 : 24 + 499 = 501 «әйнекшенің» орнына қандай санды қойғанда тура теңдік шығады? сұрағына жауап беру үшін оқушы іздеу нұсқаларын қарастырады: «Әйнекше орнына 24-тен артық және оған қалдықсыз бөлінетін сан болуы тиіс. Мен сол саннан бастауым мүмкін, яғни орнына сан қойып, сынап көремін. Бұл – бірінші нұсқа. Екіншісі өрнектің нәтижесінен бастап, кері орындаймын. 501-ден 499-ды азайтамын, екі қалады, енді оны 24-ке көбейтемін, белгісіз сан – 48. Дәлелдеу және тексеру: 48: 24=2; 2+499=501.
Бағдарламалап оқыту оқушылардың танымдық қабілетін дамытудың, оқу үдерісін үйлесімді басқарудың негізгі құралдарының бірі. Бағдарламалап оқытуда қандайда бір материалды бөліктерге бөліп (порциялап) оқиды. Математика сабағында бағдарламалап оқыту амал алгоритмін меңгеру, яғни көп таңбалы сандарды бір, екі және үш таңбалы сандарға бөлу тәсілдерін меңгеру барысында жүзеге асырылады.
Бірінші «порция» - көп таңбалы сандарды нөлмен аяқталатын сандарға бөлу. Мұнда оқушылар бөлгішті бір таңбалы сан мен 10, 100, 1000-ның көбейтіндісі түрінде ойша жүктеуге үйренеді. Санды алдымен нөлмен аяқталатын санға, сосын бір таңбалы санға бөлуга үйренеді.
Екінші «порция» - бөлінді мәнінде неше таңбалы сан шығатынын анықтау. Мысалы, 5260-ты жиырмаға бөлу керек болсын. Оқушы бес мыңдықтар қайырады, оны жиырмаға бөлсем, бөлінді мәнінде мығдық шықпайды. Сондықтан 52 жүздіктен қайырамын, жүздікте үш таңбалы сан бар, яғни бөлінді мәнінде үш таңбалы сан шығады, сондықтан үш нүкте қоямын. Сосын бөліндінің мәнін табу үшін оқушы жиырманы, 2·10 түріне келтіреді.
Үшінші «порция» - үш таңбалы санды екі таңбалы санға бөлу. Мұнда оқушы бөлгішті алдымен өзіне жақын нөлмен аяқталатын санға айналдырады. Мысалы: 756:84. Оқушы санды 84-ке емес, 80-ге бөледі. Ол үшін 75-ті 8-ге бөледі, 9 шығады. Келесі кезең - бөлінді мәніндегі ақтық санды табу. 9 ақтық сан ба, анықтау керек. Ол – байқау цифры. 9·8онд.= 72онд.; 9·4бірл. =3онд. 6бірл. 72онд.+3онд.6бірл.=75онд.6бірл. Олай болса, 9 бөлінді мәні болмайды, енді одан кем санды табу қажет.
Осылай порциялап оқыту бөлу амалының алгоритімін біртіндеп игере отырып, оқушы бастауыш мектеп математикасының ең күрделі жазбаша бөлу тәсілі - көп таңбалы сандарды екң және үш таңбалы санға бөлу тәсілін меңгереді.
Қазіргі білім беру саласындағы жеке тұлғаға бағытталған, жан-жақты тәрбиелі тұлға қалыптастыруға ұмтылған тенденцияға орай оқыту мәселесіне ерекше мән беріле бастады. Дифференциялап оқыту дегеніміз оқушының дара ерекшелігіне қарай, дифференциялды өзіндік жұмыс, үйге тапсырмалар беру, өзін - өзі бағалауға үйрету деп ойлаймыз.
Дифференциялды өзіндік жұмысты карточкамен және перфокартамен жұмыс, дифференциалды тест тапсырмалары арқылы ұйымдастыруға болады.
Соңғы жылдары әр мектептің өз мүмкіндіктеріне орай математиканы оқытуда компьютерлік оқыту да кеңінен қолданыла бастады. Ал жаппай ақпараттық құралдармен жұмыс істеуге балаларды дайындау үшін төртінші сыныптың соңына қарай микрокалькуляторларды пайдаланып, есептеулер жүргізуге машықтандыруға арналған арнайы сабақтар өткізіледі. Оның алғашқы сабағында микрокалькулятор, оның құрылысымен таныстырып, түрлері қарастырылады. Оқушылар өмірден оның бірнеше түрлерін көрген, кейбіреулері оны пайдалануы да мүмкін. Мұғалімдердің мақсаты –оқушыларға микрокалькулятормен үлкен сандармен есептеулер жүргізуде әр түрлі амалдарды тез әрі жеңіл орындауға болатынын түсіндіру
Математика сабағында қолданылатын оқу материалдарын әдістемелік жетілдіру және дидактикалық қайта құру негізіндегі технологиялар қатарына: білімнің дидактикалық бірлігін ірілендіру технологиясын жатқызуға болады. Білімнің дидактикалық бірлігін ірілендіру дегеніміз материалдарды өзара байланыста қатар оқыту деген сөз. Теріс емес бүтін сандардың нумерациясын, оларға амалдар қолдану, сандарды салыстыру, санғы көбейту және бөлу мәселелерін оқытып-үйретуде шамалардың өлшем бірліктері, оларға амал орындау қатар қарастырылады
Дамыта оқыту - оқу процесін жеке тұлғаның потенциалдық мүмкіндіктеріне және оларды жүзеге асыруға бағыттау.
Дамыта оқыту үдерісі кезіндегі мұғалімнің негізгі міндеті – оқушылардың танымдық өз бетінділігін қалыптастыруға, қабілеттерінің дамуы мен қалыптасуына, саяси және адамгершілік көзқарастарына, белсенді іс - әрекеттеріне бағытталған оқу әрекеттерін ұйымдастыру.
Дамыта оқытудың түпкі мақсаты – оқушыларға әр түрлі ситуацияларды талдап, одан қорытынды шығару; бір объектіні екіншісімен салыстырып, ерекшілігін, ұқсастығын ажырату; бақыланған құбылыстарды, жалпылап, белгілі әрекет тәсілдерін таныс емес жағдайларда қолдану.
Дамыта оқыту әдістемелеріндегі ең басты нәрсе - оқушыларды шығармашылық әрекет жағдайына енгізу, мұның өзі оқытудың зерттеу әдістеріне ерекше мен берілетінін көрсетеді. Математика сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыруға бағытталған арнайы жасыл қоршаумен берілген тапсырмалар бар. Бұған қоса, математика сабақтарында есептермен байланысты, төмендегідей шығармашылық жұмыстарды ұйымдастыруға болады: берілген есепте кері есеп құрастыру және шығару; белгілі шешуі, берілген қатынас, сызба, сурет бойынша есеп құрастыру; сұраққа сәйкестендірілген және керісінше, шартқа сәйкестендірілген сұрақты түрлендіру; есептің шартын және сұрағын түрлендіру; жай есепті, екі немесе одан да артық амалдармен шығарылатын есептерді түрлендіру; әр түрлі есептер құрастыру және оны тиімді жолдармен шешу және т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   43




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет