Ж. Б. Аширбекова



Pdf көрінісі
бет26/87
Дата22.09.2023
өлшемі1.58 Mb.
#478250
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   87
Kosalky tarihy pan Ashirbekov

Қалқан ұстаушылар. Қалқан ұстаушылардың пайда бо-
луын, батырларда кӛмекшілер болған ойменен байланыстыруға 
болады. Қалқан ұстаушылар – мүсіндер, қалқанды бүйірінен 
әшекейлендіріп тұрушылар. Қағидаға сай қалқан ұстаушылар 
адам ретінде, жануар ретінде, құстар және сол сияқты болып 
бейнеленеді. Олар әр түрлі болуы болуы мүмкін. Қалқан ұстау-
шылар елтаңбалы қалқан астында әр түрлі формалы тұғырларда 
орналасады.
Ұран. Елтаңба иесінің қысқаша нақыл сӛзі, ӛмір ұраны. 
Ұран лентада орналасады, оның түсі мен әріптері елтаңбалы 
алаңмен оның бас мүсініне сай келуі керек. Ұран елтаңбалы қал-
қан астында жазылуы мүмкін. Қалқан ұстаушылардағы ұранды 
лента негізгі болып қызмет атқарады. 
Елтаңба сипатталуы. Елтаңбаны сипаттау кезінде оның 
бӛліктерінің қаралы ретінде есте сақтауы керек, олар жоғарыда 
қабылданған: қалқан, дулыға, тәж, дулыға үстіне киілетін ша-
тыр, қалқан ұстаушылар, ұран сырттан киілетін плащ сияқты 
ұзын шапанмен ерекше әшекейлер. 
Егер елтаңбалы қалқанда екі немесе оданда кӛп алаңдар 
болса, онда оның сипатталуы белгілі орнатылған тәртіп бойын-
ша (сипатталуы керек) оң жағымен қалқанның жоғарғы бӛлігі-


87 
нің үстемдегін ескеру керек. Егерде қалқан екі бӛлікке бӛлінген 
болса, онда осылайша сипатталады. 
Қазақ елі рәміз белгілерінің тарихынан. Дүние жүзіндегі 
басқа мемлекеттердікі сияқты, қазақ елінің рәміз белгілерінің де 
кӛп жылғы бай тарихы бар. Ежелгі дүниеде Ғұн империясының, 
ерте орта ғасырларда Қазақстан ӛлкесінде ӛмір сүрген Түрік, 
Түркеш, Қарлұқ қағанаттарының, Керей, Найман мемлекеттері-
нің ӛзіне тән байрағы болды. Кейінгі орта ғасырлардағы Алтын 
Орда мен Ақ Орданың да ӛз нышан-белгілері болған.
635 жылы Батыс түрік қағанатының құрылтайында «Он оқ 
будун» аталатын рәміз ұраны қабылданған. Бұл қағанаттың туы 
«Қош жалау» аталған. Кӛне түрік мемлекеттерінің туларында 
негізінен қасқырдың басы бейнеленген. VI-VII ғасырларда кӛп 
тараған бұл тулар «Бӛрілі байрақ» деп аталған. Тудағы бұл бей-
не аңызындағы түріктердің арғы атасы болған кӛк бӛрінің (қас-
қыр) құрметіне салынған. Ежелгі түрік билеушілерінің бірі Уыз 
ханның бір кездері алтыннан құйылған «Бӛрілі ту» деп аталған 
рәмізі болған. 
Қазақ руының таңбалары толық зерттелмеген. Бетбақдала-
дағы «Таңбалы тас» аталатын үлкен жартаста 500-дей таңба-
лардың суреті қашап салынған. Таңбаның суретіне қарап оты-
рып рулардың шыққан тегін, ӛзара туыстығын айқындауға бо-
лады. Бір қызығы, қазақ таңбалары кӛне түріктің сына жазуына 
ұқсас келеді. Кеңестің дәуірде Қазақстанның рәміз белгілері екі 
рет бекітілді. 1925 жылы Қазақ АКСР-ның елтаңбасы, ал
1937 жылы Қазақ КСР-ның елтаңбасы қабылданды. 1940 жылы 
елтаңбадағы жазу латын әрпінен кириллицаға ауыстырылды.
Тәуелсіз Қазақстан Республикасының рәміздері. Тәуелсіз 
Қазақстан Республикасының рәміздері. Елтаңба - Қазақстан 
Республикасының негізгі мемлекеттік рәміздерінің бірі 
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республика-
сының мемлекеттік рәміздері туралы» конститутцияның заң 
күші бар жарлығымен белгіленген. Рәміздік тұрғыдан Қазақстан 
Республикасы мемлекеттік гербінің негізі – шаңырақ. Ол – 
гербтің жүрегі. Шаңырақ- мемлекеттің түп негізі – отбасының 
бейнесі. Шаңырақ – күн шеңбері. Айналған күн шеңберінің қоз-
ғалыстағы суреті іспетті, Шаңырақ – киіз үйдің күмбезі кӛшпелі 


88 
түркілер үшін үйдің, ошақтың, отбасының бейнесі. Тұлпар – 
дала дүлділі, ер – азаматтың сәйгүлігі, желдей ескен жүйрік аты, 
жеңіске деген жасымас жігердің, қажымас қайраттың, мұқалмас 
қажырдың, тәуелсіздікке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың 
бейнесі. Қанатты тұлпар – қазақ поэзиясындағы кең тараған 
бейне. Ол ұшқыр арманның, самғаған таңғажайып жасампаздық 
қиялдың, талмас талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа құш-
тарлықтың кейпі. Қанатты тұлпар уақыт пен кеңістікті бірік-
тіреді. Ол ӛлмес ӛмірдің бейнесі. Бір шаңырақтың астында тату- 
тәтті ӛмір сүретін Қазақстан халқының ӛсіп – ӛркендеуін рухани 
байлығын, сан – сырлы, алуан қырлы бет – бейнесін паш етеді. 
Бес бұрышты жұлдыз гербтің тәжі іспетті. Әбір адамның жол 
нұсқайтын жарық жұлдызы бар. Елтаңба – әр мемлекеттің не-
гізгі нышандарының бірі. 1991 жылы еліміз тәуелсіздік алғаннан 
кейін мемлекеттік рәміздерді, оның ішінде елтаңбаны қабылдау 
қажеттілігі туды. Елімізге белгілі суретші, сәулетшілер, дизай-
нерлер арасында бәйге жарияланды. Сӛйтіп, 1992 жылы Жоғар-
ғы Кеңес елтаңбаны бекітті. Бұл елтаңбаның авторы –


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   87




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет