Ж. Күрті ауылдық округінің әкімі Д.Өгізбаев алда келе жатқан 2014 Жаңа Жыл



Дата04.07.2016
өлшемі50.43 Kb.
#175922


19.12.2013ж. Күрті ауылдық округінің әкімі Д.Өгізбаев алда келе жатқан 2014 Жаңа Жыл қарсаңында округте орналасқан мекеме, ұйым жетекшілерімен бірлесе отырып мерекені өткізу жөнінде жиын өткізді. Мереке ұйымдасқан түрде өту үшін іс-шаралар жоспары бекітілді. Барлық мекемелер мен мектепте Жаңа жыл мерекесі 26-30 желтоқсан күндері аралығында өткізіледі. Бүгінгі күннен бастап дайындық жұмыстары жүргізілуде. Аудан әкімі мен округ әкімінің шыршасына қатысатын балалар тізімі анықталды, оның ішінде жетім, мүмкіндігі шектеулі, жағдайы төмен және көпбалалы отбасының балалары да қамтылды. Барлығы – 220 бала.

Сондай-ақ, Жаңа Жыл мерекесімен округтегі тыл ардагерлері мен жалғызбасты қарт адамдарды, сонымен қатар, округіміздің беделді ақсақалдар мен ақжаулықты аналарды құттықтау іс-шаралары ұйымдастырылады.

Округтегі №8 орта мектебі мен №41 орта мектептерінде 26-30.12.2013 аралықтарында Жаңа жылдық шырша безендіріліп, мектеп оқушыларының ертеңгіліктері өтеді.

«Ақ сұңқар» балабақшасындағы бүлдіршін балалар үшін де 26-30.12.2013ж. Жаңа жылдық шырша безендіріледі. Онда «Келді, міне, Жаңа жыл» атты жаңа жылдық ертегі қойылымы қойылады.

«Балдәурен» балабақшасында да бүлдіршіндерге арналған жаңа жылдық «Қош келдің Жаңа жыл», «Ёлочка-ёлка, лесной аромат», «Жаңа жылдың жарқырайды шамдары», «Төрлет – Жаңа жыл» «Жасыл шырша» атты ертегілік көріністер қойылады. Балалар жасыл шырша қасында би билеп, ән шырқайды.

Округ әкімінің шыршасы 26 желтоқсан күні №8 орта мектебінде сағат 10.00 де басталады.

Бәріне жаңа жылдық тәттілер мен сыйлықтар таратылады.

Баршаңызды Жаңа 2014 жылды бізбен бірге қарсы алуға шақырамыз.

Күрті ауылдық округі бойынша Жаңа жылдық

шырша мерекесіне орай өткізілетін іс-шаралар

ЖОСПАРЫ





Іс-шаралар

Өтетін мерзімі

Өткізілетін орны

Жауаптылар

1

Округ көлемінде жаңа жыл шырша мерекесін өткізуге байланысты округ әкімі жанындағы актив отырысын өткізу

19.12.2013

11:00


Округ әкімдігі

Округ әкімі Д.Өгізбаев

2

Округ бойынша санитарлық тазарту жұмыстарын ұйымдастыру

20.12.2013-30.12.2013

Округ бойынша

Джандаева И.К.

Омарова Ш.Б.

Авганбаева Қ.

Попова С.А.



3

Аудан әкімінің және округ әкімінің Жаңа жылдық шырша мерекесіне қатысатын балалардың тізімін анықтау

24.12.2013

10:30 – 12:00



Округ бойынша

№ 8 орта мектеп директоры Ф.Байгонусова, № 41 орта мектеп директоры

Ә.Көбегенова



4

Жаңа жыл шыршасын орнату


24.12.2013

Ақши мәдениет үйі

Ақши мәдениет үйінің директоры Г.Ахметбаева

5

«Ақ сұңқар» бала-бақшасындағы топтарда «Келді, міне, Жаңа жыл» атты жаңа жылдық ертегі қойылымын қою


24.12.2013

10:30 – 12:00



«Ақ сұңқар» бала-бақшасы

Абсатарова А.Р.

Кулиева Р.

Алыбаева З.

Шмидт Н.


Құдайбергенова А.

6

Жетім, жағдайы төмен отбасындағы балаларға арналған округ әкімінің «Қош келдің Жаңа жыл» атты Жаңа жылдық шырша мерекесін өткізу

26.12.2013

13:00 – 14:30



Ақши мәдениет үйі

Әлеуметтік қызметкерлер Н.Байымбетова,

Ш.Тауырбаева



7

Округ көлемінде орналасқан екі мектепте оқушыларға арналған жаңа жыл мерекесін арнайы мектеп жоспарына сай өткізу

26.12.2013

10:30 – 12:00



Т.Бокин атындағы № 41 орта мектеп пен № 8 орта мектеп

№ 8 орта мектеп директоры Ф.Байгонусова, № 41 орта мектеп директоры

Ә.Көбегенова



8

№ 8 ОМ «Қош келдің Жаңа жыл» атты Жаңа жылдық ертеңгіліктер өткізу /бекітілген кесте бойынша/


26.12.2013

14:30 – 16:00



№8 орта мектеп

Ақжарова Б.

Абеуова М.

Шежембаева А.О.


9

Мереке күндері әр мекемеде кезекшілік ұйымдастыру

27.12.2013



09:00 – 10:30


Округ бойынша

Барлық мекеме басшылары

10

Округтегі мекемелер ғимараттарын жаңа жылдық мерекеге безендіру жұмыстарын жүргізу


27.12.2013


Ақши мәдениет үйі

Ақши мәдениет үйінің директоры Г.Ахметбаева



Құрметті Іле ауданының тұрғындары!

Сіздерді Жаңа 2014 жылыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!




Жаңа 2014 жылмен ең ізгі құттықтауымды қабыл алыңыздар! Келер жыл Сіздерге қуаныш, жаңа ұмытылмас әсерлер мен үкілі үміттер сыйласын! Ұлы жылы ұшқыр арман-қиялдарыңыз бен ақ тілек-ниеттеріңіз орындалатын жарқын да көңілді, табысты әрі мақсатты жыл болуын тілеймін! Жылыстаған жылдармен жылжып есен-сау жүре берейік! Көңілге қуаныш, жүрекке шаттық сыйлаған Жаңа Жыл құтты болсын. Бауырымыз бүтін болып, жақындарымыз аман жүрсін! 2014 жыл ырыс пен ынтымақтың, береке мен байлықтың, бейбітшілік пен бақыттың жылы болғай! Аялы арманымыз орындалып, жүректер жылудан айрылмасын! 



  Халық арасында "Ескі жылдың қайғы- мұңын, өкпе-наздың барлығын сол жылға тастап, кіріп келе жатқан Жаңа жылды көтеріңкі көңіл-күймен, таза, тың ойлармен қарсы алу керек. Әрбір кірген жаңа жылдың өзінің дайындап отырған қуанышы, бақыты, сыйы болады" деген сөз бар.
Достар, біз де өкпе-назымызды, өкініш-мұнымызды қиындық сезінген сәттерімізді бір сәт естен шығарып, ескі жылға қалдырып, Жаңа жыл табалдырығын махаббатпен, мейіріммен аттайық, «бізді алда тек қана қуаныш пен бақыт күтіп тұр» деп сенейік. Жаңа жылда үйлеріңіз нұрға, құшақтарыңыз гүлге толсын!

Ізгі ниетпен Күрті ауылдық округі әкімдігі


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет