Өнер құдіреті мәңгілік.
Авторы Бертай Төкеев
Сахналық көрініске қатысушылар:
-
Сахна сыртында оқиғаны баяндаушы.
-
Сегіз қырлы бір сырлы Айбек.
-
Айбектің достары Берік пен Серік
-
Қатал Мейірхан би
-
Көмек беруші қария
-
Нөкерлер, уәзірлер,
-
Ауыл адамдары
-
Қарақшы ұрылар
-
Айбектің інісі Тайбек
Сахналық қойылымға Бертай Төкеевтің «Бақытты бір сәт» атты шығармашылық жұмыстары қолданылады.
Музыкалық фон: 14-ші трек «Көңіл толқыны»
Баяндаушы: Ертеректе қазақ ауылдарының бірінде өзі сері, өзі палуан, өзі мерген, шебер ұста, өзі әнші, күйші жалпы айтқанда сегіз қырлы, бір сырлы Айбек атты нағыз жігіт болыпты. Оның жылдам шапса аузымен құс тістейтін өте керемет «Сары алтын» атты жүйрік тұлпары болыпты. Айбекті бүкіл ауылы сыйлап, өнерлеріне тәнті болып, ризашылық сезіммен құрмет тұтады екен.
(Сахнада жастар, түнгі көрініс, алтыбақан тебілуде, ортада Айбек сері, әндерін әуелете шырқап, күйлерін тартып қыз жігіттерді баурап алған. Жарасымды әзіл қалжыңдар айтылып, келесі кезек құрбыларына да беріліп, олар да өз өнерлерін ортаға салуда. Енді бір кезекте «Қара жорға биі » биленіп, жастар тағы да Айбек серінің Сары алтын атты тұлпарын мақтауда. Сахна төбесінде ай ілінген,дала айдың жарығымен керемет күйге енген. )
Айбек: 10-шы трек.
Аққу құс айдын көлде тербетілген.
Айналдым мөлдіреген келбетіңнен.
Аруда , айдай сұлу аққу құс та,
Сыңарын іздеп өтер жер бетінен.
Күй «Аққу»
Берік: Тұлпар деп Сары алтынды айту керек. Өткенде Бәкіржан байдың көкпарында қаншама салым салып, ауыздан бір түспей тұр ғой.
Серік: Ия, дұрыс айтасың. Кеше ғана өткен Ержан байдың бәйгесінде оза шауып бүкіл сыйлықты алып, бас жүлдені иеленді ғой жүйрігім. Соған қарағанда біздің досымыз Айбек сері де осал болмағаны ғой сондай тұлпарды баптаған . Ал ол біздің жан досымыз ғой.
(Бәрі рахаттана күліп шаттанып, даурыға қолдап, Айбекті мақтан тұта бастарын шұлғып, «Нағыз жігіт қой » «Бәрекелді, бәрекелді»-деп шуласады ) Сахна жабылады.
Осы сәтте бетін қара матамен жауып, тек көздері ғана көрінетін ұры қарақшылар бір-бірімен ыммен сөйлесіп, Сары алтынды бұқпантайлап келіп, көз ілеспес жылдамдықпен тез арада ұрлап кетеді.
Даладан жүгіре келген Тайбек :
- Айбек аға , Айбек аға Сары алтынды ұрлап кетті, орнында жоқ, қазір барсам деп жан айқаймен алыстан жүгіріп жетеді.
Айбек: Не дейді? Босанып кеткен шығар. Жылқыларға қосылмапты ма?
Тайбек : Барлық жерді аралап көрдім. Еш жерден байқамадым. Қайда менің атым?- деп әбден суғарып, жем сап , бауыр басып қалған жас балақай өкіріп жылап жібереді.
Бәрі үрейленіп, тез қамданып жан-жақты іздестіруге «Мох, Мох Сары алтын»- деп айқайлай іздестіруге бөлініп - бөлініп кетеді.
Музыкалық фон: «Аңсау» 11-ші трек.
Баяндаушы:
Таң атты. Ауыл маңын қанша іздестіргенмен Сары алтын табылмады. Оның тұяғының өзі ерекше, жүрген жерлерінде ошақ орнындай із қалатын. Айбек екі досымен таң ата Сары алтынның ізін байқап қалады.
Айбек: Мынау Сары алтынның ізі, айнытпай танып тұрмын. Бұл залым Мейірхан бидің ауылының жолына түсіпті. Естуімше ол қарақшы ұрылар ұстап. мықты тұлпарларды ұрлатып алдырады деуші еді.
Берік: Ол жаққа барған адам сау қайтпайды. Барған адамның е, басы жарылады, е, көзі шығады. Құрысын, бетін аулақ қылсын оның.
Серік: Ол жаққа жанынан безген адам барады. Тілімді алсаң бармай ақ қойшы Айбек. Бірге тез қайтайықшы ауылға.
Айбек: Ей, сендерді де жан дос дейді-ау. Өзім-ақ барамын. Бар қайта беріңдер, қоян жүрек қорқақтар. Жолдарың болсын!
Музыкалық фон: 4-ші трек «Сары бидай» әні
(«Жан доспыз»- деп жүрген Берік пен Серік достарының басына қауіп төнгенде сытылып шығып, кейін шегінеді, ауылға кейін қайтады. Қаншама жер жүріп, шөлдеп , шаршап, шалдығып тұлпарына деген сүйіспеншілігі оны қатігез бидің ауылына жеткізеді. Ауылға жете бергеннен алыстан егесін сезіп, шыңғыра кісінеп, он екі қанат ақ орданың жанында байлаулы күйінде Сары алтын тұлпар аспанға атыла секіріп, көзі оттай жайнап, тыным таппайды. )
Ақ ордаға кіре сала Тайбек оң қолын сол жақ жүрегіне қойып:
-Ассалаумағалайкүм! –деп ізет көрсете сәлем береді.
- Қайдан жүрген баласың? –деп жақтырмаған Мейірхан би көздерінен от ойнатып, түрінен ызғар шашып, тіптен менсінбеген кейіп танытады.
- Тұлпарымды жоғалтып жүр едім, сіздің он екі қанат ақ ордаңыздың жанында байлаулы тұр екен. Рұқсат болса алып кетуге келдім, Рахмет сіздерге байлап , күзетіп отырған екенсіздер.
- Ол тұлпарды сенікі деп кім айтты? Сенікі болған шығар, енді менікі болды! Ха ха ха- деп ахахалап, рахаттана күлген би бүкіл алып денесімен ыңырана қозғалып, қабағымен нөкерлеріне нұсқағанда, екі уәзір Айбекті екі жақтан тас қып қыса ұстап, қолын артына қайырып, тырп еткізбейді.
- Аяқ қолына кісен салып, ас судан аулақ ұстап, көзіне көк шыбын үймелетіп. ұзын қадаға күннің астына байлап тастаңдар. Кімде кім көмек қолын созатын болса, өлім жазасы кесіледі. Бұйрықты бұлжытпай орындаңдар!
Музыкалық фон: Қобызда Ықыластың күйі «Ерден» 12-ші трек
Баяндаушы:
Тез арада уәзірлер Айбекті байлап, матап, аяқ қолына кісен салып, қыл шылбырмен жетектеп ауыл ортасындағы ұзын қадаға қашып кетпейтіндей етіп тағы да байлайды.
Қайғылы қобыз үні естіледі. Елін жерін сағынып, ыстық күн астында шөлдеп, суық түнде жаурап ашыққан, беті қолы жарақаттанған Айбек апталап қорлық көріп, құр сүлдесі қалады.
Бірде есін жиғанда жанынан қария өтіп бара жатқанын көріп Айбек дауысы қарлыға үн қатады.
Қария:__Айта_ғой_қарағым.__Айбек'>Айбек:
-
Ақсақал, сізге өтінішім бар.
Қария:
Айбек:
-
Мен де адам баласымын,менің де іздеушім, сұраушым бар шығар, мен сыртқа шығайын. Осы сөзімді биіңізге жеткізсеңіз, сізден өтінішім осы.
Қария:
-
Жарайды құлыным, басым кетсе де өтінішіңді жеткіземін.
Баяндаушы:
Қария жас жігіттің соншалықты қиналғанын, бейшара халін түсініп, әз басын қәуіпке тігіп бидің ақ ордасына келеді.
Қария: Бас кеспек болса да тіл кеспек жоқ. Ана бала да иісі қазақтың баласы, сізден сыртқа шығуға рұқсат сұрайды, апталап шөлдеп, бірде бір нәр татпады.Бұл мұсылмандығымызға, елдігімізге сын боп тұр. Рұқсатыңызды беріңіз, адам баласы ғой.
Қаһарлы би ойға шома қалып:
-
Жарайды, бірақ ұзатпаңдар. Сыртқа шыққанда да шылбырын тартып ұстап тұрыңдар, уәзірлер- дейді.
Музыкалық фон: 9-шы трек сыбызғыда әуендер
Баяндаушы:
Аяқ қолы кісендеулі Айбек ауыл жанындағы қамысты өзенге барып, әл жинап, судан қанғанша ішіп, шіркін жарық дүниенің, еркіндіктің қаншама құнды екенін түсініп, бір рахат сезімге кенеледі. Кенет қалтасындағы шаппасы есіне түсіп, ала сала қамыстан сыбызғы жасап, лезде ойнай жөнелгенде бүкіл әлем балқып, дүние астаң кестең болғандай сол ауылдың әуенді естіген тұрғындары бір беймаза күй кешіп, бүкіл адамзат жан жануарымен дүркірей өзен жағасына қарай ағылады.
Ақ ордасынан шошына шығып, шулаған дыбысқа, үдере көшкендей болған еліне Мейірхан би таңқала қасындағы нөкеріне:
-Бұл не ғажап? Бұл не сұмдық? Бүкіл ел қайда асығып, қайда көшіп барады? Не сиқыр бұл?
Ал уәзірі қойылған сұрақтың байыбына жете алмай-ақ қояды.
БИ:-Ау қайда барасыңдар?
Зар қаққан биді ешкім де елең қылмай барлық кәрі мен жас егіле жылап жылдам өте шығады.
-Қой, мына жағдайды өзім барып көрмесем болмас- деп зымиян би өзінің атына қонып нөкерімен амал жоқ үлкен топқа ілеседі.
Мейірхан би өзен жағасына келгенде бүкіл ауылының бас ие жас жігіттің сыбызғыда салған әуенін кірпік қақпай тыңдап тұрғанын көреді де, таң қала өзі де аттан түседі.
Айбек сері бір әуенді орындағанда жұрт рахаттана күліп, екінші әуенді орындағанда бүкіл ауыл егіле, езіле жылап өксіктерін баса алмайды. Үшінші әуенді орындағанда бүкіл тіршілік иелері адамдар мен жануарлар қалың ұйқыға кетеді.
Өнер құдіретінің мәңгілік екенін сонда ғана мойындап, өзі де бала көңілге еніп, Мейірхан би аяулы анасын, асқар тау әкесін еске ала тебіреніп,сағынып, аңсап, сәбилік күнін еске алып, қамығып жылайды. Осыншама жылдар көзіне жас алып көрмеген қатігез жан тұңғыш рет егіліп, мейірімділігі қайта оянады.
Мейірхан би:
-Ау, халқым менен көп қателік кетті. Осынау киелі өнерді меңгерген әулие жанды білмей, азапқа түсіргеніме кешірім сұраймын. «Өнер-бақыт, ақыл-абырой» деген мақалдың байыбына енді жеткендеймін. Тез арада қол аяғын шешіп менің ақ ордама хандай көтеріп апарыңдар!
Баяндаушы:
Бүкіл ауыл өз билеріне таң қалып, қуана қолдап, мәз мейрам болып, қолы жете алмай жүрген арман жігітті көкке көтеріп, арнайы алғыстарын айтады.
Ақ ордаға жеткен жігіт бидің арнайы қонағы болып, астына ат мінгізіліп, иығына алтын жіппен тігілген жібек шапан жабылады. Бүкіл ауыл Айбектің өнерлерін тамашалап, әндерін тыңдап, күйлеріне апталап қанығады.Мейірхан биден бастап ешкім де оны ауылына жібергісі келмейді.Сол күннен бастап өнердің құдіреттілігінен бәрін ұғынып, бұл жалғаннан ешнәрсені алып кете алмайтынын түсінген Мейірхан би қарақшылық жолды тастап, ел жұртымен өте тату тұрып, тек жақсылық жасауға көшеді.
Айбек:15-ші трек
Көктем уағы , жайлау да құлпырады,
Көңіл тулап, жүрек те жұлқынады.
Көз ұшында көрінген күймеде қыз,
Мөлдіреген көзінде сыр тұнады.
Күй: «Көш керуен»
Күндердің күнінде Мейірхан би:
-Ал, Айбек балам, «Елім, Жерім»- деп асығып барасың. Бізді басқа күйге ендіріп, басқаша өмір бастаттың. Жас та болса бас болып, тәлім –тәрбие беріп, көп нәрсеге елді де қанықтырдың.Әрине әр азамат өз туған елін,өскен жерін аңсайды, қайда жүрсең де аман бол қарағым- деп Мейірхан би көзіне жас ала қимай–қимай қоштасып ел жұртымен алыста қала береді.
Баяндаушы:
Өмірін өнермен өрнектеген жан барлық қиындықтарды артта қалдырып, Сары алтын тұлпарымен сыйға алған жылқысын жетектеп, алтын жібек шапанымен жарқырап, жайнай елін сағына аман-есен ауылына жетіп, ағайын туыстарымен табысып, мақсат мұратына жеткен екен.
Берекелі алтын күз.
Авторы Бертай Төкеев
Қатысушылар: 1.Қарт шежіре.
2. Диханшы
3.Жалқау бала
4.Ұғымтал бала
Баяндаушы:
Міне берекесімен, мерекесімен алтын күз де келіп жетті. Барлық ағаштардың жапырағы сары ала түске боялып, көңілге түрлі ой салып, сағынышқа бөлегендей. Туған жерімен қимай-қимай қоштасқан құстар да жылы жаққа бет алды. Осы күзден біз не күтеміз? Қандай жетістіктерге жеттік? Алтын күзден біз не ой түйеміз?
Қарт шежіре:
Ия, ұрпақтарым! Өмірімнің алтын күзі жетіпті. Еткен еңбегімнің, көрген бейнетімнің жемісін немерелерімнен көріп отырмын. Бұған да тәубе! «Қартаю айып емес, қария бола білмеу айып» деген халық даналығында. Адамдық атқа кір келтірмей, абыроймен өмір сүрейік! Өсіп өнген ұрпақтарымыздың баянды бақытын, бау бақшадай жайқалған жемістерін көруге жазсын!
Диханшы:
Қабырғам қайысып, белім майысып күн-түні еңбек етіп еңбегімнің арқасында молшылық пен толағай табысқа кенелдім. Еңбекқорлық бізді жалқаулықтан, жоқшылықтан құтқарады. «Еңбек түбі-зейнет», « Бірлік бар жерде тірлік бар» дейді дана халқымыз! Адам тек еңбектену арқылы мақсат мұратына жете алады. Мынау гүлденген бау бақша да, бал татыған жеміс жидектер де бәрі-бәрі таза адал еңбегімнің арқасы...
Жалқау бала:
Оооой, күні түні ұйықтадым, ауырдың үстімен, жеңілдің астымен жүрдім, жалқау болдым, еріншекпін... Бірақ одан не ұттым? Ішер асқа, киер киімге жарымадым. Ата-анама масыл болып келіппін. Аааай, ұят болыпты, Шынында ұят екен ғой. Құрдастарымнан қалып кетіп, енді ұялып жүрмін. Жалқаулық мені тек ұятқа қалдырды. Балалар жалқаулықтан аулақ болып, еңбекқор болайық! Мен енді мүлдем басқа адамға айналып, еңбекқор боламын деп шештім.
Ұғымтал бала:
Міне достар, еңбек барлық жақсылықтарға жеткізеді екен. Қарт шежіре еткен еңбегінің жемісін немере шөберелерінен көруде. Дихан еңбегінің арқасында бау бақшадан мол табысқа кенелген. «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деп Ыбырай Алтынсарин атамыз айтқандай тек еңбектену бізді алға апарады екен.Ал жалқау ешнәрседен ұтпапты, тек өзінің еріншектігінен ұятқа қалыпты... Сондықтан да қазір ерінбей оқып, еңбектеніп, білімді, еңбекқор болуымыз керек! Адал еткен еңбек, түбі бәрін жеңбек! Солай ма ?
Барлығы:
Әрине солай...Еңбекқорлық жасасын!!!
( Барлық қатысушы бір-бірінің қолдарынан ұстап, бірігіп, қолдарын жоғары көтере ду қол шапалақпен сахнада шаттанып, қол бұлғап тұрады)
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың 2020 бағдарламасы аясында «Даму» қоры арқылы жеңіл несие алынып, халықтың әл ауқатын жақсарту мақсатында әртүрлі үлкен жұмыс орындары ашылды. Бұл қадым қаншама жандарға қуаныш сыйлап, қаншама отбасының тұрмыс жағдайын көтеруге септігін тигізуде.
Өндірісіміздің ерекшелігі - Қазақстанда алғаш рет коктейлъ өнімдерінің шығарылуы.Өйткені оның құрамына жеміс жидектер шырыны мен сүт өнімі қосылады. «Бірлік бар жерде тірлік бар » дегендей, керекті сүт өнімі мен жеміс шырындары Түлкібас пен Сайрам аудандарынан алынуда. Шығарылған өнімдерді халықымыздың пайдалануына тікелей атсалысушы 30-ға жуық Қазақстан бойынша тұрақты серіктестіктеріміз іске асырады.
«Отан отбасыдан бастау алады» Отбасымда ардақты әкеміз, аяулы анамыз, жұбайым мен Алланың берген алты перзентімен тату тәтті тұрып жатырмыз. «Бақ қайда барасың дегенде, Ынтымаққа барамын» деген халықтың даналық сөзі бар. Осы ұстанымды ұстаған біздер тек жақсылыққа кенелудеміз.
Жұмысымыздың ілгері басуына, абыройымыздың асқақ болып, мәртебеміздің биіктеуіне ағайын мен туыстың татулығы, мейірімділік пен бауырмашылдықтың мызғымас мықты болуы тікелей себепкер.
«Ағасы жақсы қандай-ды,
Алдыңда асқар таудай-ды.
Сүрінгенде сүйеніш,
Құлағанда қолдайды»- деп Майлықожа ақын айтқандай туған бауырым, алдымдағы асқар тау ағам Нұрлан Омаров екенін, осынау орасан істің ұйымдастырушысы мен ақылшысы болып отырғанын арнайы айтқым келеді.
«Спорт – денсаулық кепілі» дегендей қазіргі таңда салауатты өмірді насихаттау Елбасымыздың жолдауындағы үлкен мәселе. Осы жолдауды қолдау мақсатында, өндірістегі қызметкерлерге, отбасымдағы перзенттеріме үлгі болу үшін, денсаулығымды нығайту үшін спорттың волейбол түрімен арнайы кешенде командалық топта күнделікті үзбей шұғылданамын. Ол ай сайын облыс көлеміндегі үлкен жарысқа ұласады.
Құрметті спорт сүйер қауым!!!
Бүгінгі ұйымдастырылып отырылған жарыстың мағынасы мен мәні, тәрбиесі мен тағылымы орасан зор деп білемін.
Спорт-шынайы шындық! Спорт- денсаулық кепілі!
Қазіргі таңда салауатты өмірді насихаттау Елбасымыздың жолдауындағы үлкен мәселе. Осы жолдауды іске асыру мақсатында өткізіліп жатқан бұл жарыс соған үлкен қолдау!
Үлкен сын алдында намыс пен жігерді ту еткен бұл жарыста мәртебелеріңіз биік, абыройларыңыз асқақтай берсін! Жарыс өте әділ өтсін!!!Кім мықты , сол жеңсін!!!
Достарыңызбен бөлісу: |