Жаңа заман философиясы



бет1/4
Дата03.01.2022
өлшемі17.8 Kb.
#451517
түріСабақ
  1   2   3   4
Жаңа заман философиясы


.Жаңа заман философиясы

Сабақтың мақсаты:

Жаңа заман философиясы ерекшеліктерімен танысу, индуктивтік және дедуктивтік ойлау әдістері, таным теориясының эмпиристік және рационалистік бағыттарын талдау

Жаңа заман философиясы таным теориясындағы бір біріне қарама қайшы екі бағытты тудырды олар эмпиризм және рационализм.

Эмпиризм бағытының негізін қалаушы Френсис Бэкон, көрнекті өкілдері Т.Гоббс, Д.Локк болды. Рационализм бағытының негізін қалаушы Рене Декард, ал көрнекті өкілдері Б.Спиноза және Г.Лейбниц болды.

Ф. Бэкон «Жаңа Органон» атты шығармасында табиғатты өзінің зерттеу нысаны етіп ала отырып, одан алынған білімнің қандай әдіспен, қалай пайда болғанына назар аударады. Сөйтіп, ол философия мен ғылымда эмпирикалық және индуктивтік әдістердің негізін қалаушы болды. Бірақ, оның әдісінің бәрі тәжірибемен тығыз байланысты болып, кең көлемді теорияның тууына жол аша алмады. Мұндай тар өрістілік Бэкон сияқты философқа танымның әлеуметтік негізін ашып, адамның табиғатын түсінуіне мүмкіндік бермеді.

Ол табиғатты байлықтың көзі деп қарай отырып, оның негізгі мәнін, адамға қатысты жақтарын аша алмады. Сондай-ақ, ұлы философтың ғылыми жаңалықтарымен бірге, негізгі кемшілігі қоғамды, ондағы қатынастарды түсінуде де айқын көрінді. Ол орта ғасырдағы ақылдың адасушылығын тамаша көркем тілмен суреттеп бере отырып, оның мәнін терең түсіндіре алмады.

Француздың атақты ғалымы, әрі философы Рене Декарт болды. Оның философиясы зерделі ойдың негізінде дүниені екі субстанциядан материалдық және рухани негіздерден тұрады деп есептеді. Бұл екі субстанцияның мәнісі-басқа заттың бар болуынан тәуелсіз өмір сүріп тұрған зат бір-біріне бағынышты емес, бір-бірінен келіп шықпайды. Айталық, материалдық субстанция рухтан немесе санадан пайда болмайды.

Философиямен айналысқан Декарт математикалық принциптер сияқты философияны да абсолюттік негізде тудыру керек деп санады. Сондықтан да ол философияның негізгі бір тапжылмайтын, нақты принцип арқылы дамытуды көздеді. Философия тарихында әйгілі болған бұл принцип «күмәндану» деп аталады. Ұлы философ өзінің күмәндану принципін былай деп негіздеді: «Егер мен күмәндансам, онда менің ойлай алатыным сөзсіз. Егер мен ойлайтын болсам, онда менің өмір сүргенім».

Жаратылыстану саласындағы ғылыми жаңалықтар мен қоғам өміріндегі ұлы өзгерістердің орталығына айналып, жаңа қоғамның барынша дамып, өркендеуіне жол ашқан Англия елінің Т. Гоббс сияқты ойшылы дүниеге келді. Оның философиясы өзіне дейінгі өмір сүрген атақты ойшыл Т. Гоббстың саяси-әлеуметтік, қоғамдық көзқарасын айқын бейнелейтін шығарма – «Левиафан». Бұл шығарма қоғамның пайда болуын, оның даму жолдарын жан-жақты талдауға әрекет жасайды. Ұлы ойшыл қоғамды екі дәуірге бөледі. Алғашқы дәуір табиғи деп аталады. Мұндағы адамдардың барлығы тең қүқылы, олар барлығына, яғни заттарға толық иелік етеді. Бірақ, бұл тең құқылық адамдардың арасындағы өзара қақтығысқа, соғысқа, бірін-бірі қырып-жоюға, сөйтіп адамзаттың жер бетінен кұрып кетуіне әкеліп соғатын еді. Осыған байланысты «адам адамға қасқыр» принципі шықты. Сондықтан адамдар өзара келісе отырып, «мынау менікі, мынау сенікі» деген құқықтық қатынастарды тудырады. Мұның өзі әркімнің жеке меншігінің пайда болуына әкелді. Ал жеке меншікті қорғау керек. Ол үшін белгілі бір күш, әкімшілік орын, яғни мемлекет қажет. Ендігі жерде адам баласы екінші дәуірге аяқ басты, яғни бұлардың шығуы қоғамның тууына әкеліп соқты. Сөйтіп, Гоббстың ойынша, қоғамның шығуы заңды түрде жеке меншік пен мемлекеттің тууына әкеліп соғады. Олай болса, жеке меншік, мемлекет әрі заңды, әрі қажетті, әрі объективті, әрі қасиетті. Ендеше, заңды түрде пайда болған бұл процеске қарсы шығуға болмайды. Осыған орай, «қоғамдық келісім» теориясы орнайды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет