XVIII ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың ғы соңындағы Батыс Еуропа философиясы
Хасанов М.Ш., доктор философских наук, профессор
Петрова В.Ф., философских наук, профессор
Джаамбаева Б.А., кандидат философских наук, доцент
Метафизика және натурфилософия; неміс классикасындағы диалектика; тарих философиясы; құқық философиясы; адам философиясы әрекет пен еркіндік философиясы ретінде: И. Кант, И.Г. Фихте, Ф.В. Шеллинг, Г.В.Ф. Гегель, Л. Фейербахтың көзқарастары
ХІХ ғ. философиясында бір-біріне қарама-қарсы көзқарастардың өрістеп, теориялық пікірталастардың қарқынды түрде дамығанын, көптеген түрлі ағымдар мен жеке адамдардың арасында пікір қайшылықтары орын алғанын көруге болады. Мәселен, Германиядағы классикалық идеалистік философия белгілі бір деңгейде рационализм ұстанымдарын өмірге әкелді және ағартушылық дәстүрлер туралы түсініктер тереңірек қаралды. Бір жағынан, бұл кезеңдегі философия француз материализмінен мұраға прогреске және ақыл-ойға деген сенімді алып қала алды және ол кейін Маркс пен Энгельстің арқасында әлеуметтік ғылым деңгейінде қарастырылды. Екінші жағынан, ХІХ ғасырдың екінші жартысында көптеген философтар иррационализм мен субъективизмге бас бұрған болатын. Ойшылдар классикалық философияны субъективтік талқыға салып, «нео» сөзі тіркескен жаңа идеалистік және материалистік ілімдерді дүниеге әкеле бастады.
Неміс классикалық идеализмінің бастауында XVIII ғасырдың соңы мен ХІХ ғасырдың алғашқы жартысында өмір сүрген төрт ұлы ойшыл тұр. Олар – Кант, Фихте, Шеллинг және Гегель.
Иммануил Кант (1724-1804 жж.) – неміс классикалық идеализмінің негізін салушы, «Таза ақыл-ойға сын», «Практикалық ақыл-ойға сын», «Пайымдау қабілетіне сын» және т.б. шығармалардың авторы.
Кант өзінің шығармашылығының алғашқы кезеңінде сол кез үшін жаңа натурфилософиялық идеяларды ұстанған болатын. «Аспанның жалпы және жаратылыс теориясы» атты трактатында ол Күн жүйесінің газ іспетті тұманнын пайда болуының табиғи себептері туралы болжамды ұсынды. Кейін ол болжам Кант-Лаплас теориясы деген атпен көпшілікке танымал болды. Бұл теория дүниенің жаратылысы туралы идеяны жоққа шығарды да, органикалық және бейорганикалық табиғаттың дамуының тарихилығы мен мақсаттылығын алға тартты. Алайда Кант Құдайдың бар екендігіне шек келтірмейді, «табиғат мәңгілікті түрлі құбылыстармен әсемдесе, Құдай – мәңгілік жаратушы – одан да үлкен әлемді жасауға қажетті материалды жасайды» деді.
Шығармашылығының екінші кезеңінде Кант трансцендентальды философияны ойлап шығарды, яғни нәрсені априорлық (тәжірибеден тыс) тану туралы ұғымдар жүйесін жасап, оны сыни идеализм деп атады. Ол мән-мағынаны, ғылыми танымның шегін, оның жүзеге асу шарттарын зерттеді.
«Таза ақыл-ойға сын» еңбегі біздің танымдық мүмкіншіліктерімізге сыни тұрғыдан баға беруге құрылған. Канттың ойынша, таным екі деңгейлі болады: эмпирикалық білімдер (тәжірибе арқылы алынған білімдер) және тәжірибеден тыс алынған білімдер. Априорлық білімдер – категориялар мен ұғымдар, жалпы түсініктер – сезім арқылы келетін тәжірибеге негіз болады, тәжірибе арқылы келген мәліметтерді реттеуге қатысып, эмпирикалық білімдерді уақыт пен кеңістік шеңберіне біріктіру арқылы оларға белгілі бір мағына «береді».
«Мен не біле аламын?» деген сұраққа жауап бере отырып, сезіммен келген білімдер уақыт пен кеңістік ішіндегі пайымдаулармен түсіндірілмейінше тәжірибе де, ғылым да мүмкін емес деген пікір айтады. Себебі «тәжірибе арқылы келген білім жеке әрі кездейсоқ, ал априорлық білім жалпы әрі қажетті».
Теориялық танымға сыни тұрғыдан баға бере отырып, Кант оның шектеулі әрі қайшылықты екенін алға тартады. Әлем біз үшін теориялық біліммен танылатын «құбылыстарға» (феномендерге) және танылмайтын «тұйық құбылыстарға» (ноумендерге) бөлінеді, танымның қайшылығы осымен түсіндіріледі. Танымның бұл деңгейінің қайшылықты болуы ойлаудың табиғатынан көрінеді, себебі ойлау «сезім түйсіктеріне сүйенбей, әлемді түгел қамтып» түсіндіре алмайды.
Канттың ойынша, «Жаңа» философия «таза» ақылды (теориялық танымды) ғана емес, «практикалық» ақыл-ойды да (мораль, адамгершілік, жүріп-тұру) сынға алуы керек. Бұл философия әлем бейнесін жасамауы керек. Дәлелденген білімнің экстенсивтілігі мен шекарасын анықтау үшін сынмен ғана айналысуы тиіс.
Кант адамның ішкі әлемін сана арқылы тануға тырысады. Әлемдегі заттар мен әлем санадан тыс және оған тәуелсіз, сондықтан өзімен-өзі өмір сүре береді. Ал олар біздің өмірімізге «араласқан» кезде оны санамен түсінуде алынған нәтижелер адамнан ажырағысыз болады.
Достарыңызбен бөлісу: |