Кенесарының хандық билігі.
1841 жылы тамызда Кенесары хандық билікті қалпына келтіріп, феодалдық мемлекет құрды. Жер ақсүйектердің меншігі болып саналды. Кенесары билер мен старшындарға, батырларға арқа сүйеді. Маңызды мәселелерді Хандық Қеңес шешіп отырды. Хан Кенесі - кеңесуші орган ғана болды, билікті ханның өзі ғана айтатын. Әбілқайыр хан тұсындағы оның еркін тежеп отыратын Ақсақалдар кеңісіне қарағанда, бұл бір шама ерекшелік еді.
Кенесары хандығындағы бірқатар өзіндік ерекшеліктері:
1. Билер сотын жойып, хандық сот енгізіді, нәтижесінде Жоғарғы сот билігін Кенесары өз қолына шоғырландырды.
2. Арнайы қаржы тобын құрды. Қаржы мекемесі алым-салық жинаумен және керуендерден баж салығын алумен айналысқан.
3. Салық жинайтын қызметкерлер тобын сайлады.
Салық саясатындағы негізгі өзгеріс жекелеген феодалдар жинайтын алымды хан қазынасына түсетін бірыңғай салықпен ауыстыруға Кенесарының талаптануы деу керек.
Кенесары мал шаруашылығымен айналысатын аудандардан «зекет», ал егіншілерден «ұшыр» салығын сақтап қалды. Сонымен бірге ол ауыл бойынша ерекша салық және әр түрлі дәстүрлі сый-сипат ретіндегі сайлықтар алып отырды.
4. Ірі феодалдардан алынған мал мен дүние мүлікті бөлу тобын кұрды.
5. Хандық Кеңестің қабылдаған шешімдерінің орындалуын қадағалап отыратып және Кенесарының үндеулерін таратуға жауап беретін басқару ісін сайлады.
6. Отырықшылықты дамытты.
7. Барымтаға шек қойды.
8. Дипломатиялық қызмет үйымдастырды.
9. Әскери істе жасақтарды жүздіктерге, мыңдықтарға бөліп, қатаң әскери тәртіп орнатты.Опасыздарға өлім жазасын кесті. Оның әскерлерінің бір бөлігі тұрақты түрде әскери өнерге үйретілді.
10. Бұйрығын орындамағаны үшін Кенесары «шік» деп аталатын ерекше жаза қолданған (кікәлі адамның басына қалышпен не пышақпен кесіп белгі салған), ондай жаза алғандар Кенесары кешіргенше айыпты деп саналды, ешқандай іске қатыса алмады. Сөйтіп, Кенесарының қайта қүрушылық қызметі ел билеуді ұйымдастырудың барлық жағын қамтыды.
Алайда, XIX ғ. бірінші жартысында қалыптасқан саяси-экономикалық жағдайда орталықтанған феодалдық мемлекетті басқару жүйесін құру мүмкін болмағандықтан, Кенесары хандығы ұзақ өмір сүре алмады.
Достарыңызбен бөлісу: |