Оңтүстік Қазақстан облысы
Шымкент қаласы
№25 Т.Рысқұлов атындағы мектеп-гимназиясы
Құрманбек Айгерім 8 «Ә» сынып оқушысы
Ғылыми жетекшісі Нуршакуль Абдикеримовна Джилкибаева
«Қазақ қоғамындағы дәстүрлі билер сотының рөлі»
Аса ірі зерттеулері үшін тірі күнінде «Қазақ халқының Геродоты» атанған орыстың көрнекті шығыстанушы ғалымы А.И.Левшин ХІХ ғасырдың басында былай деп жазған еді. «Кіші орда қырғыздарының (қазақтарының) көрнекті ақыл иелері қазақ халқының да тыныш, бейбіт өмір сүрген, заңдар мен әділ сот мерейі үстемдік құрған уақыттағы болған» деп үнемі айтып отыратын. Автор ол кезеңді халық «аңсап» еске алатын «Алтын ғасыр» деп атайды. [1]ХІХ ғасырдың бас кезіне дейін қазақтардың өздеріне тән бірегей дәстүрлі билер соты болды және ол қазақтардың өмір салтына сай бейімделді. ХІХ ғасырдың 20жылдарынан бастап Ресей билігі билер сотын біртіндеп жоя бастады.Орта ғасырлық қазақ қоғамының бүкіл құқықтық әлемінде негізгі билік «Дала заңының» билігі болды. Ал оның қорының сақтаушысы, реформаторы және жүзеге асырушы күші-билер болды.Би ең алдымен – сот (судя). Бидің өзі де, билігі де түп-тамыры халықтың тарихына байланысты. Сол себепті ол беделді, дәстүрлі билер қатарында болды. Ал хан билігін көпшілік бұхара әкім билігі деп таныды. Қазақтың көрнекті мәдениет қайраткері С.Сейфуллин жазғандай «Мықты билер тілін алмаған хандарды бір кезде тақтарынан қуыршақша алып тастап отырған»[2].Би халықтың сана сезімінде ақиқаттың ақ туын көтеруші ретінде сипатталады. Оған дәлел ретінде билердің мына кәсіптік ұрандарын келтіреді: «Шыннан өзге құдай жоқ», «Малым жанымның садағасы, жаным арымның садағасы». Билердің негізгі ісіне айналған бұл ұрандар бойынша адам үшін ар-ожданы мен намысын, адамгершілік, әділдік тұрғыдан қорғауды ең жоғарғы қадір-қасиет деп санаған. Бұл моральдық құндылықтар әділ сот мәселесіне тікелей қатысты. «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ»-деген нақты ережеден көрініс тапты.Қазақ құқығы өз бастауын ХІІІ ғасырда өмір сүрген қазақтың көне «үйсін» руынан шыққан,Шыңғыс ханның (1155-1227).«Орда биі» атанған, Майқы биден алатындығы шүбә келтірмейтін шындық.[3]Сондықтан қазақ құқығында «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы Майқы би» деген даналы сөз қалған.Қазақ құқығының жүйеленген қайнар көзі болып «Қасым ханның қасқа жолы» (Қасым хан билігі 1511-1532жж.), «Есім ханның ескі жолы» (Есім хан билігі 1598-1623жж.) және Тәуке ханның «Жеті жарғы» атты ережелер жинағы есептеледі.Билердің және билер сотының құқық,байлығына тек дәстүрлі «Хан жарлықтары» жатып қана қоймайды. Сонымен қатар атақты билердің жалпы жұртқа тараған бітім, шешім, жүгініс үлгілері де кеңінен тараған. Орта ғасырлық қазақ даласында, тіпті жақын арадағы жаңа заманға дейін сөз құдіретінің беделді де күшті болғандығы сонша, сөз өнерін жете меңгерген жезтаңдай би алдында фактілер де тізе бүккен. Ұлы дала мәдениетінің мұндай ерекшілігі қазақ құқығында нық орын алды. «Ердің құнын екі ауыз сөзбен бітірер би», «Өнер алды – қызыл тіл» дей келе, қазақи құқық сот әділдігінің мақсаты «Тіл жүйрік емес, билікте шын жүйрік» деген тұжырымдаманы мықтап бекітті. Қазақ жұрты жаратылысынан шешендік өнерге бейім халық. Ал би, шешендер даулы мәселені түйінді төрт-ақ ауыз сөзбен тындырып отырған. Тындырғанда да хатсыз, қарарсыз, ауызша жүзеге асып, бітіп жатқан. Ертедегі бір бидің өзі осы күнгі соттың да, прокурордың да, милицияның да, қаншама мекеме, ұйым басшыларының да қызметін атқарып келген ғой.Қазақ ел таныған шешен, билерге кенде болмаған, ұлы Шоқанның айтуынша, оларды халық өздері қалап, би атап отырған, ешқандай арнайы сайлау үкімет тарапынан тағайындау болмаған. [4]Ал би болып белгіленетін кісілер өзінің шешендігін, әділ төрелік айта алатын қасиетін көпшілік алдында кқрсете білген. Олар барынша адал, ешкімге бұра тартпайтын, тура сөйлейтін нағыз шешен әрі ақылгөй «халық қамқоры» болған. Сондықтан да халық «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ», «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» деп мақалдап кеткен.Би халықтың көкейіндегісін айтқан, көмейіндегісін жарыққа шығарған әділет жаршысы.Қазақтың атақты билері Төле, Қазыбек, Әйтекеден қалған сөз дәстүрі ғасырлар бойы үзілер емес. Олардың заманында Ахмет Байтұрсынов пікірімен айтқанда, «Әділ билердің қолында билік қазақтың неше түрлі дертін жазатын жақсы дәрі еді»[5].Белгілі зерттеуші Н.Төреқұловтың айтуы бойынша Әнет бабаға Төле би өзінің өмірлік ұстанымын (кредосын) былай деп жеткізген екен: «Саяқ жүрген, таяқ жейді», «Ынтымағы, бірілігі мықты елді жау да, дау да ала алмайды»[6].Би сотының ең бір тамаша ерекшелігігінің құрамына, әрине, шипа әдет те жатады: егер айыпты адамға тікелей айғақ табылмай, бірақ соның кінәлі екеніне күдік басым болса, онда билер айыпты адамның адал туыстарын төрелікке тартып, яғни оларға айыпкерді ант беріп, ақтап алуға немесе айыптауына мүмкіндік берген. Қазақ құқығында өлім жазасы, түрмелер мен зындандар (қамауға арналған жер асты орындары), бас бостандығынан айыру, денеге зақым келтіру түрлері, қылмыстық жазалар болған жоқ. Барлық даулар және ең күрделі қақтығыстар азаматтық-құқықтық санатқа не болды және олар үшін мүліктік, мүліктік емес, ұялтатын, масқаралайтын, бітімгершілік және өзге де жазалау шаралары қолданылды.Жазалаудың жауапкершілікке тартудың үш негізгі түрі бар: «Құн төлеу» (кісі өлтіргені үшін немесе кісі өлтіруге теңестірілген қылмыстық үшін төленетін төлем), «тоғыз» ( тоғыз санына теңестірілген мүліктік жауапкершілік айып), «айып» (кешірім айыбын төлеу). Бұлардың барлығы мал, әсіресе жылқы басынан тұратын заттық сипатта болған.Қазақтар құқығындағы жауапкершілік пен жаза түрлері аса бай, әрі көп түрі болған. Олардың түрлерінің көптігі соттардың әрекеттерінің кеңістігін қамтамасыз етті. Сонымен қатар бұл билерге шешімінің логикалық, адамгершілік негізділігі үшін ерекше жауапкершілік жүктейді. Дәл осы жерде істің мән-жайынан кем болжаланбайтын судьяның жеке қасиеттері мен ақыл-парасаты көрінуі қажет. Орыстың қырық жылдық ықпалына қарамастан жүз жыл бұрынғы, бәлкім бізге дейінгі мың жыл бұрынғы қалпын сақтап қалған. Сонда халықтың ішкі даму күші де, орыс мекемелері мен заңдары да оның ежелгі үлгісін өзгерте алмады.Патшалық (ресейлік) үкімет XVIII ғ. І-ші тоқсанында басталған дала өлкесін отарлау саясатын белсенді түрде жүзеге асырса да, ғасырлар бойы Қазақияда қалыптасқан дәстүрлі құқықтық режимнің түбегейлі жүйе екендігін және оны бір ұрпақтың өмірі ішінде орыстың құқық жүйесімен күштеп немесе «бейбіт жолмен» алмастырудың мүмкін еместігіне күн өткен сайын көздері жете бастады. Өз халқының тарихы мен болмысын жақсы білетін жазуші әрі ғалым академик Сәбит Мұқанов былай деп жазған еді: «Киіз туырлықты қазақ аталатын бұл елдің өмір тарихы, тұрмыс салты, әдет-ғұрып, мінез-құлқы айна қатесіз бірдей ... осыншама тұрақтылы тұтастық, Октябрь революциясына дейін тұтас мемлекет болмаған елде сақталуы таңғаларлық құбылыс».[7] ХІХ ғ. ортасында Шоқан Уалиханов атап айтқандай: «Билер соты 50 жыл тойы» орыс саясатының әсеріне қарамастан, бізге дейін жүздеген, бәлкім мыңдаған жылдар бұрын қандай болса, сол қалпында қалды».
Сөзімнің қорытындысын Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың мына сөздерімен аяқтағым келді: «Береке басы - бірлік». Бірлігіміз берік болса, болашағымыз баянды болары даусыз.Лайым ынтымағымыздан айырмасын!Толық тәуелсіздікке жетудің ұлы жолында бізді халқымыздың үш данасы, үш көсемі, қасиетті аталарымыз – Төле бидің, Қазыбек бидің, Әйтеке бидің аруағы қолдап жүрсін![8]
Пайдаланылған әдебиеттер
1.Қазақтың ата заңдары, құжаттар, деректер және зерттеулер. Алматы «Жеті
жарғы» , 2004, 30 бет
2. С.З.Зиманов Қазақтың ата заңдары және оның бастаулары»29 бет
3.С.Сейфуллин 6 томдық шығармалар жинағы Алматы, жазушы 1994,
6том, 265 бет
4.Ч.Ч.Валиханов Собр. соч. В. 5 т Алматы, 1985, т 4, 77 бет
5.Т.Кәкішев Билер сөзі Алматы: Қазақ университеті, 1992, 3-5 беттер
6.С.Мұқанов 16 томдық таңд. шығар. халық мұрасы Алматы; 1979, 15 том
61-65 беттер
7.Н.Төреқұлов,М.Қозыбақов Қазақтың би-шешендері .Алматы Жалын,1993,
3-5 беттер
8.Н.Ә. Назарбаев Егемендікке бес жыл .Алматы; Қазақстан, 1996, 177-192бет
Достарыңызбен бөлісу: |