Жаңадан бастаушыларға арналған механикалық ӨҢдеу



Pdf көрінісі
бет44/246
Дата04.10.2023
өлшемі6.75 Mb.
#479844
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   246
Білдектерді автоматтандыру

Сегіз қырлы, бір сырлы 
Тоқтай тұрыңыз, қазір бұрынғыдан да бетер болады. Ең мықты деген жону-фрезерлеу 
білдегімен де туындайтын мәселе құралдық станциялардың шектеулі саны болып табылады 
‒ үш айналғыш қалпақшалы білдектердің өзінде ондаған кесу құралдарынан артығын сыйғызу 
мүмкін емес. Мұның көп болып көрінуі де мүмкін, бірақ автоматты өңдеумен айналысатын 
немесе бірнеше тапсырманы жүктеп, оларды білдекте тұрақты қалдырып кетуді қалайтын 
цехтар үшін шешім өте қарапайым: жону білдегін өңдеу орталықтарындағы мүмкіндіктердей 
болып табылатын құрал алмастырғышпен және құралдар қорабымен қамтамасыз етіңіз.
Өңдеу-фрезерлеу орталықтары тағы бір жетіспеушіліктің зардабын тартады: олардың 
бұрышты бөлшектерді өңдеу мүмкіндігінің шектеулі болуы ‒ қозғалтқыштың тізелік білігіндегі 
май магистралінің саңылауын мысал ретінде келтіруге болады. Әрине, арнайы бұрғылау 
немесе фрезерлеу қондырғысын бекітуге болады («бірегей бұрышты қалпақша» деп 
аталатын), бірақ бұл ең тиімді шешім емес. Жону білдегінің фрезерлік мүмкіндігінің ТӨО-мен 
салыстырғанда айырмасы жоқ. Егер жону білдегі кез келген бұрышқа иіле алатын және арғы 
бұрыштағы ТӨО-на баламалы сүмбі жылдамдығы мен қуатына ие болса, толық көлемді 
фрезерлік қалпақшамен жабдықталған болса, керемет болмас па еді? 
Бұл қандай да бір механикалық өңдеуге қатысты ғылыми таңғажайып емес. Осындай 
машина бүгінде бар және оның атауы «көп атқарымдылық». Көп міндетті СББ машиналары
(2-7-
суретті қараңыз) жартылай тігінен өңдеу орталығы, шетмойын бөлігі және екі сүмбілі жону 
білдегінің бөлігі болып табылады.


48 
2-7-
сурет: Көп 
атқарымдық 
машиналар 
механикалық өңдеу 
орталығын СББ 
білдектеріндегі 
мүмкіншіліктермен 
қамтамасыз ете 
отырып, шынайы 
фрезер 
қалпақшаларымен
және құрал 
алмастырғышпен
жабдықталған 
Бұл бөлшектердің кең көлемін өңдеуді, іске қосу уақытын қысқартуды және тұтынушының
құбылмалы талаптарына сәйкес келу үшін мүмкіндіктерін арттыруды қажет ететін цехтар үшін 
таптырмас шешім болып табылады. Басқа да бөлшекті өңдеу мен машинаның 
операцияларының көлемін қысқартатын кез келген білдектікіндей, бөлшектердің сапасы мен 
тиімділігі көп міндеттіліктің арқасында айтарлықтай артады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   246




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет