Жаһандық құзыреттілік уақыт талабы



Дата19.09.2023
өлшемі30.99 Kb.
#477958
«Жаһандық құзыреттіліктер» курсы бойынша сабақтарды өткізудің айрықша ерекшеліктері. (1)



Жаһандық құзыреттілік уақыт талабы
Жаһандық құзыреттер – бұл нақты дағдылар емес, қазіргі және болашақ ұрпақтың өміріне әсер ететін кез келген проблемаларды шешуге қатысу қолданылатын білім, білік, көзқарас пен құндылықтардың үйлесімі.
Қазақстан Білім және ғылым министрлігінің пікірінше, мұндай білім іскерліктің және қарым-қатынастың қажеттілігін ескеретін білім беру жүйелері. Мемлекет басшысы Қ.Токаев біз экологиялық мәселелерді шешуді ұзақ жәшікке сала алмаймыз. Жаһандық энергетикалық көшу, инновацияларды дамыту, цифрландыру әлемдік нарықтардың конъюнктурасын өзгертеді және орнықты экономикалық өсуді қамтамасыз етуге жаңа тәсілдер қолдануды талап етеді.
Нәтижесінде экологиялық мәселелер туындайды. Осыған орай Қазақстан Үкіметі экологиялық заңнаманы ЭЫДҰ елдерінің стандарттарымен үйлестіруге және үздік әлемдік практикаларды қолдануға бағытталған дәйекті реформалар жүргізуде. Соңғы кездерде экологиялық сауаттылық мәселесі көтерілуде. Білім саласында ол бастауыш сыныптарда табиғат, қоршаған орта мәселелерімен байланысты. Сол себепті Ы Алтынсарин атындағы ҰБА қолға алған 12 жылдық білім беру жүйесінде бастауыш сыныптардағы пән атаулары мен сағаттық жүктемелерді қысқартуы өте орынды.
Қазіргі ұсынылып отырған «Қоршаған орта» пәні 1-5 сыныптарда адам мен табиғат және қоғам тұрғысында қарастыра, 6 сыныпта «Жаратылыстану» пәнімен жалғасуы, 7 сыныптан бастап география, биология, химия, физика пәндерінде экологиялық мәселелерді нақтылы қарастыру көзделген. Орта білім сатыларында экологиялық мәдениетті қалыптастыра ЖОО экология пәні оқылуы маман иелерінің табиғатқа, қорщаған ортаға деген көзғарасын толықтай қалыптастыруға тиісті.
Қазіргі ғаламдық табиғаттағы өзгерістерге, климаттың өзгеруіне, шөлейттену, су айдындарының таяздануына деген көзғарас мекетеп қабырғасында оқылатын пәндер арқылы түсіндіріліп сыни қарауға бағытталмақ. Бұл мәселелер алдымыздағы Тамыз кеңесінде жіті қарастырылатынына сенім артамын.
Жаһандық құзыреттілік – уақыт талабы
Қазіргідей алуан түрлі, өзара байланысты және өзгермелі әлемде оқушылардың есеюі экономикалық, әлеуметтік, мәдени, цифрлық, демографиялық, экологиялық және кейде эпидемиологиялық факторлардың ықпалымен жүзеге асады. Жаһандық ауқымдағы тәуекелдер мен қарама-қайшылықтар жастар үшін жаңа мүмкіндіктерді ұсынады, сонымен қатар жаңа проблемаларды да туындатады. Жаһандық проблемаларды шешу үшін халықаралық ынтымақтастық, оның ішінде қатысушылардың әрқайсысының жаһандық құзыреттілігі қажет.
Жаһандық құзыреттілік–бұл белгілі бір нақты дағдылар емес, басқа мәдени ортаға жататын адамдармен тікелей немесе виртуалды әрекеттестік барысында және жекелеген тұлғалардың қатысуымен жаһандық проблемаларды шешуде табысты қолданылатын білімнің, дағдылар мен көзқарастардың, қарым- қатынастар мен құндылықтардың жиынтығы. Тиісті білім мен дағдыларды, қарым-қатынастар мен құндылықтарды меңгеру өмір бойы жүреді: адам толық құзыретті болып табылатын бірде-бір сала жоқ.
Бүгінгі таңда жаһандық құзыреттілікті дамыту мектептегі білім берудің өзекті міндеттерінің біріне айналды. Жаһандық құзыреттер жаһанданудың өсіп келе жатқан ықпалына, жедел әлеуметтік, экономикалық және технологиялық өзгерістерге, сондай-ақ адамдарға, мәдениет пен ұлттарға жаппай әсер ететін басқа да маңызды жаһандық мәселелерге байланысты ерекше мәнге ие болып отыр.
Жаңа оқу жылында білім ошағымыздың 30 мұғалімі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығында білімдерін жетілдірді. «Жаһандық құзыреттер» курсы оқушылардың сыни ойлауын, зерттеу, коммуникация, жаһандық маңызы бар мәселелерді шешу және талдау дағдыларын қалыптастыруға және дамытуға ықпал етеді. Жаңа элективті курс жаһандық азаматтық құзыреттіліктеріне ие бәсекеге қабілетті тұлғаны, жергілікті және жаһандық проблемалардың өзара байланыстылығы мен өзара тәуелділігін түсінуге, мәдениетаралық өзара іс-қимыл мәселелерін, әртүрлі көзқарастар мен дүниетанымдарды сыни талдау мен бағалауды, бірегей білім мен идеяларды құру дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім үшін қажетті жағдайлар жасау; жеке адамның шығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту» деп атап көрсетілген. Аталған міндеттерді жүзеге асыру үшін оқытудың жаңа технологияларын енгізу және тиімді пайдалану секілді мәселелерді анықтап алу, білім беру жүйесіндегі басты ұстаным ретінде әркімнің өзінің білім алуға деген жеке әлеуетін қоғамда барынша пайдалануға көмектесетін оқыту жүйесін дамытуды қамтамасыз етуді көздейді.
Қоғамдық дамудың қазіргі үрдісі өзінің іс-әрекетін тиімді жоспарлай алатын, танымдық қызметінде алынған білімді орынды пайдалана білетін, түпкі нәтижеге жету үшін әртүрлі топтардағы адамдармен тиімді қарым-қатынас диалогына түсе алатын білімді тұлғаны тәрбиелеу мәселесін қойып отыр. Сапалы білім алған, танымдылығы жоғары, құзыретті, бәсекелестіктің қайсыбір мықты тегеурініне төтеп бере алатын оқушылар ғана болашақтың кілтін аша алады. Еліміздің жаһандық дүниеде даралануы білімді, жігерлі, ұлттық санасы рухани бай жас ұрпақ арқылы іске асады.
«Құзыреттілік» және «құзырет» түсініктері ХХ ғасырдың 90-жылдары отандық педагогика лексиконына кіріктіре басталды да, ағылшын тілінен аударғанда түрлі мағына береді. Мамандардың зерттеуі бойынша құзыреттілік жүйесінде 112 қасиет түрі бар. Ал білім жүйесінде сапа және нәтижеге көзделген құзыреттің жеті қасиетін алуға болады. Осыдан, біз құзыретті оқыту барысында білім алудың білім, біліктілік және шеберліктердің маңызды кешені деп есептеймін. Құзыреттілік бұл тұлға бойындағы барлық қасиеттердің жинағы, оның құзырлығының негізінде пайда болған шеберлігі, бір жұмысты орындаудағы епшілдігі. «Құзыреттілік» түсінігі оқыту үрдісінің нәтижесін бейнелеуде қолданылады, «құзырет» түсінігі алдынғы педагогикада талап етілетін «қалай екенін білем» бағытынан, «қалай қолдануды білем» бағытына негізделеді.
Қазіргі кездегі білім берудегі мұғалімнің мақсаты білім мазмұнын игеруге және оны өзінің жеке білімдік капиталына енгізуге арналған ақпараттық ортадағы берілген мүмкіндіктерді қолдану болып саналады. Мына заманда біздің студенттердің алдына қойылатын талаптар да күннен күнге, жылдан жылға өсуде. Заман талабы студенттердің бойында түйінді құзыреттіліктерді қалыптастыру болып табылады.
Білім беру жүйесінде студенттің бойында коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыруда ақпараттық- коммуникативтік технологияның рөлі ерекше. Бұл технологияны қолдану студенттің қызығушылығы мен белсенділігін және жұмыс істеу шеберлігі мен қабілеттіліктерін арттырады. Бағдарламаны жақсы меңгеруге, өз жұмысын жоспарлауға, өз бетімен жұмыс істеуге үйретеді. Шәкірттердің қазіргі заман талабына сай білім алуына, білім сапасына тікелей әсер ететіндер – ақпараттық құралдар.
Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, «Мұғалім әрдайым ізденісте болса ғана шәкірт жанына нұр құя алады». Мұғалімнің ізденісі, жан-жақтылығы айтылып кеткен құзыреттілік арқылы айқындалады.
Ақпараттық құзыреттілік арқылы нақты объектілер көмегімен қажетті ақпаратты іздеу, талдап таңдап (іріктеп) алу, ұйымдастыру, түрлендіру, сақтау және ақпаратты беру біліктері қалыптасады. Коммуникативтік құзыреттілік – қажетті тілдерді, қоршаған адамдармен және оқиғалармен әрекеттестікте болу тәсілдерін білуді, топта жұмыс жасау дағдыларын, ұжымдағы әртүрлі әлеуметтік рөлдерді меңгеруді қамтиды.
Әр күні өзгеріске толы бүгінгі жауапты кезеңде замана көшінен қалып қоймай уақыт талабына сай ертеңгі болашақ жас ұрпақты білімді етіп тәрбиелеу ұстаздарға зор жауапкершілік жүктейді. Ол мұғалімнен үздіксіз ізденуді, өз білімін үнемі жетілдіріп отыруды талап етеді. Өйткені еліміздің ертеңі жас ұрпақтың қолында. Мұғалімнің шеберлігі мен жетістігі – сапалы білім және жақсы тәрбие алған шәкіртінде. Білім алушы шығармашылығын дамыту ісі үздіксіз жүргізіле бермек. Бұл қоғам талабына сай туындайтын қажеттілік.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет