Шет тілін оқытуда студенттердің коммуникативті-құзіреттілігін дамыту



Дата20.05.2022
өлшемі47 Kb.
#458211
shet-tln-oytuda-studentterd-kommunikativt-zrettlgn-damytu.


Шет тілін оқытуда студенттердің коммуникативті-құзіреттілігін дамыту.
Прзадаева Несібелі Тоғысқызы
«Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжі»

Шет тілін меңгеру әр білімді адамның, оған қойылған қоғам талаптарына сәйкес, қажеттілігіне айналды. Шет тілі адамдардың мәдени дең­гейіне айтарлықтай әсер етеді, қарым-қаты­нас жасауының дамуына ықпал жасайды. Қарым- қатынас жасау құзыреттілігін қалып­тастыру шет тілін оқытудың негізгі мақсаты болып табылады. Бүгінгі күні бұл – өзекті мәселе. Шет тілінде қарым-қатынас жасау үшін грамматикалық ережелерді білу шарт, лексикалық қорын ұдайы толықтырып отыру, тілдің фонетикалық ерекшеліктері туралы білу, оқытылатын елдің мәдениеті мен әдебиетін білу, әрине, сөйлеу дағдыларын дамыту керек. Табысты қарым-қатынас жасау үшін, оқушы, мынадай, жағдайларда диалог жасауды үйренуі тиіс: ресми және ресми емес қарым- қатынас жасау, өзі туралы әңгімелеу, тілдік этикетті сақтай отырып, оқыған немесе тыңдаған мәтініндегі тақырыптарды талдауға қатысу, қоршаған ортасы туралы, отбасы, елі туралы әңгімелеу.


Жаңа заман ағымына сай білім саласында жаңа технологиялар қолданудың маңызы зор.Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін 2015 жылға дейін дамыту тұжырымдамасында орта білім берудің мақсаты – жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайында алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұлғасынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру деп көрсетілген. Ғылыми әдебиеттерде құзіреттілік дара тұлғаның бойындағы өзара байланысты сапалардың (білім,білік,дағды,іскерлік,әрекет тәсілі) жиынтығы,яғни оқушының алған білімі мен дағдыларын тәжірибеде, күнделікті өмірде қандай да бір практикалық және теориялық проблемаларды шешу үшін қолдана алу қабілеттілігі.
«Құзыреттілік» терминіне алғаш анықтама беріп, лингвистикаға енгізген американдық ғалым Н.Хомский. Оның пайымдауынша, құзыреттілік термині грамматика білімдеріне негізделеді. Жалпы алғанда, құзыреттілік дегеніміз- жеке тұлғаның белгілі бір мәселені шешудегі өзара байланысты білім, білік дағдыларының жиынтығы және адамның жеке өзінің іс- әрекет, қызмет саласына сай құзыреттерді меңгеруі.
«Коммуникативтік құзыреттілік» (латынның «соmpetere» -қол жеткізу, сәйкес келу, сөзінен шыққан) –оқушылар және қоғам үшін күнделікті оқуда, қатысымдық міндеттердің тіл арқылы шеше білу қабілеттілігі; қатысымдық мақсатты іске асыруда оқушының тіл және сөз құралдарын пайдалана алуы. Егер оқушы сол тілде сөйлеушілермен тікелей немесе аралық қарым-қатынас барысында сол тілдің нормалары мен мәдени дәстүріне сәйкес өзара түсінісе алса, коммуникативтік құзыреттілікті меңгергені. Коммуникативтік құзыреттілік жеке тұлғаның рухани өсуін қалыптастырады, адамдарды түсіне білуіне көмектеседі.Сондықтан мұғалім алдына мақсат қоя білетін,
анық та дұрыс сөйлей білетін, өз ойын жарыққа еркін шығара алатын, түсіне білетін, қызығушылықпен тыңдай алатын адамды өмір жолына аттандыра білуі керек.
Оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін дамыту үшін жүргізілетін жұмыс түрлері төмендегідей:
• Сұрақ– жауап (мұғалім мен оқушылар)
• Диалог ( оқушы мен оқушы, мұғалім мен оқушы)
• Қатысым (мұғалім мен оқушылар, оқушы мен оқушы, мұғалім мен оқушы)
• Жазылым (тақырыпқа байланысты мәтінмен жұмыс)
Қатысым және жазылым қарым – қатынасын қалыптастыруға сөйлеу тілін дұрыс меңгеруге жеке тұлғаның құзіреттілік қатысымдылығын жүзеге асыруға ерекше ықпал ететінін көруге болады.
Күнделікті сабақ барысында коммуникативтік құзыреттілігі қалыптасқан оқушы екінші адаммен, белгілі бір ақпаратты жеткізіп қана қоймай, өз ойын түсіндіре, олардың пікірін ұғатын, түсіне білетініне көз жеткізіп жүрмін.Сонымен, өз іс-тәжірибемде диалогтік әдісті қолайлы деп ұйғардым.
Диалогтік әдісті қолдана отырып оқушылардың сұрақтарды, өтінішті, таңдануды, бұйыруды қолданып, бір-бірімен әңгімелесе білуге, мәліметтерді нақтылауды сұрауға, келіспеушілік, толықтыру, тілдік материал көлемінде өзара пікір алыса білуге дағдыландырамын. Әртүрлі типтегі кішігірім диалогтар құрастыруды тапсырамын. Біліктіліктерді жетілдіру мен дамытуды оқушылардың еркіндігін сақтау жолымен жүргіземін.Диалогтік оқыту студенттің тек қана бірлескен әрекетке тартылуына ғана емес,оқушының ойлау қабілетінің жоғары деңгейге өсуіне, тіл байлығы мен зияткерлік қабілетінің дамуына ықпалын тигізеді. Осы кезде топ арасында талқылау жүзеге асады. Әр топ өз пікірін айтып, дәлелдеме жасайды топта талқылауға қатысу студенттің бәсекеге қабілетін арттырады,өз дәлелін қорғап, мәселеге сыни тұрғыдан қарауға дағдыланады.
Сабақта тілдік қатынас үш түрлі жолмен немесе қалыппен іске асырылады . Олар жұптық, топтық, ұжымдық. Жұптық жұмысқа түсу осы диалогтерден тұрады. Диалогтің өзі сабақ өту кезінде әр түрлі әдіс арқылы жүзеге асады. Мысалы : сұрақ — жауап,рөлдік,тапсырманы орындату, жұптық жұмыс, диалогтік мәтінді оқу.
1.Сұрақ — жауап әдісі — қазақ тілі сабағында студенттердің ынтасын арттырады, қызығушылығын оятады. Әрбір жаңа сабақты бастамас бұрын жаңа тақырыпқа байланысты кіріспе сұрақ жауап дайындалады.
2.Рөлдік ойындар - сабақ үдерісін жандандырып,тілді үйренуге деген қызығушылықты арттырады. Рөлдік ойындардың басты қызметі шынайы, дайындықсыз сөйлеуге қажетті жағдайды туғызу. Тіл үйренушілер сөйлеу жағдаятына ене отырып,тілді қатынас құралы ретінде пайдалануға ұмтылады..
Тіл оқытуда және үйретуде диалогтың маңызы ерекше. Жоғарыда айтылғандай диалог ұғымының өзі осы тілді оқытудың сара жолы екенін көрсетіп тұрғандай. Себебі: өзге тілді оқушыларға дилогты оқытудың айтылған тәсілдерінің берер пайдасы мол. Сонымен бірге тілді оқып үйренуде өте қолайлы. Диалогтың осы жұмыс түрлерін сабақтарымда қолдана отырып жалпы байқағаным; бұрынғы сабақ беру үрдісімен салыстырғанда жаңа тәсілді қолданып диалогты дамытудың айырмашылығы бар екен. Бұлай дейтінім; бұрын диалог тек жұптық жұмыс арқылы жүзеге асса,ал енді топтық жұмыста орындалады. Мұнда оқушылар берілген сұрақтарды бірлесе оқып оған жауап беріп топ басшысының шешімімен топтан екі оқушы ортаға шығып жұптық жұмысқа өз шығармашылықтарын көрсете біледі. Үйренетін тілде сөйлеуге деген қажеттілік болмаса, сөйлеудің қаншама жолдарын меңгергенмен, ол жасанды рөл атқарады да, бірте-бірте өзінің өміршеңдігін жояды. Сөйлесімге деген қажеттілік оқытушы тарапынан да, оқушы тарапынан да бірдей болу қажет.Сөйлеуге үйретуде қоршаған орта мен жағдайдың әсерін ескеру оқу процесін тікелей өмірмен жалғастырады. Сол себепті ситуациялық көрініс өмірде болып жатқан құбылыстарды бірден түсініп, ауызша тіл арқылы жеткізіп беруге жол ашады. Сабақта сөйлеудің барлық формалары (монолог, диалог т.б) сөйлеушілердің ыңғайына қарай атқарыла береді. Сабақта диалог жүргізуге арналған тірек схеманы пайдалану барысында оқушылар білімдерін тереңдетіп, жалпы ой-өрістерін дамытып қана қоймай, сонымен қатар коммуникативтік іскерліктері мен дағдылары жетіледі.Әр сабақта тақырыпқа байланысты диалог түрлерін өзгертіп отыруға болады. Мұндай сабақ түрі оқушыларды ауызша сөйлеуге үйретудің қызықты, әрі тиімді түрі. Оқушылар бұған ықыласпен қатысады, ал бұл олардың қазақ тіліне деген ынтасын арттыруға септігін тигізеді.Төменгі сынып оқушыларымен диалогты ойын түрінде өткізуге «Қазақ тілі» оқулығы өте қолайлы. Егер, төменгі , орта буын оқушыларымен тақырып бойынша диалог түрлерін меңгертсе, жоғарғы сыныптарда оқушылар арасында ешқандай қиындық туғызбайды.
«Шет тілін меңгертудегі негізгі әрекет – қарым-қатынас үрдісі, сөйлеу қатынасы» екендігі бүгінгі күнде бұлтартпас ақиқат екендігі белгілі. Сол себепті де мемлекеттік тілімізді басқа ұлт өкілдеріне меңгертуде дүние жүзінің әдістеме ғылымында үлкен жетістіктерге қол жеткізіп жүрген қатысымдық бағытты ұстану бүгінгі күннің аса өзекті мәселелерінің бірі.
Диалогтік оқыту мұғалім мен оқушы арасында тығыз байланыста болады. Сондықтан, студенттің білім деңгейін дамытуға әлеуметтік қолдау көрсетуде мұғалімнің рөлі ерекше. Сондықтан студенттерге маңызды сұрақтар қойып,оқушылардың жауаптарын тыңдап , қателерін түзетіп,әңгіме стиліне қарай оқушылардың ойлау деңгейлерін де сөйлеу дағдыларын да дамыту.Диалог барысында студенттер келісілген нәтижеге жету үшін барынша күш-жігерін жұмсайды.Мұндай жағдайда студенттердің жауаптарын жоққа шығармай, сұрақтар қою арқылы жетелеу. Оқушылар топта білімдерін бірлесе отырып, пікірлесіп,зерттей отырып анықтайды.Диалогтік әңгімеде мұғалім сұрақтары мен оларға берілген жауаптар,сонымен қатар,оқушылардың жауаптары да,сұрақтары да маңызды.Диалогтік оқыту әр сабақта да пайдаланылады.Сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады,себебі сұрақ дұрыс қойылған жағдайда сабақ беру тиімділігі артады. Оқушылардың білім алуын жақсартады және кеңейте түседі.
Диалогтік әдіспен оқыту арқылы студенттер әртүрлі әдістер арқылы бір-бірімен қарым-қатынас жасайды, пікір алмасады, және бірін-бірі тыңдай біледі,шынайы сезімі мен қызығушылығын арттырады.
Диалогтік сұхбаттасу оқытушыларға да, студенттерге де білім алуға қомақты үлес қосатын өзара іс-қимылдың шын мәніндегі тиімді түрі болып табылады.Диалогпен жұмыс үйде де жалғасын тауып отырады. Диалогтар міндетті түрде жаттауға, кейде диалогтарды кеңейтуге, сұрақпен толықтыруға және тақырыпқа сай қысқаша диалогтар құрастыруға тапсырмалар беріп отырамын.Диалогтарды келесі сабақта тағы бір рет тыңдау арқылы диалогтың мазмұнын және кейбір сөйлемдердің дұрыс айтылуын еске түсіру қажет деп ойлаймын.Бұл әдіс студенттердің диалогты қайталап айтуына мүмкіндік жасайды. Диалогпен жұмыс істеген кездегі қолданылған лексикалық материалдар студенттердің сөйлеу тілінің белсенді қорына айналады. Жатталған диалогтар студенттердің жаңа диалогтар құруының негізі бола алады.Студенттерге ағылшын тілін оқытудағы басты мақсат- сөйлей білуге, өз ойын айта білуге, жаза білуге үйрету, сондықтан да коммуникативтік қарым-қатынас бірінші орында тұрады. Қорыта келгенде ағылшын тілін үйретуде коммуникативтік құзіреттілікті қалыптастыру - заман талабы. Сондықтан студенттеріміз жаңа заман талабына сай білімді, жан-жақты, ағылшын тілінде тілінде өз сөзін жеткізе алатын, кез келген адаммен тілдік қарым- қатынасқа түсе алатын, коммуникабельді, мәдениетті, өмірге икемделген тұлға болуы үшін оның бойында коммуникативтік құзыреттілікті дамыту ұстаздың қолында.


Әдебиеттер тізімі:
1. Шет тілін оқыту әдістемесі.Журнал 1-2011.
2. Жаңа жоба –жаңашылдық бастауы- Алматы 2012 жыл.
3.Мұғалімге арналған нұсқаулық.Астана 2012 жыл.
4.Құдайбергенова Қ.С. Құзырлылық амалының негізгі ұғымдары. Алматы,2007

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет