Жаңақоныс селолық округінің әкімі Е. А. Данабектің Жаңақоныс селолық округінің «2013 жылғы 9 айының әлеуметтік – экономикалық дамуының қорытындылары және алға қойылған міндеттері» туралы есебі



Дата07.07.2016
өлшемі45.28 Kb.
#182921
Жаңақоныс селолық округінің әкімі Е.А.Данабектің Жаңақоныс селолық округінің «2013 жылғы 9 айының әлеуметтік – экономикалық дамуының қорытындылары және алға қойылған міндеттері» туралы есебі.

Елбасының 2012 жылғы «Қазақстан-2050стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауындағы белгіленген бағыттары мен тапсырмалар селолық округте қоғамның қай саласында да жүзеге асырылуда .



Ауыл шаруашылығы

Ауыл шаруашылығы оның ішінде мал шаруашылығы селолық округ тұрғындарының негізгі өндірістік кәсібі болып табылады. Селолық округте 54 шаруа қожалығы жұмыс жасайды. Селоның шаруашылық субьектілерінің өндірген өнімі мен қызмет көлемі 9 айда 11,0 млн теңгені құрады. Селолық округ бойынша есепті кезеңде 2686 цн ет, 6900 цн сүт өндірілді. Мал басы мүйізді ірі қарадан 2240, қой ешкіден 10404, жылқыдан 663, түйеден 409 басқа жетті. «Қазагро қаржы» АҚ арқылы 1 трактор, 1 шөп тайлағыш алынды. «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 2 қожалық 6,7 млн теңге несие алып мал сатып алуда, атап айтқанда 29 бас аналық сиыр, 5 бас асыл тұқымды бұқа сатып алынды. Осы шаруа қожалықтары мал тұқымын асылдандырудағы селекциялық бағыты үшін 71 бас аналық мал басына 991,0 мың теңге субсидия алды. 19 шаруа қожалығы, 314 бас мүйізді ірі қараға әр басына 10500 теңгеден 3 млн 297 мың теңгеге субсидия алды. Қоғамдық табындағы малды асылдандару мақсатында 10 бас асыл тұқымды бұқа сатып алынды. Жаңадан 2 шаруа қожалығы құрылды. Мал басы көбеюіне және құм бойынан жайлауға көшіп шығу мақсатында 11 мың га жер шаруа қожалықтарының иелігіне жалға берілді. Биылғы мал қыстату науқанына 100020 цн шөп дайындалып, барлық меншік түріндегі шаруашылықтар шөппен 104% ға қамтамасыз етілді. Науқан кезінде 10 бригада жұмыс істеп 40 адам маусымдық жұмыспен қамтылды.Шөптің бағасы тюгі 250 теңгеден сатылды. Ауыл тұрғындарын арзан ұнмен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілді. Шаруа қожалықтары қала тұрғындарын арзан етпен қамтамасыз ету мақсатында ет–сүт жәрменкелеріне белсенді қатысты. Ауыл жастары облыстық ұлттық ойындардан Байғанин ауданыңда өткізілген спартакиадаға қатысып көкпар ойынынан аудан намысын қорғап ІІ-ші орынға ие болды.



Шағын кәсіпкерлік

Селодағы кәсіпкерлік субъектілер саны – 57, оның ішінде 1-еуі заңды тұлға, 56-і жеке тұлға. Оларда жұмыс жасаушылар саны-133 адам. Осы жылы 1 монша, 1 дүкен, 1 тойхана салуға жер алып кәсіпкерлікпен айналысуға 3 тұрғын жұмыс жүргізуде.



Міндеттер

  1. «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы бойынша жұмыстарды жалғастыру.

  2. Кәсіпкерлік түрлерін дамыту.

Білім беру және спорт

Селолық округте 2013-2014 оқу жылында 1 орта, 1 негізгі мектепте 121 оқушы білім алуда. ҰБТ-ның нәтижесі 70,8 балл. Балабақшада 20 бала тәрбиеленуде. Оқушылар сарайының, өнер лицейінің филиалы жұмыс жасайды. 1-4 сынып оқушыларымен аз қамтылған отбасы балалары ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша спорт залының терезесі жөнделді. Аудандық ауыл жастары спартакиадасында селолық округтің командасы жалпы командалық есеп бойынша ІІ орынды иеленді. Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған аудандық «Толағай» эстафеталық жарысынан ауыл командасы І орынды иеленді.



Міндеттер

  1. Оқушылардың білім сапасын арттыру.

  2. Спорт инвентарьларымен толықтыру.

Денсаулық сақтау

Округте 1 ауылдық дәрігерлік амбулаториясы және 1 медициналық пункт жұмыс жасайды. Материалдық – техникалық базасы жабдықталған, арнайы автокөлігі бар. Күндізгі стационарлық 2 емдеу төсегі бар. 9 айда жүрек-қан тамырлары ауруы бойынша 136 адам скринингтік тексеруден өткен. Жоспар бойынша флюро тексеруден тұрғындар толық тексерілген. Жатқызу бюросы порталы бойынша аудандық ауруханада – 4 науқас, облыстық клиникаларда – 4 науқас жоспарлы түрде емделген. Балалар арасында туберкулез сырқаты табылған жоқ. 0-7 жасқа дейін балаларға сырқатына қарап тегін дәрі-дәрмектер орталықтан әкеліп таратылды. «Денсаулық» күні, «Саламатты Қазақстан-2011-2015» бағдарламасы бойынша іс шаралар өткізіліп келеді.



Міндеттер__Материалдық_–_техникалық_базасын_одан_әрі_нығайту.__Салауатты_өмір_салтын_насихаттау.__Мәдениет'>Міндеттер

  1. Материалдық – техникалық базасын одан әрі нығайту.

  2. Салауатты өмір салтын насихаттау.

Мәдениет

Селолық округте 1 клуб, 1 кітапхана тұрғындардың мәдени – рухани демалысын ұйымдас-тыру мақсатында қызмет атқаруда. Кітапханада 4497 кітап қоры бар.2013 жылы кітапхана 50-ден астам кітап қорымен толықтырылды. Кітапхана 20 түрлі газет-журналдарға жазылған. Мерекелік даталы күндер, Жаңа жыл,Наурыз, 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне, 9 мамыр Жеңіс күніне, Астана күні, студенттерменен кездесу кештері т.б. іс шаралар өткізіліп тұрады.

«Көркейе бер туған жер»! акциясы аясында клубқа музыкалық құрал-жабдық алынып берілді. «Туған өлкем-Танымал да ғажайып» атты облыстық фотобайқауға 1 жас түлегіміз қатысып жүлделі орын алды.

Міндеттер__Таза_ауыз_су_бағдарламасының_басталған_жұмыстарын_жалғастыру.___Қоршаған_орта'>Міндеттер__Кәсіби_қайта_даярлауды_ұйымдастыру.__Әлеуметтік_жұмыс_орындарын_ашу.__Халықтық_тұрмыстық_қамту'>Міндеттер


  1. Қоғамдық мәдени-рухани ағарту жұмыстарының жаңа жолдарын енгізу.

  2. Кітапхананың кітап қорларын толықтыру.

Әлеуметтік қорғау

2013 жылы селолық округ бойынша 10 адам жұмысқа орналасты. Жаңадан 3 жұмыс орны ашылды. «Мектепке жол» акциясы өтіп жиналған 25 мың теңгеге оқушыларға киім-кешек алынып берлді. «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша 8 адам әлеуметтік жұмысқа тартылды. Аз қамтылған екі отбасына 50 мың теңгеге материалдық қайырымдылық көмек көрсетілді.



Міндеттер

  1. Кәсіби қайта даярлауды ұйымдастыру.

  2. Әлеуметтік жұмыс орындарын ашу.

Халықтық тұрмыстық қамту

Аққайтым селосы 98%-ы, Қопасор ауылы 84%-ы , Қыстақтардың 78%-ы телефонмен қам-тамасыз етілген. Аққайтым селосы толық газдандырылған. Аққайтым селосында таза ауыз су бағдарламасы аясында осы жылы барлау жұмыстары жүргізіліп, жеткілікті тұщы су қоры табылды. Аққайтым, Қопасор ауылдары, қыстақтарда 97 үйде «Отау тв» спутниктік қондырғысы бар.



Міндеттер

  1. Таза ауыз су бағдарламасының басталған жұмыстарын жалғастыру.


Қоршаған орта

Санитарлық тазалыққа, көгалдандыруға көңіл бөлінді. Құм тоқтату мақсатында ауыл сыртындағы 20 га аймақ қоршалып, сексеуіл егу жұмыстары жүргізілуде.



Міндеттер

  1. Көгалдандыру, санитарлық тазалау жұмыстарын жалғастыру.

Қоғамдық саяси жағдай

Ауыл халқы Елбасының саясатын қолдап, Елбасы жолдауындағы көрсетілген міндеттердің шешілуіне жауапкершілікпен қолдау көрсетіп, насихаттап отырды. Округ тұрғындары 2013 жыл-дың баспасөзіне жазылуды белсенді қолдап 785 мың теңгенің 451 дана газет-журналына жазылды. Учаскелік инспектор құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында тұрғындармен жұмыс жүргізіп отырды.



Қорытынды

Селолық округіміз орналасуы жағынан ауданда мал шаруашылығын дамытуға қолайлы аймақ болып келеді. Біздің қазіргі ортақ жетістігіміз кешегі қиын кезеңдерде ел іргесінің сақталуы, ауыға қажетті барлық қызмет орындарының жұмыс істеуі, ауылдың газдандырылуы, Бейнеу-Шалқар темір жол құрысының Аққайтым селосын қиып өтуі болып қала береді және ауыл халқы үшін орасан мүмкіндіктердің қайнар көзі болатынына сенім мол.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет