Жаңақорған аудандық білім бөлімі тарапынан
2015 жылдың І жартыжылдығында атқарылған жұмыстар туралы
Аудан бойынша 42 жалпы білім беретін, 79 мектепке дейінгі ұйым, 20 шағын орталық, 3 мектептен тыс мекеме, 1 жалпы білім беретін кешкі мектеп,
1 жазғы тынығу лагері жұмыс жасайды.
Өткен 2013-2014 оқу жылындағы жалпы оқушы саны – 14862 болса, биылғы 2014-2015 оқу жылында аудандағы жалпы оқушы саны – 15207 болып, былтырғы оқу жылымен салыстырғанда оқушы саны 345 балаға артып отыр.
42 мектептің 36-ы типтік мектеп болса, 6-ы ыңғайластырылған мектептер қатарында.
Жаңа құрылыс
Өткен 2014 жылы аудан бойынша 5 мектеп жаңадан пайдалануға берілді.
Атап айтқанда:
-
Түгіскен елді мекенінде - 600 орындық,
-
Сүттіқұдық елді-мекенінде - 600 орындық,
-
Құттықожа елді мекенінде - 200 орындық,
-
Қосүйеңкі елді мекенінде - 200 орындық,
-
Жайылма елді мекенінде - 250 орындық мектеп.
Ал, 2015 жылдың І тоқсанында аудандағы 4 мектептің жаңадан құрылысына мемлекеттік қорытынды сараптамасы облыстық құрылыс басқармасына ұсынылды. Олар: №196 мектептің 250 орындық, №162 мектептің 200 орындық, №221 мектептің 100 орындық, №56 мектептің 300 орындық жаңа құралыстары. Аталған мектептер 2016 жылы салынуға тиісті құрылыстар тізіміне енгізілді.
Сондай-ақ, №245, 168, 213, 193 мектептерге күрделі жөндеу жұмыстарына жоба-сметалық құжаттары әзірленіп, ұсыныс берілді. Қаржысы шешілген жағдайда жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.
Ақпараттық қамтамасыз ету және компьютерлендіру бойынша
Бүгінгі күні ауданда мектептер 124 интерактивті тақтамен, 32 лингофонды-мультимедиялық, 6 физика, 18 химия, 14 биология және 60 әмбебап-интерактивті кабинеттерімен жабдықталып, жыл сайын жаңа компьютерлермен толықтырылып, интернетке 100 пайызға қосылу мүмкіндігіне ие болып отыр.
Бүгінгі таңда аудан мектептеріндегі жалпы комьютерлер саны -1830 құрайды. Өткен 2014 жылы 1 компьютерге 10,1 оқушыдан келсе, 2015 жылдың І жартыжылдығында 1 компьютерге 9,0 оқушыдан келіп отыр. Бұл көрсеткіш мектептерге алынған жаңа компьютерлердің есебінен азайып отыр.
Білім беру мектептері 100 пайызға телефондандырылып, интернет желісіне толығымен қосылған. Есепті мерзімде білім беру ұйымдарының кең жолақты интернет жүйесіне қосылуы 10 пайызға артып, қазіргі уақытта 15 мектеп ADSL негіздегі интернет жүйесіне, ал 11 мектеп Кең жолақты ғаламтор жүйесіне 4 Кбит/с жылдамдықпен, 16 мектеп EVDO баланыс, Dial-up интернет жүйесіне қосылған. Сонымен қатар аудан мектептері бойынша 2013 жылға электронды оқыту жүйесіне қосылған №53,194,247,168,192 орта мектептерінің ғаламтор желісіне қосылу жылдамдығы 4 кб/сек-қа жетті.
Педагог кадрлардың біліктілігін арттыру мониторингі
2015 жылы барлығы 458 мұғалім біліктілік арттыру курстарынан өтеді деп жоспарлануда.
Оның ішінде 121-і деңгейлік 3 айлық курстан өткізілетін болса, бұл мақсатқа 154000,0 теңге бөлініп отыр. Бүгінгі таңда 82 мұғалім 3 айлық курстан өткізілді. Қалған 39 мұғалім жыл соңына дейін 3 айлық курстан өткізілетін болады.
337 мұғалім қысқа мерзімді курстардан өткізілетін болады. Бұл мақсатқа, яғни курстан өтетін мұғалімдердің іс-сапар шығындарына 15,8 млн теңге бөлініп отыр. Бүгінгі таңда 165 мұғалім курстан өтті. Қалған 172 мұғалім жыл соңына дейін өткізілетін болады.
Сонымен қатар, өз қаражатынан ақылы негізде қысқа мерзімді біліктілік арттыру курсынан өткізілетін мұғалімдер саны – 281 болса, соның бүгінгі таңда 181-і өз қаражаты есебінен 3 күндік курстардан өтті. Қалған 100 мұғалім жыл соңына дейін ақылы курстан өтетін болады. .
Мектепке дейінгі білім беру
2015 жылдың І жартыжылдығына аудан бойынша 3-6 жас аралығындағы 4854 бала мектепке дейінгі ұйыммен қамтылды. Яғни аудан бойынша 3-6 жас аралығындағы балалардың балабақшамен қамтылуы 96 % пайызды құрады. Мектепке дейінгі ұйымның жалпы саны 99. Оның ішінде 20-сы шағын орталық, 26 мемлекеттік балабақша, 53 жекеменшік балабақша. Балапан бағдарламасының аясында мемлекеттік балабақшалар сонымен қатар жеке меншік балабақшалар көптеп ашылуда.
Мектептен тыс мекемелер
Аудан бойынша 3 қосымша білім беру ұйымдары жұмыс жасайды. Ондағы үйірмелер мен кластарға 1136 бала қамтылған. Сонымен бірге Жаңақорған кентінде және Түгіскен ауылында орналасқан облыстық балалар спорт мектептері мен спорт клубында ауданда білім беру ұйымдары бойынша 2415 бала спорттың 10 түрінен әртүрлі секциялық жұмыстарға қатысады. Жалпы жиынтықта мектептен тыс мекемелерде 3551 бала қосымша білім алады, бұл аудан мектептері оқушыларының 23 пайызын құрайды.
Сонымен қатар, Түгіскен ауылынан 150 орындық балаларға арналған өнер мектебі ашылып, жұмыс жасауда.
2015 жылғы ҰБТ нәтижелері
Жалпы, биылғы жылы ауданда ҰБТ-ға дайындық жұмыстары жүйелі түрде жүргізілді.
2015 жылындағы Ұлттық Бірыңғай Тестілеу нәтижелері:
Жалпы мектеп бітірушілер саны- 880
ҰБТ-ге қатысқаны -519
Қатысу пайызы – 59 пайыз
Жалпы ауданның орташа балл көрсеткіші -81,6 пайыз
Ең жоғары балл – 116-ны құрады.
«Алтын белгіге» ұсынылған 14 бітірушінің 10-ы өз білімдерін қорғаса, 1 балл жетпей қалу себебінен 3-і «Үздік аттестат» иегері атанды.
Пәндік олимпиада жеңімпаздары
Өткен 2014 жылында облыстық пәндік олимпиададан 2 оқушы жеңімпаз атанып, 1 республикалық пәндік олимпиадада жеңімпаз атанды.
Биылғы 2015 жылы облыстық пәндік олимпиадада 4 оқушы жеңімпаз атанып, 2 оқушы республикалық пәндік олимпиадаға жолдама алып, оның 1-і жүлделі ІІ орынды иеленді.
Достарыңызбен бөлісу: |