Талдамалы баяндама



Дата22.02.2016
өлшемі128.16 Kb.
#490


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТІРЛІГІНІҢ

СТАТИСТИКА КОМИТЕТІ

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ СТАТИСТИКА ДЕПАРТАМЕНТІ




Талдамалы баяндама








Шығыс.N 09- 05

28.05.2015ж.


Жамбыл облысы халықтың табиғи өсімі


Қазақстан Республикасының Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың бес институттық реформасын жүзеге асыруға бағытталған 100 нақты қадамы халыққа қуанышты хабар болуда. Тәуелсіз еліміздің халқы соңғы жылдары қарқынды өсуде, немесе өткен 2015 жыл басына 17 млн. 416,7 мың адамды құраса, үстіміздегі 2014 жыл басына 17 млн. 160,8 мың адамды құрағанды. Яғни, 2014 жылдың басты кезеңімен салыстырғанда 255,9 мың адамға (1,5 пайызға) артып отыр. Халықтың өсу үрдісі біздің облыста да айқын байқалады. Халық саны бойынша Жамбыл облысы Оңтүстік-Қазақстан, Алматы облысы, Алматы қаласы, Шығыс-Қазақстан және Қарағанды облыстарынан кейінгі 6-шы орында тұр.

2010-2015 жылдар аралығындағы облыс халқының саны

жыл басына мың адам






2010

2011

2012

2013

2014

2015

Халық саны барлығы, мың адам

1 034,5

1 046,2

1 055,8

1 069,9

1 084,5

1 098,7

оның ішінде:



















қала халқы

420,3

422,8

422,2

427,9

436,5

442,8

ауыл халқы

614,2

623,4

633,6

662,0

648,0

655,9

Ағымдағы есеп бойынша 2015 жылдың 1 қаңтарына облыстағы халық саны 1 млн. 98 мың 740 адамды, бұл республика халқының 6,3% құрады. Бұл былтырғы жылдың жыл басындағы кезеңнен 14,3 мың адамға артық. Қалалық жерлерде 442,8 мың адам (жалпы халық санының 40,3%), ауылдық жерлерде 655,9 мың адам (59,7%) тұрады.

Соңғы жылдары қалалық елді мекендегі халқының саны артып 1,4 пайызды құрады. Бұл Жамбыл облысы әкімдігінің 23 қараша 2011 жылғы №391 қаулысы мен және Жамбыл облысы мәслихатының 7 қараша 2011 жылғы №41-9 бірлескен шешімімен: Жамбыл ауданының Құмшағал ауылдық округіне қарасты Құмшағал, Көлтоған, Қызылабад және Қараой ауылдық округіне қарасты Қазарма, Жиделі ауылдарын Тараз қаласының шекарасына қосуына байланысты құбылыс деуге болары айғақ.

Халықтың жекелеген жас топтары құрылымында өсім байқалады: 2013-2014 жылдар аралығында облыста еңбекке қабілетті жасқа дейінгі жастардың үлесі 3,4 пайызға артып 352,7 мың адамды, еңбекке жарамды (халықаралық стандарт бойынша 15-64 жасты құрайтындар) жастағылардың үлесі 0,2 пайызға кеміп (636,6 мың адам) және еңбекке қабілетті жастан (65 жас және одан үлкен) асқандардың үлесі 3,4 пайызға артып 95,2 мың. адамды құрап отыр.

Облыс халқының әлеуметтік-экономикалық жағдайы жақсарған сайын, оның туған кезден күтілетін өмір сүру ұзақтылығы да ұзаруда. 2012 жылы жалпы халықтың өмір сүру ұзақтылығы 69,5 жылды көрсетсе, 2013 жылы 69,7 дейінгі деңгейге өскен, оның ішінде; ерлер-65,3., әйелдер-74,2 немесе әйелдер ер азаматтардан 8,9 жыл ұзағырақ ғұмыр кешеді. Қазақтың, «Алтын бесігі» ауылдық елді мекенде, бұл көрсеткіш жалпы халық үшін – 70,5, оның ішінде; ерлер-66,5., әйелдер-74,7 жылды көрсетеді.

Жамбыл облысы халқының өсу серпіні

жыл басына, мың адам





Облыс аумағындағы өңірлердің халқының саны жағынан Тараз қаласының халық саны 357,0 мың адамды құрайды. Тұрғындар санының көптігі бойынша Тараз қаласынан кейінгі орында 137,4 мың адам тұрғыны бар Қордай ауданы тұр, 100,0 мыңға шамалы халқы бар Шу және Байзақ аудандарын да атауға болады ал, ең төмен халық саны 32,8 мың адам Мойынқұм ауданында, немесе 1 шаршы-шақырымға 0,7 адам қоныстанған, орталықтан шалғай аймақ.

2014-2015 жыл басына Жамбыл облысы халқының саны аудандар және Тараз қаласы бойынша

адам





1 қаңтар 2014 жылғы

халықтың саны



1 қаңтар 2015 жылғы

халықтың саны



Жалпы өсім /

Кему


Барлығы

Қала

Ауыл

Барлығы

Қала

Ауыл

Жамбыл облысы

1 084 482

436 466

648 016

1 098 740

442 787

655 953

14 258

Тараз қаласы

351 353

351 353

0

356 983

356 983

0

5630

Байзақ ауданы

94 755

0

94 755

96 550

0

96 550

1795

Жамбыл

79 478

0

79 478

80 020

0

80 020

542

Жуалы

50 735

0

50 735

50 917

0

50 917

182

Қордай

134 659

0

134 659

137 441

0

137 441

2782

Т.Рысқұлов

65 183

0

65 183

65 343

0

65 343

160

Меркі

82 427

0

82 427

83 675

0

83 675

1248

Мойынқұм

32 501

0

32 501

32 777

0

32 777

276

Сарысу

43 355

21 547

21 808

43 799

21 889

21 910

444

Талас

52 300

27 601

24 699

53 167

28 225

24 942

867

Шу

97 736

35 965

61 771

98 068

35 690

62 378

332

Облыстағы демографиялық жағдай халықтың табиғи өсіммен тікелей байланысты. Демографиялық жағдайды өзгертуге ықпал ететін бірден-бір фактор ол некеге тұрып отбасын құру. Адам баласының отбасын құрып, ұрпақ жалғауы – қоғамға айтарықтай үлкен белсенділігін тигізетіні шындық.

2014 жылда халықтың табиғи қозғалысы 22214 адамды құрады, өткен (2013ж.) салыстырғанда 5,6 пайызға (1175 адамға) артық. 2014 жылдың туылғандардың саны, өткен жылмен салыстырғанда 759 нәрестеге көбірек болып 29626 адамды құрады. Бала туылудың жалпы коэффициенті облысымыздың әрбір 1000 тұрғынына шаққанда 27,14-нен айналады. Бала туылудың жоғары қарқыны Қордай (32,66), Байзақ (31,57), Т.Рысқұлов (27,96) және Меркі (27,75) аудандарында байқалды.

Бала туудың өсуіне бала туа алатын жастағы және баланы жиі туатын жастағы әйелдер санының артуы да себеп болуда (20-29 жас). Қазіргі кезде фертильді жастағы (15-49 жас) әйелдер саны облыстағы барлық әйелдер санының 49,5 құрайды. Ересек жастағы әйеледердің бала тууы артуда. Өмір сүру деңгейінің артуы да жұбайлардың көп балалы болуына септігін тигізуде.

Аталған кезеңде 7412 адам дүниеден өтті, өткен (2013ж.) салыстырғанда 5,3 пайызға (416 адамға) кем. Адам өлімінің жалпы коэффициенті облысымыздың әрбір 1000 тұрғынына шаққанда 6,79 болды. Төмен коэффициент Мойынқұм (4,84), Байзақ (5,12), Жамбыл (5,81), Талас (6,05) және Т.Рысқұлов (6,24) аудандарында болып отыр.

Адамдар өлімі негізгі себептерінің бірі - қан айналу жүйесінің дерттері негізгі орын алғандығы анықталып – 22,5%–ды құрады, 13%-ы ісіктен, 11%-ы сәтсіз оқиғалар мен жарақаттардан, 7,8%-ы тыныс мүшелері ауруларынан, 7,6%-ы ас қорыту және тыныс мүшелері ауруларынан.

Облысымызда 2014 жылда 9615 некелескен, 2601 ажырасқан тіркелді.
Туғандар, өлгендер және халықтың табиғи өсімі

адам





Туылғандар

Өлгендер

Табиғи өсім

2013

2014

2013

2014

2013

2014

Жамбыл облысы

28 867

29 626

7 828

7 412

21 039

22 214

Қала халқы

11 157

11 449

3 617

3 490

7 540

7 959

Ауыл халқы

17 710

18 177

4 211

3 922

13 499

14 255

Тараз қ.

8 945

9 111

2 867

2 747

6 078

6 364

Байзақ ауданы

2 565

3 020

492

490

2 073

2 530

Жамбыл ауданы

2 145

2 048

472

463

1 673

1 585

Жуалы ауданы

1 224

1 230

352

342

872

888

Қордай ауданы

4 477

4 444

937

858

3 540

3 586

Т. Рысқұлов ауданы

1 763

1 825

440

407

1 323

1 418

Меркі ауданы

2 262

2 305

619

598

1 643

1 707

Мойынқұм ауданы

687

698

183

158

504

540

Сарысу ауданы

1 111

1 160

298

275

813

885

Талас ауданы

1 225

1 234

369

319

856

915

Шу ауданы

2 463

2 551

799

755

1 664

1 796






















Бала туылу санының артуына неке–отбасылық қарым–қатынастар да әсерін тигізеді. Некеге тұрушылар саны артқан сайын туылған бала саны да артады. 2014 жылы құрылған некелер саны 9615 болды. Ажырасулар саны 2601, бұл өткен жылмен салыстырғанда 140 артық. Тіркелген ажырасулар санының некеге ара қатынасы 1:3,7. Яғни, әрбір төртінші некенің ғұмыры баянсыз деген сөз. 2013 жылы көрсеткіш те одан алшақ емес – 1:4,2.

2013 жылмен салыстырғанда, 2014 жылы қалалық жерлерде туылғандар саны 292 балаға, ал ауылдық жерлерде туылған балалар саны 467 артты. 1000 адамға шаққандағы жалпы туылу коэффициенті 2013 жылғы қалада-25,82, ауылда-27,46. 2014 жылы -26,04, ауылда-27,88 көбейді.

Облыста күн сайын 81 бала туылады. Туудың жоғары деңгейі Қордай ауданында байқалады, онда әр 1000 адамға шаққанда 33, Байзақ-32, Т. Рысқұлов және Меркі – 28 нәрестеден келеді.

Туылған нәрестелерге берілетін белгілі есімдер де әр алуан. Мысылы, Республика бойынша 265 ұл балаға Алихан-деген есім берілсе, Ерасыл-254, Нұрислам-220 және Ернар-117. Ал, қыздарға Айзере-546, Айару-539 және Нұрай-128 деген белгілі есімдер берілген.



Туғандар, өлгендер және халықтың табиғи өсімі

А
дам

Жыл бойы туылған балалар санын талдай отырып, әр ай сайын аудандар және Тараз қаласы бойынша шамамен 2387 бала туылғанын көреміз.

Халық санының өзгеруінің тағы бір себептерінің бірі көші-қону үрдісінің тікелей әсерінің бары баршамызға белгілі.

2014 жылы облысымызға,облыс ішіндегі көші-қон қоса есептегенде 16034 адам көшіп, бізден 23990 адам басқа жаққа қоныс аударды. Бұл үрдістің теріс қалдығы - 7956 адамды құрады. Қоныс аударушылардың 46,3% -ы қала тұрғындары, ал 53,7% – ауыл тұрғындарының үлесіне тиіп отыр. Облыс орталығы – Тараз қаласынан (барлық көшіп кетушілердің 36,4%), Қордай (9,6%), Байзақ (9,2%), Жамбыл (7,9%), Шу (7,1%), Меркі (6,6 %), Т.Рысқұлов (6,1), Жуалы (5,6%) аудандарынан қоныс аударушылар саны басқа өңірлердегіден біршама көбірек болып отыр.

2013 – 2014жылғы аудандар және Тараз қаласы бойынша табиғи қозғалыс коэффициенттері

1000 адамға






Туылғандар

Өлгендер

Табиғи өсім

2013

2014

2013

2014

2013

2014

Жамбыл облысы

26,80

27,14

7,27

6,79

19,53

20,35

Қала халқы

25,82

26,04

8,37

7,94

17,45

18,10

Ауыл халқы

27,46

27,88

6,53

6,02

20,93

21,86

Тараз қ.

25,75

25,73

8,25

7,76

17,50

17,97

Байзақ ауданы

27,20

31,57

5,22

5,12

21,98

26,45

Жамбыл ауданы

27,14

25,68

5,97

5,81

21,17

19,87

Жуалы ауданы

24,08

24,20

6,93

6,73

17,15

17,47

Қордай ауданы

33,52

32,66

7,02

6,31

26,50

26,35

Т. Рысқұлов ауданы

27,08

27,96

6,76

6,24

20,32

21,72

Меркі ауданы

27,56

27,75

7,54

7,20

20,02

20,55

Мойынқұм ауданы

21,20

21,39

5,65

4,84

15,55

16,55

Сарысу ауданы

25,77

26,62

6,91

6,31

18,86

20,31

Талас ауданы

23,47

23,40

7,07

6,05

16,40

17,35

Шу ауданы

25,33

26,06

8,22

7,71

17,11

18,35

Мемлекет аралық байланыстарға облысымызға қолайлы ТМД елдерінің ішіндегісі Қыргызстан, Өзбекстан және Ресей мемлекеттері. Ал ТМД елдеріне 1172 адам көшіп кетіп, олардан 1088 көшіп келді. Осы кезеңде бізден шет елдерге 70 адам көшіп кетті, ол елдерден 12 адамдар көшіп келді. Еліміздің территориясында өңіраралық көші-қон бойынша көшіп қонушылардың ең көп алмасуы Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Астана қалалары және Қарағанды облыстарының арасында болды. Облыс территориясында (аудандар арасында) 8232 адам көшіп қонды.

Басшының орынбасары Е.Ә.Тоққұлиев

Орынд. Әлімқұлов С.Ж.


Тел: 45-74-34




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет