Жаңақорған ауданы мәдениет саласы бойынша 2013 жылдың
3 айында атқарылған жұмыстары жайлы мәлімет
Аудан бойынша 28 мәдениет үйлері мен клубтар, 8 халықтық өнер ұжымдары, 3 жылжымалы кешен, 36 кітапхана, 1 аудандық тарихи өлкетану музейі жұмыс жасайды.
2013 жылы мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз етуге, оның ішінде: жөндеу жұмыстарына, материалдық – техникалық базаны нығайтуға ешқандай қаржы бөлінген жоқ.
Мәдени көпшілік шараларды өткізуге бөлінген - 4503,0 мың теңгенің 2031,0 мың теңгесі игерілді.
Тілдер саясатын іске асыруға 723,0 мың теңге бөлініп, есепті мерзімге
104,0 мың теңгесі игерілді.
Мәдениет үйлері мен клубтары бойынша 2013 жылдың 3 айында 403 мәдени көпшілік шаралар ұйымдастырылып, оларға 55224 көрермендер тартылды.
Есепті мерзімге 834,6 мың теңгенің ақылы қызметі орындалды.
Кітапханалар бойынша 2013 жылдың 3 айында жалпы кітап қоры – 420963, оқырман саны –9614, кітап берілімі –145164, келушілер саны – 30277. Жыл басынан 2295 дана жаңа әдебиеттер алынды.
Достарыңызбен бөлісу: |