Жаңақорған ауданы мәдениет саласының 2015 жылдың 9 айында атқарған жұмыстары жайлы мәлімет



Дата23.02.2016
өлшемі27.6 Kb.
#4317
Жаңақорған ауданы мәдениет саласының 2015 жылдың 9 айында атқарған жұмыстары жайлы мәлімет
Жаңақорған ауданы бойынша 2 мәдениет үйлері мен 27 ауылдық клубтар, 3 жылжымалы мәдени демалыс кешендері, 8 халықтық өнер ұжымдары, 36 кітапхана, 1 аудандық тарихи өлкетану музейі аудан халқына мәдени қызмет көрсетеді.

2015 жылы Қандөз ауылдық клубының күрделі жөндеу жұмыстарына – республикалық бюджеттен- 22890,0 мың теңге,жергілікті бюджеттен-2543,0 мың теңге, Қаратөбе ауылдық клубының күрделі жөндеу жұмыстарына – республикалық бюджеттен - 33580,0 мың теңге, жергілікті бюджеттен – 3731,0 мың теңге, М. Нәлібаев ауылдық клубының күрделі жөндеу жұмыстарына – республикалық бюджеттен – 10971,0 мың теңге, жергілікті бюджеттен-1219,0 мың теңге қаржы бөлінді.

2015 жылы мәдениет үйлері мен клубтардың материалдық-техникалық базасын нығайту үшін жергілікті бюджеттен аудандық мәдениет үйіне -5000,0 мың теңге, кенттік мәдениет үйіне – 160,0 мың теңге, Көктөбе ауылдық клубына – 120,0 мың теңге, Қаратөбе ауылдық клубына – 156,0 мың теңге, Алмалық ауылдық клубына – 461,0 мың теңге қаржы бөлінді.

Кітапханалардың материалдық-техникалық базасын нығайтуға жергілікті бюджеттен – 2330,0 мың теңге қаржы бөлінді.



Мәдениет үйі мен клубтар бойынша: Мәдениет үйлері мен клубтар бойынша 2015 жылдың 9 айында – 877 мәдени шара өткізілді.

Мәдениет үйлері мен клубтар бойынша 99 көркемөнерпаздар үйірмесі жұмыс істейді, осы үйірмеге қатысушылар саны - 1127.

Аудандық мәдениет үйі жанындағы М. Көкенов пен Б. Байкенжеевтің шығармашылық өнер мектептері аудан мектептерімен бірлесіп таным сағаттары мен кездесу кештері өткізеді. Мәдениет үйлері мен клубтар тарапынан көрермендер залын жалға беру, дыбыс күшейткіш аппаратурасымен қамтамасыз ету, ақылы негізде мекемелердің шараларын өткізіп беру, ұлттық киімдерді жалға беру, ақылы концерттер мен би кештерін өткізу т.б. ұйымдастырылған ақылы қызмет нәтижесінде 6250,6 мың теңгенің ақылы қызметі орындалды.

Кітапханалар жүйесі бойынша аудан халқына 36 кітапхана кітапханалық қызмет көрсетеді. Кітапханалар жүйесі бойынша кітап қоры 2015 жылдың 9 айында - 443396. Кітап берілімі - 413382. Оқырман саны – 23596-ы құрап отыр. Жаңадан алынған әдебиеттер саны– 3154 дана. Кітапханалар жүйесі бойынша өткізілген мәдени көпшілік шаралар саны – 790.

Кітапханалардың 1-і типтік ғимаратта, 3-і лайықтандырылыған арнайы ғимараттарда, 6-ы ауыл мектептерінде, 5-і әкімдік ғимараттарында, 2-і жеке үйлерде, 18-і ауылдық клуб ғимараттарында орналасқан. 10 кітапхана интернет желісіне қосылған.

Аудандық орталық кітапхана РАБИС бағдарламасының 5 модулімен жабдықталған. Осы бағдарламаның бүгінгі таңда «Каталогизатор», «Ізденіс Тапсырыс», «Оқырмандарды тіркеу», «Келушілерді тіркеу» модулдерімен жұмыс жүргізілуде. Аудандық орталық кітапхананың кітап қоры кітапханалық библиографиялық жіктеу бойынша орналасқан.

Аудандық тарихи-өлкетану музейі бойынша Аудандық тарихи өлкетану музейі бойынша өткізілген экскурция саны 2015 жылдың 9 айында өткізілген экскурция – 500, лекция - 50, көрме -43, өткізілген кездесулер мен ертеңгіліктер саны –5, осы өткізілген шараларға қатысушылар саны – 6861 -ге жетті. 2015 жылдың басынан – 270 экспонат жиналды.

Баспасөз беттеріне 3 мақала жарияланды. Ақылы қызметтен 179,0 мың теңге түсірілді. Жыл басынан бері 185 төлқұжат толтырылып, 185 дана «музеолог» бағдарламасына енгізілді.



Мәдени мұра бағдарламасы бойынша аудан бойынша 31 тарихи-мәдени ескерткіштер бар, олардың 4-і Республикалық дәрежеде, жергілікті маңызы бары – 17, қалған 10-ы алдын-ала есепке алынған. Есепті мерзімде 31 ескерткіштің «Тіркеу карточкалары» мен қорғау міндеттемелері қайта рәсімделген.

Мемлекеттік тізімге енгізілген 31 ескерткіштің төлқұжаты жасалынған, 31 ескерткіштің қорғау тақтасы орнатылған. Аудан көлеміндегі тарихи және мәдени ескерткіштердің техникалық жағдайына мониторинг жүргізіліп, суретке түсірілді.



Бөлім басшысы А. Айдосова

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет