ЖАҢАҚОРҒан ауданының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасына



бет1/6
Дата01.07.2016
өлшемі0.74 Mb.
#170598
  1   2   3   4   5   6


ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫНЫҢ

2011-2015 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ДАМУ БАҒДАРЛАМАСЫНА

өзгерістер мен толықтырулар енгізу

Жаңақорған қонысы, 2012 жыл

МАЗМҰНЫ


1.

БАҒДАРЛАМА ТӨЛҚҰЖАТЫ




2.

АҒЫМДЫҚ АХУАЛДЫ ТАЛДАУ




2.1

Жаңақорған ауданының жағымды және жағымсыз жақтарын бағалау.




2.2

Жаңақорған ауданының әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдау.




2.3

Жаңақорған ауданының орта мерзімді қамтитын болашақтағы тұрақты әлеуметтік-экономикалық мүмкіндіктері мен бәсекелестік басымдығына кедергі болатын негізгі қиындықтары,тәуекелділіктеріне кешенді сипаттама




2.4

Жаңақорған ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуын мемлекеттік реттеумен айналысатын қолданылыстағы саясатын талдау




3.

ӨҢІР ДАМУЫНЫҢ КӨРІНІСІ




4.

НЕГІЗГІ БАҒЫТТАР; МАҚСАТТАР; МІНДЕТТЕР; МАҚСАТТЫҚ ИНДИКАТОРЛАР МЕН НӘТИЖЕ КӨРСЕТКІШТЕРІ







1 Бағыт: Өңір экономикасын дамыту







2 Бағыт : Әлеуметтік даму







3 Бағыт : Өңірдің инфрақұрылымдық кешенін дамыту







4 Бағыт : Аумақтық (кеңістіктік) құрылғысын дамыту







5 Бағыт: Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту




5.

ҚАЖЕТТІ РЕСУРСТАР




6.

БАҒДАРЛАМАНЫ БАСҚАРУ





1. БАҒДАРЛАМА ТӨЛҚҰЖАТЫ


Бағдарлама атауы

Жаңақорған ауданының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы

Оны құруға

негіздеме

Қазақстан Республикасы 2012 жылғы 27 тамыздағы №371 жарлығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы,

Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылдың 18 маусымындағы «Мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» № 827 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жыл 4 наурыздағы №931«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі функцияларының әрі қарай бағыттары туралы сұрақтарға қатысты» жарлықтары.




Өңірдің негізгі сипаттамасы

Жаңақорған ауданының аумағы 1543 мың га 15400 шаршы км немесе облыс аумағының 6,7% алып жатыр. Аудан солтүстігінде Шиелі, оңтүстігінде Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ, Түркістан, Қызылқұм аудандарымен, оңтүстік батысында Өзбекстанның Новай облысымен шектеседі.

Ауданда 26 ауылдық округке қарасты 39 елді мекен бар.

Аудан халқы 75,7 мың адамды құрайды.

Әкімшілік орталығы Жаңақорған кенті болып табылады.



Бағыттары

- Өңір экономикасын дамыту;

- Әлеуметтік даму;

- Өңірдің инфрақұрылымдық кешенін дамыту;

- Аумақтық (кеңістіктік) құрылғыны дамыту;

- Мемлекеттік жергілікті басқару мен өзін-өзі басқаруды дамыту;


Бағдарлама мақсаттары

Өңірдің өңдеуші сала дамуын, инновациялық кәсіпкерлік үшін қолайлы жағдай жасауды қамтамасыз ететін деңгейде қалыптастыру;

Құрылыс индустриясы мен құрылыс материалдары өндірісін дамыту;

Өндіріс көлемін одан әрі дамыту және ұлғайту үшін жағдай жасау;

Ауданның азық-түлік қауіпсіздігін ішкі нарық тұтынысында ауыл шаруашылық өнімдерін жеткілікті көлемде тиімді өндіру негізінде қамтамасыз ету;

Шағын және орта кәсіпкерліктің тиімді қызметін қамтамасыз ететін нарықтық инфрақұрылымды дамыту;

Еркін бәсекелестікті дамыту және тауарлар мен қызмет нарқына тең қатынасты қамтамасыз ету жолымен бизнестің экономикалық белсенділігін өсіру үшін қолайлы орта қалыптастыру;

Медициналық көмектің тиімді жүйесін қалыптастыру;

Білім беру сапасын, қолжетімділігін жақсарту және балалар құқығы мен заңды мүдделерін қорғау жүйесінің тиімділігін жоғарылату;

Мемлекеттік жастар саясатының тиімділігін жоғарылату;

Ауданның мәдениет, өнер саласының инфрақұрылымын және одан әрі танымалдығын дамыту;

Бұқаралық спорт пен дене шынықтыру-сауықтыру қозғалыстарын дамыту;

Жаңақорған ауданы халқының әл-ауқаты мен тұрмыс сапасын жоғарылату;

Кедейшілік деңгейін төмендетуге ықпал жасау; Мүгедектерді сауықтыруға жәрдемдесу, олардың қоғамдағы жан-жақты ықпалдастығы үшін тең мүмкіндіктер ұсыну, мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету тиімділігін қамтамасыз ету;

Жаңақорған ауданындағы мемлекеттік тіл саясатын тиімді іске асыру, толерантты тіл ортасын халықтарды біріктіргіш фактор ретінде жасау;

Өңірлік тұрғын үй құрылысы мен инженерлік-коммунальды инфрақұрылымын дамыту;

Мемлекеттік органдардың мемлекеттік саясатты іске асыруға бағытталған қызметтерін үйлестіруді жақсарту, өңірдің бәсекеге қабілеттілігін және халықтың өмір сүру деңгейін жоғарылатуды қамтамасыз ету үшін жергілікті өзін-өзі басқару құрылымын дамыту, оның ішінде «электронды үкімет» құралын қолдану арқылы;

Жаңақорған ауданының дамыған көлік инфрақұрылымын қалыптастыру;

Электр қуатын үнемдеп тұтынуды қамтамасыз ету;

Тұтынушыларды тиісті коммунальдық қызметпен қамтамасыз ету, олардың жайлы өмірін қамсыздандыру жүйесі қызметінің сенімділігі мен тұрғын үй-коммунальдық қызметтерінің тиімділігін жоғарылату;

Тұрақты экологиялық ахуалды қамтамасыз ету, табиғи кешендердің жаңғыртылған қарымын сақтау және қоғамның қолайлы өмір сүруі үшін қоршаған орта сапасын жақсарту;

Жаңақорған ауданының әкімшілік-аумақтық құрылғысын оңтайлы көгалдандыру және жетілдіруді қамтамасыз ету жолымен өмір сүру үшін қолайлы жағдай қалыптастыру, сол аумақтарға халықты шоғырландыру, елді мекендердің санитарлық және эстетикалық ахуалын жақсарту;

Ауылдық жерлердің тұрақты даму негіздерін жасау, ауыл тұрғындарының өмір сүру деңгейін одан әрі жоғарылатуды қамтамасыз ету;

Ұлттық бірлікті қамтамасыз ету және қазақстандық отаншылдықты нығайту;

Азаматтық қоғам институттарымен өзара әрекеттестікті жетілдіру жолымен мемлекеттілігімізді нығайту;

Өңірдегі бұхаралық ақпарат құралдары арқылы мемлекеттік ақпараттандыру саясатын кеңейту және жоғарылату;

Аудандық бюджеттің дер кезінде әрі толық орындалуын, коммунальдық меншікті тиімді басқаруды қамтамасыз ету;

Өңірдің мұрағат қорын дамыту, халыққа ұсыну және ақпараттық потенциалының сақталуын қамтамасыз ету;


Міндеттері

Экономиканың өңдеу саласын дамыту;

Қолайлы инвестициялық климат, ынтымақтастықты нығайту және дамыту, капитал салу үшін жағдай жасау;

Отандық өнімдердің бәсекеге қабілеттілігін, өндірісті жетілдіру мен диверсификациялауды жоғарылату;

Ішкі нарықты құрылыс индустриясы саласының негізгі түрлерімен қамтамасыз ету;

Құрылыс материалдарын, бұйымдар мен конструкциялар шығару бойынша өндірістік қуаттылықты жасау және дамыту;

Химия өнеркәсібінің бәсекеге қабілеттілігі басым өндірісін дамыту;

Металлургиялық өнімнің жалпы көлемін ұлғайту;

Ауданының азық-түлік қауіпсіздігін АӨК өнімдерін тұрақты өсіру есебінен қамтамасыз ету;

Шағын және орта кәсіпкерліктің динамикалық дамуын қамтамасыз ету;

Мемлекеттік-жеке серіктестік тетіктерінің ролі мен мәнін жоғарылату бойынша шаралар кешенін іске асыруды қамтамасыз ету;

Шағын және орта кәсіпкерліктің өңірдің инновациялық, өндірістік және басқа салаларында тұрақты дамуын қамтамасыз ету;

Ішкі сауда тиімділігін жоғарылату, сауда инфрақұрылымын жетілдіру арқылы сауда саласындағы еңбек өнімділігін жоғарылату;

Балалар мен әйелдер денсаулығын нығайту;

Әлеуметтік мәні бар аурулар санын төмендету;

Салауатты өмір салтын дамыту;

Бірегей ұлттық денсаулық сақтау жүйесіндегі медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын жоғарылату;

Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің жаңа үлгісін енгізу;

Медициналық ұйымдарды білікті мамандармен қамтамасыз ету;

Мектепке дейінгі ұйымдар санын көбейту және мектепке дейінгі білім беруде ұсынылатын қызмет сапасын жақсарту;

Мектепте білім беру қызметінің сапасын жоғарылату;

Электронды оқу жүйесін енгізуге қажетті жағдайлар жасау;

Педагогикалық мамандар кәсіпқойлығы мен мұғалім кәсібінің беделін жоғарылату;

Даму мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алуға қолжетімділігін қамтамасыз ету;

Бәсекеге қабілетті мамандарды сапалы дайындау үшін жағдай жасау;

Әлеуметтік жетімдердің жүгенсіздігі, қараусыздығының алдын алу және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар мен жетімдерге арналған мекеме тәрбиеленушілерін отбасылық орналастыру іс-қимылдарын жүргізу;

Жастарға мемлекеттік қолдау көрсету;

Мәдени ұйымдар желісін дамыту, аудан халқының барлық санаттары үшін отандық және шетелдік мәдени мұра мен мәдени құндылықтардың бірдей қолжетімді болуын қамтамасыз ету;

Көпшілік спорты мен денешынықтыру-сауықтыру қозғалысын дамыту;

Аудан спортының жоғары жетістіктерге жетуіне жағдай жасау;

Халық табысын жоғарылату;

Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін мемлекеттік стандарттарды енгізу;

Мүгедектерге әлеуметтік көмек көрсету;

Мүгедектер мен ардагерлер ҮЕҰ дамытуға, сондай-ақ олардың әлеуметтік бағдарламаларды іске асыруға қатысуын кеңейту;

Қоғамдық тәртіпті нығайту және азаматтардың өмірі, денсаулығы, құқығы мен бостандық қауіпсіздігін қажетті деңгейде қолдау;

Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

Қылмыспен күрес және қылмысты іздестіру, нашақорлық пен наша бизнесімен күрес тиімділігін жоғарылату;

Мемлекеттік тілдің әлеуметтік-байланыс және топтастырушылық қызметін кеңейту;

Ағылшын тілін оқыту үшін жағдай жасау және ауданда тілдердің саналуандығын сақтау;

Техногенді апаттар мен төтенше жағдайлар салдарынан болатын шығындарды азайту бойынша шаралар қабылдау;

Тұрғын үй құрылысын жинақтау, арендалық (коммунальдық) тұрғын үй (мың м2) жүйесі бойынша арендалық үйлер құрылысын жүргізу;

Халыққа қызмет көрсету процестерін жетілдіру;

Мемлекеттік қызмет сапасын жоғарылату;

Техникалық жарақтандыру деңгейін жоғарылату;

Компьютерлік сауаттылық деңгейін жоғарылату;

Әкімшіліктің аудандық бюджет деңгейін 100% -ға дейін жоғарылату;

Әкімшілік бастамаларын кеңінен насихаттау;

Жол инфрақұрылымын дамыту;

Көлік қызметін дамыту;

Қуаттың жаңартылған көздерін пайдалануды дамыту;

Коммунальдық жүйені жетілдіру және дамыту;

Ормандар мен орман-тоғайларды жаңғырту;

Мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жасау;

Ауыл халқына әлеуметтік қызмет көрсету сапасы мен қолжетімділігін жоғарылату;

Ауылдағы әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды жетілдіру;

Ауылға білікті мамандарды тарту және табыстарын жоғарылату;

Жергілікті атқарушы билік қызметінің тиімділігін жоғарылату;

Аудандық маслихат аппараты мен оның органдары қызметкерлерінің жұмыс жағдайы және кәсіби деңгейін жақсарту;

Аймақтағы гендерлік теңдікті нығайту;

Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту;

Этникаралық және конфессияаралық келісімді сақтау әрі нығайту;

Азаматтық қоғам институттарының елдің стратегиялық дамуына қатысуын кеңейту;

Мемлекет пен азаматтық қоғамдастықтың конструктивті диалогының тетігін жетілдіру;

Баспа және электронды БАҚ арқылы мемлекеттік ақпарат саясатын жүргізу;

Мүмкіндігі шектеулі адамдардың ақпарат алу қажеттіліктерін қанағаттандыру;

Жұртшылықпен байланыс жасауға бағытталған іс-шаралар ұйымдастыру;


Мақсаттық

индикаторлар



2015 жылы өнеркәсіп саласындағы өңдеуші өнеркәсіп үлесі 103% - ды құрайды.

2015 жылы негізгі капиталға инвестиция көлемі -108,0% ;

2015 жылы химиялық өнімдердің жалпы өндірісі 5,3 млрд. теңгені құрайды немесе 105,2%;

2015 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнімдері көлемін 102,4% ;

2015 жылы ауыл шаруашылығында еңбек өнімділігін 108,6%көбейту;

2015 жылы халықтың өмір сүру ұзақтығы 75 жасты құрайды;

2015 жылы 1000 адамға шаққанда жалпы өлім 4,5%-ды құрайды;

2015 жылы 1000 тірі туғандарға шаққанда ана өлімі 1-ден келеді;

2015 жылы 1000 тірі туғанға бала өлімі 17,5-тен келеді;

2015 жылы мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбилеу мен оқыту және қамту 69,8%;

2015 жылы жоғары және бірінші санатты білікті педагогикалық қызметкерлер үлесі мұғалімдердің жалпы санының50% -ын құрайды;

2015 жылы инклюзивті білім үшін жағдай жасалған білім ұйымдарының үлесі олардың жалпы санына шаққанда 3% -ды құрайды;

2015 жылы ысық тамақпен қамтамасыз етілген, тұрмысы төмен отбасы балалар үлесі -100% ;

2015 жылы техникалық және кәсіптік біліммен қамтылған жастар үлесі -3,8%;

2015 жылы 14 жас пен 29 жас аралығындағы жастарға қатысты мемлекеттік саясатқа қанағаттанушылық деңгейі -7,1%;

2 2015 жылыжастар ұйымдарының қызметіне қатысушы жастар үлесі 22%;

Мәдениет саласы қызметінің сапасына аудан тұтынушыларының қанағаттану деңгейі 2015 жылы - 60%;

2015 жылы дене шынықтыру және спортпен айналысатын халық үлесінің ұлғаюы - 25 %;

2015 жылы жұмыссыздық деңгейі 4,8 пайыздан аспайды.

Табысы күнкөріс деңгейінен төмен тұрғындар үлесін халықтың жалпы санына шаққанда 5,5%-ға дейін төмендейді;

Мемлекеттік тілді меңгерген аудан халқының үлесі 2013 жылы 85%, ал 2015 жылы бұл көрсеткіш 99,3 %-ды құрайды ;

2015 жылы барлық қаржыландыру көздері есебінен пайдалануға берілетін тұрғын үйлер 21,7 мың шаршы метрді құрайды;

2015 жылы жергілікті маңыздағы жақсы және қанағаттанарлық ахуалдағы автомобиль жолдарын 90%-ға жеткізу;

Әлеуметтік мәні бар мемлекеттік қызмет түрлерін электронды форматқа ауыстыруды 100 % қамтамасыз ету;

Халықтың компьютерлік сауаттылығын 60%-ға дейін жоғарылату;

2015 ж тиімді ақпарат жүйесі халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы электронды мемлекеттік қызмет көрсету – 100%;

2015 жылы елді мекендерді қала құрылысын салу құжаттарымен қамтамасыз ету, елді мекендер - 100%.

2015 жылы әлеуметтік-мәнді қызметтерге халықтың қанағаттану деңгейі- 80%;






2. АҒЫМДЫҚ АХУАЛДЫ ТАЛДАУ
Ауданның жалпы сипаттамасы

Жаңақорған ауданы Жаңақорған ауданының аумағы 1543 мың га 15400 шаршы км немесе облыс аумағының 6,7% алып жатыр, Аудан солтүстігінде Шиелі, оңтүстігінде Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ, Түркістан, Қызылқұм аудандарымен, оңтүстік батысында Өзбекстанның Новай облысымен шектеседі.

Әкімшілік орталығы Жаңақорған кенті

Аудан халқы (2012 жылдың 1 қаңтарына) – 75,7 мың адам немесе облыс халқының (712,9 мың адам) 10,6% .

Жаңақорған ауданы қазба байлықтарына бай. Бұл оған бәсекелестікте бірегей басымдықтар береді. Аудан аумағының геологиялық құрылымының ерекшелігі - жер қойнауы табиғи кен байлықтарына бай. Ауданда түсті металдың, ванадий, құрылыс материалдары мен рудасыз шикізаттың мол қоры жеткілікті.Табиғи қазба байлықтары ретінде уранды, қорғасын-мырыш, түрлі фракциядағы қиыршық тастарды мақтанышпен айтуымызға болады.

Аудан аумағы Орта Азия аймағы мен Европа мемлекеттері арасын байланыстыратын экономикалық тиімді түйіспе (теміржол және автомобиль) жолдарды қамтиды. Туристік қызметті дамыту үшін үлкен мүмкіндіктер бар, өйткені курортты аймақ, тарихи ескерткіштері бар.

Өңірде мырыштың – 23,6%, қорғасынның - 6,4%, қорлары бар.

Ауданның маңызды қазба байлықтары түсті металдар (қорғасын мен мырыш), уран, ванадий және жер асты сулары болып табылады. Өңір шегінде ванадий қорлары бойынша бірегей саналатын Қаратау жоталарындағы ванадий тақта тастары көп жылдарға жететін шикізат көзі саналады.

Бұдан басқа аудан аумағында пайдалы қазбалар кен орны бар: полиметалды рудалар, фосфорит, молибденді-ванадий рудалары, құрамында жоғары мөлшерде кадмий, германий, алтын, күміс, селен, темір бар рудалар қорлары анықталды.

Жалпы облыстық өнеркәсіптік өнімдер өндірісі көлеміндегі өңір үлесі орташа 1,3%-ды құрады.

Өнеркәсіп. 2011 жылы ауданның өнеркәсіп кәсіпорындары 14,3 млрд. теңгенің өнімдерін шығарды немесе 2010 жылмен салыстырғанда 139,5 пайызға артқан.

Тұтастай алғанда өнеркәсіп бойынша нәтижелерді қалыптастыруға кен өндірісі саласы елеулі ықпал етіп отыр. Оның аудандық өндіріс көлеміндегі үлесі 2011 жылы 70%- ды құрады (2010 жылы - 82%) яғни кен өндіру өнеркәсібінде 10 млрд. теңгенің өнімі шығарылып, бұл 2010 жылдың ￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿￿ен сөз.

Батыс Еуропа – Батыс Қытай халықаралық көлік дәлізінің аудан территориясынан өтуі, оның құрылысына қажетті құрылыс материалдарының аудан территориясынан өндірілуі аудан өндірісінің күрт өсуіне ықпал жасайды. Биылғы жылдың өзінде бірнеше тас өндіру орындары ашылды. «Бис КZ», «Дорстрой», «Салават и Дар», «Шырын ЛТД КФ», «Қасиет Оңтүстік ЛД» ж.ш.с-і және басқалар осы бағытта жұмыстар жүргізуде. Бұған қосымша жол құрылысын салушы Италиялық компания бірнеше тас ұнтақтау қондырғыларын ауданға әкеліп орнатты.



Агроөнеркәсіптік кешен

Ауылшаруашылық өнімдерін өндірудің жалпы өнімі 2011 жылы 6826,1 млн. теңгені құрап өткен 2010 жылмен салыстырғанда 101,1% көбейді, соның ішінде егіншілік шаруашылығында – 3,5 млрд.теңге (101,9 пайызға өсу), малшаруашылығында – 3,3 млрд.теңге (100,2% өсу).

Ауданда егін шаруашылығында өндірістің басты бағыты дәнді дақылдарын өсіру. 2011 жылы егілген егіс көлемі 29043 гектар, соның ішінде 9523 гектар күріш,3391 гектар бидай, 725 гектар картоп, 1660 гектар бақша, 810 гектарға көкөніс егілді. Күріштің әр гектарынан 41 центнер, күздік бидайдан 11,3 цн, жүгеріден 28,3 цн, тарыдан 21,1 цн, мақсарыдан 5,1 цн, күнбағыстан 18,1 цн, картоптан 91 цн, бақшадан 172,8 цн, көкөністен 154 центнерден өнім жиналды.

Себілген 2226 тонна күріш тұқымының 262 тоннасы супер элита, 350 тоннасы 1-репродукция, 1218 тоннасы II-репродукциялы сапалы тұқым болды.

Тамшылатып суғару технологиясымен ауданда 200-240 гектар көлемінде көкөніс егіліп, жоғарғы көрсеткіштерге қол жеткізілді.

Ауданда жабық топырақтағы көкөніс шаруашылығымен 3 жылыжай айналысады, онда жыл сайын 15-20 тонна көкөніс, қызанақ өндіріледі.

2011 жылы егін еккен 188 шаруашылыққа 148,9 млн теңге, оның ішінде 138,6 млн теңге күріш дақылына төленді.

Өндірілген ауылшаруашылығы өнімінің 35 % малшаруашылығының үлесіне келеді. Салада ауылшаруашылығы малының тұрақты өсу қарқыны сақталып келеді.

Шаруашылықтың барлық категорияларында мал мен құстың басы көбейді. 2011 жылы мүйізді ірі қара 39776 бас (2010 жылмен салыстырғанда100,3 %), қой мен ешкі 223996 бас (100,6%), жылқы 8344 бас (101,1 %), түйе 939 басқа (102,3 %) өсті.

Саладағы бәсекелестікке қабілеттілікті көтеру бойынша елеулі жұмыстар асыл тұқымды мал шаруашылықтары есебінен жүргізіледі. 2011 жылы Келінтөбе ауылдық округінде «Көбелдес» шаруа қожалығы 1000 бас асыл тұқымды қой, М. Нәлібаев ауылдық округіндегі «Бақытжан» шаруа қожалығы 72 бас асыл тұқымды сиырды сатып әкелінді.

Асыл тұқымды малдарға 62,0 млн теңге, су жеткізу қызметіне 38,4 млн теңге, жеміс-жидек өсірушілерге 58,3 млн. теңге, күріш тұқымына 25,7 млн теңге, минералды тыңайтқышқа 41,1 млн. теңге барлығы 374,4 млн теңге төленді.

Ауыл шаруашылығы өндірісін дамытуға «Қамқоршы несие серіктестігі» арқылы 160,4 млн теңге «Ауыл шаруашылығы қолдау қорынан» кіші несие 14,1 млн теңге «Сыбаға бағдарламасы» бойынша 44,0 млн теңге, барлығы 218,8 млн. теңге несие берілді.



Құрылыс.

2011 жылы республикалық бюджеттен 22,8 млн. теңге бөлініп Түгіскен елді мекеніндегі ауыз су жүйелерін қайта құру және кеңейту жұмыстарының жобалық сметалық құжаттары жасалынды.

Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту мен жайластыру бағдарламасына Республикалық бюджеттен бөлінген 57,9 млн. теңгеге Жаңақорған кентінде 2,7 шақырымға (ВЛ-0,4 кВ) электр желісі жүргізіліп, 6,5 шақырым жерге тас жол төселді.

Республикалық және облыстық бюджеттер есебінен Жаңақорған кент ішілік электр желілерін дамытуға бөлінген 84,4 млн. теңгенің жұмыстары атқарылды.

Қожакент, Екпінді, Еңбек, Бесарық елді мекендерінде жаңа мектептің құрылыстары аяқталып, пайдалануға берілді.

Көліктік инфрақұрылым.

Аудандық маңыздағы автомобиль жолдарын орташа жөндеуге 2011 жылы облыстық бюджеттен бөлінген 285,0 млн. теңгеге 27 шақырым автомобиль жолдары асфальтталды.

Оның ішінде: Самара-Шымкент-Жұлдыз автомобиль жолының ұзындығы 4 шақырымы, Кеңес-Сусақтағыш-Бесарық автомобиль жолының ұзындығы 8 шақырымы, Келінтөбе және Түгіскен елді мекендерінің ішкі автомобиль жолдарының 15 шақырымы.

Сунақата, Төменарық, Бірлік, Қосүйеңкі, Келінтөбе, Түгіскен елді мекендерінің ішкі жолдарына орташа жөндеу жұмыстарының ұзындығы 15 шақырымы асфальтталды.

Төменарық елді мекені тұсындағы қалқымалы көпірге 1,5 млн. теңгеге көпірді күтіп ұстау жұмыстары атқарылды.

Аудандық бюджет қаражаты есебінен 1,5 млн. теңгеге тұрғын үй сатып алынды.



Әлеуметтік сала

2012жылдың 1 қаңтарына ауданда 3 медициналық ұйым бар, олардың 2-і мемлекеттік кәсіпорын, 1-і мемлекеттік мекеме. Аудандық емхананың 36 медициналық нысанның 10 типтік, 26 бейімделген жобадағы нысандар.

Медицина ұйымдарының жұмыстарын жеңілдету мақсатында ПМК МЕД КАРУ жылжымалы медициналық бекет, жылжымалы флюрография автокөлігі, жедел-жәрдем бөліміне әмбебап реанимобиль шетелдік көлік, 4 санитарлық автокөліктер сатып алынды.

Кадрлар тапшылығын азайту мақсатында «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша денсаулық сақтау саласы 2011 жылы 89 жас маманмен толықты.

Білім саласында 2011 жылдың басында бала бақшалар мен мектеп жанындағы шағын орталықтарда аудан бойынша 3 жас пен 5 жас аралығындағы 3630 баланың 1435 баласы қамтылып, 39 пайызды құраған болатын. Жыл көлемінде ауданда 4 мектеп жаңадан салынды 3 мемлекеттік бала бақша, 5 жеке бала бақша, 4 қосымша топ, 7 шағын орталық ашылып, оларға 540 бала тартылды. Қазіргі таңға метепке дейінгі ұйымдарда қамтылған балалар 54,4 пайызды құрады.

Аз қамтамасыз етілген отбасы балаларын 100% ыстық тамақпен қамтылған.

2011 жылдың 1 қыркүйегінен ауданда 42 жалпы мемлекеттік күндізгі білім беретін мектеп жұмыс жасап, онда 15282 оқушы білім алуда, бұл 2010 жылмен салыстырғанда 230 оқушыға азайған. Жалпы 62,4% (2010 ж.-37,5%) типтік ғимаратта орналасқан, бейімделгені 35,7% (2010 жылы-62,5%), 4 мектеп апатты жағдайда.

Барлық білім беру ұйымдарындағы жаңа модификациямен жабдықталған физика кабинеттері 19% (2010ж.-14,3 %), химия кабинеті – 28,6% (210 ж.-24,5 % ), биология кабинеті -33,3%, (2010ж-30,5) ЛМК-76,2 % (210ж- 66,7% ) жеткен.

Аудандық білім бөліміне қарасты 42 мектептің 27-де асхана, 15 мектебінде дәмхана жұмыс жасайды. Мектеп асханасында құрал жабдықтардың 80% тозған және 16,6%-да спорт залдары жоқ. Осылардың барлығы 12 жылдық орта білім беру моделін кейінге шегеруге себеп болуда.

Жоғары мамандандырылған мұғалімдер, І және жоғарғы санаттылар 2011 жылы жалпы мұғалімдердің 41,7% көрсетіп отыр, бұл көрсеткіш 2010 жылмен салыстырғанда 4,2% өскен. Жыл сайын жас маманмен толығу 3,9% құрайды.

Балаларды қосымша білім берумен қамту 7,2% (2010жылы-8,4%) құрайды. Спорттық үйірмелер 15,5% (2010 жылы -13,5%) құрап отыр.

Жалпы балалар, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі балалардың саны 2011 жылы ауданда 2,06%, 2010 жылмен салыстырғанда 0,5% жоғарылаған.

Оқушылар саны 2010 жылмен салыстырғанда 15512-ден 15282-ге кеміген. Аудан мектептерінің барлығында оқушылардың кемуі бар, оқушылардың сыныптағы толымдылығы 22,1-ден 20,3% - ға төмендеген, нормаға сәйкес орташа алғанда 1 ауылдық мектептерде – 20 адам. Мұғалімдер саны 2604 бірлікке немесе 2,9%-ға өскен. 2011 жылы 13 оқушыға 1 компьютерден келеді.

Қазіргі уақытта барлық мектептер интернет желісіне қосылған телефон желісі 100%. Ғаламторды кең қолданысқа алған мектептер саны 42-100% (2010 ж. 33,4%). Мектептерде мултимедиялық-лингафонды кабинеттер саны 29 комплектіні құрайды. Интерактивті тақта бар мектептер 42 (2010ж.-23,7%), интерактивті тақта саны 111.

Ауданда 63 жетім бала бар, олар 0-мен 18-ге дейінгі жалпы баларды 0,2 % құрайды.

Осы балалардың 35 тәрбиеге алынған, 29 бала қазақ азаматтарының патронаттық тәрбиесіне алынған, білім беру ұйымдарында 34 бала қамқорлыққа алынғын. Осылайша әрбір 4 жетім бала институциональді жағдайда тәрбиеленуде. 2010 жылмен салыстырғанда жетім балалар саны 3 балаға артып отыр.

Дене шынықтыру және спорт бағдарламасын дамыту шеңберінде ауданда 2 спорт зал, 14 әмбебап кіші жасанды спорт алаңы пайдалануға берілді.

Аудан халқын жаппай спортқа тарту мақсатына облыс бюджетінен 12,7 млн. теңге бөлінген. Денешынықтыруға дайындауға спорт нұсқаушыларғ 19 штат бірлік құрылымы бөлініп, іс жүзінде 35 адам жұмысқа қабылданды. Нәтижесінде жалпы спортпен айналысатын адамдардың саны 2011 жылы 15118 адамды құрап, 2729 адамға өсті. 310 спорттық шаралар өткізіліп 76600 тұрғын қатысты.

Ауданда, облыстық «Қайнар» спорт клуб тарапынан жаңадан гандбол спорт үйірмесі ашылып, жұмыс жасайды.

Спорт түрлері бойынша және жасына қарай топтағанда облыс құрама командасына 2010 жылы 40-қа жуық спортшы кірсе, 2011 жылы 55 спортшы облыстық құрама командаға кірді

-Қазақстан Республикасының спорт шебері атағына 2010 жылы -2, 2011 жылы-2 спортшы иеленді.

-Қазақстан Республикасында спорт шеберіне үміткерлердің саны 2010 ж-19 адам, 2011 жылы-6 адам.

Ауданда материалдық-техникалық базаның және спорттық инфрақұрылым деңгейінің төмендігі өз әсерін тигізуде. 34 спорт залдардың 32-і жалпы білім орындарында, 1 спорт зал спорт мектебінің еншісінде болса, 1 спорт зал №13 кәсіптік лицейде оқу жаттығуларды жасау үшін пайдаланылды. 2011 жылы халықтың тек 20% спортпен айналысады.

Ауданда Халықаралық стандартқа сай және басқа да спорттық салаға арналған спорт Сарайы жоқ.

Балалар мен жасөспірімдер спортының жалпы даму деңгейі төмен.

2011 жыл екі балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде 992 оқушы дәріс алуда, 1,2% ғана қамтамасыз етіп отыр. Ауданда жасөспірімдер клубын дамыту желісі, спорт алаңдары және халықтың жалпы демалыс орындары жетіспейді. Әсіресе ауыл спортын дамыту кезек күттірмейтін мәселе.

2011 жылы Кенттік мәдениет үйінің шатырына күрделі жөндеу жүргізуге 6,4 млн. теңге, ғимараттың

ішкі бөлігін күрделі жөндеуге 7,0 млн. теңге бөлініп, осы мәдениет үйінің жылу жүйесінің қалыпты

жұмыс жасауын қамтамасыз ету үшін 0,8 млн. теңгеге кіші бу қазандығы алынды. Кеңес

ауылдық кітапханасын жөндеуге 0,6 млн. теңге, аудандық мәдениет үйін күрделі жөндеуден

өткізуге сметалық құжаттарын дайындап, мемлекеттік сараптама алуға 1,0 млн. теңге қаржы

бөлінді.

«Аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік кәсіпорнына ПАЗ-3206 автокөлігі мен ұлттық

киімдер мен концерттік костюмдер тіктірілді.

Кітапханалар бойынша 2011 жылы кітап қоры 411778-ге, оқырман саны 28068-ге, кітап

берілімі 5515072-ге жетті. 2011 жылы кітапханаларда 1021 библиографиялық шолулар,

кітап көрмелері, оқырман конференциялары, әдеби кештер және кітап көрмелері ұйымдастырылды

Тілдер саясатын дамыту

2011 жылы тілдер саясатын жүзеге асыруға 22 іс-шара өткізіліп, «Мекен-жай тіркелімі» ақпараттық жүйесіне аудан бойынша 430 геонимдер енгізілген. Ауданда 687 өзге ұлт өкілдері тұрады, оның 251-і орыс, 201-і түрік, 89-ы кәріс және басқа да ұлттар. «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында ақын Құтбай Дүрбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы «Құтбай» атты 500 дана кітап шығарылды. Ақын Құлан Алдабергенұлының өмірі мен шығармашылығына арналған «Аузымда өлең деген алмасым бар» атты 1000 дан кітап жарыққа шықты. Ақын Қ. Алдабергенұлының 150 жылдығына орай «Артында сөз қалдырған Құлан ақын» атты республикалық ғылыми-танымдық конференция, аймақтық ақындар айтысы ұйымдастырылды. Баба ұрпақтарынының демеушілігімен орталық саябақ ішіне Қ.Алдабергенұлының ескерткіші (бюст) орнатылды.

Әлеуметтік қорғау

2011 жылы жұмыспен қамту орталығына хабарласқан 1993 адамның, 1746 адамы жұмыссыз болып тіркеліп, 1179 адам жұмысқа орналасты. Экономикалық белсенді халық санына шаққанда аудан бойынша жұмыссыздық деңгейі 5,9 пайызды құрады немесе өткен жылмен салыстырғанда 0,5%- ға кеміді (2010ж.-6,4%).

2011 жылы ақылы қоғамдық жұмысқа 720 адам тартылып, 24,0 млн. теңгенің еңбекақысы төленді.

Әлеуметтік жұмыс орындарына жергілікті бюджет есебінен 25 адам, сондай-ақ «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы аясында әлеуметтік жұмысқа 90 адам, жастар тәжірибесіне 40 адам тартылды.

«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында ауданда жұмыспен қамту мекемесі ашылып, үш бағытта жұмыстар атқарылуда. 2011 жылы өздерін жұмыспен қамтылғандар және жұмыссыздар, табысы аз адамдарды оқыту мен олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу бағытында 156 адам бағдарламаға қатыстырылды. Сонымен қатар осы бағдарлама шеңберінде 40 адам облыстық лицейде, 90 адам аудандық лицейде мамандық алуға оқу курстарында оқуда. Осы мамандар оқу бітірісімен үш жақты келісім –шарт негізінде (маман, лицей, әкімшілік арасындағы) міндетті түрде жұмысқа орналасатын болады.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке 314 отбасына (1627 жанға) 13,8 млн. теңге, 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақыға 3317 отбасына (11226 жанға) 140,0 млн. теңге, 557 отбасына 7,0 млн. теңге тұрғын үй жәрдемақысы төленді.



Халыққа сапалы мемлекеттік қызмет көрсету

Халыққа қызмет көрсету орталығының Жаңақорған аудандық бөлімінің 2011 жылы жеке және заңды тұлғалардан 71 қызметтің 36 мемлекеттік қызмет түрі бойынша 21995 өтініш қабылданды.

Мемлекеттік қызмет түрлері 2011 жылдың 12 айында қабылданған 21995 өтініштен бас тартылғаны 47 және кері қайтарылған 110 құжат болса, мерзімі бұзылған құжаттар саны-78.

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 05.01.2007 жылғы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мемлекеттік мекемелерін-Халыққа қызмет көрсету орталықтарын құру туралы» №1 Қаулысында көзделген мемлекеттік қызмет түрін жандандыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Уәкілетті органдармен бірлескен бұйрықтар жасалып, филиал қызметкерлері іс-тәжірибеден өтті, біріккен семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізілуде.

Жалпы Халыққа қызмет көрсету орталықтарының тұрғындар үшін, орталықтан шалғай тұратын азаматтар үшін қызмет көрсетуінің айқын көрінісі-бұл оңтайлы топтардың жұмыс істеуі деуге болады.

Қызметті қажет еткен азаматтар, оның ішінде мүгедектер мен басқа да мұқтаж азаматтардың өтініштерін қабылдауда оңтайлы топтың орны ерекше.

Бөлім қызметкерлерінен құрылған оңтайлы топ аудан әкімдігімен келісілген кестеге сәйкес, аудан көлеміндегі ауылдық округтерді аралап, барлығы 798 өтініш қабылданып, 803-і жеткізілді.

Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлерінің ұйымдастыруымен жыл бойына 44 семинар-кеңестер өткізіліп, ресми басылымдар 47 түсіндірме мақалалар жарияланды.

Халыққа қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында филиал қызметкерлерінен біліктілігін арттыру мен анықтау үшін 29 сынақ алынды.

Халыққа қызмет көрсету орталықтары-бұл мемлекеттік органдардың азаматтарға қызмет көрсету сапасының деңгейін дамытуға, жетілдіруге өз үлесін қосуда.


НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ, МАҚСАТЫ, МІНДЕТТЕРІ, МАҚСАТТЫ ИНДИКАТОРЫ ЖӘНЕ НӘТИЖЕ КӨРСЕТКІШТЕРІ


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет