Қосымша 1
Жаңақорған кентінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиынында
көшелерге атау беру туралы
«27 » мамыр 2015 жыл
№
|
Көшенің бұрынғы атауы
|
Көшенің қазіргі атауы
|
Ұсыныс түскен күні,
хаттама
|
Есімі көшеге беріліп отырған адамның қысқаша өмірбаяны, марапаттаулары,орден, медальдары т. б. құжаттары жайлы
|
1
|
Май бекеті № 1
|
Мырзахметов Нұртаза
|
21.10.2014 ж
№ЖТ-Ш-600
Аудандық ардагерлер Кеңесі
З.Шермағанбетов
|
1919 ж. Жаңарық а/о Балапантөбе елді мекенінде туылған.1936-1940 жж Тәжік ССР Қорғантөбе облысында қазақ мектебін ашып,мұғалім болған 1940-1942 жж Жаңақорған әскери комиссариатта нұсқаушы болып қызмет атқарған.1942-1946 ж ҰОС қатысады.1946-1955 ж Жаңақорған жұмысшы артелі председателі болып жұмыс істейді. 1955-1957 ж ХХХ ж Қазақстан колхозында председатель, 1957-1967 ж Бірлік совхозында ферма меңгерушісі,рабкооп председателі,1967-1972 ж Задария совхозының 1 Май бөлімшесінің меңгерушісі,1972 ж өмірінің соңына дейін рабкооп председателі болған
қоғам қайраткері Ауылдық советке 4 рет, аудандық совет 2 рет депутаты , 1962 ж облыстық Советке депутат болып сайланған.Құрмет белгісі орденімен,
КССР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен марапатталған.Жеңістің ХХХ ж ,Ленинннің 100 ж медалдерімен марапатталған.
|
2
|
Санатория №2
|
Исмайлов Тұрсынбек
|
Ауд.ардагер Кеңесі ардагерлер Кеңесі
З.Шермағанбетов
№ЖТ-Ш-341 23.04.2015 ж
|
1923 жылы 23 қарашада Жаңақорған қыстағында дүниеге келген,1941 ж Түркістандағы Ленин мектебін «өте жақсыға» бітіреді 1942 ж Түркістан пулемет училищесіне қысқа мерзімді командирлер даярлайтын курсқа жіберіліп, 1943 ж пулемет ротасына взвод командирі болған. «Жауынгерлік қызметі үшін»,Германияны жеңгені үшін» медалдерімен, «Александр Невский» орденімен марапатталған.
Аудандық банкте аға кассир болып жұмыс істеген.
|
3
|
Санатория №3
|
Ысқақов Исмайыл
|
Ауд.ардагер Кеңесі ардагерлер Кеңесі
З.Шермағанбетов
№ЖТ-Ш-646 25.05.2015 ж
|
1924 ж Задарья совхозында жұмысшы-шаруа жанұясында дүниеге келген.Жаңақорған орта мектебін бітірген соң Совет Армисы қатарына шақырылған.Өзбек ССР-і Наманган қаласындағы Харьков жаяу әскер училищесіне оқуға жіберіліп, 1943 ж офицер атағын алады.Украин,Молдавия,Румыния,Венгрия,Австрия жерлерін азат етуге қатысқан.1948 ж Алматы зоовет институтына түсіп, бітіріп, Шиелі,Қармақшы,Жаңақорған ауданы мал дәрігері,бас малдәрігері, аудандық а/шаруашылық басқармасының бірінші орынбасары болған.аудандық Совет депутаты болған. «Қызыл жұлдыз»Отан соғысының І-ІІ дәрежелі Орденімен «Еңбектегі ерлігі үшін»медалімен мараптталған.
|
4
|
Санатория №4
|
Калилаев Нарзилда
|
Ауд.ардагер Кеңесі ардагерлер Кеңесі
З.Шермағанбетов
№ЖТ-Ш-641 21.04.2015 ж
|
1918 ж Бесарық ауылдық Советі Талап совхозында туылған.1938-1940 ж аудандық Екпінді газетінде әдеби қызметкер,1940-1947 ж Совет Армиясы қатарында болып, ҰОС қатысқан. 1947-1954 ж ауд. партия нұсқаушысы,а/шаруашылық бөлім меңгерушісі, 1954-1958 ж МТС парт бюро хатшысы, 1958-1966 ж кәсіподақ комитетінің төрағасы, партия комитетінің хатшысы,1966-1980 ж аудандық баспахана директоры,аудандық ДОСААФ комитетінің төрағасы,1980 ж өмірінің соңына дейін аудандық а/ш басқармасы жанындағы заңгерлер тобының жетекшісі, нұсқаушысы болған.
|
5
|
Санаторрия №5
|
Сейтов Батырхан
|
24.02.2015 ж
Тыл ардагері Ж.Үпенұлы
|
1920 ж Жаңақорған қонысында туылған.1940жылы СА қатарына алынып, 1942 ж соңында жараланып,елге оралған.1943-1949 ж Жаңақорған аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы, 1949-1953 ж ауд партия комитетінің үгіт-насихат бөлімінің нұсқаушысы, меңгерушісі.Алматы жоғарғы партия мектебін бітірген.МТС партбюро хатшысы, 1958 ж зейнетке шыққанша Жаңақорған астық қабылдау мекемесінің директоры қызметінде болған.
«Құрмет белгісі» ордені,6 медальмен,Казак ССР Жоғарғы Кеңесінің,Қызылорда обл атқару комитетінің грамоталарымен марапатталған.
|
6
|
Саяжай№10
|
Сабырханов Ергеш
|
Ауд.ардагер Кеңесі ардагерлер Кеңесі төрағасы
З.Шермағанбетов
№ЖТ-540 24.04.2015 ж
|
1922 ж Өзгент а/Кеңесіне қарасты Мәдениет ауылында туылған.1941-1945 ж ҰОС бастан аяқ қатысып,елге келген соң КазГудің экономика факультетін бітіріп,1966 ж дейін аудандық халық сотының хатшысы,статистика мекемсінің бастығы,Красная звезда, Келінтөбе совхоздарының бас есепшісі,аудандық а/шаруашылығы басқармасында, аудандық агроөнеркәсібінде бас есепші болып
жұмыс істеген.Жеңістің 10,20,30,40,50,60,70 ж юбилейлік медалдерімен марапатталған.
|
7
|
Алтыкрант № 3
|
Тоқсанбаев Әлі
|
Ауд.ардагер Кеңесі ардагерлер Кеңесі төрағасы
З.Шермағанбетов
№ЖТ-ҰЖ-206 25.02.2015 ж
|
1915 ж туылған.№3 Украйна майданына қатысып,Новгород,Псковь,Киев,Минск қалаларын азат етуге қатысқан. І Дәрежелі Отан соғысы орденімен ,бірнеше медалдермен марапатталған.ҰОС жеңісінің 70 ж аталып өтілетін жылы 100 жасқа таолмақшы.
|
8
|
Ынтымақ №1
|
Хайнекеев Әбдіқадыр
|
Ауд.ардагер Кеңесі ардагерлер Кеңесі төрағасы
З.Шермағанбетов
№ЖТ-626 20.05.2015 ж
|
15.05.1924 ж Төменарық ауылында туылған.ҰОС қатысып,жаралы болып келген.1946-1955 ж дейін Шиелі ішкі істер бөлімінде Төменарық аймағының учаскелік инспекторы болған.1957-1960 ж Екпінді ауылында егіс бригадирі,1960-1962 ж қамыс зауытында, 1962-1976 ж Сунақата совхозында егіс бригадирі,1976-1985 ж аудандық су шаруашылығы мекемесінің Төменарық ауылындағы чех насосында жұмыс істеді.ҰОС орденімен,
Германияны азат еткені үшін т.б.медалдерімен,бірнеше грамотамен мараптталған.
|
9
|
Ынтымақ №2
|
Абдреймов Сейдемет
|
Ауд.ардагер Кеңесі ардагерлер Кеңесі төрағасы
З.Шермағанбетов
№ЖТ-635 21.05.2015 ж
|
1910 ж Төменарық ауылында туылған.Төменарық станциясында 1932-1937 ж кезекшілік қызметін атқарған,24 разьезге аға кезекші,Сауран,Аққұм станцияларында,32 разъезд жұмыс атқарған.1943 ж 24 рзд –Бөртескен басшы етіп бекіткен1943 жҰОС қатысып,Бухарест,Закарпатия азат еткен.1945 ж елге оралып,асар әдісімен 7 жылдық Тақыркөл мектебін тұрғызған.Сол мектептің шаруашылық жұмысын атқарған. Медальдермен мараптталған.
|
10
|
Ынтымақ № 3
|
Есенбеков Үндемес
|
Ауд.ардагер Кеңесі ардагерлер Кеңесі төрағасы
З.Шермағанбетов
№ЖТ-636 21.05.2015 ж
|
1923 ж Қосүйеңкі ауылы, Ынтымақ елді мекенінда туылған. 8 жасын ашаршылықта жүріп, колхоз жұмысына араласқан.табелші,счетовод болып жұмыс істеген.Жылқы бөлімшесінің меңгерушісі болған.1942 ж 27 шілдесінде Армияға алынып,Украйна,Ржев қаласының түбінде соғысқа кірген.Барлаушы болған. «Ерлігі үшін» медальімен мараптталған.1944 ж ІІ топ мүгедегі болып елге келген.
Ынтымақ,Ворошилов колхозының жылқы фермасының меңгерушісі болған,1955 ж а/шаруашылық көрмесі медалімен мараптталған.Қой баққан.Ауданға келіп, тас майдалау заводында жұмысшы,ПМК-34 мекемесінде жұмыс істеген.ҰОС жеңісінің 20,30,40жылдығы .ССР Қарулы күштерінің 50,60,70ж Жуков және 1941-1945 ж тылдағы еңбегі үшін медалдерімен марапатталған.
|
11
|
Алтыкрант №1-1
|
Абылкасимов Закия
|
Ауд.ардагер Кеңесі ардагерлер Кеңесі төрағасы
З.Шермағанбетов
№-637
20.05.2015 ж
|
1923 ж туылған.1942 ж әскерге шақырылып, 1943 жылдың 18 шілдесінде ҰОС кезінде №413 атқыштар дивизиясында майданда жүріп хабарсыз кеткен.
|
12
|
Алтыкрант №1-2
|
Бердібаев Төлеген
|
Ауд.ардагер Кеңесі ардагерлер Кеңесі төрағасы
З.Шермағанбетов
№-637
20.05.2015 ж
|
1918 ж туылған.1941 ж әскерге шақырылып, 194 жылдың маусым айы-1945 ж мамыр айы аралығында №540 атқыштар полкінде атқыш ретінде майдан шебінде болған.
|
Жаңақорған кентінің әкімі Е. Сейлов
Құрметтті бүгінгі бөлек қоғамдастық жиналысына қатысушылар!
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 138 «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» Қаулысына сәйкес атау беру және қайта атау мәселесі 2016 жылға дейін тоқтамға алынған болатын. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Б.Сапарбаевтың 2015 жылғы
16 сәуірдегі № 20-56/И-204 қатынас хатына сәйкес Ұлы Жеңістің 70 жылдығының маңыздылығы мен өзектілігін ескере отырып, Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің есімдерін көшелерге, объектілерге беруді тоқтамнан тыс жүзеге асыру жұмыстарына рұхсат берілуіне байланысты аудандық «Жаңақорған тынысы» газетіне хабарландыру жарияланып, 27 мамыр күні сағат 11-де осы «Ордакент» ардагерлер және жастар ресурстық орталығына жиналып отырмыз. Жаңақорған кенті күннен күнге қанатын кеңге жайып, өркендеп, көшелері көбейіп, жарықтандырулары іске қосылып, көркейіп келеді. Мына беріліп отырған атауы жоқ көшелерге ертеңгі күні-ақ көптеген үйлер түсіп, көшелеріне тас төгу, тегістеу, асфальттеу, мектеп, стадион, бала-бақшалар, бірнеше мекемелер орналаспақшы.Сіздердің өтініштеріңіз бен ұсыныс-пікірлеріңізге сай осы бөлек қоғамдық жиналысын ашық деп жариялаймын.
Жаңақорған кентінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиыналысының хаттамасы
№3
Жаңақорған кенті
Ордакент кинотеатры «27 » мамыр 2015 жыл
Жиналыста төрағалық еткен – Б.Доспанбетов – Жаңақорған кенті
әкімінің орынбасары
Жиналыс хатшысы - Р.Назарова - кент әкімі аппаратының жер
жөніндегі бас маманы
Күн тәртібінде: Жаңақорған кентінің атауы жоқ көшелеріне атау беру жайлы бөлек жергілікті коғамдастық жиналысында халықтың ұсыныс-пікірлерін тыңдау жайлы
Тыңдалды: Күн тәртібіндегі мәселеге байланысты жиналыста төрағалық етуші Б.Доспанбетов бөлек жергілікті қоғамдастық жиналысын ашты. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 Қаулысымен «Әкімшілік - аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру» қағидалары негізінде объектіге, көшеге атау беру 2016 жылғы дейін тоқтамға алынғанын, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Б.Сапарбаевтың 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 20-56/И-204 қатынас хатына сәйкес Ұлы Жеңістің 70 жылдығының маңыздылығы мен өзектілігін ескере отырып, Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің есімдерін көшелерге, объектілерге беруді тоқтамнан тыс жүзеге асыру жұмыстарына рұхсат берілуіне байланысты аудандық «Жаңақорған тынысы» газетіне хабарландыру жарияланып, 27 мамыр күні сағат 11-де осы «Ордакент» ардагерлер және жастар ресурстық орталығына жиналып отырмыз- дей келе көшелерге атау беруге ұсынылған-Ұлы Отан соғысы ардагерлері - Н.Мырзахметов, Е.Сабырханов, Т.Исмайлов, Ә.Тоқсанбаев, Ү. Есенбеков, Б. Сейтов, Н.Қалилаев, Ә. Хайнекеев, С.Әбдреймов, С.Ысқақов, З.Абилкасимов, Т.Бердибаев ҰОС жылдарында хабарсыз кеткен боздақтар және елге аман-есен келіп, еңбек еткен ҰОС соғысы ардагерлерінің есімдерімен таныстырып өтті. Қатысушылардың пікірлерін білдіруді немесе ұсыныс айтамын деген азаматтарды жарыс сөзге шақырды. Қоғамдастық жиналысын ашық деп жариялады.
2
Жарыс сөзге шығып пікір білдіргендер :
Ж.Бегманова, Н. Қарақожаев, А. Айтілеуов, Қ.Тоқсанбаев, Е. Абдреймов, Ж.Жүсекеев, Қ.Абибуллаев, С.Самидинов, М.Абилтаев, О.Бұйрашев, М.Абдреймов М. Мырзахметов, К.Бүрісбаева,А.Ысмайлов, Г.Тоқсанбаева, І.Нарзілдаев, т.б көше тұрғындары өздері білетін ҰОС Батырлары, соғыс ардагерлерінің елге келіп еңбек еткенін айта келіп, атауы жоқ көшелерге ұсынылған атауларды қолдап, есімдерін көшеге беруді бірауыздан қуаттады. З.Шермағанбетов, М.Махмудов, М.Сапарбаев, А. Айтілеуов 2800-дей ҰОС ардагерлері соғыстан дін аман келіп, еңбекке араласып, елге басшылық жасап та қосшылық көрсетіп те еңбек етіп,өмірден өтіп кеткен ағаларға кенттен 12 көшеге атау беруді ашық қолдайтынын айтты. Қосымша сұрақтар қойылды: Н. Қарақожаев - Осы жиналыстың алдында көшеге есімдері берілген азаматтардың бекіп келетін шешімдері неге тоқтамға алынып тұрғанын, елге еңбегі сіңген ағасы Ш. Қарақожаевтың есімі неге ұсынылмай отырғанын білсем бола ма? -деді. Б. Доспанбетов - «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңы талаптарына сәйкес бір атауды бір елді мекенде бір мәрте ғана беруге болатыны айқындалғанын, ауданға бір көшеге қайталап берілмеуі тиіс, ол мәртебе емес, осы заңның 14 - бабында - тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде осы елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскипциясын нақтылау мен өзгерту жөніндегі мәселелер шешілетіндігін айтты. Ш.Қарақожаевтың есімі көше беруге ұсынылды, қазір 2016 ж дейін тоқтамға алынғанын, мерзімі келгшенде бекіп келетіндігін айтты. Бір адамның атын қайталап беруді қолдамайтынын мәлімдеді. Бұл ретте тек ҰОС ардагерлеріне объектіге, көшеге есімдерін беруге ұсыныс-пікір алмасу екенін мәлімдеді. Басқа да айтылған ұсыныстарға заңнан түсіндірме жасады. З.Шермағанбетов, М.Махмудов, М.Сапарбаев ұсыныс-пікірлер ҰОС ардагерлерінің есімдерін беруге жинақталып, ономастикалық комиссия қарауына жолданатынын, кентте көшелер баршылық екенін, ұсынылған азаматтардың рухы ырза болсын деген ниетпен ұсыныс қоладанады деді.
Төраға Б. Доспанбетов жиналысқа қатысушылардың көшелерге атау берудегі ұсыныс-пікірлерін дауысқа салды, ұсыныстарының толық қуатталып, барлығы «жақтап» дауыс бергенін, «қарсы, қалыс қалғандары» - жоқ, дауыс беру қорытындыланды-деді.
Бөлек жергілікті қоғамдастық жиналысы ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Жаңақорған кентінің атауы жоқ көшелерге ұсынылған атаулар қоғамдастық дауыс беру қорытындылары бойынша қосымшаға сай аудан әкімідігінің ұсынысымен мәслихаттың бірлескен шешімімен облыстық ономастикалық комиссиясына жолдансын
2. Қоғамдастық жиналысының хаттамасы аудандық «Жаңақорған тынысы » газеті беттерінде жариялансын.
Жиналыс төрағасы Б. Доспанбетов
Жиналыс хатшысы Р.Назарова
Достарыңызбен бөлісу: |