Жаңғырған Түркістан



Дата02.01.2022
өлшемі13.36 Kb.
#453490
Жаңғырған Түркістан эссе.Әбдіжапар Айман


Жаңғырған Түркістан

Жаңа тынысын тереңірек ашқан түлеген Түркістан! Бүгінгі таңда құрылысы қарқын алған қаланың келбетіне еріксіз таңдай қағасың.Шыны керек осыдан бірнеше жыл бұрын шаһардың бүгінгідей күннен-күнге құлпырып,дамыған бейнесін елестете де алмауышы едік. Қазіргі күні Түркістан облысы болып, Түркістан қаласы облыс орталығы атанып, сол бір құмға сінген тарих қайта түлегендей күй сездіруде. Бұл дегеніміз тарихқа құрмет, елге мәртебе, болашаққа өлшеусіз мұра деп түсінемін. Өткен мен бүгін сабақтасқан көне шаһар қазір қайнаған құрылыс орталығына айналып, ескірген ғимараттар жаңарып, өзгеше бейнедегі нысандар бой көтеруде. Бірақ қала өзінің келбетін жоғалтпай, тарихи айнасын сақтап қана қоймай, жаңаша деңгейге көтерілуі көңіл қуантады. 2018 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Оңтүстік Қазақстан облысының орталығын Түркістан қаласына көшіріп, облысты Түркістан облысы деп қайта атау туралы Жарлыққа қол қойған болатын. Әрине, бұл көптен бері айтылып, талқыланып жүрген мәселе еді. Дегенмен соңғы нүктесін қойып, батыл бастаманы қолға алған Елбасы шешімі көпті қуантып, халық ризашылығын алды. Себебі Түркістан тек халқымыздың емес, түркі дүниесінің рухани ордасы, мәдени шаһары саналады.Ол – ескерткіш қала.



Түркі халықтарының рухани астанасы болғаннан бері туристтер саны артып келеді. Енді тек тарихи шындықты қисынды қалпына келтіре алсақ, бізді алда Түркістанның қайта өрлеу дәуірі күтіп тұр. Түркістанда бір жыл ішінде елеулі өзгерістер орын алды. Қаланың келбеті өзгеруде. Жаңа құрылыс нысандары пайда болып, ірі жобалар іске асырылып жатыр. Тыныш қана қаладан көп ұзамай әлемнің төрт бұрышынан туристерді қызықтыратын көзтартарлық шығыс орталығына айналатынына күмән келтірмейміз. Күн сайын көз алдыңда құлпырған қалада оқудың өзі мен секілді қарапайым студентке бір мәртебе деп білемін.Әлі-ақ барша әлем қызығарлықтай әсем шаһар болатыныңа нық сенімдімін.Жасай бер кербез қалам!

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет