Бұл отбасында береке көптен бері кетті. Үйдің басты иесі Әнес екі күннің бірінде ішіп келетінді шығарды



Pdf көрінісі
Дата30.07.2022
өлшемі277.65 Kb.
#459847
Құдықтағы көмбе Өріс Яшүкірқызы



 
 
 
 
ҚҰДЫҚТАҒЫ «КӨМБЕ» 
Бұл отбасында береке көптен бері кетті. Үйдің басты 
иесі Әнес екі күннің бірінде ішіп келетінді шығарды. 
Сау күнінің өзіңде ұрдажық мазасыз мінезінен үйі-ішін 
мүлде 
мезі 
ететін. 
Қараптан 
қарап 
отырып, 
айналасындағы ұсақ-түйекке араласып, өз дегені 
болмай қалса жасөспірім балаларына, қосылғалы бері 
үйдің ыстық-суығына күйіп келе жатқан әйелі 
Күмісайға қол жұмсайтын. Аузына әзәзіл арақ тигенде 
не оңсын. Ол ішіп келген күні үйде міндетті түрде 
бүлік бастайтынын білетін кішкене ұлдары тығылып 
қалатын. Ал ең үлкен ұлы әкесін мүлде анық 
жақтырмайтын. Естияр Күмісайға:


– Апа, барлық жастардың барып, жұмыс істеп 
жатқан жері ғой. Қалаға кеткім келеді. Екі қолға бір 
жұмыс табылар. Тұрғым келмейді бұл үйде,
– Сендер де менімен бірге жүріңдерші.. Бәріміз кетіп 
қалайықшы осы үйден дейтін.
– Сенікі дұрыс дейін. Ал, мен әкелеріңді бұл жерде 
қалдырып қалай кетемін. Ел не дейді, ағайын-туыс не 
дейді... Әнесті бүгін ғана көріп отырған жоқпын. 
Шыдап келем ғой. Тағы да шыдайын. Мұның 
түзелмейтінін де білем. Мінезі көрде түзелер енді. 
Қайсысымыз бұрын өлетінімізді қайдам. Мен бұрын 
өліп кетсем, әкелерің сендерді, сендер әкелеріңді керек 
қылмай, быт-шыттарың шығасыңдар ғой әлі, – дейтін 
Күмісай сабырлы қалпын сақтап.
Күмісай Әнестен көп жас кіші. Бұрын Әнес 
үйленген. Ол әйелі бала үстінде қайтыс болыпты. Ол 
кезде Әнестің әкесі де, шешесі де тірі болған. Әнестің 
үш баласын бағып-қағып өсіруге әке-шешесі барын 
салыпты. Кейін кемпір мен шал уәделесіп алғандай 
бірінің артынан бірі қайтыс болған. 12, 10, 8 жасар 
ұлдарымен Әнес отбасында бір өзі қалып, мектепте 
мұғалімдік сабағын әжептеуір беріп жүрген көрінеді.
Күндердің күнінде осы мектепке институтты жаңа 
бітірген Гаухар атты бір қыз облыстан арнайы 
жолдамамен жұмысқа келеді. Ол орыс тілі әдебиетінен 
сабақ беріпті. Осы қызға әйелі өліп, бойдақ жүрген 
Әнес те, мектеп директоры Төлеген де өлердей ғашық 
болыпты деседі ел. Алайда, Гаухар бұл ауылдың 
мектебін де, директор Төлегенді де, Әнесті де 
менсінбеген. Жеті ай өтер-өтпесте кетіп қалған.
– Мен қызға көңіл білдіргенімде, менен жасың 
үлкен, әрі үш баланың дырдай әкесі Сізге ұят емес пе. 


Менімен неге қосарланасыз. «Отбасыңды құрып ал, 
жасың кіші» деп қайта маған жол ашпайсыз ба?! – деп 
мектеп директоры Әнеске беретін сабағының сағатын 
қысқартып, кесіп тастайды. Мінезі бар Әнеске мектеп 
директорының өктемдіігі ұнамайды да, аудандағы білім 
беру басқармасының атына шағым жасайды. Жоғары 
жақтағылар Төлегенді қолдайды. Жасалған шағым 
нәтижесіз қалады.
Бұл кез ел Тәуелсіздік алып, Одақтың ыдырап, ауыл 
жұртшылығына таныс емес нарықтың енді келіп, 
жұмыссыздықтың белең алған кезі-тін. Ауылдың да 
жағдайы күрт төмендеп, көпшілік жұрт қолдағы бары – 
малын сатып бітіріп, енді күн көріс қамы қалай болар 
екен деген қобалжумен жүрген. Міне, алғашқы арақ 
ішу Әнес те осы кезден басталған. Мектепке қызу 
болып келген Әнесті бір күні мектеп директоры 
«педогогқа жат қылық көрсеттің» деп жұмыстан 
шығаруға бұйрық береді.
Өз аулынан көршідегі нағашы жұртының ауылына 
қоныс аударуға мәжібүр болған Әнес сол жақтың 
бастауыш сыныптарына сабақ беруге әрең дегенде 
жұмысқа қабылданады. Күмісайды Әнеске үгіттеген 
сол жақтағы мектептің бірі еденін жуып, екіншісі түнге 
қарауыл боп жұмыс істейтін жақын жеңгелері екен.
– Заман болса мынадай. Коммунизм деген құрыды. 
Ауылда жұмыс жоқ. Өз басын асырай алмай жүрген 
жігіттер саған үйленгенмен, асырай алмайды. Әнес 
мектепте мүғалім. Өзі бір тоға жігіт сияқты. Бюджеттің 
жұмысында тұрақты ақша беріліп тұрады. Үш 
баласына оң көзіңмен қарасаң болды. Олар да оңсолын 
танып қалған балалар ғой. Сенің қолқанатың болады. 
Шешесі өлгелі бері қайбір жылы сөз естіп жүр дейсің. 


Мынадай уақытқа тап келді. Бауырыңа тартып, 
айналайын деп, жылыжұмсақты ауыздарына тосып 
отырсаң, ер балалар қыздардай емес, бауырға сіңгіш, 
тез үйренісіп кетеді. Ертең өссе бөлекбөлек үй болар. 
Жан-жаққа отау тігіп кетеді. Екеуіңнің өз балаларың да 
болар. Еркекке жас үлкендік ештеңе етпейді. Сені 
қартайтатын шамасы бар. Төреқыз-ау, келіс, – деп 
жеңгелер екі жақтан Әнесті мақтап, жетінші сыныпты 
бітіріп үйде отырған, алысқа окуға баруға отбасының 
ыңғайы келмеген 18-ге толар-толмас Күмісайды 
Әнеске тұрмысқа шығуға келістіреді.
Алғашқы жарты жыл барлығы жақсы-ақ болды. 
Балалар да Күмісайға үйренді. Бәрі де тәртіпті-ақ. 
Сабақтарына да жақсы. Оның үстіне еңбекқор. Апалап 
Күмісайға үй шаруасының бәріне көмектеседі. Тек 
көңіліне қона алмайтыны Әнес балаларға өте қатал. Бір 
шамалы 
елеусіз нәрсе үшін баланы 
боқтап, 
шалбарынан қайыс белбеуін алады да тек сабай 
бастайды.
Күмісай арашаға түсіп «тимеші оған, ибай-ай 
тимеші» деп шырылдап жүргені.
– Сенің жұмысың болмасын! Шық үйден! – деп 
Күмісайды да қайыс белбеумен арқасына салып-салып 
жіберетінді шығарды.
Аузына келген боқтық сөздердің бәрін боратады 
келіп. Бұрын орта мектепте матиматика пәнінен сабақ 
берген, оқушыларға тәрбие көрсеткен мұғалім 
болғанына мұндайды көріп сену қиын. Күйеуі Әнестің 
жағымсыз қылығы күннен күнге осылай үдей түсті. 
«Бақытты боламын» деп келіп, сорды құшқан Күмісай 
бірнеше мәрте кетіп те қалғысы келді.


«Мен кетіп қалсам мына балалардың күні не 
болады» деп бір ойлайды. «Анасынан жетім қалып, 
әкесінен мейірім көрмеген өңшең ер балалар жаман
бұзық жолға түсіп кетеді-ау» – деп, екінші ойы тағы да 
«тоқта» дегенге әкеледі. Өзі бала көтере қоймады. Екі-
үш жыл өтпей-ақ Күмісайдың қыз күнгі ажары солғын 
тартып, жібектей мінезі Әнестен орынсыз қаталдық 
көрген соң, қатқылдана бастады. Бір күні «Бұдан 
қорқып күнде өлгенше, бір-ақ өлейінші» деп қасына 
жақындап:
– Неге айқайлай бересің. Неге? Сорлы балапандарды 
ұрған қолың сынып та қалмайды екен сенің! Ішіп 
келдің бе, жатсайшы! Тыныш үндеме! Берекені алма! – 
дейді барынша даусын көтеріп.
– Әй, сен қатын! Маған дауыс көтеретін кімсің! 
Әкеңнің аузын..... Жетпіс жеті әкеңнің...
– Тиме апама, тиме! – деп жанұшыра үлкен ұлы 
Естияр келді ентелеп арашаға.
– Е, сен қатын өз баламды өзіме қарсы қойғың келді 
ме?.. Көрсетем мен саған қазір. Көрсетем! Ол сарайға 
бет алды. Сарайда үлкен ет шабатын балтаны ұстап 
келеді.
– Апа, кетейік былай, кетейік! Естияр Күмісайдың 
қолынан тартып әрі қарай сүйрей жөнелді. Әнес 
балтаны лақтырып үлгерді. Балта тарс етіп Күмісайдың 
арқа жағына жетер жетпес жерге түсті. Бұлар аман 
қалды.
– Енді бармайықшы үйге, апа. Естияр әбден әкенің 
сабағанынан зәрезап болған ба, денесі дір-дір етеді. 
Бұлар күздін салқын күнінде ұзақ уақыт сыртта жүрді. 
«Мүмкін енді ұйықтап қалған шығар» –деп үйге келсе, 
үйдің


есігін іштен тарс кілттеп қойыпты. Естияр:
– Апа, мен терезеден түсіп көрсем қайтеді? – деп 
ұсыныс жасалды.
– Қой... Терезеден қалай түсесің. Сындыруға 
болмайды. Өйтсең ертең қайта таяқ жейміз.
Қорада мал дегенде жалғыз сиыр бар. Және үш қой. 
Екеуі қораға жылынуға келді. Күмісай сабанды жерге 
төсеп, қасына Естиярды алып құшақтасып, екеуі бір-
біріне жылу бере көздерін ілдірді.
Осыңдай ұсқынсыз тіршіліктің соңы болмады. 
Қайталана берді. Көршілер де, жақын ағайындары, 
туыс нағашылары да кейде Әнеске ақыл айтатын 
болды. Жұрттың ақылы оны одан сайын ызаландырды. 
Күмісайдың өзі бүл күндері құр сүлдері жүр. Кейде 
жүрек тұсы да шаншып, демін алдырмай тастайды. 
Дәрігерге көріну қайда? Нарық деген пәлені қайдан 
көрген. Ауылда жұмыс істейтін фельдшерлік пункт 
жабылған. Қара құлып тұр қазір онда. Әнеске жақын 
нағашылар, басқа да қатысатын жекжат, ағайын-
туыстар ыдырап, күн көріс қамымен жан-жаққа көше 
бастады. Бәрі қарап тұрсаң өздерімен өздері. 
Бұрынғыдай біреуден бір тиын қарыз сұрап ала 
алмайсың. Ол сенің қайтарып беретініңе сенбейді. Сол 
себепті, сылтау айтып «өзімізде де ешнәрсе болмай 
тұр» дейтін болды.
Осы ауылдағы бастауыш мектепте те жабылудың 
алдында. 
Бюджет 
тапшылығына 
байланысты 
мұғалімдер қысқартылды. Әнес сол қысқартуға бірінші 
болып ілігіп, мұғалімдіктен босады. Бұл жақсы сылтау 
болды. Ішкілікке енді біржола берілді. Қырыну 
болмағандықтан Әнестің сақал-мұрты өсіп, нағыз 
маскүнем кейпін киді.


Енді үйдегі Әнес пен балаларды қалай аш 
қалдырмау керек? Бұл міндет Күмісайдың мойнына 
түсті. Ауылдан үш шақырым жерде теміржол бекеті – 
Ме 15 разьезд бар. Осы разьезге кейде, неге екенін 
ешкім білмейді, жолаушылар поезы бір-екі минут 
аялдайды. Күмісай, ауылдың басқа да әйелдерінен 
көріп, үйреніп, аз уақыт аялдайтын жолаушылар 
поезына сиырдың сүтін, ұйытылған қатық, тауығы 
барлар жұмыртқа, тағы да қолдағы пісірілген дәмдерін 
сататын болды. Үйдегі балаларға талғажу жасауға 
бұдан түскен табыс бірде жетіп, бірде жетпей Қалады. 
Тағы да екі қыс, екі көктем келді. Естияр 10-сыныпты 
бітірді. 17-ге толды.
– Апа, – Мен қалаға кетем дедім ғой. Еңді шын 
кетемін. Орта білім алдым. Әскерге дейін қалада 
жұмыс істеймін. Вокзалға барып жүк тасысам да бір 
ретін табамын. Сосын кейін қасыма Сізді, Есжан мен 
Ержанды аламын. (Әкесінен көңілі қалған болар, әкесін 
сол кезде аузына алған жоқ), – деді Естияр аттестат 
алған күні.
Күмісай 
Естиярды бұл жолы, расы керек, 
тоқтатқысы келмеді. Оны да түсінеді. Түсіне отырып: 
«Әкесінің қылығынан мен сияқты ол да қажыды. 
Сыртта жүріп, өзінше әрекет етсе етсін. Орыс 
халқының балалары да жүреді ғой әке-шешесі бір елде, 
өздері бір елде. Мүмкін еркін жүргенде пысып, қайта 
шыңдалар. Мен неге де болса көніп Ержан мен Есжанға 
қарай тұрайын. Бұл балалар жаман емес. Тек жөнді 
тәрбие көре алмай жүргені болмаса..» деп ойлады.
– Балам-ау, сенің жолыңа ең болмаса азын аулақ 
тиын тебен керек емес пе. Мына сиырдың бұзауын 
сатуға обал шығар. Ана қойлардың біреуін сатайық. 


Мұны әкеңе айтпай-ақ қояйық. Ақшасын араққа 
сұрайды. Білмей-ақ қойсын. Бәрібір ол ненің бар, ненің 
жоғын аңғарудан қалды, – деді Күмісай Естиярмен 
ақылдасып.
– Апа, сатсақ сатайық. Бірақ сол қойдың ақшасын 
мен түгел алмайын. Сіздерге қалсын, мұңда да керек 
қой, - деп Естияр жеңілдеп қалды.
Енді бұл ауылдан қой алушы табылсайшы. Бәрінде 
сатып алатын көк тиын жоқ.
– Сендер сойып, жіліктеп сатыңдар. Жұрт ет жеп 
шекелері шылқып отырған жоқ. Азын-аулақ етке өздері 
үшін тиын-тебен тауып береді, – деп біреу ақыл айтты.
Күмісай мен Естияр мұны дұрыс деп тапты. Сөйтіп, 
қораға қара қойды әкеліп, Естияр оны бауыздап, 
пышақпен енді жіліктеп жатқанда, әлгінде ғана төсекте 
бүк түсіп ұйықтап жатқан Әнес келе қалсын.
– Әй! Қойды не істеп жатырсыңдар?! Әкелеріңнің 
аузын... Сендер мені адам деп ақылдасудан қалдыңдар 
ма ей аҺ? Мені өлді деп ойладыңдар ма ей?! Қойды 
кімге сойып жатырсыңдар а?! Мен өлген жоқпын, 
әкеңнің, сендерді өлтірем! Қазір өлтіремін, өлтірем!
деп Әнес аюдай ақырып, қайыра үйге бет алсын.
– Апа! Мен білсем әкем мылтыққа кетті. Өткенде 
ескі мылтығын оқтап отырғанын көргенмін. Ол қазір 
екеумізді аямайды.
Күмісайда «Естияр аман қалсын» деген бір ғана ой 
болды.. Әнестің соңын ала жүгірді... Расында, Естияр 
айтқандай қолында мылтығын ұстаған Әнес осы кез 
тура табалдырықтан бері аттай берген-ді. Күмісай бар 
екпінімен Әнесті қос қолымен кеудесінен нтеріп кеп 
қалды. Әнес шалқасынан құлап түсті. Шүріппеден ок 
тарс етті. Табалдырыққа шүйдесімен құлаған Әнестің 


мұрнынан бірден қызыл қан атқылай бастаған. 
Артынша, көзі аларып, колындағы қаруын жерге сылқ 
тастай берді...
Күмісай не болды, не қойды түсінген жоқ. Естиярға 
оқ тиіп кетті ме деп ойлаған. Баланың тірі сұлбасын 
көріп, демін ішіне алды. Қанды оқиғаны Естиярдың да 
бірінші көруі. Не 6олып, не қойғанын бірден ол да 
табанда ажырата алмай қалды. Анық ажыратқаны 
әкесінің көзі аларып, мұрнынан қан сорғалап 
жатқаны...
– Балам, мен әкеңді өлтіріп алдым. Ө-л-т-і-р-і-п а л-
д-ым ба а? а? Қатты екпінмен и-и-те-рі-п е-д-і-м. М-ы-
н-а босаға... мына та-бал-ды-р-ық - дей берді дірілдеп. 
Сөйтті де сұлап жатқан Әнестің қасына отыра кетті.
Қанша уақыт өтті. Белгісіз. Өліктің қасында екеуі де 
мелшиді...
– Апа! Тұр. Тез Тұр апа! Папаны екеулеп қора жаққа 
апарайықшы! Бұл жерде, есік алдында болмайды енді... 
Үйге де кіргізбейік. Ойласу керек. Тез, апа, тұр, тез! – 
деп Естияр бір кезде асықтыра бастады.
Күмісай Естиярдың айтқанын істей берді. Екеуі 
Әнесті сүйрелеп мал сойылған жерден әрі түпкі жағына 
әкелді. Бұл кезде нағыз түс мезгілі еді. Есіктің 
табылдырығын Естияр тазалап сүртті. Қолына қолы 
ілеспей, шапшаң қимылдап жүр. Бұл кезде есіне әлі 
келе алмаған Күмісай сойылған қойдың қасында 
отырған. Бұл да қан. Жаңағы көрген де қан. Жүрек 
дірілі үдемесе басылған жоқ.
Естияр қасына келді.
– Апа, – деді ол Күмісайға жақындап.-Папамды сен 
әдейі өлтірген жоқсың ғой. Өзі құлап қалды.... Осыны 


айтты да үнсіз қалды көпке дейін. Сосын барып сөзін 
тағы жалғастырды.
– Қаншама азап көрсетті біздерге. Өзі кінәлі бір 
жағынан мылтық алып.. Егер сен оны итермегенде оқ 
не маған, не саған тиетін еді.. Апа, бері қарашы. Көрген 
мен ғана ғой. Мен ешкімге айтпаймын. Екеуміз ғана 
білеміз. Иә, апа... Енді жыламашы.. апа...
Естияр Күмісайды жақсы жүбатты. Бір кезде өзі 
солқылдап көз жасын төксін-ай келіп. «Папа... ай, папа-
айЙ» – деп біраз отырды. Ішсе де, ұрса да туған әкесі... 
Табан астында өлді де қалды. Бір жағынан аяныш бар, 
бір жағынан қандай ой бар ішінде, өзі біледі, өксігін 
баса алмады. 
– Милицияға хабар берейік... Олар мұның осылай 
өлгенің білуі керек. Қасақана жасаған жоқпын. Мен 
оны тоқтатқым келді.. деймін ғой... Шындықты түгел 
айтайық. – деді Күмісай әлден соң, – мұрны 
пысылдаған күйі.
– Апа, шыңдық бізге көмектеспейді. Қайта бізді 
құртады.
– Сен неге итересің? Өлім содан болды, – деп сені 
түрмеге жабады. Осы керек пе маған немесе саған. 
Екеулеп өлтірдіңдер деуі де мүмкін. Екеуміз түрмеде 
болсақ Ержан мен Есжан кімге қалады?
– Бандиттер келді... Мылтықпен шықты.. Содан 
оралмады – дейміз. Ана ұзын жаптың бойында бір ескі 
құдық болған. Қазір сол құдық бос жатыр. Айналасын 
қалың қамыс басып кеткен. Өткенде мен сиыр айдап 
жүріп көргенмін. Бұрын ішінде су жататын. Қазір түк 
те жоқ. Міне, папамның көмілетін қабірі сол жер енді.. 
Ешкім білмейді. Білдіртпейміз. Ал, мына сойылған 
қойдың етін тез бөліп, кешке дейін өткенінше сатып 


келейін.. 
Сатылмағаны 
үйде, 
өзіміздің 
көже 
қатығымызға қалады. Ананы деді, – әкесі жатқан жақты 
нұсқап түнде реттейміз.
Күмісайдан Естияр ер бала болғандықтан ма, ойы 
терең, әрі ақылды, әрі қайсар болып шықты. 
Айтқанындай кешке дейін қойдың еті бөлініп-бөлініп 
сатылды. Үйдегі аш отырған балаларға Естияр сол 
жақтағы дүкеннен жейтін тәтті тоқаш пен кәмпит те 
әкеліпті. Олар соны қаужаңдап жеп, мәз болып ойнап 
жүр. Күмісай бүгін сойылған қой етінен тамақ істеуге 
де әлі болмады. Өз өзіне келе алмауда.
Кеш қараңғылы бұрынғыдан кешіккендей. Бүгін 
айдың да жарығы мол. Осыған дейін Естияр үйден ескі 
киізді тауып, оған әкесінің мүрдесін орап байлады. 
Мүрдені сүйрететін тақтай сияқты бірдеңені тапты. 
Бұрын электр жарығы жарқырап тұратын бұл ауыл 
нарық келгелі қараңғылыққа үйренген. Жаққандар 
сығырайтып шам жағады. Шам жақпандар ерте жатып 
қалады. Теміржол бойынан өтіп жатқан кешкі жүк 
поездарының, паровоздардың ғана алыстан жарқ-жарқ 
жарығы көрінеді. Артынша жоқ болады. Бұрын 
Күмісай қалай байқамаған. Көктемнің кеші тым ұзақ 
екен-ау. Батып болмады. Тіршілік деген тоқтамай, 
жалғасып жатыр, жалғасып жатыр... Ішкі ойы тыныш 
болмаған соң ба, селт еткен дыбысқа, өзгеше қыбырға 
сезіктене, «дәл осы жағдайда үйге бөтен біреу келіп 
қалмады ма екен» деп сезіктеніп отырды. «Ешкім 
көрмей, ешкім сезбей, тезірек құдыққа көміліп тасталса 
екен». Мен адам өлтірдім... қалай ә? Лезде... қалай ә?. 
Мен тіпті қалай қатты итеріп жібердім? – дей береді 
іштей өзіне-өзі.


– Естияр бір-ақ сәтте ересек болып кеткендей көрінді 
Күмісайға. Оның айтқанындай Әнестің мүрдесі 
құдыққа тасталды. Мылтық та қоса көмілді. Түн 
жарымы ауғанда үйге келіп, екеуі төсекке құлағанша 
ешкімнің көзіне түскен жоқ. Әнес осылай 1995 жылы 
мамырдың 30 күні «жоғалып кетті».
Туған-туыстарға Естиярдың құрастыруы бойынша 
бүтіндей көркем шығарманың желісі жасалып, ол 
ауызша былай айтылды.
– Құданың қүдіреті тез арада ақша тауып беріңдер 
деп, беттерін бүркемелегенген біреулер келіпті үйге. 
Әнес мас күйі оларға айқайлапты:
– Ақшаларың болса, маған беріңдер. Маған да керек 
сол ақша! – деп. Ана бандиттер:
– Үйінді, өртеп, бала-шағаңды қырып кетеміз, тап 
ақша! –деген.
– Өй, әкелеріңнің аузын! – депті Әнес оларға. – Қазір 
мен сендерге көрсетейін үй-ішін қырғанды. Сөйтіп 
үйден мылтығын ала шығыпты. Бір рет тарс еткізіп 
атыпты. Сосын аналар қашты ма, соңынан Әнес 
қуыпты. Күмісай сүт сатып, разьезден келе жатыр екен. 
Алыстан байқапты Әнесті. Мылтық ұстап кетіп бара 
жатқанын. Кімге хабарласын. Дәл сол жерде милиция 
жоқ, келе қоятын. Көргенін Естиярға айтыпты. Естияр 
сол күні сол маңайдың бәрін шолып қарапты. 
«папамды баңдиттердің біреуі мылтығын тартып алып, 
өлтіріп кеткен жоқ па екен» деп. Табылмапты. Бір күн, 
екінші, үшінші күн...»
Міне, осы жағдайды ауылдық милицияға ауызша 
айтып, одан кейін жазбаша қағазға түсіріп Күмісай 
баласы екеуі «Әнес, мына күннен бері жоқ. Қолында 


мылтығы, үстінде мынадай киімі бар» Деп жоғалғаны 
туралы өтініш жазып қалдырды.
– Ағай, жақсы адам еді.. Бізге сабақ берген. Ол кісіні 
ӛдестіреміз, табамыз, аудан, облысқа да хабарлаймыз, – 
деп милиция жігіт өтінішті алып қалады.
Біреудің жоғын, біреу іздей қоятын заман емес. 
Ауылдық милициядан да, аудан жақтан та іздеушілер 
бөтендей із кесіп жатқаны байқала қоймады. 
Милицияның талабы бойынша жергілікті газетке, 
телеарналарға Әнесті суретімен шығарып, жоғалғаны 
туралы хабарландырулар берілді. Ешкім еш жерде 
көрмепті. Табылмады. Бұл оқиға бір жылдан соң суи 
бастады, Екі-үш жыл өткен соң басқаларға мүлде 
ұмытылды.
Естиярдың тікелей талабымен сол тұрған ауылдан 
Күмісай қалаға көшті. Алғашқыда пәтер жалдап тұрды 
бәрі. Күмісай қаланың қара базарында қарапайым 
саудамен айналысты. Біреуден көтермелеп көкініс-
жидек сатып алып, оны екінші жерге бағасын 
үстемелеп сатып, үстінен азын аулақ көрген тиын-
тебенмен екі ұлды қала мектебінде оқытты. Естияр бұл 
уақытта әскерге барып, бұрынғыданда есейіп, 
шыңдалып келді. Сырттай заң техникумын бітірді. 
Нотариат кеңсесінде жұмыс істейтін болды. Есжан мен 
Ержан да Естиярдың кеңесімен сегізінші сынып 
бітірген соң, кәсіптік техникалық училишеде оқып, 
техникалық мамандық алды. Екеуі техникалық жөндеу 
станциясын ашып, жеке бизнеспен айналысқанына көп 
уақыт болған жоқ.
Әнес жоғалған арада он жыл өтті. Бір күні Күмісай 
Қалижанқызын іздеп жүрміз, – деп үйге милиция 
формасын киген бір жігіт келді. Ол «Бірлестік» 


ауылынан келіп тұрғанын, күні кеше Уәли деген 
малшы ескі құдықтан бір өлікті тауып алып 
хабарлағанын, енді сол мүрде «жоғалды» деп жүрген 
Әнес Оразбаев емес пе екен деген болжамы бар екенін 
және істі анықтауға, яғни, өлген адамды тануға 
машинамен қазір бірге жүру керектігін айтты.
Бұл хабар Естиярға жетіп, ол да бірге жүрді.
Күмісай іштей қуанды. Әнестің жан баласы 
көрмейтін құдықта жатқаны қинайтын. Себеппен 
қалайда осы іс ашылып, мейлі мен кінәлі боп түрмеге 
кетсемде, әйтеуір Әнестің сүйегі жұрт жатқан зиратқа 
жерленсе, атын атап Құдайысын берсем, құранын 
оқытсам мені Алла кешірер – деді жолда келе жатып.
Айтқандай осылай болды. Ешкім де бүл окиғаға 
Күмісай мен Естиярдың қатысы бар екен-ау деп 
сезіктенбеді. Ондай сезіктену ойларында болған да 
жоқ.
– Бандиттердің ісі, мылтығын қоса көміпті. Қарудан 
қүтылғысы келген ғой, сезіктенер, – деп. Ой... сол 
жылы кісі тонаушылар, адам өлтірушілер әр ауылда 
көп болды ғой. Мал бағып жүрген біздер сонда қатты 
қорқатынбыз. Мына теміржол бойы үнемі осындай ғой. 
Небір түрмеден қашқандар бар, осындай бандиттер бар 
пойыздан түсе қалады да, ауылдағыларға келіп сес 
көрсетеді. Балам, әкеңнің иманын берсін. Кісі қолынан 
өлген адамның жаны пейіште болады дейді. Әкеңнің 
рухы пейіште шалқуда қазір, – деді құдықтан мүрдені 
шығарғанда Уали ақсақал.
– Еңді бұл жартылай шіріген сүйекті молдалар 
қайыра жудырмаса керек. Бірақ осы күйінде қалай 
жерленеді. Оны ертен өздерің имамнан сұрап біліңдер. 


– Ата, бұл құдықты қалай тауып жүрсіз? – Айнала 
толған ақбас қурай. Құдықты компас арқылы таптыңыз 
ба? Құдық болған деп осы жерде ешкім ойламайды, – 
деп сұрақ қойды милициямен бірге жүрген бір жігіт.
– Мал баққан адам бәрін табады. Менің бар ғой, 
мынау Ботабай қыстауынан әрі, Ильяс жайлауынан 
бері, ар жағында Бірқазан, бер жағында Қосқұдықтың 
аралығында қолмен қазылған қанша құдық барын 
білем. Нанар болсаң, бұрын осы құдықты өзім 
қазғанмын. Онда әкем марқұм тірі-тін. Ол кезде 
қырықтағы кезім. Суы дәмді-ақ болған. Малға да, 
адамға жететін. Өйткені, ана етектегі дария жақын ғой. 
Ылғалы мол. Қазір ғой дария төмен түсіп кеткен соң 
айнала қурап, құдықтан судың шығуы қиын боп 
тұрғаны.
Қаладағы Жүрсін балам бар емес пе. Өзі мен сияқты 
малсақ, кредитке ақша алып, 20 сиыр, 100 қой сатып 
алып «көке, Ерсін ауылда жүр ғой. Мал бағып көрсін 
де, сіз сияқты. Сіз қасында көмекші боласыз. Өзіміздің 
ата қоныс бар...» деп мына інісіне шаруа қожалығын 
ашып берді емес пе. Бүл жердің рас, малға оты 
қолайлы. Бірақ су жағы қазір қиындау, өйткені дария 
қашықта, қайда анау қырға төмендеп кетті. Содан 
құдық қазбақшы болып, бір-екі жерді қаздырып едім, 
суы тереңнен шықпады. Қазушылар қиналды. Есіме 
өзім қазған осы құдық түсті. Іздеуді бастадым ғой 
сосын. Әй, үлкейгендік қой, екі күнім кетті. Қасыма 
кенже ұлым мына Ерсінді ертіп жүргенмін. Әрі жердің 
ой-шүқырымен таныстырайын деп. Не керек, үшінші 
күнде осы қүдығымды таптым. Бұл құдық бар ғой, 
негізі біреу әдейі көмгенін байқадым. Мұндай жермен-
жексені ізсіз қалуы тиіс емес. Ескі құдықтардың жәйін 


жақсы білем ғой. Үстіне шөп өсіп кеткен. Байқалмайды 
мүлде. Мен мына анау дариядан тартылған канал, 
каналдан тартылған үлкен жаптың жағалауы арқылы із 
салдым ғой. Кетпенді алып, біраз жер тереңдетіп 
аштық. Бір уақытта мына баламның күрегі сүңгіді де 
кетті. Құдай-ау десей, құдықтың ернеуі көріңді. Содан 
жан-жағын кеңейтіп қазып жатқанда күректің ұшы сақ 
етті. Темір дегеніміз мылтық. Ар жағын еңді айтпайын. 
Осы ғой көріп тұрғандарың. Алғашында Ерсін үлбіреп 
жүн боп кеткен киізді көре салысымен «Көке, мынау 
оралған көмбе болар, біреулер алтын ба, бағалы 
заттарын көміп қойған шығар» дейді маған. Мен де 
ентеледім:
– Кәне, кәне, – деп. Сөйтсем, астапыраллай, тік 
күйінде бас жағын жоғары қаратып, көмген адамның 
денесі ғой.. Не ойланатыны бар? Баланы атпен 
шаптырдым милиция жаққа. Тез көздерімен көрсін 
келіп, осылай да, осылай мүрде жатыр белгісіз 
біреудің, – деп. Милиция да келді жарты күн салып.
– Ата, осылай тұра тұрсын. Әзір ашпаңыз. Офиске 
барып, тіркеу журналын қараймын. Жоғалған 
адамдардың тізімін көремін, - деп милиция қайта кетті. 
Міне, енді көріп отырсыңдар... жарықтық-ай, Әнес 
екен... Балаларды оқытқан мүғалім ғой бұл. Марқұмды 
білем. Заман қиын кезде ішіңкіреп жүргенін көргенмін. 
Сосын естігенбіз. Жоғалып кетіпті деп. Енді табылып 
отыр..
– Ата, осы құдықты қазір қазса су шығады деп 
ойлайсыз ба? – деп сұрақ қойды тағы біреуі Уали 
ақсақалға.


– Е, неге шықпайды. Шығады.. Енді бір айналып 
келсең осы құдықтың балдай суын таттырам саған. 
Уәдем-уәде.
– 
Сізге 
рақмет! 
Әкемді 
тауып 
бердіңіз. 
Құдығыңыздың суы мол әрі дәмді болсын, – деп, 
сыпайы тіл қатты Естияр.
– Айналайын. Әкең иманды болсын, балам!
– Аға, Сізге көп рақмет! Алла риза болсын!-деді 
Күмісай да Естиярдан кейін қартқа, жанарын тіке сала 
алмай.
Бұл құдықтан табылған «көмбе» хабары ауылға 
жақсы жаңалық болыптарады. Әнесті балалары көрші 
ауылда баяғы атаәжесі жатқан зиратқа жерледі. 
Онсызда жүрегі сыр беріп жүрген Күмісай құдықтан 
мүрде алыңған күні-ақ «жедел жәрдеммен» бірден 
ауруханаға түскен. Он күннен кейін қайтыс болды. 
Енді үйленемін деп жүрген Естиярға бұл қаза 
қабырғасына қатты батты. Бала күннен қабағына қарап, 
туған анасын жоқтатпаған, өзіне шексіз қамқоршы 
болған Күмісайдың жылын өткізгенше үйленуді 
шегерді. Мүмкін кездейсоқтық, мүмкін тағдырдың 
белгісіз тылсымы Естияр үш айға жетпей жол апатынан 
мерт болды.
– Әнес жоғалып өзі табылып еді, әйелі мен баласын 
қосақтап қасына бірден алды ғой, – деді зират басында 
Естиярды жерлеп жатқандар.
Барлық оқиға сырын қара жер жұтып қала берді.. 
Өріс Яшүкірқызы 


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет