Жаңғызтөбе кенті әкімі Е. Закимовтың Жаңғызтөбе кентінің әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасының орындалуы туралы есепті баяндамасының тезистері



Дата24.02.2016
өлшемі25.41 Kb.
#14893
Жаңғызтөбе кенті әкімі Е.Закимовтың Жаңғызтөбе кентінің әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасының орындалуы туралы есепті баяндамасының тезистері
Ел басымыздың 2014 жылы 11 қарашадағы «Нұрлы жол –болашаққа барар жол» атты Қазақстан халқына жолдауында Әлемде болып жатқан дағдарыстан кейбір елдер айыға алмауда екенін баса айтты.Қалпына келу өте баяу және сенімсіз қадамдармен жүруде, ал кейбір жерлерде әлі құлдырау жалғасуда.Біз кедергілерді жеңу үшін бірігіп жұмыс істеуіміз керек.Біз теріс үрдістердің алдын алу үшін барлық ықтимал шараларды жедел қабылдауға тиіспіз. 2015 жылдан бастап қаржының көп мөлшері қөліктік,энергетикалық, индустриялдық және әлеуметтік инфроқұрылымдарды, шағын және орта бизнесті бағыттауға жұмысалады.

Жаңғызтөбе кенті округінде де 2014 жылы атқарылған жұмыстар бар.

Шағын және орта бизнесті дамыту бойынша:

1.Өз қаражаттарымен Қымыз өндіру және сату, ветеринарлық аптека ашу,дөңгелек жөндеу цехын ұлғайту жобалары іске асты.

2020 жол картасы бағдарламасы бойынша 1,5 млн несие алынып фотосалон ашылды.Аудандық бюджет есебінен малды қолдан ұрықтандыру пункті іске қосылды.Жеке кәсіпкер Е.Тоқтыбаев «Жайлау» бағдарламасы бойынша 100 бас ұсак мал алды. «Нұр» Ш/Қ Б.Сиқымбаев ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында 1602 мың теңге субсидия алды.Бизнесті қолдау қорыбойынша 1,9 млн теңге несие алынып,кондитер цехын ашуға дайындық жұмыстары жүргізілуде.

2.Жеке кәсіпкер Б.Тектенова Шуақ ауылында өз қаражатымен 63 млн теңгеге мейрамхана ашты.

Жеке кәсіпкер М.Абдрахманов өз қаражатымен жанармай құю станциясын іске қосты және 22 млн қаражат жұмсап пластикалық терезе жасау цехын іске қосып халыққа қызмет көрсетуде.

3.Жыл көлемінде кентке 82,6 млн теңге инвестиция тартылды.

4.2014 жыл 1-4 сынып оқушыларын ыстық тамақпен қамтамасыз ету және әр түрлі іс-шараларға арналып жеке кәсіпкерлермен 2140 мың теңгенің меморандумы жасалып, 2257 мың теңгеге орындалды.Бұл 105 пайызын құрайды.

5.Құрылыс саласы бойынша 325600 теңге игеріліп, 315,5 м2 құрылыс жұмыстары жүргізілді.

6.Жергілікті бюджетке барлығы 4261,2 мың теңге салық түсіп, орындалды 110 пайызды құрады.

7.Жаңғызтөбе кентінде жаңа мектеп құрылысы жүргізілуде.

8.1-2-3 кварталдағы су құбырына қайта жарақтауға 10449 мың теңге каражат жұмсалып,игерілді.

9.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қолданған шаралар бойынша кентте жұмыстар ұдайы жүргізіліп отырды.Әскери бөлімдер,түзеу мекемелері және кенттегі мекемелермен бірігіп, тоқсанына 1 рет дөңгелек стол өткізіліп,кестеге сейкес жұмыстар жүргізілді.Осы іс-шаралар негізінде кент аумағында сыбайлас жемқорлыққа қатысты тәртіп бұзушылық болған жоқ.

10.Кент әкімінің 2014 жылы халықпен кездесу жиналысындағы ұсыныс талаптар

1.1-2-3 кварталға көше жарығын жүргізу керек болатын.Қаржы тапшылығна байланысты жұмыс жүрген жоқ.


2015 жылға кент бойынғы жоспарланған іс-шаралар:

1.Жаңғызтөбе кентіндегі ішкі автокөлік жолдарын ағымдағы жөндеуден өткізуге 4787,2 мың теңге қаражат қарастырылған.

2.№236 орта мектебінің төбесін,спортзалын күрделі жөндеуден өткізуге 43 млн теңге қарастырылған.

3.Жаңғызтөбе кенті аумағында қатты тұрмыстық қалдықтар салу үшін 93 млн теңге қаражат қарастырылады.

4.Жаңғызтөбе кентінде сутаратқыш мұнараны ауыстыру және су құбырларын жөндеу жұмыстарын жүргізуге 12 млн теңге қарастырылған.

5.Шуақ ауылында балалар ойын алаңын салуға 4 млн теңге қаражат қарастырылған.



6.Жаңғызтөбе кентіне балалар ойын алаңын салуға 4 млн теңге қаражат қарастырылған.

7.Жаңғызтөбе кентіндегі жаңа мектеп құрылысынын жұмысы жалғастырып аяқталады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет