Жайсаңбай селолық округі әкімінің міндетін атқарушы Байтақов Ғалымбек Қалмағанбетұлының 2013 жылдың 9 айлығында атқарылған жұмыстар жайлы есебі



Дата22.02.2016
өлшемі42.67 Kb.
#475
Жайсаңбай селолық округі әкімінің міндетін атқарушы

Байтақов Ғалымбек Қалмағанбетұлының 2013 жылдың 9 айлығында атқарылған жұмыстар жайлы есебі

«Әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 15 тамыздағы №615 Жарлығын іске асыру мақсатында 2013 жылдың 9 айлығында атқарылған жұмыстар жайлы есебі.

Округ аумағында 540 адам тұрады, үйлер саны 83. Селолық округтің жалпы көлемі 1 млн. 588 га.

Селолық округ аумағында 1 орта мектеп, 1 фельдшерлік пункт, 1 кітапхана, 1 балабақша, «Ырғыз – Торғай» мемлекеттік табиғи резерваты мекемесінің бөлімшесі, селолық клуб үйі, Шалқар обаға қарсы стансасының бөлімшесі жұмыс жасап тұр.



Ауылшаруашылық саласы бойынша:

Селолық округте 1 ЖШС, 10 шаруашылық құрылымдары жұмыс жасап тұр. Барлық шаруашылық құрылымдары мал шаруашылығымен айналысады.

Селолық округ бойынша мал басының өсуі үнемі қадағаланып отырады.

Мал шаруашылығымен айналысатын жеке тұрғындар қолында 1070 бас мүйізді ірі қара, 248 бас жылқы, 136 бас түйе, 4565 бас қой – ешкі қысқа түсіп отыр

Шаруашылық құрылымдарында мал басы саны төмендегідей:

Мүйізді ірі қара – 566 бас, қой – ешкі – 731 бас, жылқы – 172 бас, түйе – 50 бас қысқа түсіп отыр.

«Сартай батыр» шаруа қожалығы Сыбаға бағдарламасы бойынша 6 млн 300 мың теңгеге ауылшаруашылық малдарын асылдандыру мақсатында 2 бас асыл тұқымды және 60 бас аналық мүйізді ірі қара малдарын сатып алды.

«Рахат» шаруа қожалығы Ырғыз несие СКТ арқылы лизингке МТЗ – 80 тракторын және ауылшаруашылық малдарын асылдандыру мақсатында 2 бас асыл тұқымды бұқа сатып алды.

Қоғамдық табынға қосу мақсатында «Рахат» шаруа қожалығы 2 бас және «Мирас» шаруа қожалығы 2 бас асыл тұқымды бұқаларын сатып алды. Сатып алынған бұқаларға Үкімет тарапынан берілетін субсидияға құжаттарын дайындады.

Округте 2013 жылы жеке тұрғындардан 2499 тонна, шаруашылық құрылымдары 4037 тонна, барлығы 6536 тонна қысқы мал азығын дайындалды.



Кәсіпкерлік саласы бойынша:

Селолық округ аумағында 7 кәсіпкер бар. 3 дүкен тұрақты түрде, сауда қызметін көрсетіп тұр.

Облыс және аудан орталығында өткізілген селолық округтердің мәдени күндері мен, аудандық жәрмеңкеге шаруашылық құрылымдары және жеке кәсіпкерлер белсенді түрде қатысып, өндірілген өнімдерін базар бағасынан төмен бағада сатуды жүзеге асырды.

Білім саласы бойынша:

Округте Ө.Қанахин атындағы орта мектебі жұмыс жасап тұр. Орта мектепте 29 мұғалім жұмыс жасайды. 2013 – 2014 жылғы оқу жылына жалпы 94 оқушы және мектеп алды даярлық тобында 13 оқушы білім алуда.

Бастауыш сынып оқушылары ыстық тамақпен қамтылған.

Көгалданыру мақсатында Ө.Қанахин атындағы орта мектебі айналасына қара ағаштар мен гүлдер отырғызылды.

Облыс әкімі А.Мұхамбетовтың бастамасымен 2012 – 2015 жылдарға арналған «Көркейе бер, Туған жер!» акциясына орай Ө.Қанахин орта мектебінің ұжымы 17000 теңге жинап, одан 12000 теңгеге мектеп ауласын жарықтандыруға жұмсаса, осы мектеп түлегі Б.Иманова 5000 теңгеге білім күніне орай баннер алып берді.

Мектепке жол акциясы бойынша орта мектептегі аз қамтылған және толық емес отбасылардың балаларына округтегі мекеме және кәсіпорындары төмендегідей көмек беруге белсене ат салысты.

Округ әкімі аппараты: 5000 теңгеге оқу құралдарын;

Ө.Қанахин орта мектебі ұжымы: 35000 теңге оқу құралдарына және 10000 теңге ақшалай;

Жайсаңбай медициналық пункті ұжымы: 4000 теңгеге оқу құралдарын;

«Жұлдыз» балабақшасы ұжымы: 4000 теңгеге спорттық киімдерін;

Жайсаңбай клуб үйі ұжымы: 3000 теңгеге оқу құралдарын;

Жайсаңбай ауылдық кітапханасы: 3000 теңгеге оқу құралдарын алып берді.

Ө.Қанахин атындағы орта мектебі 2013 – 2014 жылғы оқу жылына 61 тонна қатты отынмен қамтылған.

Селолық округке 2013 – 2014 жылға жоспарланған 60 балалық мектеп үйінің құрылысы жүргізілуде. Қазіргі таңда мектептің іргетасы құйылып жылыту қазандығының құрылысы аяқталды.

Жайсаңбай селолық округінде «Жұлдыз» балабақшасы қызмет көрсетеді. Балабақшада 15 қызметкер жұмыс жасайды. 2013 – 2014 жылға балабақшада 25 бала тәрбиеленуде. Балалар уақытылы тамақпен қамтылған.

«Көркейе бер, Туған жер!» акциясына орай балабақшаның ағымдағы жөндеу жұмыстарына 20000 теңгеге жиналып, жөндеу жүргізілді.

2013 – 2014 жылға «Жұлдыз» балабақшасы 40 тонна қатты отынмен қамтылған.

Жайсаңбай медициналық пунктінде 1 фельдшер, 1 медбике, 1 тазалықшы, 2 оператор қызмет жасайды.

Медпункте аурудың алдын алу мақсатында уақытылы егілу жұмыстары жүргізіліп отырады.

«Көркейе бер, Туған жер!» акциясына орай Жайсаңбай медициналық пункт қызметкерлері 30000 теңгеге демеушілік жасап, 18000 теңгеге су насосы, 7500 теңгеге мекеменің сыртына ілетін табличка, 4500 теңгеге ішкі сырлау жұмыстарына жұмсалды.

Округте клуб және кітапхана мәдени ошақтары халыққа қызмет көрсетеді.

Жалпы округте төмендегідей бірқатар жұмыстар атқарылуда:

Жұмыспен қамту – 2020 бағдарламасын іске асыру барысынада жыл басынан бері 3 адам әлеуметтік жұмысқа орналасып, 4 адам жастар практикасымен, 10 адам келісім шарт негізінде ақылы қоғамдық жұмысқа тартылды.

Облыс әкімі А.Мұхамбетовтың 2013 жыл 26 наурыздағы №02-3/1080 және аудан әкімінің 2013 жылғы 18 наурыздағы «Ауданның елді мекендерін және село аумақтарын көгалдандыру және абаттандыру, санитарлық жағдайын жақсарту бойынша екі айлық өткізу туралы» №52 қаулысы негізінде сәйкес Жайсаңбай селолық округі бойынша 2013 жылдың 30 наурызнан бастап округ бойынша іс шаралар жоспары құрылды. Апта сайын екі айлық сенбілік ұйымдастырылып, селодағы мекемелерге аумақтар бөлініп, орындалуын мекеме басшыларына бекітілінді. Округ аумағынан 9,7 тонна күл – қоқыс шығарылып, 5 орынға қосымша жарықтар орнатылды.

Қазақстан Үкіметінің «Өңірлерді дамыту» бағдарламасына сәйкес Жайсаңбай селолық округіне 2013 – 2014 жылға 522 мың теңге қаражат бөлінді.

2013 жылы Республикалық бюджеттен бөлінген 522 мың теңге балалар ойын алаңы сатып алынып село орталығына орнатылды.



Байланыс қызметі бойынша:

2013 жылға округке байланыс жүйесін толығымен жоспарланған болатын. Қазіргі таңда байланыс жүйесінің мұнарасы мен вагоны қондырылды. Жалпы байланыс жүйесі толығымен үстіміздегі жылы аяқталады деп күтілуде.



Ауыз су мәселесі бойынша:

Округке ауыз су құбыры 2014 – 2015 жылға тартылады деп жоспарлануда.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет