Шығ. № 3-03/
2009 жылғы 00 желтоқсан
Қостанай облысы әкімдігінің Ішкі саясат басқармасының бастығы
Т.С. Жақыповаға
Қостанай қ.,
Әл-Фараби даңғ., 66
2008 жылғы 4 тоқсанында
мемлекеттік жастар саясатының
іске асырылу барысы туралы
Аудан бойынша 14-тен 29 жасқа дейінгі жастардың жалпы саны 7852 адамды құрады, олардың ішінде 3887 жігіт және 3965 қыз. Олардың ішінде 14-тен 17 жасқа дейінгі оқитын жастар – 1178 адам, ОКОО мен ЖОО студенттері – 1100 адам, жұмыс істейтін жастар – 3944 адам, өз бетiнше жұмыспен айналысушылар – 1588 адам, жастар арасындағы жұмыссыздар саны – 11 адам. Тұрғындардың жалпы санындағы жастардың үлесі 26 пайызды құрады.
Жыл ішінде «Ауыл жастары» жалпыұлттық бастамасының іске асырылу тиімділігінің мониторингі жүргізілді. Тоқсан сайын төмндегідей көрсеткіштер қадағалауға алынды: жұмыспен қамтылу мен жұмыссыздық, облыс және аудан әкімінің гранттар бойынша оқытуы, кәсіптік оқыту, халықтың көші-қоны, салауатты өмір салтын насихаттау, жастар арасында құқық бұзушылығы.
Ауылға келген жас мамандарға біржолғы жәрдемақылар төлеу түрінде мемлекеттің көмегі арқасында жастардың ауылдан қалаға көші-қонының азаюы белгіленді.
Қабылданған шаралар нәтижесінде кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстардың саны 2008 жылғы 6 қылмыстан 2009 жылғы 3 қылмысқа азайды. Салауатты өмір салтының (СӨС) материалдық базасы нығая түсті.
Кәсіптік оқытудан өткен 16-дан 29 жасқа дейінгі жастар саны көбейді: 2008 жылы – 41 адам, биыл – 112 адам, оның ішінде Жол картасы шеңберінде – 107 адам. Осының өзі биыл «Жол картасы» бағдарламасы істей бастағанына байланысты.
Тұрғындардың жан-жақты дамуы мен әлеуметтік-мәдени мұқтаждықтарды қанағаттандыру үшін ауданда 41 мәдени мекеме: 20 клубтық мекеме мен 21 кітапхана жұмыс істейді. Бүгінгі таңда 80 клубтық ұйым және 78 үйірме жұмыс істейді, оларға тиісінше 1527 және 869 адам қатысады.
Облыс және аудан әкімінің гранттар бойынша 16 адам білім алады, оның ішінде облыс әкімінің гранты бойынша – 6 адам, аудан әкімінің гранты бойынша – 10 адам. 6 студент табысы аз және көпбалалы отбасылардың балаларына арналған әлеуметтік жәрдемақысын алады.
Қазан айында «Халықтың әр түрлі топтарының қоғамдық көңіл-күйін анықтау» атты сауалнама өткізілді, ол 29 жасқа дейінгі жастардың 39 пайызын қамтыды.
2009 жылдың 4 қараша күні Федоров селосында «Федоров ауданының жастар орталығы» ҚБ-нің қызметін белсендіру және ауылда жастар бастамаларын дамыту» атты Федоров ауданы ауыл жастарының «Жастар-2009» IV-Форумы өткізілді. Іс-шара «Федоров ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ мен «Жастар орталығы» ҚБ ұйымдастырумен және «Нұр Отан» ХДП аудандық филиалының қолдаумен өтті. Форумның жұмысына ауданның селолық округтерден келген 80 делегат, аудан әкімі А.Н. Корниенко, аудан әкімінің орынбасары О.Ф. Федорова, аудандық мәслихаттың хатшысы, «Нұр Отан» ХДП аудандық филиалының төрайымы С.М. Сералинова, Қостанай облысы әкімдігінің Ішкі саясат басқармасы жастармен ісі жөніндегі бөлімінің бас маманы Т.А. Жазитов, «Нұр Отан» ХДП ҚОФ «Жас Отан» ЖҚ үйлестіруші Руслан Смаилов, Федоров аудандық ардагерлер кеңесінің төрайымы В.Н. Ташкина қатысты.
Келесі тренинг алаңшалардың жұмысы нәтижелі, табысты және қызықты түрде өтті: «ҮЕҰ-да волонтерлермен жұмыс жасау», «ҮЕҰ-ның даму мен қалыптасудағы көшбасшының рөлі», «Ауылда жастар бастамаларын дамыту».
Ауадандық КВН командасы Жітіқара қаласында өткізілген Қостанай облысы әкімінің кубогына облыстық ойынға қатысып, финалға шыққан екен, бірақта ауа райы жағдайына орай финалдық ойынына қатыса алмай қалды. КВН ойынның ұйымдастырушылар ойыншыларымызға естелік кәдесый беріп алғыс білдірді.
Есептік кезең ішінде жастар ісі жөніндегі ведомствоаралық кеңестің 4 отырысы, жастардың әскери-патриоттық тәрбиелеу жөніндегі кеңесінің 4 отырысы, нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі комиссиясының 4 отырысы өткізілді.
№ 14 кәсіптік лицейінде «Студент атағын беру» атты іс-шара өткізілді. Биыл осы іс-шара ерекше болып салтанатты да, көтеріңкі өтіп, баршалардың есте қалатын болып қалды. Мерекенің аяғында студенттерге арнайы сертификаттар табысталды.
Бос орындар жәрменкелерді өткізу – жұмыссыздық деңгейін төмендетуге және жұмыссыздарды жұмысқа орналастырудың жақсаруына жәрдемдеседі. 2009 жыл ішінде ауданда 1 бос орындар жәрменкесі өткізілді. Оған 15 ұйым мен кәсіпорын қатысты. Жәрменкеге келіп кеткен 15 адам өзіннің жұмысқа орналастыру мәселесін шешті. Жәрменкенің өту барысында өтініш білдіргендердің барлығы еңбек заңнамасының әр түрлі сұрақтар бойынша кеңес алды.
26 қараша күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің жастар тәжірибесі қатысушылармен кездесу өтті. Іс-шараға жастар тәжірибесінің 27 қатысушы мен 26 жұмыс беруші қатысты. Кездесу аяғында әрбір қатысушыға естелік сыйлық табыс етілді. «Перекресток» ҚБ жаттықтырушылар өткізген жұмысқа орналасу мәселесі жөніндегі тренингі кездесудің қорытындысы болды. Іс-шараның демеушісі «Федоров ауданының жастар орталығы» ҚБ.
Өткен мерзімі ішінде ауданда салауатты өмір салтын насихаттау және жаппай спортты дамыту мақсатында 322 спорттық іс-шара өткізілді, оған 23019 адам қатысты (2008 жылғы осы кезеңінде 228 іс-шара өткізіліп, оған 21745 адам қатысты). 2009 жыл ішінде спорттық іс-шараларды өткізуге бөлінген бюджеттік қаражаттар сомасы 811,0 мың теңгені құрады. Есеп мерзімі ішінде аудан бойынша келесі жаппай спорттық іс-шаралар өткізілді:
-
Шаңғы спорттың аудандық фестивалі
-
Жазғы президенттік көпсайыстан аудандық жарыстар
-
Біздің жерлесіміз Кеңес Одағының Батыры Г.М. Кравцовты еске алу жеңіл атлетикалық жарыс
-
Ат спорты мерекесі
-
Жеңіл атлетикадан аудандық чемпионаты
-
«Федоровские новости» газеттің жүлдесіне эстафета
-
«Тың-Целина-2009» аудандық спартакиадасы
-
Денсаулық фестивалі
-
Қазақстан Республикасының мото жарыстан біріншіліктің Қостанай облысы кубогына 3 кезеңі
-
Аудан орталығы ұйымдар, мекемелер, кәсіпорындар қызметкерлерінің жылсайынғы ведомствоаралық спартакиада және т.б.
2009 жылдың қазан-өараша айларында ауданда «Ішімдікті пайдаланудан бас тарту күні» акциясымен бірге «Біз ішімдіксіз салауатты өмір салты үшін» атты ақпараттық науқаны кеңінен өткізілді. Акция барысында 362 адам қатысқан 19 тренинг өткізіліп, 403 адам қатысқан 21 дәріс оқылды және 598 адам қатысқан 36 әңгіме өтті.
Желтоқсан айында аудан жастары, мектептер мен лицей оқушылары арасында жыныстық қатынас жолымен жұғатын аурулардың (ЖҚЖЖА), АҚТҚ/ЖҚТБ-ның алдын алу жөніндегі ақпараттық десант өтті. Мектептердің 196 оқытушы арасында алдын алу және оқыту жұмыстар жүргізілді. Жұмыстар барысында пайдаланылған ақпараттық материалдардың барлығы саны – 1250.
«Федоров ауданының
ішкі саясат бөлімі»
ММ бастығы қолы қойылған Г. Шестаков
Орынд. Шаптала Л.Ю.
Тел. 22316
Достарыңызбен бөлісу: |