«Жалғызiлiктi, жалғыз тұратын қарттарға, бөгде адамның күтiмiне және жәрдемiне мұқтаж мүгедектерге және мүгедек балаларға үйде әлеуметтiк қызмет көрсетуге құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттік қызмет стандарты



Дата28.06.2016
өлшемі84.42 Kb.
#163836


Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2011 жылғы 7 сәуірдегі

№ 394 қаулысымен

бекітілген

«Жалғызiлiктi, жалғыз тұратын қарттарға, бөгде адамның күтiмiне және жәрдемiне мұқтаж мүгедектерге және мүгедек балаларға үйде әлеуметтiк қызмет көрсетуге құжаттарды ресiмдеу»

мемлекеттік қызмет стандарты


  1. Жалпы ережелер

1. Мемлекеттік қызметті тізбесі, мекенжайлары осы «Жалғызiлiктi, жалғыз тұратын қарттарға, бөгде адамның күтiмiне және жәрдемiне мұқтаж мүгедектерге және мүгедек балаларға үйде әлеуметтiк қызмет көрсетуге құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттік қызмет стандартына (бұдан әрі – стандарт) 1-қосымшада көрсетілген Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері (бұдан әрі – уәкілетті орган), сондай-ақ балама негізде халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі – орталық) көрсетеді. Орталықтардың мекенжайлары осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 23-бабының 1-тармағы, «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Заңының 11-бабы 1-тармағының 3) тармақшасы, 13-бабы 1-тармағының 1) тармақшасы, «Арнаулы әлеуметтiк қызметтердің кепiлдік берілген көлемінің тiзбесін бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 наурыздағы № 330 қаулысының 1-тармағы, «Халықты әлеуметтiк қорғау саласында арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсету стандарттарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2010 жылғы 6 желтоқсандағы № 394-ө бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілер тізілімінде № 6714 тіркелген) негізінде ұсынылады.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және қажетті құжаттар туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің: http:/www.enbek.gov.kz интернет-ресурсында, уәкілетті органның, орталық стенділерінде, ресми ақпарат көздерінде орналастырылады, сондай-ақ нөмірлері осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген орталықтың ақпараттық-анықтамалық қызметінің телефоны арқылы алуға болады.

5. Тұтынушы алатын көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі үйде әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттарды ресімдеу туралы хабарлама не қызмет көрсетуден бас тарту туралы қағаз жеткізгіштегі дәлелді жауап болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға: оңалтудың жеке бағдарламасына немесе медициналық ұйымның қорытындысына сәйкес бөгде адамның күтіміне және әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға (бұдан әрі – тұтынушылар):

1) жалғызiлiктi, жалғыз тұратын бірінші, екінші топтағы мүгедектер мен қарттарға;

2) отбасында тұратын тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедек балаларға;

3) отбасында тұратын психоневрологиялық патологиясы бар мүгедек балаларға;

4) отбасында тұратын психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан адамдарға көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

1) мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері тұтынушы осы стандарттың 11-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап:

уәкілетті органға – он төрт жұмыс күні ішінде;

орталыққа – он төрт жұмыс күні ішінде (мемлекеттік қызметтің құжатын (нәтиже) қабылдау және беру күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді);

2) тұтынушы жүгінген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға дейін күтудің ең көп рұқсат етілген уақыты (талон алғанға дейін) 30 минуттан аспайды;

3) тұтынушы жүгінген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті тұтынушыға қызмет көрсетудің ең көп рұқсат етілген уақыты уәкілетті органда 15 минуттан, орталықта 30 минуттан аспайды.

8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

9. Жұмыс кестесі:

1) уәкілетті органның:

демалыс (сенбі, жексенбі) және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен, күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.

Қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде жүзеге асырылады.

2) орталықтың:

күн сайын үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін, орталықтың филиалдары мен өкілдіктерінде: мереке және демалыс күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін.

Қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусiз, «электронды» кезек тәртiбiмен жүзеге асырылады.

10. Мемлекеттік қызмет:

1) тұтынушының тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органның үй-жайларында көрсетіледі, онда орындықтар, үстелдер, толтырылған бланк үлгілері ілінген ақпараттық стенділер бар, мүмкіндігі шектеулі өтініш берушілерге қызмет көрсету үшін жағдай көзделген;

2) залында анықтама бюросы, кресло, толтырылған бланк үлгілері ілінген ақпарат стенділері бар орталықтың үй-жайында көрсетіледі, мүмкіндіктері шектеулі өтініш берушілерге қызмет көрсетуге жағдай көзделген.

Уәкілетті органның және орталықтың үй-жайлары санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға, ғимараттардың қауіпсіздігіне, өртке қарсы қойылатын талаптарға сай келеді, күзету және сигнал берумен жарақттандырылған, үй-жайға кіру режимі – еркін.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі
11. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы мынадай құжаттарды тапсырады:


  1. тұтынушының жазбаша өтініші, ал кәмелет жасқа толмаған және әрекетке қабілетсіз адамдарға – заңды өкілінің (баланың ата-анасының біреуінің, қамқоршысының, қорғаншының) жазбаша өтініші немесе белгіленген нысандағы медициналық қолдаухаты;

  2. баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі немесе жеке куәлігі;

  3. тұрғылықты жерінен анықтама немесе азаматтарды тіркеу кітапшасының көшірмесі;

  4. мүгедектігі туралы анықтаманың көшірмесі (қарттар үшін талап етілмейді);

  5. белгіленген нысан бойынша медициналық карта;

  6. мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасынан үзінді көшірмесін (қарттар үшін талап етілмейді);

  7. зейнеткер жастағы адамдар үшін – зейнеткер куәлігі;

  8. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерi және соларға теңестiрiлген адамдар үшін Ұлы Отан соғысының мүгедегі, қатысушысы және соларға теңестiрiлген адамдардың мәртебесін растайтын куәлік.

Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары қайтарылуға жатады.

12. Уәкілетті органда өтініш пен медициналық картаның нысандары күту залындағы арнайы тағанда орналастырылады не құжаттарды қабылдайтын қызметкерде болады.

Орталықта өтініш пен медициналық картаның нысандары күту залындағы арнайы тағанда орналастырылады.

13. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті толтырылған өтініштің, медициналық картаның нысандары мен басқа да құжаттар электрондық поштасының мекенжайы, заңды мекенжайы, телефоны осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген уәкілетті органның жауапты адамына тапсырылады. Жауапты адамның кабинетінің нөмірі туралы мәліметтер уәкілетті органның мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі ақпараты орналастырылған стенділерінде орналасқан.

Мемлекеттік қызмет орталық арқылы көрсетілгенде құжаттар «терезелердің» мақсаттары мен орындайтын функциялары туралы ақпарат орналастырылған «терезелер» арқылы қабылданады, сондай-ақ орталық инспекторының тегі, аты, әкесінің аты және лауазымы көрсетіледі.

14. Барлық қажетті құжаттарды тапсырғаннан кейін тұтынушыға:

1) уәкілетті органда – өтініш берушінің тіркелген және мемлекеттік қызметті алу күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон беріледі;

2) орталықта:

өтініштің нөмірі және қабылданған күні;

сұратылған мемлекеттік қызметтің түрі;

қоса берілген құжаттардың саны мен атаулары;

құжаттарды беру күні, уақыты және орны;

құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған орталық инспекторының тегі, аты, әкесінің аты көрсетілген тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

15. Үйде әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттарды ресімдеу туралы хабарламаны не бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауапты жеткізу:

1) уәкілетті органға жүгінген кезде – тұтынушы тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органға өзі келген кезде не пошта байланысы арқылы;

2) орталыққа жүгінген кезде – тұтынушы тұрғылықты жері бойынша Орталыққа өзі келген кезде қолхат негізінде онда көрсетілген мерзімде күн сайын «терезелер» арқылы жүзеге асырылады.

16. Мемлекеттік қызметті көрсетуден мынадай негіздер бойынша бас тартылады:

1) үйде әлеуметтік қызмет көрсету үшін қабылдауға тұтынушыда медициналық қарсы көрсетілімдердің болуы;

2) осы мемлекеттік қызметті көрсету үшін талап етілетін құжаттардың бірінің болмауы;

3) көрінеу жалған құжаттама беру.

Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұру үшін негіздемелер жоқ.

Мемлекеттік қызмет орталық арқылы жүзеге асырылған кезде уәкілетті орган жоғарыда көрсетілген себептер бойынша бас тарту себебін жазбаша жауаппен дәлелдейді және құжаттар пакетін алғаннан кейін он үшінші жұмыс күні құжаттарды қайтарады және кейін өтініш берушіге беру үшін бас тарту себебін көрсете отырып, орталыққа хабарлама жібереді.



3. Жұмыс қағидаттары
17. Уәкілетті орган мен орталық қызметі адамның конституциялық құқықтарының, қызметтiк борышын атқару кезінде заңдылықтың сақталуына негiзделедi және сыпайылық, толық ақпараттың берілуін, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарында жүзеге асырылады.

4. Жұмыс нәтижелері
18. Тұтынушыларға мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелері осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

19. Уәкілетті органның, орталықтың жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапасы мен тиімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәндері Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің тиісті бұйрығымен жыл сайын бекітіледі.



5. Шағымдану тәртібі
20. Уәкілетті лауазымды адамдардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымданудың тәртібін түсіндіретін және шағымды дайындауға жәрдем көрсететін мемлекеттік органның атауы, оның заңды мекенжайы, электрондық поштасының мекенжайы, телефон нөмірі осы стандартқа 1, 4-қосымшаларда көрсетілген.

Орталық қызметкерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген орталықтың ақпараттық-анықтамалық қызметінің телефондары арқылы түсіндіріледі.

21. Көрсетілген қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайларда шағым осы мемлекеттік қызметті көрсетудің ұйымдастырылуына жауапты мемлекеттік орган басшысының атына беріледі, олардың атауы, жұмыс кестесі және электрондық мекенжайы осы стандартқа 4-қосымшада көрсетілген.

22. Қызмет дөрекі көрсетілген жағдайларда шағым, кабинет нөмірі уәкілетті органның, облыс, Астана мен Алматы қалалары әкімі аппаратының, орталықтың ақпараттық стендісінде көрсетілген уәкілетті органның, облыс, Астана мен Алматы қалалары әкімі аппаратының және орталық басшысының атына беріледі. Уәкілетті органның жұмыс кестесі, заңды мекенжайы, телефоны, электронды поштасының мекенжайы, облыс, Астана мен Алматы қалаларының әкімі аппаратының, орталықтың телефоны мен орналасқан мекенжайы осы стандартқа 1, 2, 5-қосымшаларда көрсетілген.

23. Көрсетілген қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда тұтынушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

24. Жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, әкесінің аты, пошталық мекенжайы көрсетіледі. Шағымға тұтынушының қолы қойылған болуға тиіс. Шағым берілгенде қызметіне шағым жасалатын субъектінің атауы немесе лауазымды адамның лауазымы, тегі мен аты-жөні, өтініш беру және талап ету себептері көрсетіледі.

25. Жазбаша шағым берген өтініш берушіге берілген шағымға жауап алуға болатын күні және уақыты, шағымды қарау барысы туралы білуге болатын лауазымды адамның байланыс деректері көрсетілген талон беріледі.

26. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, сол жақ жағалау, Орынбор көшесі, № 8 үй, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, интернет-ресурсы: http:/www.enbek.gov.kz.



_______________________________



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет