«Жалын» жалпы білім беру мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Абдрешова
Меруерт Сайлауқызы
Баяндама тақырыбы:
Күтілетін нәтижелерін
бағалау жүйесінің түрлері
Жоспары:
- Бағалау жүйесі туралы түсініктер
- Бағалаудың түрлері
- Бағалаудың балдық жүйелері
Қазіргі таңдағы өзекті де, өткір мәселелердің бірі оқушылардың білім сапасын арттыру, оқыту мәселесін жақсарту болып отыр. Соған байланысты оқушылардың білім бағасына және сол білімді бақылау жүйесі жайлы құжат «Жалпы білім және кәсіптік бағдар беретін мектеп реформасының негізгі бағыттарында» бұл мәселеге жоғары мән берілуде. Қазақстан Республикасының білім туралы заңында білім беру – бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, ақыл-ой, мәдени дамуының жоғары деңгейін және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған оқыту мен тәрбие берудің үздіксіз процесі деп көрсетілген. Еркін елдің ертеңі кемел білім мен кенен ғылымда деп Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай, кемел білім мен кенен ғылымды игеру үшін білімді ұрпақ қажет. Келер ұрпақты білімді ету үшін әрине, білім сапасын арттыру қажет. Ал білім сапасы оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау арқылы белгіленеді, яғни бағалау- білім сапасын басқарудың негізгі критерийі.
Оқушы жетістігін нақты бағалау мәселесі - білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелердің бірі. Көптеген жылдар бойы оқушы жетістігі басқа оқушы жетістігімен салыстырмалы түрде бағаланып келді. Бұл жағдайда білім алуға деген қызығушылықты жоғарылатуға мүмкіндік жасайтын бағалаудың нақты критерийлері, мұғалім мен оқушы арасындағы кері байланыс болмады. Бағалау-одан арғы оқу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин. «Бағалау» термині«жақын отыру» латын тіліндегі мағынада - бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін-өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін немесе тәртібін мұқият бақылауы болып табылады. Критериалды бағалау дегеніміз не?
Қалыптастырушы бағалау ҚМЖ-да
көрініс табады. Яғни , сабақтың
өн бойында жүріп отырады. 10 балдық
жүйемен бағаланады. Бұл бағалаудың ерекшелігі: бала өзінің қай сатыда тұрғанын және жоғары деңгейге қалай жететінін біледі.
0 балл – қанағаттанарлықсыз
1-2 балл–қанағаттанарлықтан төмен
3 балл - қанағаттанарлық
4 балл- қанағаттанарлықтан жоғары
5 балл – жеткілікті жақсы
6 балл –жақсы
7 балл- өте жақсы
8 балл үздікке жақын
9 балл- үздік
10 балл – өте үздік
БЖБ- бөлім бойынша бақылау
ТЖБ - тоқсан бойынша жиынтық
Бақылау
Қазіргі таңда екі бағалаудың түрі де электронды журналға қойылады.
Достарыңызбен бөлісу: |