Сабақтың типі: Білім мен іскерлікті игеру. Сабақтың түрі: дәстүрлі Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ- жауап



бет1/2
Дата08.03.2023
өлшемі20.16 Kb.
#470512
түріСабақ
  1   2
Сабақтың тақырыбы


Сабақтың тақырыбы: Құрақ құрау өнері.


Сабақтың мақсаты:  1. Құрақ құрудың техникасын түсіндіріп, құрақтың түрлерін дайында жолдарын үйрету.
2. Оқушылардың ізденімпаздық, шығармашылық қабілетін дамытып, сабаққа қызығушылығын және өздігінен ойлау қабілетін арттыру.
3. Оқушыларды үнемділікке, ұқыптылыққа, талғампаздыққа, іскерлікке, ертеден келе жатқан салт- дәстүрін білуге тәрбиелеу.


Сабақтың типі: Білім мен іскерлікті игеру.
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ- жауап.
Сабақтың көрнекілігі: нұсқау картасы, құрақ көрпеше, буклет, үлгілер, компьютермен жасалған слайдта.
Қажетті құралдар: мата қиындысы, ине- жіп, қайшы.
Пәнаралық байланыс: математика, дүниетану, сурет.
Сабақтың барысы:


І. Ұйымдастыру бөлімі. Балалармен амандасу, түгендеу, қажетті құралдарды тексеру, сабаққа даярлау.
ІІ. Өткен тақырыпты еске түсіру.
Өткен сабағымызда қағаздан үлгілер дайындағанбыз, бүгін сол үлгілермен құрақ құраймыз. Балалар енді матамен жұмыс кезінде құрал- жабдықтар пайдаланамыз. Сол құралдарды атап өтейік. Сызғыш, қайшы, ине- жіп, оймақ, бор, карандаш.
ІІІ. Актуальдау.
Енді балалар матадан әртүрлі бұйымдар жасайтынын білеміз. Мата қиындыларын да іске асыруға болады екен. Бүгінгі сабағымыз сол қиындылардан құрақ құрау. 1. Оны қалай құраймыз, түрлері қандай? 2. Соны түсініп алайық.
ІV. Жаңа сабақ. Құрақ өрнек құрастыру. Өрнектер құрудың техникасы.
Әр халықтың ұлт екенін айыратын үш негізгі арнасы бар:
* тіл өнері;
* саз өнері;
* қол өнері;
Халқымыздың қолөнері деп халық тұрмысында жиі қолданылатын өру, тігу, тоқу, мүсіндеу, құрастыру сияқты шығармашылық жиынтығын айтамыз. Солардың ішінде ертеден келе жатқан өнер, апаларымыз тігетін құрақ құраудың да өзіндік тарихы бар.
Құрақ – мата қалдықтарынан жасалатын үй бұйымдарының бірі. Құрақты қазақ халқы тек төсеніш ретінде ғана емес, сонымен бірге сәндік үшін пайдаланған. Әжелеріміз ешқандай геометрияны оқымаса да түрлі фигуралардан тұратын құрақты сәндеп құрай білген, ежелгі мәдениетіміз тек сәнді емес,үнемді де болған. Бүгінгі күнде де құрақ бұйымынсыз бір де бір қазақтың үйі жоқ.
Құрақ құрау аса шеберлікті қажет етеді.
Құрақ құрағанда матаны дұрыс таңдау қажет. Мата түстері мынадай ұлттық ұғымды білдіреді.

- қызыл түс- гүлдің, қызғалдақтың, көктемнің белгісін білдіреді;


- сары түс –күннің белгісін білдіреді;
- көк түс – аспанның, судың белгісін білдіреді;
- жасыл түс –даланың көгал шөбінің, жердің белгісін білдіреді.
«Құрақ құрау да өнер» демекші бұл құрақ құрау ертеден келе жатқан қолөнердің өзіндік мәні жоғалмай, сақталып келе жатқан өнердің бірі. Халықтың қолданбалы қолөнерінен бастау алған сәндік тәсіл. Құрақ дегеніміз түр түсі әртүрлі геометриялық пішіні әр алуан матадан, мата қалдықтарынан құрастырылатын өрнек.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет