АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІ БОЙЫНША
Б Ұ Й Р Ы Қ
Ақтөбе қаласы № 236 «25» наурыз 2011 жыл
Жалпы білім беретін мектептердегі
оқушыларға патриоттық тәрбие
беру деңгейін зерттеу туралы
Қалалық білім бөлімінің 2010-2011 оқу жылына арналған үйлестіру жоспары негізінде
Б Ұ Й Ы Р А М Ы Н:
-
2010-2011 оқу жылының үйлестіру жоспарында көрсетілген тәрбиенің кешенді бағдарламасы шеңберінде, 2011 жылдың 5-9 сәуір аралығында мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие беру деңгейін зерттеу жұмыстары жүргізілсін.
-
Мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие беру деңгейін зерттеу жұмыстары мына мектептерде жүргізілсін: № 4 ОМ, № 22 ОМ, № 23 ОМЛ, № 24 ЛМГ, № 27 КОМ, № 37 ОМ, № 39 ОМ, № 41 ОМ, Заречный МБ, Ақтөбе ОМ, Елек ОМ, Благодар ОМ, Пригород ОМ, Новый ОМ, Россовхоз ОМ, Аз қамтылған отбасы балаларына арналған мектеп-интернат, Садовый БМ, Ақшат БМ, Ақшат БМ.
-
Мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие беру деңгейін зерттеу үшін төмендегі құрамда жұмыс тобы құрылсын:
1. Бақытжанова Г. Ш. - ҚҒӘО-тың әдіскері;
2. Жүрсінбаева М. Ө. - № 15 ОМ директорының орынбасары;
3. Мусина Г. Қ. - № 32 ОМГ директорының орынбасары;
4. Тюлюкбаева Г. К. - № 28 ОМ директорының орынбасары;
5. Лобанова Л. Г. - № 2 ОАМ директорының орынбасары;
6. Естілеуова А.С. - № 47 ОМ директорының орынбасары;
-
Жұмыс тобының жұмыс кестесі (№1қосымша) және зерттеу жұмыстарының мазмұны (№ 2 қосымша) бекітілсін.
-
Жұмыс тобы мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие беру деңгейін анықтау жұмыстарының қорытындысын 2011 жылдың 12 сәуірінде ҚББ-не тапсырсын.
-
№ 2 АОМ (Акимова Т.), № 15 ОМ (Енсепбаев Б.), № 28 ОМ (Қорғамбекова Р.), № 32 ОМГ (Малайдар М.), № 47 ОМ (Жаксыбаева А.), директорлары бұйрықта аты-жөні көрсетілген мектеп директорларының орынбасарларын 2011 жылдың 5-9 сәуір аралығында еңбек ақысын сақтай отырып жұмыстан босатсын.
-
Осы бұйрықтың орындалуын бақылау қалалық білім бөлімі бастығының орынбасары Р. Н. Тастанбаеваға жүктелсін.
Ақтөбе қаласы білім бөлімі
бастығының міндетін атқарушы Л. Уразбаева
№ 1 қосымша
Жұмыс кестесі
№
|
Мектеп атауы
|
Зерттеу жұмысының күні
|
1.
|
№ 41 ОМ, Пригород ОМ, Ақтөбе ОМ
Аз қамтылған отбасы балаларына арналған мектеп-интернат
|
05. 04. 2011 ж.
|
2.
|
Елек ОМ, Садовый ОМ, Новый ОМ,
Россовхоз ОМ
|
06. 04. 2011 ж.
|
3.
|
Ақшат БМ, Ақжар БМ, Заречный МБ,
Благодар ОМ
|
07. 04. 2011 ж.
|
4.
|
№ 23 ОМЛ, № 4 ОМ, № 37 ОМ, № 39 ОМ
|
08. 04. 2011 ж.
|
5.
|
№ 24 ЛМГ, № 22 ОМ, № 27 КОМ
|
09. 04. 2011 ж.
|
№ 2 қосымша
Зерттеу жұмыстарының мазмұны
-
Тәрбие жұмысының құқықтық-нормативтік құжаттармен қамтамасыз етілуі.
-
Мектептегі тәрбие жұмысының жоспарлануы және жүзеге асыру барысы (патриоттық тәрбие бағытындағы іс-шаралар).
-
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған іс-шаралардың жоспарлануы және оның жүзеге асырылу барысы.
-
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне құрметпен қарауды қалыптастыру жұмыстары.
-
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін заңнамалық талаптарға сай орналастыру мәселесі.
-
Патриоттық тәрбие бағытындағы мәселелердің кеңестер мен отырыстар, жиналыстарда қаралуы және қабылданған шешімдердің жүзеге асырылуы.
Достарыңызбен бөлісу: |