Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы


Оқу пәнінің 4-сыныптағы базалық білім мазмұны



бет14/76
Дата09.06.2016
өлшемі4.66 Mb.
#123802
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   76

5. Оқу пәнінің 4-сыныптағы базалық білім мазмұны

      45. Еңбекке баулу пәнінің білім мазмұны екі бөлімнен тұрады:


      1) техникалық еңбек. Қағаз және қатырма қағаз, тоқыма материалдар, табиғи материалдармен жұмыс, техникалық модельдеу үлгілері.
      2) көркем еңбек. Көркем еңбек туралы білік пен дағдыларын кеңейту.
      46. «Техникалық еңбек» бөліміне 42 сағат берілген.
      47. Қағаз және қатырма қағазбен жұмыс (12 сағат):
      1) қатырма қағаз туралы қысқаша мағлұмат. Қатырма қағаздың жасалуы және оның түрлері;
      2) қатырма қағаздың жай қағаздан айырмашылығы, оны пайдалану мақсаты. Қатырма қағазбен жұмыс кезінде қауіпсіздік ережені сақтау;
      3) қатырма қағазға түрлі өрнектер салу және оны қию. Оюдың жасалу тәсілі;
      4) модель құрастыру. Модельді құрастыру тәсілі, қажетті құрал-жабдықтар;
      5) қатырма қағаздан тоқылатын бұйымдар құрастыру.
      48. Тоқыма материалдармен жұмыс (12 сағат):
      1) мата түрлері, олардың алыну жолдары, пайдаланылуы, қасиеттері туралы білімдерін тереңдету;
      2) табиғи және жасанды маталар. Жасанды маталар, олардың ерекшелігі, қасиеттері және алыну жолдары;
      3) қол тігісі түрлері (көркемдік тігістер);
      4) жіппен бейнелеу тәсілімен таныстыру. Қажетті құрал-жабдықтар. Қауіпсіздік және санитарлық-гигиеналық ережені сақтау;
      5) жұмсақ ойыншықтар тігу. Ойыншықтың пішініне талдау жасап, оның бөлшектерін атау. Материал таңдап, оны жұмысқа дайындау;
      6) бөлшектерін пішу, біріктіріп тігу. Жеке бөлшектеріне пішін беру.
      49. Табиғи материалдармен жұмыс (12 сағат):
      1) табиғи материалдардың түрлері және одан жасалатын бұйымдар. Санитарлық-гигиеналық ереже;
      2) табиғи материалдардан панно, композиция, түрлі бұйымдар жасау. Қажетті материалдар, құрал-жабдықтар, орындау реті;
      3) кептірілген өсімдіктермен орындалатын жұмыс түрлері;
      4) тал шыбығынан қарапайым бұйым тоқу;
      5) тоқу технологиясы.
      50. Техникалық модельдеу (6 сағат):
      1) түрлі материалдардан модельдеу. Қажетті материалдар мен құрал-жабдықтар. Қауіпсіздік ереже;
      2) пластмасса қорабынан әсем ойыншықтар жасау. Ойыншықтарды жасау тәсілі;
      3) «Лего» құрастырғыш бөлшектерінен модельдер құрастыру.
      51. «Көркем еңбек» бөліміне 24 сағат берілген.
      52. Ұлттық киімдер мен бұйымдар (12 сағат):
      1) қатырма қағаз, мата, фольганы қолданып қазақтың ұлттық қуыршағын, ұлттық бас киімдерінің түрлерін жасау;
      2) ұлттық бұйымдар: сырмақ сыру, түскиіз, жастықша тігу және т.б. Қажетті құрал-материалдар және оны орындау тәсілі;
      3) үй жиһаздары – сандық, диван, стол, жүкаяқ, кебеже жасау. Заттардың қолданылуы, тұрмыста атқаратын қызметі туралы қысқаша мәлімет;
      4) ермексаздан музыка аспаптарын, аттың ер-тұманын жасау. Санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау;
      5) қазақ халқының музыка аспаптары, ат әбзелдері туралы тарихи шолу.
      53. Әртүрлі материалдардан бұйымдар құрастыру (12 сағат):
      1) әртүрлі материалдар (былғары, пластмасса, тері, сумоншақ, қамыс, мамық материалдар, синтетикалық материалдар (паралон, пенопласт) және т.б.) туралы қысқаша мағлұмат беру;
      2) әртүрлі материалдардан бұйымдар жасау: гүлдер, ойыншықтар, қасық, кәмпит, гүл салатын ыдыстар, және т.б.;
      3) композиция және панно құрастыру. Қауіпсіздік техникасы ережесін сақтау, санитарлық-гигиеналық талаптарды орындау.
      54. Қорытынды. Шығармашылық жұмыс (2 сағат).

6. 1-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

      55. Пәндік нәтиже бойынша 1-сыныптың соңында оқушылар:


      1) қазақтың ұлттық киімдері, зергерлік бұйымдары туралы қысқаша мағлұматты;
      2) еңбек сабағына қажетті құралдар мен материалдардың атауын.
      56. 1-сыныптың соңында оқушылар:
      1) табиғи материалдардан қарапайым бұйымдар жасауды;
      2) ермексаздан түрлі мүсіндеме жасауды, оның жасалу жолдарын;
      3) үлгі бойынша қағаздан түрлі ойыншықтар, аппликация, құрамақтар құрастыруды меңгеруі қажет.

7. 2-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

      57. Пәндік нәтиже бойынша 2-сыныптың соңында оқушылар:


      1) пайдаланатын материалдардың қасиеттерін анықтауды;
      2) қайшы және инемен жұмыс істеу қауіпсіздік техникасын;
      3) жіптен, баудан жасалатын заттар туралы;
      4) ұлттық зергерлік бұйымдары мен ою-өрнектер туралы қысқаша мағлұматтарды;
      5) матадан ойыншықтар жасау ретін;
      6) қағаздың адам және өндірістегі рөлі туралы;
      7) сызба үшін қолданылатын құралдарын атауларын;
      8) тамбур тігісінің түрлерін;
      9) мата туралы қысқаша мағлұматты.
      58. 2-сыныптың соңында оқушылар:
      1) қағаздан аппликация құрастыруды;
      2) модельдерді құрастыруды;
      3) үлгі бойынша қағаз және сымнан сәндік бұйымдар жасауды;
      4) ермексаздан сурет-сызба бойынша сомдауды меңгеруі қажет;
      5) түйме қадауды;
      6) табиғи материалдарды таңдауды және үлгі бойынша құрастыруды.

8. 3-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

      59. Пәндік нәтиже бойынша 3-сыныптың соңында оқушылар:


      1) табиғат және адам қолымен жасалған заттар туралы;
      2) қағаздың адам өмірі, өндіріс мекемесі үшін рөлі туралы;
      3) сызбада қолданатын құралдардың атауын;
      4) мата туралы мағлұматты;
      5) ұсақ моншақ шығу тарихынан қысқаша мағлұматты.
      60. 3-сыныптың соңында оқушылар:
      1) қағаз және қатырма қағаздан түрлі бұйымдар, геометриялық пішіндер, ойыншықтар, ұлттық киім үлгілерін құрастыруды;
      2) үлгі бойынша легоқұрастырғыш бөлшектерінен ұшақ, зымыран құрастыруды;
      3) ермексаздан ұлттық нақыштағы ыдыстар, әшекейлі бұйымдар жасауды;
      4) қуыршаққа арналған киімдер модельдеуді меңгеруі қажет.

9. 4-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

      61. Пәндік нәтиже бойынша 4-сыныптың соңында оқушылар:


      1) еңбек сабағына қажетті материалдар мен құрал-жабдықтар атауын;
      2) қатырма қағазды пайдалану мақсатын білуі қажет.
      62. 4-сыныптың соңында оқушылар:
      1) қатырма қағаз, мата, фольга, ермексаз, пластмасса немесе шыны бөтелкесі, түймелер, жіп, ұсақ моншақтардан тоқылатын бұйымдар, жаңа жылдық маска, композиция, панно, бағдарлама көлемінде берілген басқа да түрлі заттар жасауды;
      2) матадан қарапайым ойыншықтар жасау мен киім үлгісін пішу және тігуді;
      3) кесте тігу түрлерін, жіпті түйіндеуді;
      4) кептірілген өсімдіктерден панно жасауды меңгеруі қажет.
      63. Тұлғалық нәтижелер оқушылардың:
      1) түрлі ойыншықтар, құрамақтар және аппликация жасау кезінде қауіпсіздік ережесі мен санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау білімінен;
      2) еңбек сабағында қарым-қатынас жасай білу дағдысынан;
      3) еңбекке деген ынта-ықылас білігінен;
      4) қазақ халқының ою-өрнегі, ұлттық зергерлік бұйымдар, ұлттық киімдер мен салт-дәстүрге құрметпен қарау білімінен;
      5) түрлі тақырыптағы композиция, мозаика құрастыру, бұйымдар жасау дағдысынан;
      6) қазақтың ұлттық үй жиһазы, музыка аспаптары, ат әбзелдері туралы білімінен көрінеді.
      64. Жүйелі-әрекеттік нәтижелер оқушылардың:
      1) көркем және техникалық қабілеттілігі бойынша жеткен жетістігі мен түрлі әдістерді қолдану білігінен;
      2) бұйымдарды құрастыруда қарапайым дағдыларды пайдаланудан;
      3) еңбекке қажетті құралдар мен материалдарды дұрыс қолдану дағдысынан;
      4) әртүрлі материалдардан бұйымдар, фигуралар құрастыру және модельдеу білігінен;
      5) бұйымдарды бірізділікпен орындау дағдыларынан көрініс табуы қажет.

Қазақстан Республикасы    


Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 3 сәуірдегі   
№ 115 бұйрығына      
12-қосымша         

Бастауыш білім беру деңгейінің 1-4 сыныптары үшін
«Дене шынықтыру» пәнінен типтік оқу бағдарламасы


1. Түсінік хат

      1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.


      2. Пәнді оқыту тұлғаны қалыптастыру, танымдық белсенділігінің дамуына бағытталған.
      3. Оқу бағдарламасының мазмұны оқушы, қоғам мен жанұя сұраныстарын ескере, қазіргі педагогикалық ғылым жетістіктерін айқындайды.
      4. Оқыту мақсаты:
      1) қимыл-қозғалыс негіздерін игеру арқылы оқушылардың дене мәдениетін қалыптастыру;
      2) өз денсаулықтарына ықтиярлықпен қараудың қажеттілігін қалыптастыру;
      3) физикалық және психикалық қасиеттерінің толық дамуы;
      4) салауатты өмір салтын ұйымдастыруда дене тәрбиесі құралдарын шығармашылық жолмен қолдану.
      5. Оқыту міндеттері:
      1) оқушылардың денсаулықтарын нығайту, дене бітімдерін жақсарту, жалпақтабандылықтың алдын-алу; дененің қимыл-қозғалыс әрекеттерін белсенді және өзбетінше жасауға тәрбиелеу;
      2) денсаулықты сақтау мен нығайтуға қатысы бар дене тәрбиесі саласының білім жүйесін қалыптастыру;
      3) дене шынықтыру сапаларын: күштілік, жылдамдық, төзімділік, ептілік, иілгіштік және қимыл-қозғалыс үйлесімділігін дамыту;
      4) акробатикалық, гимнастикалық, жеңіл атлетикалық және басқа да жалпы дамыту бағытындағы алуан-түрлі дене жаттығулар кешенін үйрету;
      5) жеке тұлғаның әлеуметтік маңызы бар қасиеттерін тәрбиелеу, адамгершілік және жігер сапаларын дамыту, эстетикалық талғамын және мәдениеттілік дағдыларын қалыптастыру;
      6) жеке гигиена, күн тәртібі, дене жаттығуларының ағзаға тигізетін әсері, жұмыс істеу қабілеті мен қимыл-қозғалыс қабілеттерін дамыту секілді қарапайым білім деңгейін қалыптастыру.
      6. Бағдарлама екі бөлімнен тұрады: «Дене шынықтыру туралы білім (ақпараттық компонент)» және «Әрекет етудің жан-жақты және пәндік әдістерін қалыптастыру (әрекеттік компонент)».
      7. Бастауыш мектептегі дене шынықтырудың педагогикалық жүйесін ұйымдастырудың негізгі түрі:
      1) дене шынықтыру сабақтары;
      2) оқу күндерінде ұйымдастырылатын және сауықтыру іс-шаралары;
      3) спорттық жарыстар мен мерекелік шаралар;
      4) спорттық үйірмелерде шұғылдану;
      5) дене жаттығуларымен өздігімен шұғылдану (үй тапсырмалары) болып табылады.
      8. Сабақтарды өткізу процесінде келесі оқу пәндерімен байланыс орнатылады:
      1) «Қазақ тілі және әдебиет»: өлең жолдарын қозғалмалы ойындарды ұйымдастыруға қолдану;
      2) «Қоршаған орта»: оқушы жаттығуларды орындау кезінде өзінің ағзасындағы мүшелер, дене бөліктері, табиғатта болатын маусымдық өзгерістер туралы мәліметтермен танысады; тән гигиенасы, киімді таза ұстау ережелерін игереді; жүгіру және түрлі ойын кездерінде уақыт туралы түсінік қалыптасады.
      3) «Математика»: оқушы сантиметр, метр, шақырым, секунд және т.б. өлшем бірліктерімен танысады;
      4) «Музыка»: оқушы қимыл-қозғалыстарды екпінмен, ырғақпен орындауды үйренеді;
      5) «Бейнелеу өнері»: оқушы көрсетілген жаттығуларды орындау үшін бейнелі суреттерді қолдануды үйренеді;
      6) «Еңбекке баулу»: өзіндік іс-әрекеттерді ұйымдастыруды үйренеді.
      9. Типтік оқу жоспарына сәйкес пән бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
      1) 1-сынып – аптасына 2 сағат (барлығы 66 сағат);
      2) 2-сынып – аптасына 2 сағат (барлығы 68 сағат);
      3) 3-сынып – аптасына 2 сағат (барлығы 68 сағат);
      4) 4-сынып – аптасына 2 сағат (барлығы 68 сағат) құрайды.
      10. Оқушылардың дене шынықтыру дайындық деңгейіне қойылатын талаптар бөліммен аяқталады, оқушылардың үлгерімдерін бағалауын, бастауыш сыныпты аяқтайтын әр оқушының міндетті түрде меңгеруі тиіс білім мазмұнын көрсетеді.
      11. Бағдарламалық талаптар үш түрлі аспектімен бағаланады: пәндік, тұлғалық, жүйелік-әрекеттер нәтижелерімен.

2. Оқу пәнінің 1-сыныптағы базалық білім мазмұны

      12. Курс мазмұны келесі бөлімдерден тұрады:


      1) тақырыптық жоспар:

кесте 1


Бағдарлама түрлері

Бағдарлама бөлімдері

Оқу тоқсандары

1

2

3

4



Базалық

1. Жеңіл атлетика

5

-

-

5

10

2. Қозғалмалы ойындар

4

4

6

5

19

3. Гимнастика

5

6

4

-

15

4. Шаңғы (қарсыз аудандарда (оңтүстік өңірлер) шаңғы дайындығының орнына таза ауада қозғалмалы ойындарды өткізу ұсынылады)

-

-

8

-

8

5. Жүзу (жүзу сабағын өткізу мүмкін болмаған жағдайда, оның орнына гимнастика сабағын өткізу ұсынылады)

-

-

-

4

4

Базалық компонент бойынша сағаттар саны:

14

10

18

14

56

Вариативті

1. Аймақтың климаттық жағдайына байланысты

4

4

-

2

10

2. Мұғалімнің таңдауы бойынша (ұлттық ойын түрлерін қолдану)

Вариативті компонент бойынша сағаттар саны:

4

4

-

2

10

Оқу жылы бойынша сағаттар саны ():

18

14

18

16

66

      13. Білім негіздері: оқушылардың спорт залдары мен спорт алаңдарында қимыл-қозғалыс ережелерін сақтау тәртібі, күн тәртібін сақтау және жеке бас гигиенасы, дене жаттығуларының адам денсаулығы үшін маңызы, оқу бағдарламасында берілген жаттығуларды орындау кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау, шынығудың ағзаны сауықтырудағы маңызы.
      14. Қимыл-қозғалыс біліктіліктері мен дағдылары: гимнастика, саптық жаттығулар, бастапқы қалып, сапқа, қатарға және колоннаға тұру. «Сапқа тұр!», «Түзел!», «Тік тұр!», «Еркін тұр!» пәрмендері, бір орында, оңға, солға, адымдап бұрылулар, шеңберде, қатарда, колоннада тұрып ажырау және қосылу. «Оңға!», «Солға!», «Бір орында адымда!», «Адымда!», «Жүгіре бас!», «Сынып, тоқта!» пәрмендері, колоннада жүру: еденге сызылған белгілер бойынша аяқ ұшымен, өкшемен, жүрелей, толығымен отырып жүру; дұрыс мүсінді (дене бітімін) сақтап жүру; қолды түрлі қалыпта ұстап жүру:
      1) спорттық құралдармен (доп, шығыршық, секіргіш) және құралдарсыз орындалатын жалпы дамыту жаттығулары, қол және аяқтың негізгі қалыптары; қол, аяқ және кеудемен орындалатын негізгі қимыл-қозғалыстар;
      2) дұрыс мүсінді қалыптастыратын жаттығулар, тыныс алу жаттығулары;
      3) өрмелеу, гимнастикалық қабырғаға өрмелеп шығу және түсу; гимнастикалық орындыққа өрмелеу және астынан өту; көлденең және еңіс орнатылған гимнастикалық орындықта тізерлеп өрмелеу, ішпен жатып оң және сол аяқты кезегімен асырып гимнастикалық орындықтан асып түсу;
      4) тепе-теңдік жаттығулары: бір орында, гимнастикалық орындықтың үстімен жүру, бұрылу және жүрелей отыру, еңіс орнатылған гимнастикалық орындықтың және аласа бөрененің үстімен жүру;
      5) акробатикалық жаттығулар: таянулар (жүрелей отырып, жатып, бүгіліп, отырып арттан таяну, арқамен жатып білекпен таяну), отыру түрлері (өкшемен, «бұрыш» қалпын ұстап), жинақталып отыру және жинақталып жатып (арқада) алға-артқа тербелу, төсенішке арқамен жатып (қол жоғарыда) оң және сол жаққа аунау, би жаттығулары, ырғи адымдау, аяқты аяққа қосып қапталмен және жорғалай (аяқты жиі басып) адымдау;
      6) ойын түрлері және ойын түріндегі тапсырмалар: гимнастика және акробатика элементтерінен құрылған эстафеталар, өрмелеу арқылы түрлі кедергілерден өту.
      15. Жеңіл атлетика:
      1) жүгіру, жүрумен кезектестіре отырып 2 минут жүгіру немесе 1 шақырым қашықтықты өту, бағытты өзгертіп жүгіру (жыланша, шеңбермен, арқамен), түрлі бастапқы қалыпта тұрып жүгіру, жоғары сөрелік (старттан) қалыптан үдей жүгіру, 3х10 м қайталап жүгіру. 30 м жүгіру;
      2) бір орында тұрып бір және екі аяқпен секіру; алға ұмтыла және артқа секіру; бір орында тұрып оң және солға бұрыла секіру; 1-2 адым жасап ұзындыққа және биікке секіру; 30 см биіктіктен секіріп түсу;
      3) лақтырулар, шағын допты нысанаға лақтыру, үлкен және шағын доптарды лақтыру және қағып алу;
      4) жүгіру, секіру, лақтыру әрекеттерінен құрылған қозғалмалы ойындар;
      5) қозғалмалы ойындар: қимыл-қозғалыс сапаларын дамытуға арналған ойындар: «Бақшадағы қояндар», «Қуыспақ», «Мергендер», «Қарлығаштар мен қаршығалар», «Балапандар», «Өз жалаушаларыңа!», «Жылжыма өз орныңа тұр!» және т.б.;
      6) доппен өткізілетін ойындар: «Аңшылар мен үйректер», «Доп сайысы», «Доп шеңбермен», «Лақтыр да, қағып ал!» және т.б.
      16. Шаңғы:
      1) шаңғыны тасымалдау, шаңғының иыққа қойып саппен жүру, таяқтың көмегінсіз адымдап және сырғи қозғалу, бір орында және қозғалыста адымдап бұрылу, аласа дөңге адымдап көтерілу және негізгі тұру қалпында еңіске түсу;
      2) «Қақпадан өту», «Кім ұзағырақ сырғиды», «Тіркеме қозғалыс» және т.б. қозғалмалы ойындар мен эстафеталар.
      17. Жүзу:
      1) суға бой үйрету жаттығулары: суға баспен сүңгу, су түбінен түрлі заттарды алып шығу, суға дем шығару, «Жұлдызша», «Қалытқы» жаттығуларын тыныс алуды тоқтатып орындау;
      2) суда өткізілетін ойын түрлері: «Кім көп көбік шығарады», «Саусақ санамақ», «Кім биігірек секіреді», «Толқиды теңіз», «Суға кім жылдам тығылады» және т.б.

3. Оқу пәнінің 2-сыныптағы базалық білім мазмұны

      18. Курс мазмұны келесі бөлімдерден тұрады:


      1) тақырыптық жоспар
1 кесте

Бағдарлама түрлері

Бағдарлама бөлімдері

Оқу тоқсандары

1

2

3

4



Базалық

1. Жеңіл атлетика

6

-

-

6

12

2. Қозғалмалы ойындар

4

4

6

4

18

3. Гимнастика

4

6

6

-

16

4. Шаңғы (қарсыз аудандарда (оңтүстік өңірлер) шаңғы дайындығының орнына таза ауада қозғалмалы ойындарды өткізу ұсынылады)

-

-

8

-

8

5. Жүзу (жүзу сабағын өткізу мүмкін болмаған жағдайда, оның орнына гимнастика сабағын өткізу ұсынылады)

-

-

-

4

4

Базалық компонент бойынша сағаттар саны:

14

10

20

14

58

Вариативті

1. Аймақтың климаттық жағдайына байланысты

4

4

-

2

10

2. Мұғалімнің таңдауы бойынша (ұлттық ойын түрлерін қолдану)

Вариативті компонент бойынша сағаттар саны

4

4

-

2

10

Оқу жылы бойынша сағаттар саны: ()

18

14

20

16

68

      19. Білім негіздері:
      1) оқушының қимыл-қозғалыс тәртібі, таңертеңгілік гимнастика және дене жаттығуларымен таза ауда шұғылданудың маңызы, дене жаттығуларын орындау кезіндегі гигиеналық ережелер, жүгіру және шаңғы тебу кезіндегі тыныс алу түрлері;
      2) суға шомылу, ауа және күн ванналарын пайдалану ережелері;
      3) оқушылардың суға түсу кезінде қауіпсіздік ережелері сақтаулары.
      20. Қимыл-қозғалыс біліктіліктері мен дағдылары:
      1) гимнастика, алдыңғы сыныпта үйретілген оқу материалдарын қайталау, саптық жаттығулар, бір орында тұрып шеңбермен бұрылуды «Шеңбермен! Бір-екі» пәрмені бойынша бөліп орындау;
      2) бір колоннадан екі колоннаға және бір қатардан екі қатарға сап құру, колоннаға орналасып «қиғаштап» және «қарама-қарсы бағытта» қозғалуды түрлі арақашықтықпен және түрлі екпінмен орындау, спорттық құралдармен және құралдарсыз орындалатын жалпы дамыту жаттығулары;
      3) акробатикалық жаттығулар - аяқты бүгіп және тіктеп жауырынға тұру, жинақталып отырған қалыптан алға аунау, арқада жатып «көпір» қалпын қабылдау, етпеттеп жатқан қалыптан шалқайып аяқ ұшын басқа тигізу («қорапша» қалпы);
      4) тепе-теңдік жаттығулары - бөрене үстіне қойылған кедергілерден аттап жүру, өрмелеу жаттығулары, еңіс орнатылған орындық гимнастикалық орындыққа жүрелей отырып өрмелеу, көлденең және еңіс орнатылған гимнастикалық орындыққа етпеттеп жатып қолмен тартылу, биіктігі 60 см гимнастикалық бөренеден асып түсу;
      5) асылу және таяну - жатып асылған қалыпта орындалатын жаттығулар, таянып тұрған қалыпта орындалатын жаттығулар; түргеліп тұрып және жатып таянған қалыптан орындалатын жаттығулар, би жаттығулары, аяқпен орындалатын позициялар, алма-кезек адымдар;
      6) ойын түрлері және ойын түріндегі тапсырмалар - гимнастика және акробатика элементтерінен құрылған эстафеталар, өрмелеу арқылы кедергілерден өту.
      21. Жеңіл атлетика:
      1) алдыңғы сыныпта үйретілген оқу материалдарын қайталау, жүру және оның түрлері, жүгіру, жоғарғы сөре (старт), бағытты және екпінді өзгертіп жүгіру, қайталап 3х10 м жүгіру. 30 м жүгіру, уақытты есепке алмай 1000 м қашықтыққа жүгіру, секірулер, бір орында және 90о және 180о бұрылып секіру, бір орыннан ұзындыққа секіру, тік бағытпен жүгіріп келіп секіру, 40 см биіктіктен секіру, секіргішпен бір орында секіру, лақтырулар, көлденең және тік орнатылған нысанаға шағын допты лақтыру; «иықтан асыра» лақтыру тәсілімен алысқа лақтыру;
      2) жүгіру, секіру, лақтыру және эстафета түріндегі қозғалмалы ойындар, дала жарысы. Ойлы-қырлы жерлері аз далада табиғи кедергілерден өтіп жүгіру (1,5-2 шақырым), қозғалмалы ойындар, алдыңғы сыныпта үйретілген ойындар;
      3) қимыл-қозғалыс сапаларын дамытуға арналған ойындар - «Жылжымалы арқан», «Нөмірлерді шақыру», «Үйсіз қоян», «Орамал», «Ау» және қуыспақ ойындарының түрлері;
      4) доппен өткізілетін ойындар - «Доппен қуыспақ», «Нысанаға дәл тигізу», «Допты аяқпен тебе қозғалу», «Колоннада тұрып допты лақтыру», «Допты көршіге беру», «Допты өткізу» және т.б.
      22. Шаңғы:
      1) таяқпен итеріле сырғу, адымдап және сырғи шаңғы ізімен қозғалу, бір орында тұрып аяқтың өкшесін көтермей адымдай бұрылу, аласа дөңге адымдап, «шырша» және «баспалдақ» тәсілдерімен көтерілу, негізгі тұру қалпында еңіске түсу, «Соқаша» тежелу, шаңғымен 1 шақырым қашықтықты өту;
      2) қозғалмалы ойындар және қарама-қарсы эстафеталар: «Кім тауға бірінші болып шығады», «Кім таудан ұзағырақ сырғиды», «Шаңғы сайысы», «Қақпаға» және т.б.
      21. Жүзу:
      1) тыныс алу жаттығулары, «Жұлдызша» және «Қалытқы» қалпында демді ұстау жаттығулары, біреудің көмегімен немесе бассейннің жақтауынан ұстап етпеттеп және шалқалап жатып «жұлдызша» жаттығуын орындау, бассейннің жақтауынан ұстап жатып аяқпен кроль тәсілімен жүзу кезіндегі қимылдарды орындау;
      2) етпеттеп және шалқалап жатып сырғу, судағы ойындар - «Туннелге кіретін поезд», «Балықтар және ау», «Толқиды теңіз», «Су түбіне отыр», «Дельфиндер», «Торпедо» және т.б. су қарсылығын жеңуге, суда сырғу және сүңгуді үйрететін ойындар.
      22. 2-сынып оқушыларының қимыл-қозғалыс сапаларын игеру дағдыларын анықтауға арналған оқу нормативтері:
2 кесте



Қорытынды жаттығулар

ұлдар

қыздар

«5»

«4»

«3»

«5»

«4»

«3»

1.

3х10м қайталап жүгіру (с)

9,8

10,2

10,6

10,4

10,8

11,5

2.

30 м жоғары сөре (старт) жүгіру (с)

6,2

6,8

7,2

6,3

6,9

7,3

3.

1000 м жүгіру

уақыт есептелмейді

4.

6 м қашықтықтан допты нысанаға лақтыру (5 рет)

3

2

1

3

2

1

5.

Кермеде тартылу (рет)

3

2

1

-

-

-

6.

Асылып жатып аласа кермеде тартылу (рет)

-

-

-

8

6

4

7.

Шаңғымен 1 шқ жүру (мин, с)

8,30

9,00

9,30

9,00

9,30

10,00

8.

Қарсыз аудандарда 1000 м далалық жарыс (кросс)

уақыт есептелмейді

      23. 2-сынып оқушыларының дене дайындықтарын бағалау кестесі ұлдар
3 кесте

Сынақ түрлері

Дене дайындығының деңгейі

Х

төмен

орташадан төмен

орташа

орташадан жоғары

жоғары

30 м жүгіру

6,4

7,3

7,2 – 6,9

6,8 – 6,0

5,9 - 5,6

5,5

Бір орыннан ұзындыққа секіру

121,0

105

106 - 112

113 – 129

130 – 137

136

Нығыздалған допты екі қолмен бастан асыра лақтыру

253,0

158,0

159,0 - 205,0

206,0 – 300,0

302,0 – 347,0

348,0

3х10 қайталап жүгіру

10,4

11,7

11,6 – 11,1

11,0 – 9,8

9,7 – 9,2

9,1

Қолдың білезік буынының динамометриясы (оң қолмен)

11,7

7,0

8,0 – 9,0

10,0 - 14,0

15,0 – 16,0

17,0

      24. 2-сынып оқушыларының дене дайындықтарын бағалау кестесі (қыздар):
4 кесте

Сынақ түрлері

Дене дайындығының деңгейі

Х

төмен

орташадан төмен

орташа

орташадан жоғары

жоғары

30 м жүгіру

6,5

7,6

7,5 – 7,1

7,0 – 6,0

5,9 - 5,5

5,4

Бір орыннан ұзындыққа секіру

113,0

97

98 - 105

106 – 120

121 – 129

130

Нығыздалған допты екі қолмен бастан асыра лақтыру

218,0

128,0

126,0 - 168,0

169,0 – 255,0

256,0 – 298,0

299,0

3х10 қайталап жүгіру

10,7

12,1

12,0 – 11,5

11,4 – 10,4

10,3 – 9,7

9,6

Қолдың білезік буынының динамометриясы (оң қолмен)

9,6

5,0

5,5 – 7,0

7,5 - 12,5

13,0 – 14,5

13,5


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет