ПОӘК 042-14-5-02.01.20.51.03-2011
|
№ 1 баспа
|
беттің -беті
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
|
3 деңгейлі СМЖ құжаты
|
ОӘК
|
ПОӘК042-14-5-02.01.20.51.03 - 2011
|
«Мемлекет және құқық теориясы» пәнінің оқу-әдістемелік кешені
|
№1 басылым
2011ж
|
«МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТЕОРИЯСЫ»
ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Оқытушыған арналған оқу жұмыс бағдарламасы
«5В050301»- құқықтану мамандықтарына арналған
Семей
2011
Мазмұны
-
Глоссарий
-
Дәрістер
-
Практикалық сабақтар
-
Студенттердің өздік жұмысы
-
Глоссарий
№
|
Терминдік ұғым сөз
|
Ұғымдық мазмұны
|
1
|
«автономия»
|
Саяси құқықтық мәнде: втономды–территориалдық бөлік, әдетте, жергілікті мәнге ие мәселелерді, орталық өкімет белгілеген шеңберде, дербес, өз бетінше шеше алады. Гректің «autos»-өзі «nomos»-заң деген сөзінен шыққан
|
2
|
«авторлық құқық»
|
Азаматтық құқықтың ғылым, әдебиет және өнер т.б. туындыларын пайдалануға байланысты туындайтын қарым қатынастарды реттейтін саласы
|
3
|
«адвокат»
|
Заң мәселелері бойынша консультациялар мен түсіндірмелер, заңдар жөнінде ауызша және жазбаша анықтамалар беру; арыздар, шағымдар және құқықтық сипаттағы басқа да құжаттарды түзу, сотта, арбитражда және т.б.мемлекеттік органдарда азаматтық істер мен әкімшілік құқық бұушылық жөніндегі істерде өкілдік ету, қорғаушы, өкілі ретінде алдын-ала тергеуге және қылмыстық істер бойынша сотқа қатысуға кіреді
|
4
|
«әкімшілік құқық»
|
Мемлекеттік басқару органдарының ұйымдастыру, атқару, билік жүргізу процесінде пайда болатын қоғамдық қарым-қатынастарды реттеуші құқық саласы
|
5
|
«заңи акт»
|
Белгілі бір құқықтық нәтиже туындайтын, заңи ахуал жасайтын және бүкіл халықтың мүддесіне сай өндіріс тәсілдерін қалыптастыру,нығайту және дамыту мақсатымен қоғамдық қарым –қатынастарды жетілдіруге арналған ресми жазбаша құжат
|
6
|
«амнистия»
|
Қылмыс жасаған адамды жазасын өтеуден толықтай немесе ішінара босату, не әлгі адамға сот тағайындаған жазаны, жеңілірек жазаға ауыстыру. Сондай-ақ,бұрын жазасын өтеп шыққан адамның сотталғандығын алып тастауды көздеуі де мүмкін кейде әкімшілік немесе тәртіптік ретпен жазалануға тиіс қылық жасаған адамды босатуды да көздейді.
|
7
|
«апатрид»
|
Бейазамат–қандай да бір мемлекеттің азаматы болып саналмайтын адам. Гректің apatris, apoilis «атамекенінен,отанынан айырылған» деген созінен шыққан
|
8
|
«әкімшілік тұтқындау»
|
Әкімшілік құқық бұзушылықтың жекелеген түрлеріне кей реттерде қолданылатын әкімшілік жаза; оны 15 тәуліктік мерзімге шейін
|
9
|
«босқын»
|
Нәсілдік, не ұлттық тегіне, діни сеніміне, тіліне, сондай-ақ әлдебір әлеуметтік топқа не саяси иланымға қатысына бола зорлық –зомбылық көргендіктен немесе басқалай қиянатқа ұшырау қауіпі төнгендіктен өзі тұрақты өмір сүретін елден кетіп қалуға ниеттеніп өзге бір мемлекеттің террриториясына келген немесе келуге тілек білдірген, бірақ бұл елдің азаматтығын әлі алмаған адам.
|
10
|
«заттық құқық»
|
Субьективтік азаматтық құқық,оның обьектісі зат болып табылады.з.қ–ты иеленуші адам қандай да бір белгілі іс-әректке, басқа да міндетті адамдардың жәрдеміне жүгінбей-ақ, оны дербес өз бетінше жүзеге асыра алады.
|
11
|
«кінә»
|
Құқықта, өзінің құқққа қайшы мінез-құлық (іс әрекетіне немесе әрекетсіздігіне) мен оның зардабына, құқық бұзу құбылысының субьективтік жағынан адамның психикалық тұрғыдан қарым-қатынасы
|
12
|
«билік»
|
Өкімет жұртшылықтың құқықтық қарым-қатынастары барсында адамдардың санасы мен мінез-құлқына ұйымдасқан түрде әсер ете отырып, оларды ортақ мақсатқа жетуге бағыттау.
|
13
|
«қылмыстық іс қозғау»
|
Қылмыстық істің бастапқы сатысы, мұнда жасалған немесе әзірленген қылмыстар туралы алынған мәліметтерді қарап шығып, прокурор, тергеуші,анықтау органы, сот, судья немесе одан бас тарту т.б жөнінде шешім (қаулы, ұйғарым) қабылдайды.себеп (өтініш, хат, баспа сөздегіхабарлама, кінәсін мойындап келу,т.б) пен қылмыстың нышандарын көрсететін жеткілікті мәліметтер болған кезде ғана қылмыстық іс қозғалады.
|
14
|
«залалды өтеу»
|
Еңбек құқығында қызметкердің кәсіпорынға (мекемеге) шектірілген залалдың орнын заңмен белгіленген шекте және тәртіпте толтыру міндеттілігі. Осы залал үшін тәртіптік немесе өзгелей жауапкершілікке тартылған-тартылмағынына қарамастан қызметкер оның орнын толтыруға тиіс.
|
15
|
«адам құқыларының жалпыға бірдей декларациясы»
|
1948ж. 10желт. БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы қабылдаған, преамбула мен 30баптан тұратын бұл декларация мемлекеттерге «нәсілге, жынысқа, тіл мен дінге ажыратпай, адамның құқы мен баршаға арналған негізгі бостандықтарға құрметпен қарауды орнықтыру және дамыту жолында» ынтымақтасуды міндеттеген БҰҰ Жарғысын өрбітіп, нақтылай түскен құжат болып табылады. Халықаралық қарым-қатынастар тарихында тұңғыш рет адамның жалпыға бірдей сақталатын құқылары мен бостандықтарының шеңбері айқындалады
|
16
|
«кепілдік»
|
Азаматтық құқықта тек ұйымдардың арасындағы қарым-қатынаста ғана қолданылатын міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету тәсілдерінің бірі
|
17
|
«гипотеза»
|
Құқық нормаларының заңи құрлымдық бөлігі
|
18
|
«мемлекет басшысы»
|
Атқарушылық билік пен сыртқы байланыстар аясында мемлекеттің мәртебелі өкілі болып есептелетін мемлекеттегі жоғарғы лауазымды тұлға
|
19
|
«үкімет басшысы»
|
Мемлекеттің биліктің (өкімететтңің) жоғарғы атқарушы органның жетекшісі (басқарудың парламентарлық пішімі бар елдерде –премьер –министр, канцлер, ал президенттік республикада –президент)
|
20
|
«мемлекеттік құқық»
|
Елдердің қоғамдық құрлысы мен саясатының, азаматтарының құқықтық жағдайларының, олардың құқылармен бостандықтары,міндеттерінің негіздерін, мемлекет құрлысы мен оның мемлекеттік органдардының жүйесін бекіндіретін мемлекеттік –құқықтық нормалардың жиынтығы.
|
21
|
«мемлекеттік аппарат»
|
Нақты бір мемлекеттің мемлекеттік билігін, міндеттерін жүзеге асыратын мемлекет органдарының жүйесі;мемлекет механизмінің құрамдас бөлігі. М.а-тың қызметінің мазмұны, оның ұйымдастырылуы мен қызмет атқаруының принциптері, кадр құрамы, жұмыс пішімдері мен әдістері сол мемлекеттің міндеттерін атқарушының тиісті мұқтаждарымен айқындалды.
|
22
|
«азаматтық»
|
Нақты бір мемлекетке адамның саяси және құықтық жағынан тіленуі. Мемлекетпен және өзара оның билігі жүретін адаммен арадағы өзара қарым-қатынастар ретінде көрінеді:мемлекет азаматқа құқылар береді,қорғайды және шет елде жүргенде қамқорлығына алады.Өз кезегінде, азамат мемлекеттің заңдары мен басқалай нұсқауларын бұлжытпай сақтайды,әрі оның белгіленген міндеттемелерін орындайды. Мұндай құқылар мен міндеттердің жиынтығы азаматтығы жоқ адамнан ерекшелейтін саяси –құқықтық статусын құрайды.
|
23
|
«екі палаталы»
|
Жалпы ұлттық өкілетті мекемелердің –парламенттің құрлымы, мұндай кезде, парламент, негізінен, әрқалай құрылатын, әрі әртүрлі құзірет иеленетін екі (төменгі, жоғарғы) палатадан тұрады.
|
24
|
«демократия»
|
Қоғамды,мемлекет пен билікті басқарудың, саяси және әлеуметтік ұйымдастырудың негізгі тәсілдерінің бірі. Саяси режим тікелей не жанама түрде тілек білдіруі істеріне араласуына мүмкіндік береді.
|
24
|
«заң жобасы»
|
Жоғарғы заң шығарушы органның қарауы үшін немесе референдумға салу үшін әзірленген зааңның қабылдануға ұсыналытын мәтіні.
|
26
|
«талап»
|
Нұқсан келтірілген немесе даулы құқыларды немесе заңмен қорғалатын мүддені қорғаудың заңи құралы.Азаматтық істе талапты белгіленген заңдық тәртіппен кез келген мүдделі тұлға қоя алады.
|
27
|
«конституциялық құқық»
|
Мемлекеттік билік институттарының ұйымдық принциптері мен қызмет ету тәртібін,азаматтардың құқықтық ахуалы мен олардың мемлекетпен қарым -қатынасын реттейтін құқық саласы.
|
28
|
«конституция»
|
Нақты бір елдің қоғамдық, экономикалық басқару және адамдардың құқықтық ахуалын, жоғарғы және жергілікті өкімет пен басқару органдарының ұйымдық тәртібі мен құзіретін,сот билігін жүзеге асыруды,сайлау жүйесін ұйымдастыруды айқындаушы негізгі заң сол елдің құқықтық жүйесін қорғайтын бүкіл құқықтық жүйесін қорғайтын бүкіл нормативтік актілердің бәрінен де жоғарғы күш иеленді
|
29
|
«Жеке тұлға»
|
Көптеген елдердің азаматтық низамында-азаматтық құқықтың субьектісі ретіндегі жеке адам, осының өзі –оның ұжымдық құрлым (ұйым)
|
30
|
«заңды тұлға»
|
Азаматтардың құқықтың субьектісі меншік шаруашылығын жүргізуі немесе оперативті басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүліктпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін,өз атынан мүліктік және жеке бей мүліктік құқылар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта, арбитражда және төрелік сотта талапкер де жауапкер де бола алатын ұйым.
|
31
|
«монархия»
|
Кейбір мемлекетердегі басқару пішімі.Мұндай кезде жоғарғы мемлекеттік билік формалды (толық немесе ішінара) түрде мемлекет басшысының –монархтың дара билеуіне беріледі,монарх өкіметі, әдетте,тақ мұралау тәртібімен жалғасып отырады.Замани дәуірде көптеген елдерде қалыптасқан конституциялық М-дан абсолюттік М.өмір сүрген бұл халықтың құқық атаулыдан толық айырылып,өкілдік мекемелердің болмауымен және бүкіл мемлекеттік биліктің монарх қолына шоғырлануымен сипатталады.Конституциялық М.монарх билігін шектеу деңгейіне орай екі түрде салтанат құрады. Дуалистикалық және парламентарлық
|
32
|
«құқық нормасы»
|
Жалпыға міндеттілік күші бар, субьектілерге заңи құқылар мен міндеттер үлеститін, қоғамдық қарым-қатынастарды реттейтін және оны бұзған ретте жауапкершілікті көздейтін мемлекетт арасынан белгіленген немесе мақұлдаған жалпы сипаттағы мінез-құлық қағидасы.
|
33
|
«нормативтік акт»
|
Мемлекеттің уәкілетті органы қабылдайтын жазбаша ресми құжат,құқық нормаларын белгілейді,өзгертеді немесе алып тастайды.Н.А.-інің заңдық күші бар осыған байланысты болады.Жекелей мәндегі құқықтық актілерден (сот үкімімен жұмыстан шығару туралы кәсіпорын директорының бұйырығынан және т.б.) айырмашылығы.
|
34
|
«парламент»
|
Мемлекеттің низамшылық (заң шығарушылық) қызметін жүзеге асыратын жалпы ұлттық өкілетті мекеме.
|
35
|
«теріс қылық»
|
Нақты бір мемлекеттің заңы боынша тәртіптік немесе әкімшілік жауапкершілік арқалайтын құқық бұзушылықты білдіретін жинақтаушы атау.
|
36
|
қылмыстық нышандар (состав преступления) құрамы
|
Қылмыстық құқықта жасалған іс -әрекетті қылмыстың нақты түрі ретінде сипаттайтын заңмен белгіленген нышандар жиынтығы, қылмыстық жауакершілікке тартудың қажетті негіздемесі.
|
37
|
«құқық субьектісі»
|
Заң бойынша тікелей немесе өкілі арқылы құқылар мен заңи міндеттерді иеленуге және жүзеге асыруга қабілеті бар
|
38
|
«субьективті құқық»
|
Азаматық немесе ұйымның өз мүдделерін қанағаттандыруға байланысты нақты мақсатарға жетуді діттеген ықтимал мінез-құлқының заңдастырылған шарасы.
|
36
|
«егемендік»
|
Мемлекттің тәуелсіздігі елдің ішінде мемлекеттік биліктің үстемдік құруы және оның сыртқы саясат саласында ешкімге кіріптар болмауы.Мемлекеттік биліктің егемендік қасиеті ретінде үстемдік пен тәуелсіздік оның саяси құқықтық мәнін білдіреді және мемлекеттің ішкі және сыртқы саяси қызметінің сәйкестігі пішіндерінде көрініс табады.
|
40
|
«унитарлық мемлекет»
|
Мемлекеттің немесе ұлттық мемлекттің құрлымының пішімі мұндайда мемлекеттің территориясы әкімшілік –территориялық бірліктерге (облыстарға,округтарға,аудандарға, департаментерге және т.б) бөлінеді.
|
41
|
«құқық»
|
Ресми түрде танылған жеке және заңды тұлғалардың заңға сүйене отырып,әрекет жасау мүкіндігі; нормалардың жүйеге келтірілген жиынтығы.
|
42
|
«құқықтық сана»
|
Жүзеге асырылып жүрген заңдарға, оларды қолдануға, азаматардың құқықтары мен бостандықтарына және қалаулы құқыққа, басқа да құқықтық құбылыстарға құқық сезімдерінің, көз-қарастарының,пікірлерінің, бағаларының жүйесі
|
43
|
«құқықтық мәдениет»
|
нақты іс-қимыл, әрекет жасау үстіндегі заң қондырғысы компоненттерінің жиынтығы және құқық жөнінде, оның жүзеге асырылуы туралы, мемлекет органдарының, лауызым иелерінің іс-әрекеттері жөнінде адамдардың жалпы түсінігі мен пайымдаулары.
|
44
|
«мемлекет»
|
Қоғамның даму процесінен пайда болатын саяси ұйым
|
45
|
«мемлекттік аппарат»
|
Қоғамдық басқару үшін арнаулы құрылған мемлекет органдарының біртұтас жүйесі
|
46
|
«функция»
|
Заң ғылымында мемлекет пен құқықтың алдыңда тұрған мүдде- мақсаттарды, міндеттерді орындау қызметінің негізгі бағыттарын және оның әдіс –тәсілдерін анықтап,іске асыруды біріктіреді.
|
47
|
азаматтық қоғам»
|
Мемлекеттік құрлымнан тыс қалыптасатын әлеуметтік –экономикалық және мәдени –рухани қоғамдық қатынастар жиынтығы.
|
48
|
«әдет-ғұрып
|
Көне дәуірден тәжірбиеден өткен, қоғамға пайдалы нормалар,жазылған ережелер жиыны
|
49
|
инкорпорация
|
Нормалардың мазмұнын өзгертей сала-салға бөліп, альфавит бойынша, норманың шыққан уақытына сәйкес жүйеге келтіру
|
50
|
кодификация
|
Нормалардың мазмұның ұқсастығына қарай жіктеп,ғылыми тұрғыдан салаға, таруға, тақырыпқа, баптарға, бөліп, құқықтық нормалардың қолдануын жеңілдету.
|
51
|
консолидация
|
Нормативтік актілердің ішкі құрлысындағы кемшіліктерді, олқылықтарды, қайталауды жою жолы оларды біріктіріп, бір күрделі нормативтік актіге айналдыру
|
52
|
құқықтық қатынастар
|
Мемлекеттік кепілдіктегі екі жақты құқықтары мен міндеттері бар қоғамдық қатынас.
|
53
|
заңдылық
|
Мемлекеттің конституциясын, парламент қабылдаған заңдарын, президенттің заң күші бар жарлықтарын қатаң бақылап, оларға нұқсан келтіруге жол бермеу
|
2.Дәрістер
1-тақырып .Мемлекет және құқық теориясы
Мақсаты:Мемлекет және құқық теориясының жалпы теория ретіндегі түснігін, пән бойынша ерекшеліктерін ашу, жалпы теория туралы түсінік қалыптастыру
1.Жалпы теорияның пәні,оның мазмұны
2Жалпы теорияның реттеу әдістері
1.Әрбір ғылымның өзі зерттейтін пәні болады. Гегель айтқандай, пәнсіз ғылымның өзі де болмайды. Пән ғылымның өмір сүруге деген қүқығын белгілейді. Пәнмен қатар ғылымды жүргізу ғылымның объектісін бөліп көрсетеді. Объект дегеніміз — бір түрлі түтастық, ол зерттеледі және көптеген ғылымдармен зерттелуі мүмкін, ондағы сол ғылымдардың өз объектілері болады, яғни белгілі бөлім, «кесінді», орта — сол объектіде бөлінген проблематика. Сонымен, ғылымның пәні — бүл сол ғылымның зерттейтіні, қандай болмасын объектіде теориялық жағынан меңгереді.
Жалпы түрде қүқық пен мемлекет теориясының пәнін — бәріне бірдей мемлекеттік-құқықтық құбылыстар мен процестердің заңдылығы, қасиеті, жақтары, сипаттамасы ретінде айтуға болады. Қандай жағдайда болмасын, бүл проблематика — қүқық пен мемлекеттің жалпы теориясының пәнін қүратын міндетті бөлім. Сонымен бірге есепке алатынымыз, мемлекет пен қүқық теориясы әртүрлі деңгейде жалпылама жасалуы мүмкін және белгілі ортадағы мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың заңдылығы туралы әңгіме қозғауға болады. Мысалы, қүқық пен мемлекеттің әртүрлі кейіптері (типтері) туралы айтқанда.
Кейбір көзқарастар бойынша, қүқық пен мемлекет теориясының пәніне, тек заңдылықты ғана жатқызбай, кездейсоқтықты да жатқызу керек (профессор А. Б. Венгеров). Олай болса, кездей соқты да зерттеу керек, себебі, оны заңдылықтан бөліп көрсету керек. Қүқық пен мемлекет теориясының қалыптасуы білім жүйесі ретінде, дегенмен де, қүқық және мемлекет туралы жалпы мәліметтердің непзінде жүргізіледі.
Құқық пен мемлекет туралы айта келіп, ғылым мен оқулық пәнінің арасындағы айырмашылықты көрсете білу қажет. Оқулық пәні ғылымға негізделеді, онымен бірдей аталуы мүмкін, бірақ бүл әртүрлі жүйе, олардың әрқайсысының өз мақсаты және өзінің қүрылымы бар. Оқулық пәні дегеніміз, белгілі теориялық мәліметтер жүйесі, олар мамандарды дайындауға арналған нақтылы оқу бағдарламасына сай жасалады. Оқулық пәні ештеңені зерттемейді (оның өзі зерттеледі), сондықтан мынандай сипаттағы белгілері бар: пән және әдіс. Оқулық пәніне сай оның арнайыланған қүрылымын ғана айтуға болады және тек ғылыми мәліметтердің жазылу әдісін көрсетеміз. Сондықтан, профессор Бабаевтың пән мен әдісті, ғылымның пәні мен әдісін бірдей санауы, біздің ойымызша, дүрыс емес (Общая теория права, курс лекций, Нижний Новгород, 1993 с. 34).
Қүқық пен мемлекет теориясының пәні күрделі қүрылым және оның проблематикасын қүрады, сондықтан белгілі жағдайда топтастыруды қажет етеді. Қүқық пен мемлекет теориясын зерттеу мынандай сипаттауды болжайды:
а) құқық пен мемлекеттің негізін;
ә) құқық пен мемлекетке тән қандай болмасын жүйенің кейпінің жалпы белгісі;
б) құқық пен мемлекеттің (пайда болуындағы) жалпы генезисінің заңдылығы;
в) құқық пен мемлекеттің кейпі (типі) мен нысаны;
г)құқық пен мемлекеттің принциптерінің, даму тетігі мен қызметінің жалпы заңдылықтары;
ғ)құқық пен мемлекеттің бір-бірімен және басқа әлеуметтік қүбылыстардың байланысындағы жалпы заңдылықтар.
Көңіл аударатын нәрсе, құқық пен мемлекет пәніне жалпы оның «өзінің танымымен» байланысты проблематика жатады — оның пәнін, әдісін және ғылым жүйесіндегі орнын сипаттау, т.с.с. Яғни, қазіргі кездегі талқылауға түскен мәселелер.
Құқық пен мемлекет теориясының пәнінің белгілену қиындығы сонда, ол тек статикалық кездерді ғана қамтымай (мемлекет пен қүқықты), оның динамикасын қосып алады (яғни, қүқықтық реттеу процесін).
Сонымен қатар, есепке алатынымыз сол жағдай, яғни қүқық пен мемлекеттің жалпы теориясының пәні бір-бірімен тығыз байланыстағы екі пәннен қүралады, бірақ дербес теориялардан — қүқық пен мемлекеттің жалпы теориясынан. Бүл да осы ғылымның өзіне тән ерекшелігіне ізін қалдырады. Әрі қарай біздің ойымызша, қүқық пен мемлекеттің жалпы теориясы кешенді оқулық пәні ретінде өмір сүреді, себебі ол екі ғылымға сүйенеді — жалпы қүқық теориясына және жалпы мемлекет теориясына.
Профессор С. С. Алексеев жалпы қүқық теориясының пәнін былай бөлуді үсынады:
а) құқықтың заңдылығы;
ә) құқықтың догмасы — қүқық салаларының тікелей заңдылық мазмүны;
б)заңтанудың техникасы—заңды органдардың іс жүзіндегі жүмыстарындағы құралдармен жолдары,құқықтың шығармашылығы мен қүқықты қолдануы.
Бар көзқарастар бойынша, қүқық пен мемлекет теориясының пәніне — «негізгі мемлекеттік-қүқықтық түсініктер, барлық заң ғылымына ортақ» (профессор М. М. Байтин). Түтасымен алсақ, осы дүрыс, бірақ тек сол кезде, яғни қүқық пен мемлекет теориясын «өздігінен тануы» болғанда. Басқа барлық кездерде жалпы теориялық түсініктер, қорытындылар, конструкциялар пәнді жасаудың нәтижесі ретінде көрінеді және ғылымның тікелей ақпараттық жүйесіне, оның мазмүнына кіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |