Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы


Оқу пәнінің 8-сыныптағы базалық білім мазмұны



бет76/76
Дата09.06.2016
өлшемі4.66 Mb.
#123802
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   76

5. Оқу пәнінің 8-сыныптағы базалық білім мазмұны

      51. Оқыту орыс тілінде жүретін мектептерде аптасына 3 сағаттан, барлығы 102 сағат, оқыту ұйғыр, өзбек, тәжік тілдерінде жүргізілетін мектептерде аптасына 2 сағаттан, барлығы 68 сағат бөлінген.


      52. Курстың білім мазмұны төмендегідей тақырыптардан тұрады:
      53. Әлеуметтік-тұрмыстық ая – 32/24 сағат. «Отбасы сыйластығы» – 12/10 сағат:
      1) тілдік бөлім: құрмалас сөйлемдер. Сабақтас, салалас түрлері, ырықсыз етіс, ортақ етіс, бұйрық рай. Сын есімдер. Құрмалас сөйлемдер интонациясы. Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;
      2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:
      тыңдалым: отбасы сыйластығы туралы қысқа 1-2 минуттық әңгімелерді тыңдап түсіну;
      оқылым: тақырыпқа байланысты әңгімелер, мәтіндер оқу;
      айтылым: монологтік сөйлеу: жоспары, баратын жағы, істейтін ісі жайлы;
      жазылым: тақырыпқа қатысты әңгімелер жазу, өз ойын жазу;
      тілдесім: ұсынылған тақырып бойынша сөйлесу: диалог-сұхбат, сұрақ-жауап, сұрақ-мәлімет, ақылдасу, рұқсат сұрау, және т.б; Отбасы сыйластығына қатысты достарымен полилог-ойбөліс;
      3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: Қазақстандағы отбасы мүшелерінің сыйластығы мәселелері; тақырыпқа байланысты әңгімелесу.
      54. «Мен ата-анама көмектесемін» – 10/7 сағат:
      1) тілдік бөлім: құрамалас сабақтас салалас сөйлемдер. Етістер. Есімше. Құрмалас сөйлемдер интонациясы. Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;
      2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:
      тыңдалым: тақырыпқа қатысты кішігірім әңгімелерді тыңдап түсіну;
      оқылым: тақырыпқа қатысты мәтіндерді оқып, мазмұнын түсіндіру;
      айтылым: монологтік сөйлеу: жасаған ісі, істейтін ісі, күнделікті ісі, ертеңгі істейтін ісі және т.б. туралы айту;
      жазылым: әңгіме жазу, өз іс әрекеті туралы тақырыпқа байланысты жазу;
      тілдесім: ұсынылған тақырып бойынша сөйлесу. Ата-аналарына көмектескені туралы достарымен пікірлесу. Полилог-ойбөліс, диалог-сұхбат;
      3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: әртүрлі ұлт өкілі отбасында балалары әке-шешесіне қалай көмектесетіні туралы әңгімелер айту.
      55. «Асханада тамақ ішемін» – 10/7 сағат:
      1) тілдік бөлім: өтініш, тілек айтуға қатысты этикеттік орамдар. Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;
      2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:
      тыңдалым: тақырыпқа қатысты кішігірім әңгімелер тыңдап түсіну. Оқылым: тақырыпқа қатысты мәтіндерді оқу;
      айтылым: асханада ішкен тамағы туралы баяндау;
      жазылым: тақырыпқа байланысты әңгіме жазу, өз іс әрекеті туралы жазу;
      тілдесім: ұсынылған тақырып бойынша сөйлесу. Тамақтану әдебі туралы достарымен пікірлесу. Диалог-әңгіме, диалог-талқылау. Полилог-ойбөліс;
      3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: өзге ұлт өкілдерінің тамақ мәзірі, дағдысы туралы әңгімелесу.
      56. Әлеуметтік-мәдени ая – 46/30 сағат. «Қазақстан қалаларын аралағым келеді» – 16/10 сағат:
      1) тілдік бөлім: күрделі сөздер, біріккен сөздер. Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;
      2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:
      тыңдалым: тақырыпқа қатысты кішігірім әңгімелер тыңдап, түсіну;
      оқылым: тақырыпқа қатысты мәтіндерді оқу;
      айтылым: монологтік сөйлеу: қалалар туралы әңгіме айту, баяндау;
      жазылым: әңгіме жазу, өз іс әрекеті туралы тақырыпқа байланысты жазу;
      тілдесім: сұрақ-жауап, сұрақ-мәлімет диалогтары. Ұсынылған тақырып бойынша сөйлесу. Қазақстан қалалары туралы достарымен полилог-ойкөкпар. Диалог-әңгіме, диалог-талқылау;
      3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: басқа ұлт өкілдерімен Қазақстан қалалары туралы әңгімелесу.
      57. «Қазақстан балалар жазушылары» – 16/10 сағат:
      1) тілдік бөлім: тұйық етістік. Жалқы есімдер. Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;
      2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:
      тыңдалым: тақырыпқа қатысты кішігірім әңгімелерді тыңдап түсіну;
      оқылым: тақырыпқа қатысты мәтіндерді оқу;
      айтылым:монологтік сөйлеу: жазушының өмірбаяны туралы баяндау;
      жазылым: әңгіме жазу, өз іс әрекеті туралы тақырыпқа байланысты жазу;
      тілдесім: сұрақ-жауап, сұрақ-мәлімет диалогтары. Ұсынылған тақырып бойынша сөйлесу. Қазақстан балалар жазушылары мен олардың шығармалары туралы достарымен пікірлесу;
      3) мәдениетаралық қарым-қатынас: қазақ және орыс балалар жазушылары туралы пікірлесу.
      58. «Шарын» шатқалына бардың ба?» – 14/10 сағат:
      1) тілдік бөлім: туынды зат есімдер. Бұйрық рай. Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;
      2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:
      тыңдалым: тақырыпқа қатысты кішігірім әңгімелерді тыңдап түсіну (ұзақтығы 1-2 минут);
      оқылым: тақырыпқа қатысты мәтіндерді оқу;
      айтылым: өз ауылы /қаласы/облысының экологиясы туралы баяндау;
      жазылым: тақырыпқа байланысты әңгіме жазу, өз іс әрекеті туралы жазу;
      тілдесім: сұрақ-жауап, сұрақ-мәлімет диалогтары. Ұсынылған тақырып бойынша сөйлесу. Қазақстан экологиясы туралы достарымен пікірлесу;
      3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: табиғат туралы әр ұлт өкілдерінің мақал-мәтелдері.
      59. Оқу-еңбек аясы – 24/14 сағат. «Уақытты жоспарлап үйренейік» – 12/7 сағат:
      1) тілдік бөлім: біріккен сөздер. Модаль сөздер. Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;
      2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:
      тыңдалым: тақырыпқа қатысты кішігірім әңгімелерді (ұзақтығы 1-2 минут ) тыңдап түсіну;
      оқылым: тақырыпқа қатысты мәтіндер оқу;
      айтылым: монологтік сөйлеу: мектепте не істегенін, әдетте не істейтінін айту;
      жазылым: әңгіме жазу, өз іс әрекеті туралы тақырыпқа байланысты жазу;
      тілдесім: ұсынылған тақырып бойынша сөйлесу. Өзінің жұмыс күні туралы достарымен пікірлесу. Диалог-әңгіме, диалог-талқылау. Полилог-ойбөліс;
      3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: білім алуға қатысты қазақ халқының мақал -мәтелдері.
      60. «@-поштада қазақша сөйлесейік» – 12/7 сағат:
      1) тілдік бөлім: қимыл есімдері. Сын-қимыл үстеулері. Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;
      2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:
      тыңдалым: тақырыпқа қатысты кішігірім әңгімелерді (ұзақтығы 1-2 минут) тыңдап түсіну;
      оқылым: тақырыпқа қатысты мәтіндер оқу;
      айтылым: монологтік сөйлеу: е-поштамен не істегенін, әдетте не істейтінін айту, баяндау;
      жазылым: әңгіме жазу, өз іс әрекеті туралы тақырыпқа байланысты жазу;
      тілдесім: ұсынылған тақырып бойынша сөйлесу. Өзінің е- поштасы туралы достарымен пікірлесу. Диалог-әңгіме, диалог-талқылау. Полилог-ойталқы;
      3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: тілдік қарым-қатынасқа қатысты қазақ халқының мақал-мәтелдері.

6. Оқу пәнінің 9-сыныптағы базалық білім мазмұны

      61. Оқыту орыс тілінде жүретін мектептерде аптасына 3 сағаттан, барлығы 102 сағат, оқыту ұйғыр, өзбек, тәжік тілдерінде жүргізілетін мектептерде аптасына 2 сағаттан, барлығы 68 сағат бөлінген.


      62. Курстың білім мазмұны төмендегідей тақырыптардан тұрады:
      63. Әлеуметтік-тұрмыстық ая – 32/22 сағат. «Біз тату тұрамыз» – 16/11 сағат:
      1) тілдік бөлім: тұрақты тіркестер. Олардың сөйлем ішіндегі экспрессивті мәні. Кейінгі ықпалды қайталау. Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;
      2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:
      тыңдалым: мәтінді тыңдап, айтылған ойды түсіну. Қазақ отбасы туралы берілген сөйлемдерді түсіну және қолдану;
      оқылым: қазақ отбасы туралы мәтіндерді дұрыс оқу және түсіну. Болған жағдайға байланысты, сезімге әсер ететін сөздер мен сөйлемдердің мағынасын ұғу;
      айтылым: қазақ отбасы туралы өзіне таныс жағдайлар бойынша конструкцияларды пайдаланып өз ойын айту.
      жазылым: өзара байланысты қысқа мәтіндерді жазу. Қазақ отбасы туралы өзі білетін мәліметтерді қатыстырып сөйлем жаза білу, өз ойын қысқаша білдіре алу;
      тілдесім: қазақ отбасы жайындағы сұхбаттарға қатысу. Қазақ отбасы туралы көзқарасын айтып, пікір білдіру. Диалог-сұрақ. Диалог-мәлімет;
      3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: отбасы тәрбиесі туралы қысқа мәтіндер, өлеңдер.
      64. «Қазақ отбасында тұрғым келеді» – 16/11 сағат:
      1) тілдік бөлім: этнолингвистикалық атаулар. Көмекші есімдер. Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;
      2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:
      тыңдалым: қазақ отбасының ерекшелігі туралы мәтінді тыңдап, айтылған ойды түсіну;
      оқылым: мәтіндерді дұрыс оқу және түсіну;
      айтылым: қазақ отбасындағы өзара сыйласымдылық туралы пікір білдіру;
      жазылым: өзара байланысты қысқа мәтіндерді жазу. Өзі білетін мәліметтерді қатыстырып әңгіме жазу, өз ойын қысқаша білдіру;
      тілдесім: қазақ отбасы жайындағы сұхбаттарға қатысу. Диалог-сұрақ. Диалог-мәлімет. Өзіне таныс жағдайлар бойынша конструкцияларды пайдаланып сөйлесу;
      3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: ұсынылған қазақ отбасылары туралы мәтіндерді оқу.
      65. Әлеуметтік-мәдени ая – 48/32 сағат. «Сурет галлереясына барамыз» – 16/11 сағат:
      1) тілдік бөлім: қалау рай. Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;
      2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:
      тыңдалым: мәтінді тыңдап, айтылған ойды түсіну. Суретшілер туралы берілген сөйлемдерді түсіну және қолдану;
      оқылым: суретшілер, сурет көрмесі, картиналар туралы мәтіндерді дұрыс оқу және түсіну;
      айтылым: белгілі бір сурет туралы өз пікірін білдіру. Сурет галлереясындағы өзіне таныс жағдайлар бойынша конструкцияларды пайдаланып сөйлеу;
      жазылым: өзара байланысты қысқа мәтіндер жазу. Суретші мен суреттер туралы өзі білетін мәліметтерді қатыстырып сөйлем жазу, өз ойын қысқаша білдіру;
      тілдесім: сурет, суретшілер жайындағы сұхбаттарға қатысу. Диалог-сұрақ. Диалог-мәлімет;
      3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: Ә.Қастеевтің туындылары туралы пікір алмасу.
      66. «Мұражайға саяхат» – 16/11 сағат:
      1) тілдік бөлім: неологизмдер. Қос сөздер. Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;
      2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:
      тыңдалым: мәтінді тыңдап айтылған ойды түсіну. Мұражай туралы берілген сөйлемдерді түсіну және қолдану;
      оқылым: мұражай, мұражайдағы экспонаттар туралы мәтіндерді дұрыс оқу және түсіну;
      айтылым: ойын жеткізу барысында түрлі туындылар, экспонаттар жайлы айту. Мұражайдағы өзіне таныс жағдайлар бойынша конструкцияларды пайдаланып сөйлесу;
      жазылым: өзара байланысты қысқа мәтіндер жазу. Мұражай туралы өзі білетін мәліметтерді қатыстырып сөйлем жазу, өз ойын қысқаша жазбаша түрде білдіру;
      тілдесім: мұражай жайындағы сұхбаттарға қатысу. Диалог-сұрақ. Диалог-мәлімет. Диалогке қатысу;
      3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: ұлттық аспаптар мұражайы туралы әңгімелесу.
      67. «Мен ұнататын теле/радио хабар» – 16/10 сағат:
      1) тілдік бөлім: өздік етіс. Лепті сөйлемдер. Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер;
      2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:
      тыңдалым: мәтінді тыңдап айтылған ойды түсіну. Радио, теледидардан естіген сөйлемдерді түсіну және қолдану;
      оқылым: көрген, естіген ақпараттары туралы мәтіндерді дұрыс оқу, түсіну;
      айтылым: өзіне таныс жағдайлар бойынша конструкцияларды пайдаланып сөйлеу;
      жазылым: өзара байланысты қысқа мәтіндер жазу. Теледидардан көрген бағдарлама туралы жазу;
      тілдесім: теледидардан көрген, кино, бағдарламалар мен радиодан естіген жаңалықтар жайындағы сұхбаттарға қатысу. Диалог-сұрақ. Диалог-мәлімет;
      3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: Қазақстан телеарнасындағы танымдық бағдарлама туралы әңгімелесу.
      68. Оқу-еңбек аясы – 22/14 сағат. «Біздің елде орта мектепте білім алу. Қандай емтихандар тапсырамын?» – 11/7 сағат:
      1) тілдік бөлім: зат есім. Зат есімнен сын есім тудырушы жұрнақтар. Лексика: тақырыпқа қатысты тілдік бірліктер;
      2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:
      айтылым: ойын жеткізу барысында көрген, естіген мәліметтері жайлы айту. Өзіне таныс жағдайлар бойынша конструкцияларды пайдаланып сөйлеу;
      тыңдалым: мәтінді тыңдап айтылған ойды түсіну. Естіген сөйлемдерді түсіну, қолдана алу;
      оқылым: көрген, естіген ақпараттары туралы мәтіндерді дұрыс оқу және түсіну. Сөздер мен сөйлемдердің мағынасын ұғу;
      жазылым: өзара байланысты қысқа мәтіндер жазу. Өзі білетін мәліметтерді қатыстырып сөйлем жазу, өз ойын қысқаша білдіру;
      тілдесім: естіген, оқыған жаңалықтары жайындағы сұхбаттарға қатысу. Диалог-әңгіме, диалог-талқылау. Полилог-ойбөліс;
      3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: орыс тілді, қазақ тілді мектептерде оқылатын тілдер туралы әңгімелесу.
      69. «Менің арман мектебім» – 12/7 сағат:
      1) тілдік бөлім: мақсатты келер шақ. Лексика: тақырыпқа қатысты тілдік бірліктер;
      2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:
      тыңдалым: мәтінді тыңдап айтылған ойды түсіну. Естіген сөйлемдерді түсіну;
      оқылым: көрген, естіген ақпараттары туралы мәтіндерді дұрыс оқу және түсіну. Сөздер мен сөйлемдердің мағынасын ұғу;
      айтылым: ойын жеткізу барысында көрген, естіген мәліметтері жайлы айту. Өзіне таныс жағдайлар бойынша конструкцияларды пайдаланып сөйлесу.
      жазылым: өзара байланысты қысқа мәтіндер жазу. Мәтін бөліктеріне ат қойып, қысқаша мазмұндап жазу. Өзі білетін мәліметтерді қатыстырып сөйлем жазу, өз ойын қысқаша білдіру.
      тілдесім: естіген, оқыған жаңалықтары жайындағы сұхбаттарға қатысу. Диалог-сұрақ. Диалог-мәлімет;
      3) мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: сыныптағы оқушылар өз арман мектебі туралы ой алмасады.

7. 5-сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

      70. Пәндік нәтижелер бойынша 5-сыныптың соңында оқушылар:


      1) 600-620 лексикалық минимумды;
      2) сөз құрамын және түбірлес сөздерді ажыратуды;
      3) сөзжасамның негізгі (сөз тудырушы, сөз түрлендіруші) тәсілдерін;
      4) лексикалық минимум көлеміндегі сөздердің көптелу, тәуелдену, септелу, жіктелу ерекшеліктерін;
      5) етістіктің болымсыз түрін және «жоқ», «емес» сөздерін пайдалануды;
      6) жай сөйлем құру тәсілдерін;
      7) мәтіндегі сөздердің өзара байланысын, сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін;
      8) сөз тіркесінің сөзден, сөйлемнен өзгешелігін білуі тиіс.
      71. Сөйлесім әрекетінің түрлері бойынша:
      1) тыңдалым: жеке сөз тіркестерін және сөйлесу кезінде өзіне қатысты жиі қолданылған сөздерді; өзі және өз отбасы туралы, мектеп өмірі туралы, мекен жайы туралы, оқуы жайлы айтылған сөздерді; жай сөйлем түрінде қысқаша айтылған сөйлемдерді, хабарландыруларды түсіну дағдыларын;
      2) оқылым: қысқа, нақты, қарапайым мәтіндерді түсіну; өзіне таныс тақырыптар бойынша күнделікті қолданылатын сөйлемдерді тауып оқу; тақырып көлеміндегі мәтіндерден өзіне қажетті сөзді оқып түсіну; мәтіннен тірек сөздерді табу, ұқсас заттарды салыстыра сипаттау; қазақ тіліндегі өлеңдерді жаттау дағдыларын;
      3) айтылым: қарапайым сөздер мен сөз тіркестерін қолдана отырып, өз отбасы және басқа адамдар туралы, өздерінің өмірі, оқуы, мектебі жайлы айта алу; өз ойын қысқа сөйлемдер арқылы білдіру дағдыларын;
      4) жазылым: тақырыптар көлемінде қысқаша сөйлемдер мен хабарландырулар жазу; мәтіні оңай хат жазу; біреуге жазбаша алғыс білдіру; тақырып аясында түрлі мәліметтер жазу дағдыларын;
      5) тілдесім: қарапайым жағдаяттарда өзіне таныс тақырыптар бойынша қысқаша сөйлесе алу; күнделікті тұрмыста қолданылатын сұхбаттарды қысқаша сөйлемдер арқылы қолдай алу; еркін сөйлесу үшін қарапайым сөздер мен тіркестерін түсіну, диалог пен полилогке қатыса алу дағдыларын меңгеруі тиіс.

8. 6-сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

      72. Пәндік нәтиже бойынша 6-сыныптың соңында оқушылар:


      1) 720-740 лексикалық бірлікті;
      2) ұсынылған лексикалық бірліктердің мағыналарын;
      3) сөздің бір және көп мағыналы болатындығын;
      4) лексикалық минимумға кіретін қос сөздер, біріккен сөздердің жасалу жолдарын;
      5) тілдік қатынаста сөз құрамын ажыратуды, сөз таптарының (лексикалық бірліктер аясында) сөзжасамдық ерекшеліктерін;
      6) лексикалық минимум көлеміндегі сөздердің түрлену ерекшеліктерін;
      7) септік, тәуелдік, жіктік, көптік жалғауларын;
      8) етістіктің болымсыз түрін және «жоқ», «емес» сөздерін қолданатын жағдайларды;
      9) жай сөйлем құру тәсілдерін;
      10) сөйлемде үшін, туралы, сияқты атау септігін меңгеретін септеуліктерді;
      11) мәтіндегі жай сөйлемдердің байланысын;
      12) жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің қарапайым үлгілерін қатысымдық тұрғыда қолдану жолдарын білуі тиіс.
      73. Сөйлесім әрекетінің түрлері бойынша:
      1) тыңдалым: жеке сөз тіркестерін және сөйлесу кезінде өзіне қатысты жиі қолданылған сөздерді, жеке басына байланысты айтылған мәліметтерді, сұрақтарды түсіну (жасы, туған жері, тұратын жері, қызығушылығы, оқуы, сүйікті нәрселері); үнтаспадан тыңдаған қысқа хабарлардың дұрыс, бұрыстығын түсіну; өзінің достары, тұрған жерінің табиғаты және өз отбасы туралы, мектеп өмірі, сүйікті кейіпкерлері жайлы айтылған сөздерді түсіну; қысқаша айтылған хабарландырудағы ақпараттарды түсіну дағдыларын;
      2) оқылым: қысқа, нақты, қарапайым мәтіндерді түсіну; өзіне таныс тақырыптар бойынша күнделікті қолданылатын сөйлемдерді тауып оқи алу; түрлі жанрдағы мәтіндерді дауыс ырғағын, фонетикалық және орфоэпиялық ережелерді сақтай отырып, мәнерлеп және жүргізіп оқу; тақырып көлеміндегі мәтіндерден өзіне қажетті сөзді оқып түсіну; мәтіннің тақырыбы, берілген қосымша суреттер бойынша мәтіннің негізгі мазмұнын болжай немесе анықтай алу дағдыларын;
      3) айтылым: қажетті сөздер мен сөз тіркестерін қолдана отырып, өз отбасы және басқа адамдар туралы, олардың өмірі, оқуы, мектебі жайлы айта алу; жеке басы, отбасы, досы, жақсы көретін ісі, кейіпкері және мектептегі үйірмелері, Астана, өзі тұратын жердің табиғаты т.б. туралы әңгімелей білу; оқыған мәтін бойынша хабарлама жасау, өз ойын жеткізу дағдыларын;
      4) жазылым: қысқаша сөйлемдер мен хабарландырулар жаза алу; мәтіні оңай хат жазу; біреуге жазбаша алғыс білдіру; түрлі мәлімет жеткізе алу; оқыған мәліметтерді жазу; жеке басы, отбасы, досы, жақсы көретін спортшысы, әншісі т.б. туралы мәліметтерді қосып хат жазу; тірек сұрақтарға сүйене отырып, берілген тақырыпта шағын шығарма жазу дағдыларын;
      5) тілдесім: қарапайым жағдаяттарда өзіне таныс тақырыптар бойынша қысқаша сөйлесе алу; күнделікті тұрмыста қолданылатын сұхбаттарды қысқаша сөйлемдер арқылы қолдай алу; еркін сөйлесу үшін қарапайым сөздер мен тіркестерін түсіну; әңгімені бастау, жалғастыру және аяқтау; амандасу, қоштасу, танысу сияқты жағдаяттарда диалог құрау, полилогке қатысу дағдыларын меңгеруі тиіс.

9. 7-сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

      74. Пәндік нәтиже бойынша 7-сыныптың соңында оқушылар:


      1) 860-880 лексикалық минимумды;
      2) сөздерге қосымшаларды ретіне қарай дұрыс тіркеу жолдарын;
      3) туынды және күрделі сөздердің жасалуын;
      4) сөзжасамның негізгі (сөз тудырушы, сөз түрлендіруші) тәсілдерін;
      5) лексикалық минимум көлеміндегі сөздердің түрлену ерекшеліктерін;
      6) етістіктің болымды, болымсыз түрлерін ажырата;
      7) жай және құрмалас сөйлем құрудың қарапайым тәсілдерін;
      8) мәтіндегі,сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін;
      9) тұрақты сөз тіркестерінің қарапайым түрлерін білуі тиіс.
      75. Сөйлесім әрекетінің түрлері бойынша:
      1) тыңдалым: сөйлесу кезінде өзіне қатысты жиі қолданылған сөздерді, жеке басына байланысты айтылған мәліметтерді, сұрақтарды түсіну; отбасы мүшелерінің сөйлеу тілі, киім, өзінің сүйікті ісі, мектептегі үйірмелер, Интернет, т.б. туралы үнтаспадан тыңдаған қысқа хабарлардың дұрыс, бұрыстығын түсіну; қазақ тілін үйренуге, денсаулықты сақтауға қатысты айтылған сөздерді түсіну; қысқаша айтылған жарнамалар мен хабарландырудағы ақпараттарды түсіну дағдыларын;
      2) оқылым: қысқа, нақты, қарапайым мәтіндерді түсіну; өзіне таныс тақырыптар бойынша күнделікті қолданылатын сөйлемдерді тауып оқи алу; мәтінді оқу түрлерін (мәтінді шолып оқу, таныса оқу, ізденіп оқу, зерттей оқу); мәтіннен өзіне қажет мәліметтерді іріктей алу; тақырып көлеміндегі мәтіндерден өзіне қажетті ақпаратты оқып түсіне білу; мәтіннің тақырыбы мен берілген қосымша суреттер бойынша мәтіннің негізгі мазмұнын анықтай алу дағдыларын;
      3) айтылым: қажетті сөздер мен сөз тіркестерін қолдана отырып, өз отбасы және басқа адамдар туралы, олардың өмірі, оқуы, мектебі жайлы айта алу; өзінің қазақ тілін үйренуі, денсаулығына қатысты ой айту; белсенді лексикалық қорды пайдаланып сурет, сызба, кесте, карта бойынша шағын мәтін құрастыру; балаларға арналған компьютерлік ойындар, Интернет туралы хабарлама жасау; мектептегі үйірмелердің жұмысы, Астананың сипаты, т.б. туралы әңгімелеу; оқыған мәтін бойынша өз ойын жеткізе білу дағдыларын;
      4) жазылым: сурет, сызба, кесте, карта бойынша шағын мәтін құрастырып жаза алу; жеке басы, отбасы туралы мәліметті қажет ететін іс қағаздарын толтыра білу; жоспарланған іс-шара туралы хабарландыру жазу, оларды сипаттап жаза алу; біреуге жазбаша түрлі мәліметтерді жеткізе алу; оқыған мәліметтерді жазу; өзіне ұнайтын мәселелер туралы мәліметтерді қосып, хат жазу; тірек сұрақтарға сүйене отырып, берілген тақырыпта шағын шығарма жаза алу дағдыларын;
      5) тілдесім: қарапайым жағдаяттарда өзіне таныс тақырыптар бойынша қысқаша сөйлесе білу; күнделікті тұрмыста қолданылатын сұхбаттарды қысқаша сөйлемдер арқылы қолдай алу; әңгімені бастау, жалғастыру және аяқтау жолдарын ажырата алу; диалог түрлерінің құрылу жолдарын тауып (мысалы, сұрақ-жауаптан тұратын диалог, іс-әрекетке итермелейтін диалог, жаңа хабарды білуге бағытталған диалог т.б.), өз мақсатына қарай орынды пайдалану; жағдаятқа сай келісім білдіру, алғыс айту, кешірім сұрау, өтініш жасау дағдыларын меңгеруі тиіс.

10. 8-сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

      76. Пәндік нәтиже бойынша 8-сыныптың соңында оқушылар:


      1) 990-1020 лексикалық минимумды;
      2) сөздерге жұрнақ, жалғауларды дұрыс тіркеуді;
      3) туынды және қос сөз, қысқарған сөз, біріккен сөздердің ерекшеліктерін;
      4) сөз тудырушы, сөз түрлендіруші қосымшалардың мүмкіндіктерін;

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет