Ғалымдар
|
Пікірлері
|
Ю. П. Азаров
|
Тәрбиешінің шеберлігінің маңызы туралы айта келіп, оның мәнін төмендегіше ашады: «педагогикалық шеберліктің негізі бала тәрбиесінің заңдылығын білу болып табылады» дейді. Одан әрі шеберлікті құрайтын құрамдас бөліктерінің өзара әрекеті туралы айта келіп, шеберлікке берген анықтамасын дамыта түседі: «сезім мен техниканың өзара әрекеті педагогтың жеке тұлғаға немесе ұжымға жаппай эмоционалды образды ықпал жасауына әкелетінін айтады».
|
Н. К. Крупская
|
1932 жарыққа шыққан «Мұғалім туралы» деген мақаласында «үлгілі мұғалімнің мерилі» ретінде төмендегі критерийлерді анықтады: мұғалім өз пәнін, әрбір оқушыны, еңбекті ұйымдастырудың ғылыми негіздерін білуі керек, оқушының қабілетін оята білуі, оқытудың әдістемесін меңгеруі, оқу мен тәрбие жұмыстарын ұштастыра білуі, беделді бола білуі қажет.
|
А. И. Щербаков
|
Педагогикалық шеберлік – мұғалімнің ғылыми, әдістемелік өнерінің, білігі мен дағдысының, жеке қасиеттерінің үндесіп, үйлесуі деп санайды. Мұндай үйлесімді тұтас әдістемелік өнер тек шығармашылықпен ғана туындайтыны айдан анық. Бұл өнердің негізгі атрибуты – өз жұмысын үлкен жауапкершілікпен орындау дейді.
|
Н. В. Кузьмина
|
Педагогикалық шеберлікті маманның өз жұмыс жағдайын зерттеп, зерделей білуі, кәсіптік міндеттерін оңтайлы шешу үшін кәсіби біліктілікті меңгеруі деп анықтайды.
|
Ю. К. Бабанский
|
«мұғалім – кәсіби технологияны еркін меңгерумен, шығармашылығымен бала оқытуда және бала тәрбиелеуде ерекше шебер» деп көрсетті. Сондай –ақ автор педагог еңбегінің қарапайым қырларын дұрыс талдау және педагогтық оптималды шешім жасау мен оқушының жеке басы сияқты қасиеттерге тоқталады.
|
Павлютенкованың ойынша
|
Мұғалімнің кәсіби шеберлігін төмендегі компоненттер құрайды: а) тұлғаның мотивациялық саласы; ә) операциялық-техникалық саласы (интегралдық бірігу, жалпы арнайы білім мәнділігімен сипатталады); б) тұлғаның өзінөзі тануы.
|
В. А. Сластенин
|
Педагогикалық шеберлікке берген анықтамасы Ю. П. Азаровтың (1989) пікіріне жақын, ол педагогтық шеберлікті педагогикалық технологиямен өзара байланыстырады, дегенмен, ол тек операциялық компоненттерімен шектелмеуі керек, адамның жеке іскерлігі мен оның бойында педагогтік прцестің жоғары тиімділігін анықтайтын қасиеттерінің сабақтасып жатуы керек деген пікір айтады.
|