2-параграф. Оқыту мақсаттарының жүйесі
12. Бағдарламада «оқыту мақсаттары» төрт саннан тұратын кодтық белгімен белгіленді. Кодтық белгідегі бірінші сан сыныпты, екінші және үшінші сандар бөлім және бөлімше ретін, төртінші сан бөлімшедегі оқыту мақсатының реттік нөмірін көрсетеді. Мысалы, 10.2.1.4. кодында «10»-сынып, «2.1» – екінші бөлімнің бірінші бөлімшесі, «4» – оқыту мақсатының реттік саны.
1) Заттардың бөлшектері
Білім алушылар орындауы тиіс…
|
|
10-сынып
|
11-сынып
|
1.1 Атомдар, молекулалар және иондар
|
10.1.1.1 - құрамындағы химиялық элемент атомының массалық үлесі бойынша қосылыстың химиялық формуласын шығару
|
|
1.2 Атомның құрамы мен құрылысы
|
10.1.2.1 - атом құрылысының заманауи теориясын білу
10.1.2.2 - s, p, d, f орбитальдарының пішінін ажырату;
10.1.2.3 - радиоактивтілік табиғатын және радиоактивті изотоптардың қолданылуын түсіндіру
|
|
1.3 Атомда электрондардың қозғалысы және таралуы
|
10.1.3.1 - квант сандарының сипаттамасы мен мәндерін білу;
10.1.3.3 - алғашқы 36 химиялық элементтің электрондық конфигурациясын жазу
|
|
1.4 Химиялық байланыстың түрлері
|
10.1.4.1 - донор-акцепторлы және алмасу механизмі бойынша ковалентті байланыстың түзілуін түсіндіру;
10.1.4.2 - ковалентті байланыстың қасиеттерін сипаттау;
10.1.4.3 - әртүрлі гибридтелу түрлерінің мәнін түсіндіру;
10.1.4.4 - BF3, CH4, NH3, H2O, ВеСl2 мысалында молекуланың электронды және кеңістіктік құрылысына зат қасиетінің тәуелділігін түсіндіру
10.1.4.5 - иондық байланыстың қарама-қарсы зарядталған иондардың электростатикалық тартылуы нәтижесінде түзілетіндігін түсіну;
10.1.4.6 - металдық байланыстың табиғатын және оның металдардың физикалық қасиеттеріне әсерін түсіндіру;
10.1.4.7 - сутекті байланыстың түзілу механизмін түсіндіру;
10.1.4.8 - кристалл тор типтері және байланыс түрлері әртүрлі қосылыстардың қасиеттерін болжау
|
|
2) Химиялық реакциялардың жүру заңдылықтары
Білім алушылар орындауы тиіс…
|
|
10-сынып
|
11-сынып
|
2.1 Периодтық заң және период-тық жүйе
|
10.2.1.1 - периодтық заңның физикалық мәнін түсіндіру;
10.2.1.2 - валенттілік және атомның тотығу дәрежесі ұғымдарының физикалық мәнін түсіндіру;
10.2.1.3 - химиялық элемент атомдарының қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарының сипаттау: радиусы, иондану энергиясы, электронтартқыштық, электртерістілік және тотығу дәрежесі;
10.2.1.4 - период және топ бойынша химиялық элементтердің оксидтерінің, гидроксидтерінің және сутекті қосылыстарының қышқылдық-негіздік қасиеттерінің өзгеру заңдылығын түсіндіру;
10.2.1.5 - периодтық кестенің ашылуымен байланысты дамыған ғылымдардың негізгі бағыттарын тізімдеу;
10.2.1.6 - радиоактивті заттар ұғымын білу;
10.2.1.7 - Қазақстан энергетикалық потенциалында ядролық реакциялар мәнін түсіну;
10.2.1.8 - металдар және бейметалдар құрылысының ерекшелігін сипаттау: радиусы, иондану энергиясы, электронтартқыштық, кристалл торы;
10.2.1.9 - период және топта металл, бейметалл және олардың қосылыстарының қасиеттерінің өзгеру заңдылығын болжау;
10.2.1.10 - металдар және бейметалдардың негізгі физикалық қасиеттерін түсіндіру;
10.2.1.11 - электрохимиялық кернеу қатарында металдардың орналасу принципін түсіну;
10.2.1.12 - металдар және бейметалдардың химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру;
10.2.1.13 - типтік металдар, бейметалдар мен амфотерлі элементтердің химиялық қасиеттерін тәжірибе жүзінде зерттеу;
10.2.1.14 - металдар, бейметалдар және олардың қосылыстарының табиғатта таралуы туралы білу
10.2.1.15 - атом құрылысы негізінде s-элементтердің жалпы қасиеттерін түсіндіру
10.2.1.16 - натрий, калий және олардың маңызды қосылыстарының алыну әдістерін білу;
10.2.1.17 - натрий, калий және кальцийдің сумен реакциясының химиялық белсенділігін ажыратуды түсіндіру ;
10.2.1.18 - атом құрылысы негізінде d-элементтердің периодтық жүйедегі орнын түсіндіру
10.2.1.19 - мыс, мырыш және олардың маңызды қосылыстарының қасиеттерін және қолданылуын түсіндіру
10.2.1.20 - хром және оның қосылыстарың қасиеттерін және қолданылуын түсіндіру
10.2.1.21 - темір және оның қосылыстарының алынуын, тән физикалық және химиялық қасиеттерін сипаттау;
10.2.1.22 - Fe2+, Fе3+ иондарын тани білу;
10.2.1.23 - атом құрылысы көзқарасы тұрғысынан периодта және топта р-элементтердің қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын түсіндіру
10.2.1.24 - алюминий және оның құймаларының қолданылуын сипаттау
10.2.1.25 - көміртек, кремний және олардың қосылыстарының физикалық, химиялық қасиеттерін оқып білу
10.2.1.26 - иіс газымен уланудың қалай жүретінін түсіндіру және алғашқы көмек көрсету әдістерін сипаттау
10.2.1.27 - молекула құрылысы негізінде азоттың төмен химиялық белсенділігін түсіндіру;
10.2.1.28 - газтәрізді аммиактың және оның сулы ерітіндісінің химиялық қасиеттерін және алынуын сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру;
10.2.1.29 - құрамында күкірті бар қазбалы отындардың жануы кезіндегі күкірт диоксидінің түзілуін сипаттау;
10.2.1.30 - топ бойынша галогендердің физикалық және химиялық қасиеттерінің өзгеру заңдылығын түсіндіру
10.2.1.31 - тұз қышқылының химиялық қасиеттерін оқып білу және оның қолданылу аймағын білу;
10.2.1.32 - аммиак және азот қышқылын өнеркәсіптік өндіру әдістерін және оның өнімдерінің қолданылу саласын сипаттау
|
|
2.2 Заттар массасының сақталу заңы
|
10.2.2.1 - металдар мен оның қосылыстарындағы генетикалық байланысты көрсететін химиялық реакция теңдеулері бойынша реагенттің немесе өнімнің массасына, зат мөлшеріне есептер шығару;
10.2.2.2 - металдар қатысуымен жүретін химиялық реакциялар теңдеуі бойынша (құрамында қоспасы бар реагенттер, теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы практикалық шығымның массалық үлесі) есептер шығару
|
|
2.3 Стандартты электрондық потенциалдар
|
10.2.3.1 - зат формуласы бойынша элементтің тотығу дәрежесін анықтай алу;
10.2.3.2 - электронды баланс әдісін қолданып тотығу және тотықсыздану теңдеулерін құрастыра алу;
10.2.3.3 - ерітінді және балқыма арқылы электр тоғы өткен кезде жүретін үдерістерді оқу және түсіндіру
10.2.3.4 - коррозия түрлерін, коррозияның болу себептерін білу және оның конструкцияларының пайдалану ұзақтығына кері әсерін түсіндіру;
10.2.3.5 - өнеркәсіпте металдарды алу әдістерін білу;
|
|
3) Химиялық реакциялардың энергетикасы
Білім алушылар орындауы тиіс…
|
|
10-сынып
|
11-сынып
|
3.1 Экзотермиялық және эндотермия-лық реакциялар
|
10.3.1.1 - жылу эффектісі бойынша химиялық реакцияларды жіктей алу;
10.3.1.2 - химиялық реакциялардың жылу эффектісі мәнін тұсіндіру;
|
|
3.2 Химиялық реакциялардың жылдамдығы
|
10.3.2.1 - химиялық реакция жылдамдына әртүрлі факторлар өзгерісінің әсерін түсіндіру;
10.3.2.2 - химиялық реакция жылдамдығына катализаторлар және ингибиторлар әсерін түсіндіру
|
|
3.3 Химиялық тепе-теңдік
|
10.3.3.1 - химиялық тепе-теңдікке температура, концентрация және қысым өзгерісінің әсерін болжау;
10.3.3.2 - тепе-теңдік константасы өрнегін құра алу
|
|
3.4 Қышқылдар мен негіздер теориясы. Электролиттер ерітінділеріндегі иондық тепе-теңдіктер
|
10.3.4.1 - ерітіндінің рН мәні бойынша тұздар, қышқылдар және гидроксид ерітінділерінің сапалық құрамын дәлелдеу;
10.3.4.2 - оның сапалық құрамы бойынша тұз ерітінділерінің ортасын болжау
|
|
4) Химия және қоршаған орта
Білім алушылар орындауы тиіс…
|
|
10-сынып
|
11-сынып
|
4.1 Жер химиясы
|
10.4.1.1 - кейбір металдар мен бейметалдардың және олардың қосылыстарының қоршаған ортаға әсерін зерделеу;
10.4.1.2 - тірі ағзалардың іс- әрекетінде металдар және бейметалдардың биологиялық рөлін түсіндіру;
10.4.1.3 - судың кермектілігін және оны жою әдістерін түсіндіру;
10.4.1.4 - Қазақстанда таралған сілтілік және сілтілік жер металдардың табиғи қосылыстарын білу
10.4.1.5 - Қазақстандағы мыс, мырыш, темір, хром және олардың қосылыстарының кен орындары атау;
10.4.1.6 - азот және фосфор қосылыстарының қоршаған ортаға әсерін азайтудың мәселелерін шешу жолдарын ұсыну;
10.4.1.7 - қышқыл жаңбырлардың қалыптасуындағы күкірт диоксидінің ролін және оның қоршаған ортаға әсерін түсіндіру;
10.4.1.8 - тағам өнімдерін консервілеуде күкірт диоксидінің қолданылуын түсіндіру;
10.4.1.9 - адам ағзасындағы йодтың биологиялық рөлін білу және Қазақстан территориясында йод жетіспеушілігіне байланысты туындайтын ауруларды түсіндіру және осы мәселелерді шешу жолын ұсыну;
10.4.1.10 - Қазақстандағы химиялық өндірістердің экологиялық мәселелерін түсіндіру;
|
11.4.1.1 - «Жасыл химияның» 12 принципін білу және түсіндіру;
11.4.1.2 - атмосфера, гидросфера және литосфераның ластану көздерін білу, жаһандану мәселелерін шешу жолдарын ұсыну;
11.4.1.3 - Қазақстан химиялық өнеркәсібінің әр түрлі саласындағы экологиялық мәселелерді болжау және оның шешу жолдарын ұсыну
|
4.2 Көміртек және оның қосылыс-тары
|
|
11.4.2.1 - көмірсутектердегі көміртектің гибридизациясын зерделеу;
11.4.2.2 - С-С байланысының түзілу қабылетін және көміртек атомының құрылыс ерекшеліктерін түсіндіру;
11.4.2.3 - А.М. Бутлеровтың органикалық қосылыстар теориясының негізгі қағидаларын білу;
11.4.2.4 - көмірсутектердің молекулалық, эмпирикалық, құрылымдық формулаларын ажырату;
11.4.2.5 - изомерлердің түрлерін атау және құрылымдық, байланыстардың орналасуы, функционалдық топтар және класаралық изомерлерінің формулаларын құру;
11.4.2.7 - гомологтық қатарлардың қалай түзілетіндігін түсіну
11.4.2.8 - гомологтардың ұқсастығы мен айырмашалығын түсіндіру;
11.4.2.9- қосылыстардың құрылымдық формулаларын құру және оларды IUPAC номенклатурасы бойынша атау;
11.4.2.10 - органикалық қосылыстардың адам өміріндегі маңызын түсіну;
11.4.2.11 - қазақстандық ғалымдардың органикалық химияны дамуындағы үлесі
11.4.2.12 - әртүрлі алкандардың жану үдерісін зерттеу және олардың отын ретінде қолданылуын түсіндіру;
11.4.2.13 - алкандардың жану өнімдерін білу және олардың қоршаған ортаға әсерін бағалау ;
11.4.2.14 - органикалық заттардың масссалық үлестері және олардың буының салыстырмалы тығыздығы бойынша органикалық заттардың қарапайым молекулалық формуларын анықтау;
11.4.2.15 - циклоалкандардың гомологтық қатарын, құрылысын, физикалық, химиялық қасиеттерін. қарастыру
11.4.2.16 – қанықпаған көмірсутектердің алыну жолдарын, физикалық және химиялық қасиеттерін, құрылысын, гомологтық қатарын қарастыру;
11.4.2.17 - этиленнен этанолды алу және оның физикалық және химиялық қасиеттерін зерттеу;
11.2.4.18- алкендердің сапалық реакциясын білу (қанықпағандық);
11.4.2.19- алкадиендардің құрылысы, қасиеттерін білу;
11.4.2.20 - диендердің полимерлену реакциялары өнімдерінің шаростерженді модельдерін құрастыру (изопрен);
11.4.2.21 - алкиндердің алыну жолдарын,физикалық және химиялық қасиеттерін, құрылысын, гомологтық қатарын қарастыру;
11.4.2.22 - электрондардың делокализациясы тұрғысынан бензол молекуласының құрылымын түсіндіру;
11.4.2.23 - бензолды және оның гомологтарын алу, реакцияларының теңдеулерін құру;
11.4.2.24 - органикалық қосылыстардың негізгі кластарының генетикалық байланысының сызбанұсқасын құру;
11.4.2.25 - өнімнің шығымын реагант мөлшері (көлем. масса) және реакция өнімнің берілген шамасы ( көлем, массса) бойынша есептеу;
11.4.2.26 - көміртек қосылыстарын отын ретінде қолдануға болатынын білу;
11.4.2.27 - көмір, мұнай, табиғи газдардың Қазақстандағы кен орындарын карта бойынша анықтау;
11.4.2.28 - шикі мұнайды айдау өнімдерінің қолдану аясын білу;
11.4.2.29 - қазба отындар қорының шектеулі екенін түсіну;
11.4.2.30 - көмірсутек отындарын жағу қоршаған ортаның ластануына әкеп соғатынын және оның климатқа әсерін білу;
11.4.2.31 - спирттер, альдегидтер, кетондар,карбон қышқылдары, эфирлердің функционалдық топтарының құрылысын сипаттау;
11.4.2.32 - спирттер, альдегидтер, кетондар,карбон қышқылдары, эфирлердің құрылымдық формулаларын құру және IUPAC бойынша атау;
11.4.2.33 - спирттердің және фенолдың алу жолдарын білу;
11.4.2.34 - спирттер мен фенолдың қолдану аясын атау;
11.4.2.35 - спирттердің адам ағзасына уытты әсерін зерделеу;
11.4.2.36 - альдегидтер мен кетондардың құрылымдық формулаларын құру және оларды IUPAC бойынша атау ;
11.4.2.37 - альдегидтер мен кетондарды алу реакция теңдеулерін құрастыру;
11.4.2.38 - альдегидтер мен кетондардың тотығу және тотықсыздану реакция өнімдерін атау;
11.4.2.39 - карбон қышқылдарының алу тәсілдерін және физикалық қасиеттерін түсіндіру;
11.4.2.40 - карбон қышқылдары, күрделі эфирлер, сабын, синтетикалық жуғыш заттардың қолдану аясын атау;
11.4.2.41 - синтетикалық жуғыш заттардан табиғатты қорғау қажеттігін түсіну;
11.4.2.42 - аминдердің номенклатурасы мен жіктелуін білу;
11.4.2.43 - аминдер мен аниалиннің физикалық қасиеттерін түсіндіру;
11.4.2.44 - анилин мен аминдерді алу реакция теңдеулерін құрастыру;
11.4.2.45 - «мономер», «элементарлық буын», «олигомер», «полимер», «полимерлену дәрежесі» ұғымдарын ажырату;
11.4.2.46 - кейбір полимерлер мен пластмассалардың қолдану аясын және қасиеттерін атау;
11.4.2.47 - Қазақстанда өндірілетін полимерлердің түрлерін білу
|
5) Химия және өмір
Білім алушылар орындауы тиіс …
|
|
10-сынып
|
11- сынып
|
5.1 Биохимия
|
|
11.5.1.1 - жай және күрделі эфирлерді алу реакцияларының теңдеулерін құрастыру;
11.5.1.2 - майлардың құрамы мен құрылысын білу ;
11.5.1.3 - майлардың функциясын түсіну;
11.5.1.5 - крахмалға сапалық реакцияны жасау;
11.5.1.6 - сахароза, крахмал және целлюлоза гидролизінің реакция өнімдерін атау;
11.5.1.7 - крахмал мен целлюлозаның құрылысы мен қасиеттерін салыстыру;
11.5.1.8 - аминқышқылдары молекулаларының құрамы мен құрылысын сипаттау;
11.5.1.9 - аминқышқылдарының екідайлылығын қарастыру;
11.5.1.10 - нәруыздардың қызметін білу;
11.5.1.11 - нәруыздардың сапалық реакцияларын және денатурациясын білу;
11.5.1.12 - нуклеин қышқылдары туралы жалпы ұғымды және олардың жіктелуін білу;
11.5.1.13 - ДНК мен РНК биологиялық рөлін түсіндіру;
11.5.1.14 - гендік инженерия мен биотехнологияның маңыздылығын түсіну;
11.5.1.15 - дәрумендер мен гормондардың адам ағзасындағы функциясын сипаттау;
11.5.1.16 - кейбір дәрумендердің табиғаттағы көздерін білу
|
13. Тоқсандағы бөлімдер және бөлімдер ішіндегі тақырыптар бойынша сағат сандарын бөлу мұғалімнің еркіне қалдырылады.
14. Осы оқу бағдарламасы Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11 сыныптарына арналған «Химия» оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес іске асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |