Сабақтың тақырыбы Натрий, калий және оның қосылыстары. Жалпы мақсаты



Дата09.06.2016
өлшемі51.5 Kb.
#123979
түріСабақ
Химия пәнінің мұғалімі Сақпанова Бибіжан Ғарифоллақызының

қысқа мерзімді жоспары




Химия

10 сынып

Сабақтың тақырыбы

Натрий, калий және оның қосылыстары.

Жалпы мақсаты

Білімділік мақсаты: Натрий және калий қосылыстарының қасиеттері туралы білімді жүйеге келтіру, маңызды табиғи қосылыстарының қолданылуымен таныстыру

Тәрбиелік мақсаты: Дәстүрлі емес оқыту әдісін қолдана отырып, оқушылардың химияға танымдық қызығушылығын арттыру.

Дамытушылық мақсаты: Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы арқылы оқушыларды өзіндік жұмысқа дағдыландыру және сараптау,салыстыру қабілеттерін дамыту.Өзін-өзі бақылау мен талдауды іске асыру.


Сілтеме

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 38-39 б.

Химияны оқыту әдістемесі.

10 сыныпқа арналған химия оқулығы 142-149 б.

Портал материалдары.



Оқу нәтижесі.

Натрий,калий және оның қосылыстарының тұрмыста, медицинада, өнеркәсіптік маңызы.

Негізгі идеялар.

Натрий,калий және оның қосылыстарының қолданылуы, өнеркәсіптік және лабораторияда алынуы.

Сабақта қолданылатын материалдар

Тест тапсырмалары.

Есептер жинағы.

Интерактивті тақта.


Оқыту әдістері.

Жаңа әдістер.

Сұрақ – жауап.

Диалог. АКТ. СТО.

Блум таксономиясы бойынша:



Кезең/мақсаты

Нәтиже

Бағалау

1.Натрий және калий қосылыстары туралы жалпы түсінік беру.

Сабаққа деген ынтасы оянады.

Критериалды

бағалау


2.Натрий қосылыстарын калий қосылыстарымен салыстыру.

Оқушының белсенділігін арттыру.

3.Натрий,калий қосылыстарының химиялық қасиеттеріне оқулықтан өзге реакция теңдеулерін жазу.

Өз –өзіне сенімділік артады.

4.Тақырып бойынша есептер шығару.

Есептер шығару жолдарын таба білу.

5.Натрий,калий қосылыстарының лабораторияда, өнеркәсіптік алынуы жолдарынан өзге жолдарын қарастыру.

Топттық жұмыс.

6.Қолдануына қарай, натрий, калий қосылыстарын ажырата білу.







Дерек көздері.

Натрий,калий қосылыстары тақырыбына арналған материалдар.

1.Оқушы анықтамалығы 370 б.

2.Химиялық энциклопедия.

3Дидакдикалық материалдар

4.Интернет материалдары


Тапсырма.

WORD мәтініндегі сұрақтармен есептерге жауап іздеу.



Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс –әрекеті.


1.Оқушыларға психологиялық ақуал туғызу.

Мұғалімнің іс -әрекеті

Оқушының іс -әрекеті




Сыныпты топқа бөлу.




2.Үй тапсырмасын сұрау

Ой толғанысы.

Сұрақ –жауап.



Топтар бойынша сұрақтарға жауап беру.




1.Сілтілік металдар дегеніміз не?

1. Химиялық элементтердің периодтық жүйесі бойынша натрий,калий элементтеріне сипаттама беріңдер?








3.Жаңа тақырып

Мұғалімнің іс -әрекеті

Оқушының іс -әрекеті




Тақырыпқа кіріспе. Презентация. Натрий,калий қосылыстары табиғатта таралуын нақтылау.

Натрий,калий қосылыстарының физикалық – химиялық қасиеттерін сипаттау.

Натрий, калий және оның қосылыстарын анықтау.

Өнеркәсіпте алынуын және қолданылуын сипаттау.



Периодтық жүйе бойынша сипаттап жазып өзін критериалды бағалау.

Жұптаса отырып, алдымен оқып жауап беру, критериалді бағалау.



4.Қортындылау.

Мұғалімнің іс –әрекеті.

Оқушының іс -әрекеті




Кері байланыс ( сұрақ –жауап)

Натрий,калий қосылыстарының қасиеттері қалай ерекшеленеді.

Натрий, калий қосылыстарының химиялық қасиеттері қалай тұжырымдалады.?

Натрий,калий қосылыстары табиғаттағы өндірістегі маңызы қандай?



Сұрақтаріа жауап беру.

5.Үйге тапсырмасын беру.

Мұғалімнің іс -әрекеті

Оқушының іс -әрекеті




Адам ағзасындағы химиялық элементтердің маңызы туралы материал жинау.

Үй тапсырмасын білу, түртіп алу.

6.Бағалау.

Мұғалімнің іс - әрекеті

Оқушының іс –әрекеті.




Өлшемді және жиынтық бағалау.

Өзін –өзі өлшемді бағалау.

7.Рефлексия

Мұғалімнің іс - әрекеті

Оқушының іс -әрекеті




Сабақтан алған әсерлерін стикерлерге жазу.





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет