Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағытындағы 10-11-сыныптарына арналған «Қазақ тілі» оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы


Жалпы орта білім беру деңгейінің 10 сыныбына арналған «Жаһандық құзыреттілік» курсының үлгілік оқу бағдарламасы



бет240/246
Дата01.11.2022
өлшемі3.11 Mb.
#463778
түріБағдарламасы
1   ...   236   237   238   239   240   241   242   243   ...   246
74-132

Жалпы орта білім беру деңгейінің 10 сыныбына арналған «Жаһандық құзыреттілік» курсының үлгілік оқу бағдарламасы

1-тарау. Жалпы ережелер


1. Оқу бағдарламасы «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес әзірленген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген).
2. «Жаһандық құзыреттіліктер» курсы оқушылардың сыни ойлауын, зерттеу, коммуникация, жаһандық маңызы бар мәселелерді шешу мен талдау дағдыларын қалыптастыруға және дамытуға ықпал етеді.
3. Курстың мақсаты: білім алушыларда жергілікті және жаһандық проблемалардың өзара байланыстылығы мен өзара тәуелділігін, мәдениетаралық өзара іс-қимыл мәселелерін түсінуді, әртүрлі көзқарастар мен дүниетанымдарды түсінуді және бағалауды, бірегей білім мен идеяларды құру дағдыларын қалыптастыру.
4. Курстың міндеттері:

  1. білім алушылардың сыни және аналитикалық ойлауын, олардың коммуникативтік және зерттеу дағдыларын дамыту;

  2. ақпаратты тану, талдау, бағалау, дәлелдерді тұжырымдау, күрделі жағдайларды немесе проблемаларды түсіндіру қабілетін қалыптастыру;

  3. өзінің мәдени ерекшелігін сезіну және әлемнің мәдени сан алуандығын, мәдениетаралық айырмашылықтарды түсіну білігінің дамуына ықпал ету;

  4. әртүрлі мәдениет өкілдерімен өзара іс-қимылға құрмет пен ашықтық танытуға үйрету;

  5. цифрлық ресурстармен, электрондық оқыту платформаларымен, интернетпен және веб-сайттармен жұмыс істеу қабілетін дамыту;

  6. академиялық адалдық ережелерін сақтауға дағдыландыру.

5. «Жаһандық құзыреттіліктер» курсы бойынша оқу жүктемесінің көлемі 10-сыныпта аптасына 1 сағаттан, оқу жылында 36 сағатты құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   236   237   238   239   240   241   242   243   ...   246




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет