Жалпы рецептура



бет2/3
Дата29.01.2023
өлшемі1.13 Mb.
#468898
1   2   3
дәрілік формалар

Құрамында есірткілік заттары бар дәрілерге арналған рецепттің жарамдылық мерзімі 5 күн. А тізімінің улы заттарына, басқа препараттармен қосылыста болатын кодеинге, кодеин фосфатына, этилморфин гидрохлоридіне, нейролептиктерге, антидепрессанттарға, транквилизаторларға, стероидтарға, астматин және астматол, 8-оксихинолин туындыларына, этил спирті бар препараттарға жазылған рецепттің жарамдылық мерзімі 10 күнге дейін. Басқа барлық дәрілік заттарға жазылған рецепттердің жарамдылық мерзімі 2 айға дейін.

Рецептті арнайы форма бойынша латын тілінде(сигнатурасы – орысша) формалы бланкте анық жазумен жазады. Рецептте түзетулерді болдыртпайды.

Рецептті арнайы форма бойынша латын тілінде(сигнатурасы – орысша) формалы бланкте анық жазумен жазады. Рецептте түзетулерді болдыртпайды.

Рецептте жазылған күні, науқастың аты-жөні мен жасы, дәрігердің аты-жөні, одан кейін Recipe (Rp.) сөздері жазылады және дәрілік заттардың аттары қажетті мөлшерімен ілік септігінде жазылады.

Рецепттің қысқартылған және толық жазбалары бар. Егер науқасқа дәріні жедел жаздыртып босату қажет болса, онда рецепттік бланкінің жоғарғы жағында “Cito”(дереу) немесе “Statum”(шұғыл) деп жазады.

Сұйық дәрілік формалар

Ерітінділер - SOLUTIONES (Solutio, Solutionis).

Ерітіндісұйық дәрілік форма, қатты дәрілік заттың немесе сұйықтың еріткіште ерітілуі арқылы алынады.

Еріткіш ретінде қолданылады: Aqua destillata, Spititus aethylicus 70%, 90%, 95%, Glycerinum, сұйық майлар: Oleum Vaselini, Oleum Olivarum, Oleum Persicorum.

Сәйкесінше, сулы, спирттік, глицеринді және майлы ерітінділерді ажыратады. Сонымен қатар нағыз және коллойдты ерітінділерді ажыратады; нағыз ерітінділер әрқашан мөлдір болу керек, ешқандай жүзгіндер мен тұнбалары болмауы тиіс.

Суспензиялар-SUSPENSIONES (suspensio, suspensiones)

Cуспензиялар – қатты майда бөлшектенген ерімейтін дәрілік заттар қандайда бір сұйықтықта жүзгін/тұнба күйінде болатын сұйық дәрілік форма. Суспензияларды ішке және сыртқа белгілейді. Стерильді суспензияларды бұлшықетке енгізуге болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет