«Жалпы сақтандыру» саласы бойынша резидент еместерді сақтандыру (қайта сақтандыру) және резидент еместердің тәуекелдерін қайта сақтандыру туралы есеп» ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысанын



Дата08.07.2016
өлшемі61.5 Kb.
#185382


Казақстан Республикасы Статистика агенттiгi төрағасының 2012 жылғы 28 қарашадағы № 325 бұйрығына

12-қосымша


Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2010 жылғы 21 желтоқсандағы № 351 бұйрығына 34-қосымша
«Жалпы сақтандыру» саласы бойынша резидент еместерді сақтандыру (қайта сақтандыру) және резидент еместердің тәуекелдерін қайта сақтандыру туралы есеп» ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысанын (коды 6991202, индексі 11-ТБ-ЖС, кезеңділігі тоқсандық) толтыру жөніндегі

нұсқаулық
1. Осы «Жалпы сақтандыру» саласы бойынша резидент еместерді сақтандыру (қайта сақтандыру) және резидент еместердің тәуекелдерін қайта сақтандыру туралы есеп» (коды 6991202, индексі 11-ТБ-ЖС, кезеңділігі тоқсандық) ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
8-бабы 16) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен әзірленген және ведомстволық статистикалық байқаудың «Жалпы сақтандыру» саласы бойынша резидент еместерді сақтандыру (қайта сақтандыру) және резидент еместердің тәуекелдерін қайта сақтандыру туралы есеп» (коды 6991202, индексі 11-ТБ-ЖС, кезеңділігі тоқсандық) статистикалық нысанын толтыруды нақтылайды.

2. Осы статистикалық нысанды толтыру мақсатында келесі анықтамалар қолданылады:

1) резиденттер:

азаматтығына қарамастан Қазақстан Республикасының аумағында бір жылдан астам тұратын жеке тұлғалар және Қазақстан Республикасынан тыс аумақта бір жылдан кем уақытша тұратын азаматтар. Шет елде мемлекеттік қызмет, білім алу және емдеу мақсатында жүрген Қазақстан Республикасының азаматтары олардың басқа елдердің аумағында болу мерзімдеріне қарамастан резиденттер болып табылады;

халықаралық ұйымдарды, шетелдік елшіліктерді, консулдықтарды және басқа да дипломатиялық және ресми өкілдіктерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағындағы заңды тұлғалар;

Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі қазақстандық елшіліктер, консулдықтар және басқа да дипломатиялық және ресми өкілдіктер;

осы тармақтың осы тармақшасының үшінші абзацында және
2) тармақшасының үшінші абзацында көрсетілген заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының аумағындағы филиалдары және өкілдіктері;

2) резидент еместер:

азаматтығына қарамастан шет елде бір жылдан астам тұратын жеке тұлғалар және Қазақстан Республикасының аумағында бір жылдан кем тұратын шетелдік азаматтар. Мемлекеттік қызмет, білім алу және емделу мақсатында жүрген шет мемлекеттердің азаматтары олардың республика аумағында болу мерзімдеріне қарамастан резидент еместер болып табылады;

Қазақстан Республикасының елшіліктерін, консулдықтарын және басқа да дипломатиялық және ресми өкілдіктерін қоспағанда, басқа мемлекеттердің аумағындағы заңды тұлғалар;

Қазақстан Республикасының аумағындағы халықаралық ұйымдар, шетелдік елшіліктер, консулдықтар және басқа да шетелдік дипломатиялық және ресми өкілдіктер;

осы тармақтың 1) тармақшасының үшінші абзацында және осы тармақшасының үшінші абзацында көрсетілген заңды тұлғалардың басқа мемлекеттер аумағындағы филиалдары және өкілдіктері;

3) тікелей инвестор – капиталдағы қатысу (дауыс беретін акциялар немесе қатысушының дауысы) құралдарының он және одан көп пайызын иеленетін (тікелей немесе жанама) тұлға. Тікелей инвесторлар жеке тұлғалар (үй шаруашылықтары), заңды тұлғалар, халықаралық ұйымдар, сондай-ақ заңды тұлға құрмай - ақ басқа да субъектілер болып табылады;

4) тікелей инвестициялау объектісі – оған қатысты респондент тікелей инвестор болып табылатын объект;

5) тел кәсіпорын – тікелей инвестордың респондентімен ортақ жағдайлары бар кәсіпорын, бірақ бұл кәсіпорын да, респондент те бір-бірінің капиталына қатысу құралдарының 10 пайызына немесе одан көп ие болмайды;

6) резидент еместерді тікелей сақтандыру – сақтандыру шарты бойынша сақтандыру тәуекелдерін қабылдаумен байланысты туындайтын қызмет және онымен байланысты қатынастар;

7) резидент еместерді қайта сақтандыру (кіріс қайта сақтандыруы) – жасалған қайта сақтандыру шартына сәйкес сақтандыру тәуекелдерінің бөлігін қабылдаумен байланысты туындайтын қызмет және онымен байланысты қатынастар;

8) резидент еместердің қайта сақтандыруы (шығыс қайта сақтандыруы) – жасалған қайта сақтандыру шартына сәйкес сақтандыру тәуекелдерінің бөлігін қайта сақтандыруға берумен байланысты туындайтын қызмет және онымен байланысты қатынастар;



9) ірі сақтандыру төлемдері – бөлек жасалған сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы активтері сомасының 25 пайызынан асатын, сақтандыру резервтеріндегі қайта сақтандырушының үлесі болып табылатын активтерді шегергендегі төлемдер.

3. Осы статистикалық нысанда сұратылатын ақпарат Қазақстан Республикасы сыртқы секторының статистикасын қалыптастыруға арналған. Статистикалық нысан бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі саласындағы төлем балансының операцияларына жататын ақпарат, сондай-ақ елдің халықаралық инвестициялық позициясы және сыртқы борышы үшін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының резервтері бойынша қалдықтары жинақталады.

4. 4-бөлімде резидент емес сақтандыру - брокеріне немесе резидент емес сақтандыру - агентіне алынған қызметтері үшін төленген комиссия көрсетіледі.

Осындай қызметтерге сақтандыру (қайта сақтандыру) бойынша делдалдық қызмет, консультациялық қызмет, құндық бағалау және шығындарды реттеу қызметтері, құтқару жұмыстарын қамтамасыз ету бойынша әкімшілік қызметтер, сақтандыру төлемдеріне қатысты реттеу және мониторинг жүргізу қызметтері, сақтандыру қызметімен байланысты басқа қосалқы қызметтер жатады.

5. Барлық сомалар үтірден кейін нақты бір белгіге дейін мың АҚШ долларында көрсетіледі.

Теңгеде көрсетілген сомалар АҚШ долларына аударылады. Өзге шетел валюталарында көрсетілген сомалар алдымен теңгеге, содан кейін АҚШ долларына аударылады.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаржылық есептілікті қалыптастыру мақсатында, айырбастау үшін валюта айырбастаудың нарықтық бағамы қолданылады. Бұл ретте, операцияларды айырбастау үшін операцияларды жүзеге асыру күніне тиісті бағамдар, кірістер және комиссиялар үшін – есепті кезеңдегі орташа есеппен алынған бағамдар, тоқсанның басындағы және соңындағы қалдықтар үшін – тиісті күннің бағамы қолданылады.

6. Барлық операциялар әріптес елдер бойынша бөлініп көрсетіледі (сақтанушылар, қайта сақтанушылар, қайта сақтандырушылар, брокерлер, агенттер). Елдердің атауы 1-4 бөлімдердің 2 - 10 бағандарында көрсетіледі. Егер респонденттің әріптес елдерінің саны нысанның бөлімдеріндегі бағандардың санынан асатын болса, жетпейтін бағандар қосылады.

7. Есепті кезеңнің басындағы сақтандыру резервтері бойынша қалдықтар олардың өткен кезеңнің соңындағы қалдықтарына тең.

8. Арифметикалық-логикалық бақылау:

11520 жол = өткен кезеңдегі есептің 11530 жолы әр баған үшін

11521 жол = өткен кезеңдегі есептің 11531 жолы әр баған үшін

11522 жол = өткен кезеңдегі есептің 11532 жолы әр баған үшін

11523 жол = өткен кезеңдегі есептің 11533 жолы әр баған үшін

11524 жол = өткен кезеңдегі есептің 11534 жолы әр баған үшін

11620 жол = өткен кезеңдегі есептің 11630 жолы әр баған үшін

11621 жол = өткен кезеңдегі есептің 11631 жолы әр баған үшін

11622 жол = өткен кезеңдегі есептің 11632 жолы әр баған үшін

11623 жол = өткен кезеңдегі есептің 11633 жолы әр баған үшін

11624 жол = өткен кезеңдегі есептің 11634 жолы әр баған үшін

12520 жол = өткен кезеңдегі есептің 12530 жолы әр баған үшін

12521 жол = өткен кезеңдегі есептің 12531 жолы әр баған үшін

12522 жол = өткен кезеңдегі есептің 12532 жолы әр баған үшін

12523 жол = өткен кезеңдегі есептің 12533 жолы әр баған үшін

12524 жол = өткен кезеңдегі есептің 12534 жолы әр баған үшін

12620 жол = өткен кезеңдегі есептің 12630 жолы әр баған үшін

12621 жол = өткен кезеңдегі есептің 12631 жолы әр баған үшін

12622 жол = өткен кезеңдегі есептің 12632 жолы әр баған үшін

12623 жол = өткен кезеңдегі есептің 12633 жолы әр баған үшін

12624 жол = өткен кезеңдегі есептің 12634 жолы әр баған үшін

12400 жол = 12440 жол + 12450 жол әр баған үшін

13400 жол = 13440 жол + 13450 жол әр баған үшін

11520 жол = 11521 жол + 11522 жол + 11523 жол + 11524 жол әр баған үшін

11530 жол = 11531 жол + 11532 жол + 11533 жол + 11534 жол әр баған үшін

11620 жол = 11621 жол + 11622 жол + 11623 жол + 11624 жол әр баған үшін

11630 жол = 11631 жол + 11632 жол + 11633 жол + 11634 жол әр баған үшін

12520 жол = 12521 жол + 12522 жол + 12523 жол + 12524 жол әр баған үшін

12530 жол = 12531 жол + 12532 жол + 12533 жол + 12534 жол әр баған үшін



12620 жол = 12621 жол + 12622 жол + 12623 жол + 12624 жол әр баған үшін

12630 жол = 12631 жол + 12632 жол + 12633 жол + 12634 жол әр баған үшін.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет