«Рымбек Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі» КМҚК
Реферат
Тақырыбы: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САЯСИ ҚАТЫНАСТАР
Орындаған: Мырзаханова Карина
Группа: 21 ЕА-1
Халықаралық қатынас -XX ғacыр соңғы он жылдығында халықаралық қатынастардағы жағдай түбегейлі өзгерді. 1980-ші жылдардың соңына дейін олардың басты сипатына әлемдік қауымдастықтың екі қарама-қарсы одаққа жіктелуі тән болды. Халықаралық қатынастар эволюциясы екі өзара байланысты процесcтердің елеулі әсеріне үшырады - капиталистік сипаттағы әлеуметтік қатынастарға негізделген әлемдік нарықтың бірлігін қалпына келтіру және жаһандану проңесінің қарқынды дамуы. Нәтижесінде елдер мен халықтардың өзара тәуелділігі артуда, шешімін табу үшін халықаралық әріптестікті дамытуды талап ететін жалпы әлемдік, ғаламдық сипаттағы мәселелердің көбеюі орын алып отыр. Қазіргі халықаралық қатынастардың экономикалық негізі - әлемнің метериалдық базасындағы елеулі өзгерістердің негізінде қалыптасушы жаңа әлемдік еңбек бөлінісі. Жаһандану нәтижесінде өнеркәсібі дамыған елдер өздерінің экономикалық орталық үстанымын нығайтуда, ал дамушы елдер одан тәуелді шет аймақ күйіне түсуде. Өнеркәсібі қарқынды дамыған елдер арасында АҚШ басым орын алуда, алайда Еуропалық Одақ онымен иық теңестіріп, кей жағдайларда одан басым түсіп отыр.
Əлемдік саяси процестердің жиынтығы ретіндегі барлық жер шары адамзаттық дамуының қазіргі замандағы жағдайында халықаралық қатынастар саясаттануы бірінші кезекке келесі мəселелерді шығарады:
а) халықаралық қатынастар жүйесі жəне оның генезисі ұғымдары;
б) дүниежүзілік саясат пен халықаралық құқықты қалыптастырудағы кластық жəне ұлттық қызығушылықтардың рөлі;
в) дүниежүзілік əлеуметтік прогресс;
г) қазіргі замандағы жаһандық мəселелер жəне оларды шешу жолдары; д) халықаралық қатынастарды демократияландыру.
Халықаралық қатынастар халықтар, мемлекеттер жəне мемлекеттер жүйесі арасындағы байланыстар мен өзара байланыстар жиынтығымен сипатталады.
Халықаралық қатынастар дегеніміз дүниежүзілік қоғамның барлық негізгі субъектілері арасындағы саяси, шаруашылықтық-экономикалық, ғылыми-техникалық, қаржылық-валюталық, əлеуметтік, дипломатиялық, құқықтық, гуманитарлық жəне коммуникациялық байланыстар мен қарым-қатынастардың жүйелік жиынтығы.
Халықаралық қатынастардың негізгі субъектілері ретінде мемлекет пен халықаралық ұйымдар көрінеді. Олардың басты айырмашылығы болып егемендік (мемлекет) жəне егемендіктің болмауы (халықаралық ұйымдар, қозғалыстар жəне т.б.) табылады. Мемлекеттер егеменді субъектілер ретінде халықаралық өмірге ықпал етудің егізгі құралдарын өз қолына жинақтаған алпауыт жəне ұйымдасқан болып келеді. Мемлекеттер ұйымдасқан түрдеəлемдік саяси процесс шеңберіндегі халықтар мен ұлттардың қызығушылықтарын білдіретін əлеуметтік институт болып табылады.
Саяси ғылымда «халықаралық қатынастар», «сыртқысаясат», «дүниежүзілік саясат» ұғымдары қолданылады. Халықаралық (əлемдік) саясат дегеніміз соғыс пен бейбітшілік, ортақ қауіпсіздік, жаһандық, аймақтық жəне ұлттық қақтығыстарды реттеу, қоршаған ортаны қорғау, бүкіл адамзаттық тірі қалуы, артта қалушылық пен кедейшілікті, аштық пен ауруды жеңу, əлемде əділетті тəртіпті орнату сияқты мəселелерді шешуге жəне адамдардың қызығушылықтарына байланысты халықаралық құқық субъектілерінің мақсатқа бағытталған саяси іс-əрекеттерін білдіреді.
Саясаттың халықаралық қатынастардағы жетекші ролі мыналарға шартты негізделген: а) дүниежүзілік саясат субъектілері барлық қоршаған əлемге ықпал ете алатын керемет мүмкіндіктер мен қорларға ие, олар саяси тəрізді, саяси емес те халықаралық процестерді басқарудың күшті тетігіне ие;
б) халықаралық қатынастар жаһанданудың нақты көрінетін тенденциясына ие, ол реттеуші халықаралық саяси механизмдерді жетілдіруді талап етеді.
в) заманауи ядролық кезең адамзаттың қауіпсіздік жəне өмір сүру проблемаларын ерекше орынға қояды, ол əлемдік саясаттың басты бағытын анықтайды;
г) заманауи əлем бір уақытта қарама-қайшы жəне бірлікте, өзара байланысты жəне өзара тəуелді.
б) дамушы елдерде (Азия, Африка, Латын Америкасы) қарама қарсы процесс байқалады - демографиялық жарылыс, ол бір жағынан, жұмыс күшін, еңбек ресурсының артуын қамтамасыз етсе, екінші жағынан, экономикалық артта қалушылықты жеңу үшін күрестегі қосымша қиындықтарды тудырады, көптеген əлеуметтік мəселелерді шешуді қиындатады (жұмыссыздық, зейнеткерлікпен қамтау, сауатсыздық жəне т.б.). Мазалайтын басты мəселе демографиялық жарылыс емес, дамушы елдерде сақталып қалған қолайсыз əлеуметтік-экономикалық жағдайлар, артта қалушылықты жеңбей жатып, халық санының артуы оларды одан да үлкен қайыршылыққа, кедейліктің артуына əкеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |