Жалпылық негізін, болмыс принциптерін, оның құрылымы мен заңдылықтарын қарастырады



Дата14.12.2022
өлшемі13.63 Kb.
#467248
баяндама


1. Мартин Хайдеггер (нем. Martin Heidegger, 1889 жылы 26 қыркүйек-1976 жылы 26 мамыр) — неміс ойшылы, қазіргі заман батыс философиясында ең ықпалды философтардың бірі, экзистенциализм, Феноменология, деконструкция, герменевтика, постмодернизм, саясаттану теориясы, психология и теология салаларына айтарлықтай үлес қосқан ғұлама. Ол Құрлықтық философия (Continental philosophy) дәстүріне мұрагерлік етіп, өз ғұмырында таңдаулы, әрі таласқа толы еңбектер жазды. Әсіресе оның «Болмыс және уақыт» (Being and time) (1927) еңбегі ХХ ғасырдағы танымал бірегей туындылардың бірі есептеледі.
2. Онтология (гр. Ontos – болмыс, logos – ілім) – философия ғылымының саласы; әлемдегі заттардың фундаменталды мәні (мысалы, саналылар бар ма) табиғатын айкындаумен айналысатын философияның (және метафизиканың) бөлімі.
Жалпылық негізін, болмыс принциптерін, оның құрылымы мен заңдылықтарын қарастырады.

Философиялық онтологиялық теорияның мысалдары – Платонның «түрлер» теориясы немесе ғылыми теориялармен жалпы негіздердін қандай түрлері белгіленеді деген сұраққа жауап іздейтін жақында пайда болған ғылыми реализм теориясы. Онтологиялық дәйектер сондай-ақ, социологиялық теорияның анық (немесе анық емес) ерекшелігі, мысалы, Дюркгеймнің «әлеуметтік фактілер» концепциясы, Вебердің (немесе символдық интеракционизмнің) индивидуалды факторларға көңіл бөлуі, Маркстың материализмі және оның өндіріс тәсілдері мен өндірістік қатынастарға басты назар аударуы.



Онтология терминін алғаш енгізген (1613) неміс философтары Р.Гоклениус пен Х.Вольф. Бұл философтардың пікірінше Онтология адамның шынайы дүниемен байланысын түйсікпен емес материалды болмыстан бөлек тұратын ақыл-парасат, абстракциялық рух арқылы таниды. Олар Онтология бүкіл дүниенің (оның ішінде субстанция, кеңістік пен уақыт, т.б.) негізі мен мәнін болмыстағы алуан түрлі құбылыстардың себебін, дамуын түсіндіретін бірден-бір ғылым деп санады.
3. Мартин Хайдеггердің мақаласында фундаментальды онтологиясына, оның мазмұнында диалектикалық логика элементтерінің болуына талдау жүргізіледі. Егер диалектикалық логиканы түпкі және шексіз өзара қарым-қатынас туралы ілім ретінде анықтаса (басқалармен, аз мәнді, қарама-қайшылықтармен қатар), онда іргелі онтологияда түпкі орнына мән қоюға болады, ал шексіз орынға – Хайдеггер болмыс (Seyn) деп атайды. Болмыс оған қатысты трансцендентті болса да, мәнсіз.

Мәннен болмысқа өту логикасы ерекше диалектикалық терістеу арқылы анықталады, ол привация деп аталады. Привация уақыт өте келе экзистенциальды уақытты бір біріне қарама-қарсыға алып келеді. Біруі екіншісіне ауысу сәті онтологияда бейболмыс сияқты.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет