Жетекші: Мақсатов н р. Алматы 2018 «Қазақстан республикасындағы мұрагерлік қҰҚЫҚТЫҢ аспектелері, теориялық ЖӘне тәжірибелік маңызы»



бет1/8
Дата14.03.2024
өлшемі415.96 Kb.
#495517
  1   2   3   4   5   6   7   8
1859-2


ЖЕТЕКШІ: Мақсатов н. р.
Алматы 2018
«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МҰРАГЕРЛІК ҚҰҚЫҚТЫҢ
АСПЕКТЕЛЕРІ, ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ТӘЖІРИБЕЛІК МАҢЫЗЫ»

Жоспар


● Қазақ әдет-ғұрып тарихындағы мұрагерліктің бастаулары мен қайнар көздері тарихы
● Мұра және мұрагерліктің қайнар көздері
● Мұрагерлік ұғымы, түсінігі
Мұрагерлік құқықтарын рәсімдеу
● Мұрагерліктің түрлері: заң бойынша және өсиет бойынша мұрагерлік
● Заң бойынша және өсиет бойынша мұрагерлік
● Мұраны алу
● Халықаралық құқық нормаларына сәйкес мұрагерлік
● Қазақстан Республикасының заңдары бойынша мұрагерлік құқық жөніндегі тәжірибе
● Соттардың мұрагерлік құқық нормаларын қолдану жөніндегі сот тәжірибесі
● Мұрагерлік құқыққа қатысты даулар бойынша сот практикасын талдау
МҰРАГЕРЛІК ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТЫҢ
ЭЛЕМЕНТТЕРІ
Мұрагерлік құқықтық қатынастың субъектісі мұрагерлік құқықтық
қатынасқа қатысушы тұлғалар, яғни мұра қалдырушы мен мұрагер болып
табылады
Мұрагерлік құқықтық қатынастың объектісі мұрагерлік құқтың негізіне сәйкес, мұра қалдырушының мүліктік жиынтықтарының біріңғай тұтас нәрсе ретінде мұрагерлеріне ауысуы болып табылады
Мұрагерлік құқықтық қатынас құрамының үшінші элементі мазмұн болып табылады. Мұрагерлік құқықтық қатынастың мазмұны ҚР-ның АК-дебелгіленген мұрагерлік құқыққа қатысушы тараптардың құқығы мен міндетінің жиынтығы

Мұрагер - өзінен бұрынғы кісінің орнын басушы, артында қалған дүниесіне ие болушы, мирасқор, ал мұрагерлік - атадан қалған дүниеге ие болушылық, мирасқорлық деп түсінік береді. Яғни араб, парсы тілдеріндегі мирас сөзінен, мирасқор деп қазақ тіліне еніп кейін кеңінен қолданылып жүргендігін зерттеуші ғалымдар еңбегінен көреміз. Яғни, қазіргі қолданьш жүрген «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде» «мұра - әке-шешеден балаға қалған дүние мүлік, бұйым т.б. заттар десе, мұрагер - өзінен бұрынғы кісінің орнын басушы, артында қалған дүниесіне ие болушы, мирасқор, ал мұрагерлік - атадан қалған дүниеге ие болушылық, мирасқорлық», - деп түсінік береді. Мұра, мұрагер деген ұғымдар қазіргі неке және отбасы заңында, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодекстерінде кеңінен қолданылып, сол бұрынғы мәнін әлі күнге дейін жоймағандығын көреміз.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет