Жамандыққа жақсылық



Дата03.10.2023
өлшемі14.27 Kb.
#479638
мәтін 1



Жамандыққа жақсылық
Қызылбас патшасының Абдулла деген уәзірі бар еді. Соның заманында жұрт бұзылып, бір күні уәзір патшаға келе жатқанда халық қамап: Дегенімізді істе, істемесеңіз өлтіреміз, — деп, ішінде бір батырырағы уәзірді сақалынан алып жұлықты. Уәзір ашу етпеді. Бұлардан шыққан соң патшаға барып, жұрттың тілегін беріңіз деп өтініп, тілегенін патшадан алып берді және өзінің көрген кемшілігі үшін ешкімге жаза бермеңіз деп оны да тілеп алды. Ертеңіне уәзірге бір саудагер келіп:
— Тақсыр, кеше сізді ренжітіп, сақалыңыздан жұлыққан кісіні айтайын деп келдім, ол Нағым деген менің көршім еді, алдырып жаза беріңіз, — деді.
Бұл сөзді есіткен соң уәзір саудагерді қайтарып, Нағымды шақыртып алды. Нағым: Менің кешегі ісімді біреу айтып танытқан екен, — деп қорыққанынан үрейі кетіп, келе-ақ уәзірдің аяғына жығылды. Уәзір Нағымды жерден көтеріп алып, айтты дейді:
— Мен сені жазаландыру үшін шақырмадым. Бірақ, көршің саудагер жақсы кісі емес екен. Сенің білместігіңді маған келіп айтты. Екінші рет ол көршіңнен сақтанып жүргендей екенсің. Соны айтайын деп шақырып едім. Енді аман бол! — деп ішкергі үйіне кіріп кетті дейді.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет