Жамбыл Жабаев



Дата13.05.2023
өлшемі13.86 Kb.
#473675
Эссе Рафикжанова Маржона


Жамбыл Жабаев
Жамбыл Жабайұлы өр тұлғалы аспанмен таласа бой көтерген Ұлы Жамбыл тауының етегінде дүниеге келді. Жапа деген елге қадірлі адамның отбасында дүниеге келген. Ұлы жүздің шапырашты тайпасының екей руынан шыққан.
Жамбыл Жабаев-ұлы ақын, жырау, жыршы. Жасынан өлең жырға әуес болып өсті. Сүйінбай Аронұлы сияқты жыр алыбынан тәлім-тәрбие алды. Сонымен қатар Жамбыл туысқан қырғыз елініңде сөз өнерін жетік білді. Қырғыз елінің өнер дүлдүлдерімен сайысқа түсті. Жамбыл шындықты жырлады. Жамбылдың елге танытқан өнері оның айтыстары. Қай өнерінде болмасын нағыз шешен екендігін көрсете білген адам.
Жамбыл қоғам өмірі мен ел мүдесін жырлады. Ұлы отан соғысы тұсында ақынның жырлары әр ұлттан құралған жауынгерлердің жүрегіне жетік жігерін қайрады
Отан соғысында ұлы Алғадай қаза болғанда қазалы хабарды естіген де біраз үнсіз отырып қалды да, қайғылы хабарға өлеңмен жауап берді. Жамбыл Жабаевтың өнері шет елге де әйгілі болды. Оның өлең,жыр,туындылары шет тілдеріне аударылды. «Атаның әлдиі», « Балама хат», «Бесік жыры», «Жамбыл мен Айкүміс», «Жамбыл мен Шашубай», «Жамбыл мен Құлманбет»айтыстары, «Өтеген батыр», «Сұраншы батыр, «Керұғлы», «Бақ,даулет,ақыл» дастандырының алатын орны ерекше.Әсіресе «Ленинграттық өркендерім» атты өлеңі жауынгерлердің ұраны болып,кеңес үкіметі-халқына рух,күш,жігер,қайрат берді.
Ақын 1945 жылдың 22 маусымында жүзге қараған жасында қайтыс болды.Жамбыл Жабаев Ленин, Еңбек, Қызыл Ту және Құрмет белгісі ордендерімен марапатталды.Жамбыл Жабаевтың еңбектері мәңгі есте сақталады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет