Мажирова Құралай Кенжебайқызы,
Астана қаласы Жамбыл Жабаев атындағы
№ 4 мектеп-гимназиясының мұғалімі биология.
Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған «Қасірет шегіп, қан кешіп, жеңіске жеткен күн еді» сынып сағаты. Ұлы Отан соғысы, оның зардаптары, Ұлы Жеңіс туралы мағұлмат беру. Отан үшін жан қиған аталар мен апалардың, соғыстан оралған, қазіргі кезде арамызда жүрген ардагерлеріміздің ерлігін үлгі ете отырып, оларды құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында сынпсағаты өтіледі.
Мұғалім: Армысыздар, құрметті қонақтар, оқушылар, мұғалімдер! Әрқайсымыз үшін жақын әрі қымбат мереке Жеңіс күні де келіп жетті. Жеңіске жету жолында қазақстандықтардың асқан ерлігі мен әскери жанқиярлығы Отан соғысы тарихындағы жарқын беттерге айналды. Сондықтан бұл күннің маңызы өте жоғары. Жеңіс үшін шыбын жандарын құрбан еткен бірнеше миллиондаған адамдардың есімдерін есте сақтап, 1418 азапты күн мен түнді болашақ үшін ерен еңбекпен, қайсар ерлікпен өткізгендерін ұмытуға болмайды. Ендеше, бүгінгі «Қасірет шегіп, қан кешіп, жеңіске жеткен күн еді» атты ашық тәрбие сағатымыз Жеңіске, Жеңіс себепкерлеріне арналады.Көрініс: «21 июнь 1941 жыл»
21 маусым күні Оқушылардың мектеп бітіру кешінен қайтып келе жатқан сәті. Кенет радиодан:»тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Сөйлеп тұрған Москва!1941 жылы 22 маусым фашистік Германия тұтқиылдан соғыс жариялап, елімізге басып кірді.»
1 әйел: «Соғыс, соғыс дейді, естідіңдер ме? Сұмдық-ай енді қайттық? Күніміз не болар екен?»
2 әйел: «Қойыңдар жамандық шақырмай. Ел шетіне жау тисе, арқа сүйер азаматтар бар емес пе?»
1 азамат:
Ат басына күн туса,
Ауыздықпен су ішер
Ер басына күн туса, етігімен су кешер – деген бар емес пе, жыламаңдар, жастарыңды тиыңдар?
Бәрі: Отан үшін аттанайық!
Ән: Катюша
1-жүргізуші: Армысыздар,бүгінгі Ұлы Жеңістің 70 жылдығын тойлаушы қауым! Иә, біз бұл күнді жыл сайын қунышпен және мақтанышпен еске алсақ та ,бір-ақ қаншама адамдардың өмірін қыршынан қиғанын тағыда еске ала отырып мұңаясың...
2-жүргізуші: Екінші дүние жүзілік соғыста оқ пен оттың арасында шайқасқан біздің аталарымыздың ерен ерліктері кейінгі ұрпаққа үлгі,олардың осы қанды шайқастағы ерліктері «Батырлар жырына» бергісіз.Сондықтан да құрметті қауым, осы соғыста қаза болған ата, әке,аға, апаларымызды еске алып 1 минуттық үнсіздік жарияласақ... 1-жүргізуші: Сонымен осы Ұлы Отан соғысы кезеңдеріндегі біраз ақпараттарға көз жүгіртсек ... 1- оқушы: Жеңіс қымбатқа түсті.Еліміздің 1710 қаласы күл-талқан болды, 70 мыңнан астам село мен деревняны өртеп жіберді.Басқыншылар 31 850 завод пен фабриканы жойды,1135 шахтаны су астына қалдырып,қопарып тастады. 65 мың шақырым теміржол торабын бұзып,16 мың паровозды, 428 мың теміржол вагондарын істен шығарды. 2-оқушы: Бүкіл еліміз ұлттық байлығының 30%-ынан айырылды. Алдын ала есептеулерге қарағанда , Кеңес Одағы халқының тікелей және жанама шығыны 50 млн-ға жуық адам болды,оның ұрыс үстінде өлгендері, жарала-нып госпитальда өлгендері,тұтқында қаза тапқандары бар, кем дегенде 27 млн. адам еді. 3- оқушы: Ұлы Отан соғысынан кейін ер адамдардың үлесі қысқарды. 1923 жылы туған еркектердің, яғни 1941 жылы 18 –ге толып соғысқа алынған жас өрімдей жігіттердің соғыс аяғына қарай 3%- дайы ғана қалды. Іс жүзінде соғыс еркектердің тұтас бір ұрпағын жойып жіберді.Соғыс үмітсіз жесірлік пен балалардың жетімдігін әкелді. 4- оқушы: Ұлы Отан соғысы жылдары Кеңес Одағы 27 млн азаматынан айырылды, оның шамамен 4млн 101 мыңы қазақстандықтар. Ұлы Отан соғысы Кеңес елі халықтарының достығын нығайтты. 5- оқушы :Ұлы Отан соғысы кезінде әрбір бесінші қазақстандық майданға аттанды. Соғыс жылдары Кеңес одағы бойынша 11600-дей адам ерлігі үшін Кеңес Одағының Батыры атағын алды . Соның 497-сі қазақстандықтар, ал 97-сі қазақтар болды. 6- оқушы: Ұлы Отан соғысы жылдары Кеңес Одағының Батыры атағын ең алғаш қазақстандық жауынгер Константин Семеченко алды,яғни 1941 жылы 22 шілдеде.Ал Кеңес Одағының Батыры атағын алған ең жас қазақ жауынгері- 18 жасар Ж. Елеусізов еді. 7-оқушы: 1945 жылы 9 мамырда кеңестік қызыл армия жауынгерлері Германияның астанасы Берлин төбесіне Кеңес Одағының қызыл туын тікті. Қазақ азаматы Рақымжан Қошқарбаев 1945 жылы 30 сәуірде, жауынгер Булатовпен бірге , жаңбырдай жауған жау оғының астында Рейхстаг төбесіне Жеңіс туын желбіретті. 2-жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Енді сіздерге оқушылар ер жүрек мерген қыз,Кеңес Одағының Батыры, 20-ға да толмаған қыршын жасында жау оғынан көз жұмған Әлия Молдағұлованың өмірінен алынған «Аңыздан туған қыз» атты деректі көріністі ұсынамыз. 1-жүргізуші: Құрметті көрермендер!Бүгінгі 6- сыныптар арасында өткен «Қасірет шегіп,қан кешіп Жеңіске жеткен күн еді» атты Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған әдеби деректі көрінісімізді аяқтаймыз. 2-жүргізуші: Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет! Жеңісті күндерде кездескенше! Хош –есен болыңыздар!
Достарыңызбен бөлісу: |