Облыс әкімдігінің
2009 жылғы «29» желтоқсандағы «Жамбыл облысы әкімдігінің қаржы басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы» №447 қаулысымен бекітілген
Жамбыл облысы әкімдігінің қаржы басқармасының
2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
1-бөлім
Жамбыл облысы әкімдігінің қаржы басқармасының миссиясы
Экономикалық өсуге жәрдемдесу және Жамбыл облысы экономикасының жоғары бәсекеге қабілеттілігіне қол жеткізу мақсатында мемлекеттік қаржылық және материалдық ресурстарды құру және пайдалану кезінде операциялардың дұрыс есепке алынуы мен уақтылы жүзеге асырылуын қамтамасыз ету.
Жамбыл облысы әкімдігінің қаржы басқармасының пайымдауы
Уақтылы және сапалы түрде орындалған, жоғары көрсеткіштерге бағдарланған облыс бюджетінің қалыптасуы.
2-бөлім
Ағымдағы ахуалды талдау
Ел Президентінің 1997 жылғы «Қазақстан - 2030 Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» атты Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы Үкімет алдында қазақстандықтардың өмір сүру сапасының өсуіне және бәсекеге қабілетті мемлекет құруға бағытталған бірқатар маңызды стратегиялық міндеттерді қойды.
Бұл өсудің сапалық сипаттамаларын қамтамасыз етуді талап етеді.
Атап айтқанда, дағдарыс жағдайында облыс экономикасының тұрақтылығы, өндіруші және сонымен қатар өңдеуші салалардың теңгерімді дамуы, инфрақұрылымның тиімділігі. Бәрінен бұрын, бұл - әр адамның өмір сүру сапасы. Алдымыздағы міндеттерді орындауда жергілікті бюджет негізгі рөл атқаруы тиіс.
Соңғы үш жылда облыс бюджетінің атқарылуын талдайтын болсақ, оның біркелкі орындалмайтындығын анықтауға болады. Облыс бюджетінің түсімдер бойынша жоспарының орындалуы (қарыздар түсімін қоспағанда) 2007 жылы 2006 жылға қарағанда 0,2%-ға кеміген, 2008 жылы 2006 жылға қарағанда 0,1%-ға артқан; шығыстар бойынша жоспарының орындалуы (қарыздарды өтеуді қоспағанда) 2007 жылы 2006 жылға қарағанда 0,3%-ға артып, 2008 жылы 2006 жылға қарағанда өзгерусіз қалған (1-кесте).
Бұған негізінен, жергілікті бюджеттерді жоспарлау кезінде кірістердің аса көтеріңкі болжамалы көрсеткіштерінің белгіленуі, жыл сайынғы бюджет көлемінің артуына байланысты туындайтын қазынашылықтағы өңделетін төлем құжаттары айналымының ұлғаюы, бөлінген қаражаттарға көрсетілетін қызметтерді, тауарларды және жұмыстарды мемлекеттік сатып алу конкурстарының уақтылы өткізілмеуі, бюджеттік бағдарлама әкімшілері тараптарынан бюджеттік қаражаттарды уақтылы және тиімді пайдаланбауы өз әсерін тигізбей қоймайды.
1-кесте
Қойылған міндеттерді шешу мақсатында облыстық бюджетті атқару бойынша уәкілетті орган болып табылатын Жамбыл облысы әкімдігінің қаржы басқармасы ең алдымен бюджеттің атқарылуы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды, облыстың коммуналдық меншігін басқаруды қамтамасыз етеді, сондай-ақ, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыруға қатысады.
3-бөлім
Жамбыл облысы әкімдігінің қаржы басқармасының стратегиялық бағыттары, мақсаттары және атқаратын қызметтері
1-стратегиялық бағыт:
Облыс бюджетінің тиімді атқарылуын қамтамасыз ету
Қаржы басқармасының түйінді функциясы бюджеттің толық және уақытылы атқарылуын қамтамасыз етуден тұрады.
Сондықтан, аталамыш стратегиялық бағыт облыстың жергілікті бюджеттерінің атқарылуы жөніндегі есептілік бөлігінде әдістемелік жұмысты жүзеге асыруды, бюджет ақшасын басқару кезінде мониторинг жұмыстарын жүргізуді, бөлінген нысаналы трансферттерді жергілікті атқарушы органдардың игеруін факторлық талдауды, толық нормативтік құқықтық базаға сәйкес келетін бюджеттердің атқарылуы туралы ай сайынғы, тоқсандық және жылдық есептілікті қалыптастыруды және беруді, қызметін біржолғы талондар арқылы жүзеге асыратын жеке тұлғалардың табыс салығы көздерін арттыру және толық жиналуын қамтамасыз етуді біріктіреді.
Бюджетті атқару сапасын жақсарту қаржы басқармасы қызметшілерінің Заңнамаларға енгізілген өзгерістер бойынша кәсіби біліктілігін жетілдіру және деңгейін көтеруді, қызметкерлерге жағдай жасау мақсатында материалдық-техникалық базаны жаңартуды, қаржылық ақпараттың сапасы мен қол жетімділігін арттыру іс-шарасына қатысуды, яғни, бұл Халықаралық бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік стандарттарына (бұдан әрі - ХҚЕС) көшуді талап етеді.
2-стратегиялық бағыт:
Облыстық коммуналдық меншікті басқарудың тиімділігін арттыру
Жекешелендіруге жататын нысандарды анықтау, 100 пайыздық мемлекеттік қатысу үлесі бар ұйымдарға жеке меншіктен инвестиция тарту. Коммуналдық меншікті басқару жүйесін қалыптастыру, облыстық коммуналдық меншікке қатысты меншік құқығын жұзеге асыру, коммуналдық меншік обьектілерін орынсыз пайдалануды тексеру, мұндай обьектілерді бәсекелік ортаға немесе басқа пайдаланушыларға беру немесе жекешелендіру, иесіз қалған мүлікті айқындап, оны коммуналдық меншікке айналдыру, меншікке түскен мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және жекешелендіру.
Жамбыл облысы әкімдігінің қаржы басқармасы қызметінің
стратегиялық бағыттары, мақсаттары, міндеттері және
көрсеткіштері
Атауы
|
Өлшем бірлігі
|
Есепті кезең
|
Жоспарлы кезең
|
2008 жыл (есеп)
|
2009 жыл (ағымдағы жыл жоспары)
|
2010 жыл
|
2011 жыл
|
2012 жыл
|
2013 жыл
|
2014 жыл
|
1-стратегиялық бағыт. Облыс бюджетінің тиімді атқарылуын қамтамасыз ету.
|
1.1-мақсат. Бюджет қаражаттарын уақтылы игеру.
|
Нысаналы индикатор. 2009 жылы 100%-ға игерілген бюджеттік бағдарламалардың үлесін ұлғайту және бұл көрсеткіштерді келесі жылдарда ұстау.
|
1.1.1-міндет. Жергілікті бюджеттің атқарылуына мониторинг жүргізу.
|
Жергілікті бюджеттің кірістер бөлігіне түсетін түсімдердің болжамдарының орындалуы
|
%
|
99,8
|
100,2
|
100
|
100
|
100
|
100
|
100
|
1.1.2-міндет. Бюджеттің атқарылуына мониторинг жүргізу процесінде бюджеттік бағдарлама әкімшілерімен тиімді әрекеттестік жасау.
|
Нысаналы трансферттерді қаржыландыруға бөлінген республикалық бюджет қаражаттарын жергілікті бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыруға бұруға жол бермеу
|
%
|
100
|
100
|
100
|
100
|
100
|
100
|
100
|
Республикалық бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттер бойынша нәтижелерге қол жеткізу
|
%
|
99,7
|
98
|
100
|
100
|
100
|
100
|
100
|
1.2-мақсат. Бюджеттік кредиттерді тиімді пайдалануды қамтамасыз ету.
|
Нысаналы индикатор. Тиімді пайдаланылған бюджеттік кредиттердің үлес салмағы: 2008 жылы – 100%, 2009 жылы – 100%, 2010 жылы – 100%, 2011 жылы – 100%, 2012 жылы – 100%, 2013 жылы – 100%, 2014 жылы – 100%.
|
1.2.1-міндет. Кредиттік ресурстарды бөлу және игеру процедураларын уақтылы жүргізу.
|
Игерілген бюджеттік кредиттердің көлемі
|
%
|
100
|
100
|
100
|
100
|
100
|
100
|
100
|
Бюджеттік кредиттер бойынша атқарылған жұмыстардың көлемі мен сапасы
|
%
|
100
|
100
|
100
|
100
|
100
|
100
|
100
|
1.3-мақсат. Республикалық және облыстық бюджеттерден бөлінген кредиттердің уақтылы қайтарылуын қамтамасыз ету.
|
Нысаналы индикатор. Республикалық және облыстық бюджеттерден бөлінген, қайтарылған бюджеттік кредиттердің үлес салмағы: 2008 жылы – 47,1%, 2009 жылы – 100%, 2010 жылы – 100%, 2011 жылы – 100%, 2012 жылы – 100%, 2013 жылы – 100%, 2014 жылы – 100%.
|
1.3.1-міндет. Кредиттік ресурстардың қайтарылуын есепке алу.
|
Республикалық және облыстық бюджеттерден бөлінген, қайтарылған бюджеттік кредиттердің көлемі
|
%
|
47,1
|
100
|
100
|
100
|
100
|
100
|
100
|
1.4-мақсат. Жергілікті бюджеттердің атқарылуы жөніндегі ақпараттардың қол жетімділігін қамтамасыз ету.
|
Нысаналы индикатор. Жергілікті бюджеттердің атқарылуы жөніндегі ақпараттарға қажеттіліктің қанағаттандырылуы: 2008 жылы – 100%, 2009 жылы – 100%, 2010 жылы – 100%, 2011 жылы – 100%, 2012 жылы – 100%, 2013 жылы – 100%, 2014 жылы – 100%.
|
1.4.1-міндет. Жергілікті бюджеттердің атқарылуы жөніндегі есептерді қалыптастыру және ұсыну.
|
Ішкі және сыртқы алушыларға дұрыс, толық есептілікті, сәйкесінше ақпараттық материалдарды уақтылы ұсыну.
|
%
|
100
|
100
|
100
|
100
|
100
|
100
|
100
|
1.5-мақсат. Баға ұсынысы тәсілімен жүргізілетін мемлекеттік сатып алуларды WEB-портал арқылы жүргізуді қамтамасыз ету.
|
Нысаналы индикатор. Баға ұсынысы тәсілімен жүргізілетін мемлекеттік сатып алулардың жалпы көлеміндегі WEB-портал арқылы жүргізілген электрондық мемлекеттік сатып алулардың үлесі: 2008 жылы – 0%, 2009 жылы – 2,7%, 2010 жылы – 100%, 2011 жылы – 100%, 2012 жылы – 100%, 2013 жылы – 100%, 2014 жылы – 100%.
|
1.5.1-міндет. Баға ұсынысы тәсілімен жүргізілетін мемлекеттік сатып алулардың жалпы көлеміндегі WEB-портал арқылы жүргізілген электрондық мемлекеттік сатып алулардың көлемін арттыруды қамтамасыз ету.
|
Баға ұсынысы тәсілімен жүргізілетін мемлекеттік сатып алуларды WEB-портал арқылы жүргізетін тапсырыс берушілердің үлес салмағы
|
%
|
0
|
34,8
|
100
|
100
|
100
|
100
|
100
|
2-стратегиялық бағыт. Облыстық коммуналдық мүлікті басқарудың тиімділігін арттыру.
|
2.1-мақсат. Облыстық коммуналдық меншік объектілерін оңтайландыру және басқару дәрежесінің ұлғаюын қамтамасыз ету.
|
Нысаналы индикатор. Мақсатты және тиімді пайдалануды қамтамасыз ету арқылы облыстық коммуналдық меншік объектілерін оңтайландыру және басқару дәрежесінің ұлғаюы: 2008 жылы – 80%, 2009 жылы – 85%, 2010 жылы – 90%, 2011 жылы – 95%, 2012 жылы – ≥95%, 2013 жылы – ≥95%, 2014 жылы – ≥95%.
|
2.1.1-міндет. Коммуналдық меншіктің хал-жайын есепке алу және оның нәтижесін пайдалану.
|
Коммуналдық мемлекеттік меншік объектілерін мақсатты және тиімді пайдалану бойынша тексерулермен қамту
|
%
|
10
|
15
|
20
|
25
|
30
|
35
|
40
|
Коммуналдық мемлекеттік меншік объектілерін мақсатсыз және тиімсіз пайдалану деңгейі
|
%
|
20
|
15
|
10
|
5
|
≤5
|
≤5
|
≤5
|
Мемлекеттік органның стратегиялық бағыттары мен
мақсаттарының мемлекеттің стратегиялық мақсаттарына сәйкестігі
Мемлекеттік органның стратегиялық бағыттары мен мақсаттары
|
Мемлекеттің, мемлекеттік органның қызметі іске асырылуына бағытталған стратегиялық мақсаттары
|
Стратегиялық құжаттың, нормативтік құқықтық актінің атауы
|
1-стратегиялық бағыт. Облыс бюджетінің тиімді атқарылуын қамтамасыз ету
|
1.1-мақсат. Бюджет қаражаттарын уақтылы игеру
|
Облыстық бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган облыстық бюджеттің атқарылуына қызмет көрсетуді, бухгалтерлік есептің, бюджеттік есептің және бюджеттік есептіліктің жүргізілуін жүзеге асырады.
«Бюджет қаражатын жоспарлау жүйесін жаңғырту және жетілдіру, пайдалану тиімділігін арттыру және мемлекеттік активтерді басқару бойынша жұмыстарды жеделдету қажет».
|
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі,
Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 6 ақпандағы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру –
мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» Жолдауы.
|
1.2-мақсат. Бюджеттік кредиттерді тиімді пайдалануды қамтамасыз ету
|
«Бюджет қаражатын пайдалану тиімділігін арттыру».
|
Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 6 ақпандағы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру –
мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» Жолдауы.
|
1.3-мақсат. Республикалық және облыстық бюджеттерден бөлінген кредиттердің уақтылы қайтарылуын қамтамасыз ету
|
Бюджеттік кредиттеудің принципі: бюджеттік кредитті кредит шартына сәйкес өтеу міндеттілігін көздейтін қайтарымдылық.
|
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі
|
1.4-мақсат. Жергілікті бюджеттердің атқарылуы жөніндегі ақпараттардың қол жетімділігін қамтамасыз ету
|
Мемлекеттік қызметшілердің оң жұмысын
жария ету, мемлекеттік
қызметтің беделін көтеруге және мемлекеттік қызметшінің оң имиджін
қалыптастыруға бағытталған
материалдарды жариялау.
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы
24 қыркүйектегі
«Мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру және нығайту жөніндегі іс-шаралардың 2008-2010 жылдарға арналған жоспарын бекіту туралы»
№830 Қаулысы
|
1.5-мақсат. Баға ұсынысы тәсілімен жүргізілетін мемлекеттік сатып алуларды WEB-портал арқылы жүргізуді қамтамасыз ету
|
Ұйымдастырылған электрондық сауда-саттықта мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру.
Ұйымдастырылған электрондық сауда-саттықта мемлекеттік сатып алу тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді нақты уақыт режимінде сатып алуды қамтамасыз ететін электрондық сауда жүйесі арқылы жүзеге асырылады.
|
2007 жылғы 21 шілдедегі «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
|
2-стратегиялық бағыт. Облыстық коммуналдық мүлікті басқарудың тиімділігін арттыру
|
2.1-мақсат. Облыстық коммуналдық меншік объектілерін оңтайландыру және басқару дәрежесінің ұлғаюын қамтамасыз ету
|
«Мемлекеттік активтерді тиімді атқару» «Бюджет қаражатын жоспарлау жүйесін жаңғырту және жетілдіру, пайдалану тиімділігін арттыру және мемлекеттік активтерді басқару бойынша жұмыстарды жеделдету қажет».
|
Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 6 ақпандағы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру –
мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» Жолдауы.
|
Достарыңызбен бөлісу: |