2014 жылғы жылу энергиясын беру және тарату бойынша
"Астана-Теплотранзит" АҚ қызметі туралы
жыл сайынғы есеп
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014ж.18.12 күнгі № 150 бұйрығымен бекітілген Тұтынушыларға және өзге де мүдделі тұлғаларға реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну жөніндегі табиғи монополия субъектісінің қызметі туралы жыл сайынғы есепті өткізу қағидаларына сәйкес «Астана-Теплотранзит» АҚ 2014 жылғы кәсіпорын қызметі туралы жыл сайынғы есептің көпшілк алдында тыңдауын өткізеді.
«Астана-Теплотранзит» акционерлік қоғамы «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, жалғыз құрылтайшының 2004 жылғы 29 қазандағы шешімі бойынша құрылды. «Астана-Теплотранзит» АҚ-тың жалғыз құрылтайшысы «Астанаэнергосервис» АҚ болып табылады.
«Астана-Теплотранзит» АҚ-тың негізгі міндеті Астана қаласының барлық тұтынушыларын жылу энергиясымен үздіксіз және сапалы қамтамасыз ету болып табылады.
Жылу энергиясының негізгі тұтынушылары бюджеттік ұйымдар, өнеркәсіптік емес кәсіпорындар, жеке кәсіпкерлер және Астана қаласының тұрғындары болып табылады.
«Астана-Теплотранзит» акционерлік қоғамы Астана қаласында жылу энергиясын беру және тарату бойынша қызметтерді ұсыну саласында табиғи монополия субъектісі болып табылады.
2012 жылдың 1 қазанынан бастап Қоғам Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментімен (бұдан әрі – Департамент) бекітілген орташа мерзімді тариф бойынша 3 жыл мерзімге жұмыс істейді:
-
2012 жылдың 1 қазанынан бастап 2013 жылдың 30 қыркүйегіне дейін – 1 Гкал үшін 873 теңге мөлшерінде тариф бекітілді;
-
2013 жылдың 1 қазанынан бастап 2014 жылдың 30 қыркүйегіне дейін – 1 Гкал үшін 943 теңге;
-
2014 жылдың 1 қазанынан бастап 2015 жылдың 30 қыркүйегіне дейін – 1 Гкал үшін
1 000 теңге.
Есепті жылы жылумен жабдықтау жүйесінде 10 сорғы станциялары жұмыс істеді.
Қызмет көрсетілетін жылу желілерінің жалпы ұзындығы 2015ж.01.01. күнге 571,6 км трассаны құрады, оның ішінде:
-
су жылу желілерінің ұзындығы – 562,8 км;
-
бу жылу желілерінің ұзындығы - 8,8 км.
Инвестициялық бағдарламаны орындау
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің 2014ж.28.11 күнгі № 22-НҚ бұйрығымен 3 457 544 мың теңге жалпы сомада үш жылға инвестициялық бағдарлама бекітілді (іске асырудың 1 жылы – 1 006 319 мың теңге, іске асырудың 2 жылы - 1 240 818 мың теңге, іске асырудың 3 жылы – 1 210 407 мың теңге).
Инвестициялық бағдарламаны іске асырудың 2 жылы бойынша Қоғам 1 242 836 мың теңге мөлшеріндегі соманы инвестицияға жіберді, ол түзетілген жоспардан 2 018 мың теңгеге, бастапқы жоспардан 104 507 мың теңгеге артық. Бағдарламаны іске асыру жылу желілерін жаңғыртуға, қайта жаңартуға, кәсіпорын активтерін жаңартуға, қолдауға мүмкіндік берді, оның ішінде:
-
Жылу желілерін қайта жаңарту, жаңғырту - 518 519,0 мың теңге (трассаның 2948 қ.м.).
-
2011ж.07.12 күнгі сот шешіміне сәйкес балансқа қабылданған 2Ду 32-300 мм жылу желілерін (иесіз) қайта жаңарту - 448 735,0 мың теңге (трассаның 5026,6 қ.м.).
-
Жабдықтың ескіргенін ауыстыру және жаңасын сатып алу - 23 132,0 мың теңге.
-
Атқару техникасын сатып алу - 15 105,0 мың теңге.
-
Құралдар мен жүйелерді сатып алу – 180 065,0 мың теңге.
-
Көлік және арнайы механизмдерді сатып алу - 55 312,0 мың теңге.
-
Басқа негізгі құралдарды сатып алу - 1 968,0 мың теңге.
2014 жылы «Астана-Теплотранзит» АҚ инвестициялық бағдарламаның 1-ші және 2-ші жылдары шегінде Астана қаласының көп пәтерлі тұрғын үй қорын құралмен жабдықтау бағдарламасын іске асырды. Қоғам жылуды есепке алудың 969 жүйесін (ЖЕЖ) және ДЖБҚ 528 жиынтығын сатып алып орнатты.
Негізгі қаржы экономикалық көрсеткіштер,
реттеліп көрсетілетін қызметтердің көлемі
2014 жылы 4 752 941 мың теңге сомаға 4 927 265 Гкал іске асырылды. Кәсіпорынның келесі шығыстарына ақшалай қаражат жұмысалды:
- еңбекке ақы төлеу – 1 213 929 мың теңге;
- салық төлемдері – 429 966 мың теңге;
- материалдар, ЖЖМ – 303 107 мың теңге;
- күрделі жөндеу – 168 711 мың ттеңге;
- жылу, электр энергиясы – 312 889 мың теңге;
- нормативтік ысыраптар– 943 328 мың теңге;
- коммуналдық шығыстар - 21 339 мың теңге;
- басқа шығыстар (объектілерді күзету, арнайы киім, арнайы тамақтану, міндетті сақтандыру, кеңсе заттары және басқа шығындар) – 211 957 мың теңге;
- инвестициялық бағдарлама – 1 242 836 мың теңге.
Негізгі қызмет бойынша пайда 17 978 мың теңгені құрады, ол іске асырудың жоспарлы көлемін 147 665 Гкал немесе 147 579 мың теңгеге артық орындау нәтижесінде (ҚНжЕ бойынша температурамен салыстырғанда қаңтар, ақпан айларында сыртқа ауа температурасының төмен болуы, 2014-2015 ж.ж. жылыту маусымының ерте басталуы есебінен) болды.
Басқа қызметтер бойынша табыстар – 170 578 мың теңгені, шығыстар – 188 298 мың теңгені, залал – 17 721 мың теңгені құрады. Күмәнді талаптар бойынша резервтің шығын бөлігіне енгізілуі есебінен 22 143 мың теңге сомада залал болды.
Кәсіпорынның қорытынды қаржылық нәтижесі – 257 мың теңге мөлшердегі пайда.
Күрделі жөндеу
2014 жылы Қоғам толық көлемде орындалған күрделі жөндеу бағдарламасын орындауға 168 711,0 мың теңгені жіберді.
Бағдарлама шеңберінде келесі іс-шаралар өткізілді:
- құбырлардың 1 321 қ.м. ұзындықтағы жылу магистральдарын 100 032 мың теңге сомаға күрделі жөндеу;
- құбырлардың 1 989 қ.м. ұзындықтағы таратушы желілерді 40 294 мың теңге сомаға күрделі жөндеу;
- ауданы 3 549 м² құбырлардың жылумен оқшаулауын 22 093 мың теңге сомаға қалпына келтіру;
- ауданы 1 100 м² асфальтты 5 652 мың теңге сомаға қалпына келтіру.
Инвестициялық бағдарламада қарастырылған жылу желілерін күрделі жөндеу, жаңғырту және қайта жаңарту нәтижесі нормативтік-техникалық ысыраптардың төмендеуі болды. Уәкілетті орган бекіткен ысыраптардың пайызы 14,6% болған кезде нақты пайызы 13,3% құрады, 1,3% төмендеуге жетті.
Тұтынушылармен жұмыс істеу, көрсетілетін қызметтер сапасы
«Астана-Теплоранзит» АҚ жаңа технологияларды, процестерді автоматтандыруды қолданып, көрсетілетін қызметтер сапасына аса назар аударады.
Қоғам жедел диспетчерлік қызметтің және жылумен жабдықтау объектілерінің жаңа жабдықпен жабдықталуын жүзеге асырды, ол онлайн режімінде жылу тасымалдағыштың параметрлерін көруге және бақылауға, тұтынушыларды сапалы жылумен жабдықталуды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Көрсетілетін қызметтер сапасына әсер ететін маңызды шара объектілерді жылу тұтынудың автоматты реттеу жүйесімен жабдықтау болып табылады, ол жылу энергиясын 10-25% дейін үнемдеуге мүмкіндік береді.
Жылу желілерінің гидравликалық режімдерін аса сапалы басқару үшін жылу тасымалдағыштың шығысына тәуелсіз берілген параметрлерді сақтауға мүмкіндік беретін жиілікті реттеумен автоматтандырылған сорғы станциялары, сондай-ақ бір-біріне тәуелсіз әр контурды басқаруға мүмкіндік беретін жылумен жабдықтау жүйесінің тұйық сызбанұсқалары қолданылады.
Тарифтік сметаны орындау
Орташа мерзімді тарифті іске асырудың 2-ші жылының тарифтік сметасын орындау нәтижелері бойынша бекітілген шығындардан нақты шығындардың ұлғаюы шығындардың келесі баптары бойынша болды:
-
еңбекке ақы төлеу бойынша - тарифтік сметаның жоспарында 645 909 мың теңге болған кезде нақты шығыс 1 007 359 мың теңгені құрады. 361 450 мың теңгеге артуы бекітілген тарифтік сметада еңбекке ақы төлеу шығындары Ерекше тәртіптің талаптарына сәйкес есептелу нәтижесінде болды, ол бастапқыда еңбекке ақы төлеудің нақты шығысынан төмен болды;
-
амортизация бойынша - жоспарда 1 026 575 мың теңге болған кезде нақты 1 115 148 мың теңгені құрды. 88 573 мың теңгеге артуы тарифтік сметаны бекіту кезінде 14 456 млн.теңге мөлшерінде 1-ші және 2-ші іске асыру жылында балансқа негізгі құралдарды (ж/желілерін) қабылдау сомасы ескерілу есебінен болды, нақты Қоғамның балансына 18 913 млн.теңге құнымен активтер қабылданған, ол жоспарланғаннан 4 456 млн.теңгеге жоғары;
-
кезеңнің шығыстары бойынша – жоспарланғаннан жоғары құнымен негізгі құралдарды балансқа қабылдау нәтижесінде болған 41 млн.680 мың теңгеге салық төлемдерінің өсімі есебінен арту болды;
2014 жылдың 1 қазанынан бастап орташа мерзімді тарифті іске асырудың 3-ші жылы басталды, жылу энергиясын беру және таратуға тариф – 1 Гкал. үшін 1 000 теңге.
2015 жылға кәсіпорын қызметінің келешегі
2015 жылы кәсіпорын 1 210 407 мың теңге сомада инвестициялық бағдарламаны игеруге жоспарлап отыр. Инвестициялық бағдарламаны іске асыру шегінде құбырлардың ППУ-дық оқшаулау жүйесін қолданып, жылу желілерін қайта жаңарту, жаңғырту бойынша іс-шаралар, сондай-ақ қаланың жылу желілерін жарамды жағдайда ұстау үшін қажетті жабдықты, арнайы механизмдерді сатып алу қарастырылған.
2013-2015 жылдарға орташа мерзімді инвестициялық бағдарламаны іске асыру нәтижесінде нормативтік ысыраптардың 9 858,2 Гкал дейін қысқартылуына қол жеткізіледі.
2015 жылы Департаментке бекітуге 2016-2020жж. ұзақ мерзімді кезеңге өтінімді беру үшін нормативтік құжаттарды әзірлеу және бекіту (келісу) жоспарланған.
2015 жылы Қазақстанның «Нұрлы жол» экономикалық саясаты шегінде ТКШ саласын жаңғырту үшін табиғи монополиялар субъектілеріне қайтару негізінде бюджеттік қаражатты бөлу жоспарланған. «Астана-Теплотранзит» АҚ-қа трассаның 49,9 км ұзындықтағы 4-ші және 5-ші кірмесінің жылу магистральдарының және 6 сорғы станцияларының құрылысы бойынша функциялар жүктелді. Жылу магистралы мен сорғы станцияларының құрылысы алдымыздағы ЭКСПО-2017 Халықаралық көрме объектілерін үздіксіз жылумен жабдықтауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Жыл сайынғы есепті қорытындылай отырып, «Астана-Теплотранзит» АҚ-тың 2014 жылғы жұмыс нәтижесін атап өткім келеді:
-
апатты істен ажырату мен жылумен жабдықтау сапасына шағымдардың болмауы;
-
жылу энергиясының нормативтік техникалық ысыраптарын 1,3 пайызға төмендетуге жету.
Достарыңызбен бөлісу: |