Жамбыл облысында «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасын іске асыру жөніндегі жоспар


Жас отбасыларға арналған жалға берілетін тұрғын үйлер



бет2/4
Дата22.02.2016
өлшемі0.7 Mb.
#1944
1   2   3   4

Жас отбасыларға арналған жалға берілетін тұрғын үйлер.
Жас отбасыларының тұрғын үй проблемаларын шешу және жақсарту үшін жыл сайын жайлылық деңгейі 3 және 4-сыныпты тұрғын үй құрылысын жобалау және салу көзделіп отыр.

Жас отбасылары үшін сейсмикалылығы ескерілген 1 шаршы метр жалға берілетін жайлылығы 4-сыныпты тұрғын үйдің құны 92,8 мың теңгеден (инженерлік желілердің құнын қоспағанда) және жайлылығы 3-сыныптысы – 104,4 мың теңгеден аспайды (инженерлік желілердің құнын қоспағанда).

Бұл ретте пәтердің жалпы алаңының бір шаршы метрі аймақтар бойынша тұрғын үйлердің жобалық-сметалық құжаттамасына Мемлекеттік сараптаманың оңды қорытындысы негізінде белгіленетін болады.

Құрылыстың белгіленген құнынан 1 шаршы метр асып кеткен кезде жергілікті бюджеттен қоса қаржыландыру қарастырылған.

Бюджетік заңнамаға сәйкес жыл сайынғы инфляция коэффициентіне сай 1 шаршы метр құрылыстың құнын индексациялау көзделіп отыр.

Жыл сайын облыста орташа 10,3 мың м2 тұрғын үй салу жоспарлануда, оның ішінде: 2013 –2014 жылдары – 9,6 мың м2; 2015 жылы - 12,6 мың м2.

2012 – 2020 жылдар аралығында барлығы 10343,7 млн.теңге (№3-1 қосымша) бөлу жоспарланған. Оның ішінде: республикалық бюджеттен 9 403,9 млн.теңге (№3-2 қосымша), жергілікті бюджеттен – 939,8 млн. теңге (№3-3 қосымша). Нәтижесінде Бағдарламаны іске асыру жоспары шеңберінде 66,9 мың м2 тұрғын үй (№3-4 қосымша) салу жоспарланған.

Жыл сайын орташа 111 пәтер салынады.

Нәтижесінде 1 006 жас отбасы пәтер сатып алады.

Аталған қаржыландыру сомалары облыстың аудандары мен қалаларындағы сұраныс пен кезекке байланысты түзетілетін болады.

«ҚИК» АҚ арқылы жалға берілетін тұрғын үй
Жаңа бағыт – «Қазақстандық ипотекалық компаниясы» ипотекалық ұйым» акционерлік қоғамының («ҚИК» ИҰ» АҚ) тұрғын үй салуы – 2030 жылға дейін сату мерзімімен сату сатып алу құқығы бар жалға берілетін тұрғын үй.

Осы бағыттың шеңберінде 2020 жылға дейін Тараз қаласында 179,7 мың м2 тұрғын үй құрылысы жоспарланған (№4 қосымша). Ал облыстың басқа аймақтарында халықтың төлем қабілетінің төмендігіне байланысты осындай тұрғын үйлерді сатып алушылар пулы жоқ.

1 шаршы метр жалға берілетін жайлылығы 4-сыныпты әрленген дайын тұрғын үйдің құны мен сатылу бағасы 102 мың теңгеден (инженерлік желілердің құнын қоспағанда) және жайлылығы 3-сыныптысы – 114,8 мың теңгеден аспайды (инженерлік желілердің құнын қоспағанда).

Бұл ретте пәтердің жалпы алаңының бір шаршы метрі аймақтар бойынша тұрғын үйлердің жобалық-сметалық құжаттамасына Мемлекеттік сараптаманың оңды қорытындысы негізінде белгіленетін болады.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жыл сайынғы инфляция коэффициентіне сай 1 шаршы метр құрылыстың құнын индексациялау көзделіп отыр.

Жеке тұрғын үй құрылысы
Жамбыл облысында жеке тұрғын үй салу үшін жер алу 50 867 мың адам тұр, олардың 44 378 мың адамы Тараз қаласында (87,2%), 6489 мың адамы облыс аудандарында (12,8%).

2012 жылы 180,0 мың м2 тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарлануда.

Бағдарламаны іске асыру жоспары шеңберінде 2012 - 2020 жылдар аралығында 2392,9 мың м2 жеке тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарлануда (№5 қосымша).

Жамбыл облысы бойынша ЖТҚ-ны ынталандыру үшін мыналар жоспарланған:

1) үйлерді жаңа технологиялар бойынша тұрғызу үшін жергілікті құрылыс материалдарының өндірісін дамыту;

2) аз қабатты тұрғын үйлер салудың үлгі жобаларын тарату бойынша аудандар мен Тараз қаласы әкімдіктерінің қызметін ұйымдастыру. Осы жобалар азаматтарға тегін беріледі;

3) ЖТҚ-ға арналған алаңдар бекітілген бас жоспарларға, егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларына және елді мекендерде құрылыс салу қағидаларына сәйкес алаптармен бөлінеді;

4) ЖТҚ-ға бөлінген алаптар тұрғын үйлердің құрылысы басталғанға дейін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз етіледі;

Бағдарламаның аталған бағытын іске асыру кезінде құрылыс жүргізушілерге үлгілік жобалар тегін берілетін болады.
Тұрғын үй құрылысы салынатын аудандарда инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салу

Салынып жатқан тұрғын үйдің уақтылы пайдалануға берілуін қамтамасыз ететін негізгі фактор құрылыс салынатын аудандарда тиісті инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның: жылумен, сумен, газбен және электрмен жабдықтаудың ішкі кварталдық инженерлік желілерінің, кәріздің, инженерлік құрылыстардың, жолдар мен өтетін жерлердің болуы болып табылады.

Мысалы, салынған жеке тұрғын үйлер мен көп қабатты үйлерді сату жоспары бойынша облыс аудандары елді мекендерінің тұрғын үй массивтерінде және Тараз, Қаратау, Жаңатас және Шу қалаларында инженерлік инфрақұрылымды дамыту жоспарланған, және де 2,5 мың шақырымнан астам құрылыс жұмыстары межеленген.

Тұрғын үй құрылысы салынатын аудандарда инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуды аула ішіндегі аумақтарды, ішкі кварталдық жолдар мен өтетін жерлерді абаттандыруды қоса алғанда, тұрғын үй құрылысы салынатын аудандарда инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалауға, дамытуға және (немесе) сметалық құн бойынша жеке құрылыс салушылардан сатып алуға бөлінетін республикалық бюджеттің қаражаты есебінен жүзеге асыру ұйғарылып отыр.

2012 - 2020 жылдар аралығында инженерлік инфрақұрылым салуға 51 495,8 млн.теңге бөлу жоспарланған (№6-1 қосымша). Оның ішінде республикалық бюджеттен 46 770 млн.теңге (№6-2 қосымша), жергілікті бюджеттен – 4 725,833 млн.теңге (№6-3 қосымша).

2012 жылы Жамбыл облысында инженерлік инфрақұрылымды дамытуға республикалық бюджеттен 1770,0 млн. теңге бөлінді және облыстық бюджеттен 225,83 млн. теңге қоса қаржыландырылды. Бұл қаражаттарға Тараз қаласының, Қордай, Жуалы және Жамбыл аудандары елді мекендерінің тұрғын үй массивтеріндегі 13 инженерлік инфрақұрылым объектілері салынуда. Жоғарыда аталған инженерлік инфрақұрылымдардың барлығы қажетті жобалық-сметалық құжаттамалармен қамтамасыз етілген және мемлекеттік сараптаманың оңды қорытындылары бар.



«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ-ның тұрғын

үй салуы

Осы Бағдарламаның шеңберінде Жылжымайтын мүлік қоры тұрғын үй объектілерін салу жөніндегі пилоттық жобаларды қаржыландыруды жүзеге асыратын болады.

«Самұрық-Қазына» АҚ-ның ішкі рәсімдеріне сәйкес жеке құрылыс салушылар (инвесторлар) ұсынған тұрғын үй объектілерін салу жөніндегі жобаларға іріктеу жүргізіледі.

Жобалар мынадай талаптарға сәйкес келуі тиіс:

ауыртпалықтан бос, тиісті инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген жер учаскелерінің болуы;

мемлекеттік сараптаманың қорытындысы бар жобалық-сметалық құжаттаманың болуы;

тұрғын үйдің жайлылық сыныбы –ҚР ҚНжЕ бойынша 3-сыныпты жоғары емес. Жылжымайтын мүлік қорының бір пәтерінің жалпы ауданы 120 шаршы метрден және/немесе бір пәтерлі аз қабатты үйдің (коттедждің) жалпы ауданы 200 шаршы метрден аспауға, ҚР ҚНжЕ талаптарына сәйкес коммерциялық үй-жайлар және машина орындары болуға тиіс.

құрылыс салушылардың (инвестордың) жобаға ақша қаражатымен қатысу үлесі жер учаскесін (кадастрлық құны бойынша) сатып алуға және ЖСҚ әзірлеуге жұмсаған шығындарын қоса алғанда, жоба құнының кемінде 20 %-нан кем болмауға және объектінің құрылысы аяқталғанға дейінгі мерзімге тиісті кепілдікпен қамтамасыз етілуге не қаржыландырудың расталған көздері болуға тиіс;

бас мердігерде құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге мемлекеттік лицензиясының және басқа да рұқсат құжаттарының, өндірістік базасының, құрылыста кемінде 3 жыл тәжірибесінің болуы;

құрылыс салушыда кемінде 8 мың шаршы метр ғимарат салу тәжірибесінің болуы.

Іріктеу кезінде құрылыс салушының (инвестордың) қаржыландырудағы үлесі көбірек болған жобаларға басымдық беріледі.

Үй-жайдың (пәтердің) жалпы алаңының 1 шаршы метрінің базалық құны 2012 жылдың бағасымен 144 мың теңгеден аспауы тиіс. Одан арғы жылдары құрылыстың құны тұрғын үйдің (пәтердің) жалпы алаңының 1 шаршы метрін салу құнының өзгеруі ескеріле отырып, нақтыланатын болады.

Тұрғын үйлерді сату екі тетік бойынша жүзеге асырылады:

1. Жылжымайтын мүлік қорының сатып алып жалға беретін қолданыстағы тетіктерін қолдану;

2. Халыққа және ұйымдарға тұрғын үйлерді белгіленген бағаға тікелей сату, оның ішінде ипотека арқылы және тұрғын үй құрылысы жинақтарын пайдалану.

2012 жылы Жамбыл облысы бойынша Жылжымайтын мүлік қорының қарауына 2012-2015 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысы аясындағы жалпы алаңы 27,2 мың метр болатын 3,1 млрд. теңгенің 5 жобасы жіберілді. Аталған жобаларды қарау қорытындылары бойынша, Жылжымайтын мүлік қоры алғашқы сату, қарау және дәйектеу бойынша бір жобаны мақұлдады, ол - «Таразспецтехбаза» ЖШС-нің жалпы алаңы 5000 шаршы метрлік, 5 қабатты екі тұрғын үйдің құрылысы (№7 қосымша). Жобаның құны 609 миллион теңге. Іске асыру мерзімі 2012-2013 жылдар.



Жер ресурстарының қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі

шаралар туралы
Тұрғын үй құрылысына бөлінген, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген жер учаскелерінің болуы тұрғын үйдің қолжетімділігін құрайтын элементтердің бірі болып табылады.

Осы мақсат үшін мынадай іс-шаралар жүргізілді:

1) Жамбыл облысы әкімдігінің жер ресурстары басқармасы облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасымен бірлесе отырып, облыс аудандары мен Тараз қаласындағы тұрғын үй салуға жарамды жер учаскелеріне түгендеу және тексеру жүргізді;

Жамбыл облысының 560 га жеріне түгендеу жүргізілді.

2) түгендеу нәтижелері бойынша қазіргі кезде аумақтарды басымдықпен дамыту жұмыстары жүргізілуде, елді мекендердің бас жоспарларына енгізу үшін және жер массивтерін егжей-тегжейлі жоспарлауды әзірлеу үшін материалдар дайындалуда.;

Елді мекендерді салу ережелеріне сәйкес жаппай тұрғын үйлер салынатын басым аудандар анықталды;

3) жер учаскелерін дайындау бойынша алдын ала жұмыстар жүргізілді;

4) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы бос жер учаскелерінің болуы туралы ақпаратқа еркін қол жеткізу қамтамасыз етілуде;

5) құрылыс салушыға жер учаскелерін кадастрлық құны бойынша беру жөніндегі дайындық жұмыстары жүргізілуде;

6) құрылысқа бөлінген алаптарды тұрғын үйлердің құрылысы басталғанға дейін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз етудің жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленуде.


Құрылыс индустриясын және индустриялық үй құрылысын

дамыту жөніндегі шаралар туралы
Құрылыс материалдарының өнеркәсібі экономиканың ірі құрамдас бөлігі болып табылады және құрылыс үшін материалдық негіз бола отырып қоғамның экономиканың басқа салаларының өсіміне және әлеуметтік жағдайға айтарлықтай әсер етеді.

Жамбыл облысында құрылыс материалдарын өндіретін негізгі кәсіпорындар: «Жамбылгипс АҚ (жылына 11,0 млн. шаршы метр гипсокартон табақтарын шығаратын өндіріс; жылына 300,0 мың шаршы метр пазогребень плиталарын шығаратын өндіріс), «ЖЗМК «Имсталькон» ЖШС (қуаты 30,0 мың тонна құрылыс металқұрастырмалары өндірісі), «Завод строительных конструкций» ЖШС (қуаты 6,0 мың тонна металқұрастырмалары өндірісі), «Жамбылхимстрой» ЖШС (әртүрлі объектілердің құрылысына арналған құрылыс материалдарын, бұйымдар мен құрастырмалар өндірісі), «Керамик – Инвест» ЖШС (қуаты 18,0 мың тонна бетон балкаларын, жабындар және т.б. құрастырмалар өндіру), «Қордай цемент зауыты» ЖШС (жылына 100,0 мың тонна цемент өндіру), «Игилик Тараз» ЖШС (жылына 30,0 мың м3 жабындар мен темір-бетон бұйымдарын өндіру), «Тараз-Профиль» ЖШС жылына 280 мың м2 пластик бұйымдарын өндіру), «Валихан» ЖШС (жылына 1,0 млн. кірпіш шығаратын өндіріс) және т.б..

Мемлекеттік қарқынды индустриалды-инновациялық дамыту бағдарламасы шеңберінде 2010-2011 жылдары мынадай кәсіпорындар іске қосылды:

- «Жамбыл цемент компаниясы» ЖШС, жылдық қуаты 1200 мың тонналық М400, М500 портландцементін өндіреді. Кәсіпорын шетелдік инвестициялар негізінде 2011 жылы іске қосылды, құрғақ тәсілмен цемент шығаратын француз технологиясы қолданылған.

- «Аль-Басар» ЖШС, қуаты 50 мың п/м гранит бордюр, поребрика және брусчатка шығарады. Кәсіпорын жеке инвестициялар пайдаланылып 2009 жылы іске қосылды, тас өңдеу үшін итальяндық технология қолданылды.

- «Тараз құбыр зауыты» ЖШС, қуаты 750 кг/сағат немесе жылына 2190,0 тонна полиэтилен құбырларын және тамшылатып суғару құбырларын шығарады. Кәсіпорын жеке инвестициялар пайдаланылып 2010 жылы іске қосылды, өнімдер «Гравэ Фаңли» маркалы Қытай мен Германияда жасалған құралдардан өндіріледі, өндіріс технологиясы - экструизиялық.

- «Жаңатас» Металлургия комбинаты» ЖШС, қуаты жылына 36 тыс.тонналық қара металл қалдықтарынан арматура шығарылады.

- «Бином Строй Деталь» ЖШС, қуаты жылына 10 мың текшеметр темірбетон бұйымдарын шығарады, жеке инвестиция.

2012 жылы ГПФИИР шеңберінде мынадай жобалар іске асырылады:

- «Аян и Л.Б.» ЖШС – жылына 8 млн. дана күйдірілген қызыл кірпіш шығаратын зауыт құрылысы;

- «База-Servis» ЖШС - жылына 15 млн. дана күйдірілген қызыл кірпіш шығаратын зауыт құрылысы;

- «Жамбылгипс» ЖШС - 270,0 мың тонна гипс өнімдерін шығаратын №3 зауыт құрылысы.

Жүргізілген мониторинг арқылы қысқы және жазғы мезгілдерге байланысты құрылыс өнімдерін шығару көлемдері мен құны анықталды.

«Қолжетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасы бойынша ақшалай қаражаттарды бөлу жоспарына сәйкес 2012-2020 жылдары облыс бойынша 88,292 млрд. теңге сомасында 2891,4 мың м2 үйді пайдалануға беру көзделген, олар тұрғын үйдің 1 м2 құны санаты мен сыныбына қарай 80-нен 90 мыңға дейін болатындығы ескеріле отырып бөлінген (№8 қосымша).

«Қолжетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасын іске асыру жоспары мен отандық өндірісті дамыту шеңберінде құрылыс өнімдерін шығарушылар 23, 2 млрд.теңгеден асатын өз өнімдерін өткеруге кепілдік алады.

Бағдарламаны іске асыру жоспары шеңберінде индустриалды үй салуды дамыту бойынша әлеуетті қатысушылармен кеңескеннен кейін оңтайлы 2 құрылыс компаниясы таңдап алынды, олар бағдарламаны іске асыруға қатысуға дайын және тиісті базасы мен қажетті ресурстары бар.

Олар, «Тараз ҚұрылысИнвест» ЖШС. Қазіргі уақытта серіктестік «БРК лизинг» АҚ-мен немістер шығаратын құрал-жабдықтар сатып алуға 10-15 млн. АҚШ доллары көлемінде лизинга алу туралы келіссөздер жүргізуде.

Екіншісі - «Бином Деталь» ЖШС. Бұл кәсіпорының жобасын 11.06.2012ж. бастап «БРК лизинг» АҚ мен «КИРИ» АҚ қарауда. Мұнда да үй салуға қажетті заттарды шығару үшін неміс технологиясын пайдалану жоспарланған.


Қолжетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасын іске асыру жоспары шеңберіндегі құрылыс материалдарының қажеттілігі




Негізгі материалдар

1 шаршы метр іске қосылатын тұрғын үйдің шығыстары

Қажеттілік

Өлшем бірлігі

Саны

Өлшем бірлігі

Саны

1

Бетон бұйымдары

м³

0,7

мың м³

176,8

2

Есіктер, терезелер мен жақтаулар

м²

0,32

мың м³

80,8

3

Раковиналар, жуынғыштар және металл ванналар

дана

0,048

мың дана

12,1

4

Ерітінді (товарлық бетон)

м³

0,18

мың м³

45,5

5

Металл құбырлар

п.м.

0,77

мың п.м.

194,5

6

Арматура (сым және сымтемір)

тонна

0,09

мың тонна

22,7

7

Шағал (ПГС)

м³

0,102

мың м³

25,8

8

Әрлеу жұмыстарына арналған құрғақ қоспалар


кг

9,12

мың тонна

2,3

9

Битум, жолға, шатыр жабуға арналған және гидроизоляциялық

тонна

0,001

тонна

252,6

10

М75, М100 кірпіштері

дана

115

млн. дана

29,1

11

жылуизоляциялық материалдар (нығыздалған минплиталар, қатты, пенопласт)

м³

0,012

мың м³

3,03

12

Полиэтилен және пластмасс құбырлары

п.м.

0,33

мың п.м.

83,4

13

Жылу радиаторлары

кВт

0,077

мың кВт

19,5

14

Шатыр жабатын материалдар (рубероид, рукан және с.с)

м²

0,44

мың м³

111,1

15

Керамикалық жабындар

м²

0,55

мың м³

138,9

16

Кабель (электр сымдары, басқа да оқшаулағыштар)

метр

3,6

млн. метр

0,9

17

Санитарлық техникалық бұйымдар (унитаздар, ванналар және басқалар)

дана пәтер

5

дана

36122



















18

Әйнек (энергияүнемдегіш, армирленген, витриналық және басқа)

шаршы метр пәтер

35,4

шаршы метр

383619


Құрылыс материалдарын шығаратын кәсіпорындардың тізімі




Басшысының Т.Ә.А

Кәсіпорынның атауы

Шығарылатын өнім түрі

өнім шығару қуаты (жылына)

Байланыс телефондары



Момынов Қахар Шәрипқұлұлы

"Жамбылгипс" АҚ

Гипс, гипс бұйымдары

5,323 млн.тонна

8 7262

34-06-65




Никулин Александр Николаевич

"ЖЗМК-Имсталькон" ЖШС

Құрылыс металл

құрастырмалары



20-22 мың тонна

8 7262

57-59-58




Ахметов Талас Айсақалұлы

"Құрылыс құрастырмалары зауыты" ЖШС

Металл

құрастырмалары



5,15 мың тонна

8 7262

57-58-11




Зинец Владимир Иванович

"Қордай цемент зауыты" ЖШС

Цемент



160 мың тонна
270 мың тонна

8(72636)4-69-56,
4-69-41, 44



Багбанов Бахтияр

"Тараз-Профиль" ЖШС

Пластик бұйымдары

280 мың шаршы м.

8 7262

43-68-94




Сарғасқаев Айвар Саятұлы

"Жамбыл цемент компаниясы" ЖШС

Цемент

500 тыс.тонн

8(7272) 44-02-30



Джанглишев Ринат Бауыржанұлы

"Тараз құбыр зауыты" ЖШС

Полиэтилен құбырлары мен тамшылатып суғару құбырлары

1,088 мың тонна

8 7262

43-70-68




Нұрке Мұратхан Сагынтайұлы

"Аль Басар" ЖШС

Бордюра, поребрик және брусчатка

50 мың п/м

8(7273) 41-01-15



Поздняков Сергей Александрович

"Бином Строй-Деталь" ЖШС

Темірбетон бұйымдары

10 мың текше м.

8 7262

54-40-84




Баратов Құрманәлі Сапарәліұлы

"Энерджи Тараз" ЖШС

кең спектрлі жарықдиодты шамдар

372 дана

8 7262

34-00-34




Көкебаев Бейсен Керімбайұлы

"Жаңатас" металлургия комбинаты»

Арматура

8 мың тонна

8(72634) 6-20-99, 6-15-51



Сматов Калдарбек Бегәліұлы

"Гимарат-Тараз" ЖШС

Жабын плиталары

32 мың текше м.

8 7262

57-58-14




Талқамбаев Серік Оралбайұлы

"Жамбылхимстрой" ЖШС

Темірбетон бұйымдары

141,35 мың тонна

8 7262

34-38-52




Сейдазимов Сембек Әбетайұлы

"Кирпичник" ЖШС

Кірпіш

2,642 мың дана

8 7262

46-70-20




Олжабаев Айдар Ратбекұлы

"Шагал" АҚ

Шағал

186,5 текше м.

8(72633) 3-47-47



Ли Дмитрий Константинович

"Крайс" ЖШС

Шынымақта

250 тонна

57-58-03, 57-58-04, 57-58-05



Ким Марина Михайловна

"Валихан" ЖШС

Құрылыс кірпіші

1 млн.дана

8 701 363-87-13



Қырықбаева Шолпан Бармаққызы

"Атамекен Мрамор Көктал" ЖШС

Гранит

866 тонна

8(726-44) 6-21-14



Сматов Н.В.

"Игилик-Тараз" ЖШС

Шағал және құм

30,390 мың текше м.

8 7262

57-57-86




Пак Анатолий Тимофеевич

"Пико" ЖШС

Қабырға блоктары, пластик терезелер, фундамент блоктары, т/б бұйымдары, жылутрасса лотоктары

4 мың текше м.

43-26-53
87017556411



Жұмағұлов Нұрлан Құсайынұлы

"Тараз Құрылыс Инвест" ЖШС

Көбік блоктар

216 мың дана

52-14-35
87017173681



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет